- •Мазмұны
- •1 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •2 Пән туралы мәлімет:
- •Сабақ уақытын vіі семестр бойынша бөлу
- •Сабақ уақытын vііі семестр бойынша бөлу
- •3 Пререквезиттер
- •4 Постреквезиттер
- •5 Курстың қысқаша сипаттамасы:
- •6 Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2 Зертханалық-тәжірибелік сабақтарының тізбесі
- •7 «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Сөж ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
- •8 Әдебиеттер тізімі
- •8.1 Негізгі әдебиеттер
- •8.2 Қосымша әдебиеттер
- •9 Курстың саясаты
- •10 Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11 Бағалау саясаты
- •Пән бойынша білімді бағалау сұлбасы
- •Картасы
- •Курс глоссариі арнайы терминология
- •Дәрістер тезистері
- •Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Инфекциялық аурулардың сипаттамасы
- •Қазақстан Республикасындағы індеттік жағдай
- •Иммунологиялық икемділік пен иммунитеттің індеттанулық мәні
- •Індет процесі және оның қозғаушы күштері
- •Індетке қарсы шаралар. Жалпы және арнайы шаралар
- •Дезинфекция, дезинсекция, дератизация
- •Жекеше індеттану
- •Топалаң
- •Туберкулез
- •Бруцеллез
- •Құтырық және ауески ауруы
- •Лептоспироз, листериоз, некробактериоз
- •Пастерелез. Микоздар және микотоксикоздар. Шешек
- •Туляремия, сіреспе, ботулизм
- •Қарасан, паратуберкулез, кампилобактериоз
- •Оба, ала өкпе, лейкоз
- •Вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит
- •Қой және ешкі аурулары
- •Инфекциялық энцефаломиелит және инфекциялық анемия
- •Індеттік лимфангит, ринопневмония, тұмау
- •Шошқаның кәдімгі және африкандық обасы. Шошқа тілмесі
- •Шошқаның дезентериясы, вирусты гастроэнтериті, жұқпалы сему риниті
- •Төл аурулары
- •Құс аурулары
- •Балықтардың және бал араларының аурулары
- •Зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Патологиялық материалға жолдама құжаты
- •2 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •Жануарлар сальмонеллезінің қоздырушылары
- •Сальмонеллалардың індеттанулық сипаттамалары
- •Әдістемелік нұсқауы
- •Курстық жұмыстың алдын-ала ұсынылған тақырыптары
- •Курстық жұмыстың құрылымы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына араналған материалдар Мазмұны
- •Қысқаша әдістемелік нұсқау
- •Күнделік пен есепті толтыру тәртібі
- •Індеттану және инфекциялық аурулар
- •Білімді бақылау материалдары Емтихан сұрақтарының тізімі
- •Авторлары: Муханбеткалиев е.Е., Ибрагимов р.М., Щурихин б.Г.
Иммунологиялық икемділік пен иммунитеттің індеттанулық мәні
Бейімділік, реактивтілік, иммунологиялық икемділік және төзімділік жөніндегі түсініктер.
Организмнің ауруға қарсы тұруына әсер етуші арнайы емес факторлар.
Иммунитет және оның түрлері.
Жануар организімінің сезімталдығы (Аллергия, анафилаксия, қан сары суын қолданғаннан кейінгі ауру.)
Иммуннологияның тәжірибелік маңызы.
Денеге енген қандай да болмасын бөтен микробқа (микроорганизмге) организм немқұрайлы қарамай яғни енжарлық танытпай оған қарсы қарсылық танытып, күресуде болады, және де оған қарсы пайда болатын қорғаныс күштің күштілігі (иммунитеттің) аурудың пайда болуына және оның ағымына байланысты болады.
Міне, осы сұрақтарды бейімділік (восприимчивость), реактивтілік, төзімділік (резистенттілік) және иммунитет деген ұғымдарды түсінгеннен кейін ғана түсінуге болады.
Бейімділік /восприимчивость/ деп әрбір түрдің жұқпалы аурудың қоздырушысымен жанасқанда оны жұқтырып, содан туындайтын ауруға қабілеттігін айтады.
Реактивтілік Нақты жағдайда жануар организмінің қоздырғышқа /раздражитель/ қарсы өзінің өмір сүру үрдісінің өзгеруімен жауап беру мүмкіндігі.
Төзімділік немесе табиғи резистенттілік деп организмнің, денеге енген қоздырушының әсеріне, оның ішінде зардапты микробтардың әсеріне қарсы (немесе арнайы емес төзімділік көрсетуі) төтеп бере алатын мүмкіндігін айтады.
Резистенттілік көптеген факторлардың нәтижесі болып табылады. Олардың ішінде организмнің өзіне де қатысты (морфологиялық ерекшеліктері, физиологиялық жағдайлары, конституциялық ерекшеліктері, жынысы, жасы, иммунитет жүйесінің қызметі) және сыртқы ортаға да (азықтандыру, суару, күту, стрессорлардың әсері) байланысты болады.
Организмнің қарсыласу қабілеті көп жағдайларда жас мөлшеріне және жынысына байланысты болады.
Мәселен, жас малдар уыз және сүтпен қоректенуіне байланысты көптеген жұқпалы ауруларға төзімді келеді. Ал қарасан індетіне керісінше кәрі малдарға қарағанда көбіне жас малдар шалдығады (қарасанмен 4 жасқа дейін ғана ауырады да одан жоғары жаста сиыр ауырмайды. Егер 7-8 жасар сиыр осы ауруға ұқсас аурумен ауыратын болса, онда біз оны қарасанға күдіктену тізімнен шығарып тастаймыз).
Кейбір аурулар тек бір түліктерге ғана тән. Мысалы, ірі қара маңқамаен, ал жылқы ірі қараның обасымен ауырмайды және т.с.с.
Төзімділік зиянды жағдайға тікелей қарсы тұру ғана емес, оған бейімделу арқылы да төтеп бере білу. Реактивтілік деп организмнің зиянды жағдайға икемделу қасиетін айтады. Егер оны өзіміздің пәнге қатысты алатын болсақ, онда ол антигендерге, оның ішінде зардапты микробқа қарсы иммунологиялық жауап реакциясы.
Иммунитет латынның immunitas (қабылдамаушылық, босану) деген сөзінен шыққан. Ол нақты бір ауру қоздырғышына қарсы бағытталған арнайы қорғаныс (мысалы, аусылға құтырыққа және т.б.).
Иммунитет деген ұғымның өзі індет және эпидемия кезінде оларды байқау барысында қалыптасты. Ерте кездің өзінде-ақ кейбір адамдар мен жануарлар ауру жұғу қаупі туғанымен ауырм ай сау қалатыны және ауырып жазылғандар қайтадан ауымайтыны белгілі болды. Содан кейін жұқпалы ауруларды қабылдамаушылық жағдайды «иммунитет» (әлует) деген терминмен белгілейтін болды.
Белсенді иммунделген малда иммунитет түзілу үшін 1-2 апта қажет болса, ал енжер иммунделген организмде иммунитет бірер сағаттан кейін қалыптасады.
Иммунологиялық икемділік, иммундік жауап немесе иммунитет реакциялары дегеніміз организмнің өзінікі мен бөтенді ажыратып, гентеикалық антигендік ақпарды өңдеп, оған иммунологиялық жауап реакцияларын беру қабілеті. Иммунологиялық жауап ракциясына келесілер жатады:
Иммунология тек теория жүзінде емес сонымен қатар биология, медицина және ветеринария салаларында да практика жүзінде қолданылатын бөлім. Індеттану пәнінде иммунитет реакциялары арқылы жұқпалы ауруларға диагноз қойып, микроорганизмдердің антигендік құрылымын да талдауға болады.
Тәжірибе жүзінде иммунді реакциялардың негізінде антиген мен антидененің өзгеше емес әрекеттесуі жатыр. Иммунологиялық реакциялардың осы принципіне байланысты белгілі антигенмен белгісіз антиденені, ал керісінше белгілі антиденемен белгісіз антигенді анықтауға болады. Сонымен қатар иммунологиялық реакция арқылы жануар организміндегі иммунитеттің қалыптасқанын, және оның аурудан немесе вакциналаудан кейінгі иммунитеттің байқалу дәрежесін анықтауға болады. Иммунологиялық реакцияларды оқып-үйрену, зерттеу - жұқпалы аурулардың серологиялық, аллергиялық анықтауын, алдын алу және емдеу (вакцина, қан сарысулары) препараттарын жетілдіруге, сонымен қатар оларды тиімді қолдану үлгілерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда практика жағдайындағы мәселелерді шешу үшін келесі реакциялар қолданылады: АР, КБР, ТЕГАР, ДПР, БН, ИФТ және басқалары.
Бақылау сұрақтары: 1 Иммунитет түрлері. 2 Жедел типті сезімталдықтың клиникалық байқалуы. 3 Енжар иммунитет қандай жағдайда қалыптасады? 4 Анафилаксиялық шок дегеніміз не?
№3-4 дәріс
