Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Індет процесі және оның қозғаушы күштері

  1. Індет процессі туралы түсінік, індет бұғауы

  2. Індет ошағы және оның түрлері

  3. Табиғи-ошақтылық

  4. Географиялық індеттану

  5. Індеттанудың заңдары мен категориялары

Індет процессі – індеттанудың ең негізгі үғымы. Инфекциялық процесс нақтылы бір жануардың организмінде болатын құбылыс болса, індет процессінің ұғымы одан анағұрлым кең. Індет процессі белгілі бір территорияда өтеді. Бұл жұқпалы аурудың жеке организмді зақымдауы емес, оның ауру малдан сау малға жұғып, тұтас бір территорияны жайлауы.

Сонымен індет процессі кезінде ауру қоздырушы микроб бір жануардың ағзасына енумен шектелмей, басқа жануарларға кезекпе - кезек ауысып малға жұғады. Індет процессін зерттегендегі мақсат:

  • ауру бір малдан екіншісіне қалай жұғады,

  • індет басылып екінші рет қайталанғанша осы аралықта микроб қайда және қалай сақталады,

  • індеттің таралуына және оның тоқтауына қандай факторлар әсер етеді және т.б. анықтау болып табылады.

Бұл сұрақтарға жауап табу үшін індет процессінің үш тұрақты құрамын білу керек, олар:

ң бастауы

Індет процессі /эпизоотический процесс/ дегеніміз осы аталған үш құрама бөліктің қозғалысына келіп, олардың бір-біріне әсерінен туындайтын құбылыс. Бұл - аурудың жануарлардан жануарларға үздіксіз жұғуы, яғни қоздырушының ауру малдан сау малға берілуі.

Егер осы үш буынның біреуін алып тастасақ, онда ауру әрі қарай таралмай қалады. Сондықтанда біздің негізгі мақсатымыз осы бұғауды үзуге бағытталады.

Осы үш буын (инфекция қоздырушысының бастауы, қоздырушының берілу тетігі және бейім жануарлар) індет процессінің негізгі құрамы, негізгі немесе бастапқы қозғаушы күштері, немесе індет бұғауының негізгі буындары деп аталады.

Инфекция қоздырушысының бастауы. Ауру қоздырушысының бастауы болып, зардапты микроорганизмнің табиғи өмір сүру ортасы болатын, тек жұқтырылған жануар организмі ғана бола алады. Мысалы, жабайы құстар осы жерден африкаға немесе араб елдеріне ұшып барады, ал сонда олардың отаны қай жер болмақ? Олардың отаны болып қай жерге ұя салып, жұмыртқалап, балапандарын шығарған жер ғана отаны болып табылады.

Жұқпалы аурудың пайда болып, оның таралуы үшін керек шарттардың бірі - инфекция қоздырушысының бастауының болуы.

Аурудың қоздырушысы сол аурумен ауырған малда, ауру белгісі жоқ микроб алып жүруші жануарда, мал өнімдерінде /сүт, ет, тері, жүн/, көңде, топырақта, суда, ауада т.б. болуы мүмкін, және де микроб осы аталған нысандардың әрқайсысында болады және олар онда сақталады. Бірақ қоздырушысының бастауы болуы үшін тағы бір қойылатын талап бар, ол микробтың аталған нысанда өсіп өнуі қажет.

Қорыта келгенде, инфекция қоздырушысының бастауы зардапты микробты жұқтырған, сол микроб өсіп-өніп, барлық биологиялық қасиеттерін сақтайтын ауруларға бейім адаммен жануар организмі жатады. Тек ғана микотоксикоздар мен токсоинфекциялар қоздырушыларының ерекшеліктері бар. Олар сыртқы ортада өсіп-өнеді, ал жануарлар ағзасы олар үшін биологиялық тұғырық болып табылады. Мұндай ауруларды сапроноздар деп атайды.

Инфекция қоздырушысының берілу тетігі. Бұл – індет процесінің негізгі буындарының бірі. Берілу тетігі зардапты микробтың бір жануардан екіншісіне ауысуын (зардапты микробтың ауру қоздырушысының бастауынан сау малға жұғуын) яғни жаңадан ауру оқиғалары тіркеліп, індет процессінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Берілу тетігіне инфекция қоздырушысының ауру малдан сау малға жұқтырылуына қатысатын, бірақ зардапты микробтардың өсіп-өнетін табиғи ортасы бола алмайтын, сыртқы ортаның барлық элементтері жатады.

Оларға: жем-шөп, су, қора, топырақ, малды күту жабдықтары, өсімдіктері, көлік, мал өнімдері мен шикізаттары (сүт, ет, жүн, түбіт, тері, т.б.) жатады.

Инфекцияның әр түрлі берілу механизмдері екі негізгі топқа бөлінеді:

1. Тік (вертикальды), инфекцияның тік немесе вертикальды берілуі деп ауру қоздырушысының ата-енесінен ұрпағына берілуін айтады. Тік берілу негізінен өптеген вирус ауруларына тән

2. Көлденең (горизонтальды), көлденең немесе горизонтальды берілу деп аурудың бір жануардан екіншісіне жұғуын айтады, яғни зардапты микробтың сыртқы ортаға шығуымен байланысты. /Тұмаумен ауырған мал немесе адам түшкіргенде басқа малға жұғады/ Көлденең берілу көптеген инфекциялық ауруларға тән қасиет.

Бейім жануарлар. Қандайда болмасын жұқпалы аурулардың таралуы үшін қоздырушының бастауы мен механизмдерінің болуы жеткіліксіз. Ауру тек қана індет процессінің тағы бір міндетті құрамы, оның үшінші буыны - бейім жануарлар болғанда ғана әрі қарай тарайды. Тек індет бұғауының үш буыны болғанда ғана індет процессі тоқтаусыз жалғасады.

Індет ошағы деп індет процессі өтетін оның негізгі үш қозғаушы күштері, яғни, инфекция қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бейім жануарлардың өзара бір-біріне әсер ететін кеңістігін айтады. Екінші сөзбен айтқанда індет ошағы деп ауру қоздырушысы орын тепкен және нақтылы қалыптасқан жағдайда ауру қоздырушысының сау жануарларға берілу қаупі сақталған аймақты айтады.

Табиғи індет ошағы деп белгілі бір жұқпалы аурудың қоздырушысы жабайы жануарлардың арасында айналымда болатын аймақты айтады. (Құтырық, туляремия, листериоз, лептоспироз және т.б.)

Індет ошағынан басқа аурудан сау емес пункт деген ұғым бар. Ол яғни, аурудан сау емес пункт деп індет ошағы бар елді мекен, шаруашылық немесе әкімшілік аймақты айтады.

Індет процесінің қарқындылығы үш категориямен белгіленеді:

  1. Спорадия (грекше – sporadіkos бірең-сараң, жеке). Бірең-сараң (бір, екі немес үш бас мал ауруы мүмкін) ауру оқиғалары байқалады және олардың арасында індеттанулық байланыс байқалмайды; 2. Індет (epі - үстінде, бір нәрсеге қатысты; zoon - жануар (эпизоотия). Бұл індет процесі қарқындылығының орташа дәрежесі. Ол бір шаруашылықты, облысты республиканы қамтуы мүмкін және ауырған малдардың арасында індет кезінде індеттанулық байланыс болады. Індет кезінде ауру малдардың саны көбейе береді; 3. Лаң (pan – барлығы, жаппай және zoon - жануар (панзоотия) індет процесі қарқындылығының ең күшті дәрежесі (Панзоотия барлық деген мағынаны білдіреді).

Энзоотия (грекше - en - ішінде, zoon – жануар) жұқпалы арудың белгілі бір жерде (шаруашылықта, немесе елді мекенде) үздіксіз қайталанып, тұрақтануы және ол табиғи немесе экономикалық факторлармен байланысты болады.

Географиялық індеттану деп жұқпалы аурудың пайда болуы мен таралу заңдылығының табиғи географиялық және экономикалық жағдаймен байланыстылығын зерттеуге арналған індеттану бөлімін атайды.

Індеттанудың заңдары мен категориялары.

Бірінші заң инфекцияның қоздырушысының бастауы туралы: жануарлар үшінинфекцияның қоздырушысының бастауы жұқпалы ауруға шалдыққан ауру белгісі бар немесе микроб алып жүруші үй немесе тағы жануардың, ал сирек жағдайда адамның организмі болады.

Екінші заң ауру қоздырушысының орын тебуінің, шығу жолдарының және бейім жануарға берілу тетігінің сәйкестігі туралы: Инфекция қоздырушысының жануар организмінде орын тебуі, сыртқы ортаға шығатын негізгі жолдары, оның бір жануардан екінші бір жануарға (не адамға) берілу тетігі эволюция нәтижесінде қалыптасқан және бір-біріне сәйкес келеді. Бұл өзара тығыз байланысқан бірінен-бірі туындайтын құбылыстар инфекция қоздырушысының түр ретінде табиғатта сақталуын, сонымен қатар кез келген жұқпалы аурулар кезінде үздіксіз індеттенуін қамтамасыз етеді.

Үшінші заң індеттің қозғаушы күштері туралы: Індет процесі тек қана инфекцияқоздырушысының бастауы, оның берілу тетігі және осы қоздырушыға бейім жануарлар өзара әсер еткенде ғана пайда болып дамиды. Бұл үш факторлар індеттенудің тікелей қозғаушы күштері болып табылады.

Төртінші заң індеттенудің қосалқы қозғаушы күштері туралы: Табиғи және -экономикалық (шаруашылық) факторлар індет процесінің тікелей қозғаушы күштеріне (инфекция қоздырушысының бастауына, берілу тетігіне және бейім жануарға) әсер ету арқылы індеттенуді сандық және сапалық өзгерістерге ұшыратады, сондықтан індет процесінің қосалқы қозғаушы күштері болып табылады.

Бесінші заң (ерекше заң) жұқпалы аурулардың індеттік ерекшеліктерінің өзгеруі туралы: Егер уақыт өткен сайын қоғамның эономикалық шаруашылық іс-әрекеті өзгеріп, соған байланысты малдың бағылып-күтілуі, жабайы жануарлардың тіршілік жағдайы өзгеріске ұшыраса, індет процесінің тікелей қозғаушы күштері не күшйіп, не әлсірейді де, соның салдарынан кез келген жұқпалы аурудың індеттенуі өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Алтыншы заң аурулардың табиғи ошақтығы туралы: Жұқпалы аурулардың табиғи ошағы инфекция қоздырушысының белгілі бір территорияда тұрақты тіршілік ететін тағы жануарлардың арасында айналымда болуы салдарынан сол жерде адам мен үй жануарының қатысуынсыз пайда болады және сақталады. Ауру бейім үй жануарларына (немесе адамға), олар сол территорияда болғанда табиғи ошақтың белсенді кезінде жұғады.

Жетінші заң індетке қарсы қағидаларды жүргізу туралы: Індетке қарсы шаралар індет бұғауының барлық буындарына: инфекция қоздырушысының бастауын жоюға (оқшаулау, зарарсыздандыру), қоздырушының берілу тетігін ажыратуға және жануарлардың жұқпалы ауруға төзімділігін қалыптастыруға бағытталуы керек. Әрдайым аурудың ерекшеліктері мен қалыптасқан жағдайға байланысты негізгі шара белгіленеді (басты буынды айқындау).

Бақылау сұрақтары: 1 Індет процесі дегеніміз не? 2 Індет процесінің негізгі және қосымша қоздырушы күштері. 3 Энзоотия мен эпизоотияның айырмашылығы неде? 4 Індеттің қандай сатылары (стадиялары) бар?

5-6 дәріс