Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Омаров Берик1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134.55 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» ББМ

«Қорғауға жіберіледі»

«Құқық» кафедрасының меңгерушісі

____________________ А.Тлеужанова

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдық топтардың адам өлтіру қылмысын тергеу»

Орындаған:

№ Б-СО-О-Қ-ҚҚ-1201

тобының студенті _________________ Б. Омаров

Ғылыми жетекші,

Аға оқытушы ________________ Б. Расилов

Алматы, 2016

МАЗМҰНЫ

1. КІРІСПЕ………………………………………………………………………6

1. Криминалистиканы талдаудың құқықтық негізі ретінде адам өлтіру қылмыстарының құқықтық сипаттамасы ..............................................................................................9

1.1 Адам өлтіру қылмысының құқықтық сипаттамасы ....................................9

1.2 Ауырлататын жағдайда адам өлтіру қылмыстарының құқықтық сипаттамасы…………………………………………………………………….. 14

2. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмысын тергеудің және іс қозғаудың ерекшеліктері..............................................................................................21

2.1 Ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру істерінің криминалистикалық сипаттамасы......................................................................21

2.2 Ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмыстарын тергеу және іс қозғау..................................................................................................................28

2.3 Ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезіндегі тергеу іс-әрекеттері.............................................................................. 44

3. ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......................................................................................................... 57

3.1 Ұйымдасқан қылмыспен күресуді жетілдірудің негізгі бағыттары...........57

3.2 Ұйымдасқан қылмыстар бойынша алдын алу және олардан сақтандыруды шаралары................................................................................................................66

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................75

қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................77

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған [1]. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.

Мемлекетімізде адам өмірін, денсаулығын қорғауға барынша мән беріліп келеді. 2015 жылдың 1 қаңтарында заң күшіне енген ҚР Қылмыстық Кодексі адамның өмірі мен денсаулығына қол сұғатын қылмыс құрамдарын жеке тарау ретінде жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар деп бөліп қарастырады [2].

Мен диплом жұмысы ретінде осы тақырыпты таңдаған себебім, ұйымдасқан топпен адам өлтіру қазіргі заманның қатігез шындығы, өзекті мәселе. Демографтардың айтуы бойынша жер бетіндегі халықтың жартысы өздерінің уақытынан бұрын қайтыс болады, олардың көбісі зорлықпен қаза табады. Ауырлатылған жағдайда адам өлтіру басқа адам өлтіру қылмыстарынан ажырата білу өте қиынға соғады, тіпті осы салада көп жылдар тәжірбиесі бар қызметкер немесе заңгер кінәлінің әрекетін саралауда жиі қателеседі. Сондықтан мен бұл қылмысты жан – жақты зерттеп, мағынасын дұрыс барынша ашуға тырысамын. Әрі бұл жұмыс өте қызық. Адам өлтіру – жеке тұлғаға қарсы бағытталған зиянның ең ауыр түрі. Себебі, мұның нәтижесінде өмір сүріп жатқан организм өз тіршілігін жояды және оны қалпына келтіру мүмкін емес. Біреудің қолынан аяқ асты мерт болған адамның отбасы мүшелері, туысқандары, достары, жақын араласатын жолдастары оның өлімін естігенде қатты қайғырады. Яғни оларға да орны толмас ауыр моральдық зиян келтіріледі. Қылмыскер қылмыс істегенде қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан жалтару үшін қоғамға қауіпті іс - әрекеттің белгілерін толықтай немесе жартылай жасыру мақсатын көздейді. Бұл қылмыстық әрекеттерді виктимдік әрекеттер деп те атауға болады.

Қылмысты іс - әрекеттер заң шығару жұмысында тәжірбиеден, яғни қоғам өмірінен алынады, себебі қылмыстар қоғамға таралған әрекеттер болып табылады. Қылмысты іс - әрекеттер қатарында тәжірбиеде әлі кездеспесе де алдағы уақыттарда кездесуі мүмкін деген болжамымен заң шығарушының қылмысты деп таныған әрекеттері болуы мүмкін. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңының 99-бабы 2-бөлімінің 12-тармағында қарастырылған «жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған» адам өлтіру1. Қылмыскердің қылмысқа дайындығы, оны жасау және жасыру әрекеттері өзара тығыз байланыста болады және тұтастай алғанда, нақты қылмыстың тәсілін құрайды. Ұйымдасқан топпен жасалған адам өлтіру қылмысы кезінде қылмысты жасыру ойы қылмыскерде қылмысты жасауға дейін туындайды және әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Сондықтан кез келген адам өлтіру қылмысы кезінде ол абайсыздан жасалды ма, әлде ауырлатылған немесе жеңілдетілген жағдайда жасалды ма соны анықтау және бұл қылмыстық әрекетті саралау үлкен қиыншылыққа әкеледі.

Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру.

Адам өлтірудің әр түрлі әдістері бар. Мысалы, әр түрлі тұрмыстық заттар мен т.б. құралдарды қолдану арқылы іске асқан адам өлімі, адамні уландыру жолдары, тұншықтыру, суға батырып жіберу және т.б. көптеген әдістері бар.

Адам өлтіру ерекше қауіпті болып табылады.Оны іске асырушы арнайы қылмысқа әбден дайындалған қылмыс жасаған адам болуы мүмкін. Адам өлімін жасыру үшін қылмыс жасаған адам кейде мәйіттің көзін жояды немесе жоюға тырысады, бөлшектеп тастайды немесе бетін адам танымастай етіп тастайды. Ал кей жағдайда өзін-өзі өлтіргенге келтіруі немесе байқаусызда болғандай етіп көрсетадам келеді, жай өз өлімімен өлгендей етіп те көрсетадам келетіндер де кездеседі.

Адам өлімі кезінде оқиға болған жерде әрқашан көптеген заттай дәлелдемелер, іздер қалады: мәйіт, мәйіттің бөлшектенген іздері немесе мәйітті жасырған іздер, қолданылған қылмыс құралының іздері т.б.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстардың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасының жалпы теориялық қағидалары, осы санаттағы қылмыстармен күресудің криминалистикалық тәсілдері мен қажетті ұсыныстарды жетілдіру Ағыбаев А.Н., Ашитов З.О., Әубәкіров А.Ф., Әбдіканов Н.Ә., Белкин Р.С. Бычкова С.Ф., Возгрин И.А., Герасимов Н.Ф., Гинзбург А.Я., Жакішев Е.Г., Дауров Т.Г., Дулатов Ы., Досаулов Г.Г., Драпкин Л., Еркінов С.Е., Жекебаев У.С., Исаев А.А., Ищенко Е.П., Қоғамов М.Ч., Колдин В.Я., Колесниченко А.Н., Мендіғұлов Ә.Х., Митричев С.П., Мозговых Г.А., Манаенков В.Г., Нәрікбаев М.С., Нұрғалиев Б.М., Образцов В.А., Пантелеев И.Ф., Поврезнюк Г.И., Рустемова Г.Р., Рогов И., Расторопов С.В., Салаев Б.А., Селиванов Н.А., Сұлтанова Н.З., Толеубекова Б.Х., Танасевич В.Г., Яблоков Н.П. және де басқа ғалымдардың жұмыстарында жарық көрді.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысы отандық ғылымдағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмыстарын тергеу әдісінінің теориялық жағдайларын зерттеуге, жеке тергеу әрекеттерінің, алғашқы тергеу кезеңіндегі типтік ситуацияларын ескере отырып, тактикалық тәсілдерін жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеу болып табылады.

Автордың диплом жұмысында берілген аталмыш қылмыстарға байланысты оқиға болған жерді қарау, жауап алу, тінту жүргізу, сот сараптамасын тағайындау және де басқа тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикалық тәсілдері бойынша ұсыныстары да зерттеудің ғылыми жаңалығын анықтайды.

Алынған нәтижелердің тәжірибелік құндылығы болып, зерттеу жүргізудің нәтижесінде жасалынған ұсыныстар мен тұжырымдар ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмыстарын тергеу, ашу немесе алдын алуға бағытталған алдын ала тергеу қызметі органдарының қызметін жетілдіруге, «Криминалистика», «Жедел іздестіру қызметі», «Сот сараптамасы» пәндерін, «Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу», «Қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі» арнайы курстарын оқытуда, ғылыми зерттеу жұмыстарында қолданылуы мүмкін.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Аталған зерттеудің мақсаты болып ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмыстарын тергеу әдістерінің теориялық ережелерін одан әрі өңдеу, жеке тергеу әрекеттерінің, алғашқы тергеу кезеңіндегі типтік ситуацияларын ескере отырып, тактикалық әдістері мен тәсілдерін жетілдіру болып саналады.

Аталған мақсаттар келесі міндеттерді анықтап, шешімін тапты:

  • қылмыстық құқық жүйесіндегі ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмысының орны мен мәніне жалпы қылмыстық-құқықтық сипаттама беру, қазіргі кезеңдегі жағдайын және осы қылмыс түрімен күрес жүргізудің маңыздылығын анықтау;

  • ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтірудің криминалистикалық сипаттамасының негізгі элементтерін өңдеу және олардың арасында байланысты айқындау;

  • ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіруді тергеудің алғашқы кезеңіндегі тергеу әрекеттерін жүргізудің типтік тергеу ситуацияларын, тергеу болжауларын және оларды шешудің тергеу бағдарламаларын анықтау;

  • ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтірумен байланысты болған қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғаудың ерекшеліктері мен анықтауға жататын мән-жайларды негіздеу;

  • ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтірумен байланысты болған қылмыстар бойынша алғашқы және олардан кейінгі тергеу кезеңдеріндегі тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикалық тәсілдерін белгілеу;

  • зерттеліп отырған қылмыстың түрі бойынша тергеушінің қылмыстың алдын алу шараларын айқындау.

Зерттеудің объектісі. Диплом жұмысының объектісі - ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмыстарына байланысты қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізу кезінде пайда болатын құқықтық қарым-қатынастар.

Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысының теориялық негізін қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика, криминология, жедел іздестіру қызметі, сот психологиясы, сот медицинасы және сот сараптамасы ғылымдарындағы еңбектер құрайды.

Зерттеудің әдістемелік негізін обьективтік шындықтың өзара баланысын сипаттайтын танымдылықтың диалектикалық әдісі құрайды. Автор зерттеу барысында арнайы ғылыми әдістерді, соның ішінде жүйелілік-құрымдылық, логикалық, статистикалық, әлеуметтік, салыстырмалы-құқықтық әдістерді пайдаланды.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, бес бөлімшені қамтитын екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Криминалистиканы талдаудың құқықтық негізі ретінде адам өлтіру қылмыстарының құқықтық сипаттамасы

1.1 Адам өлтіру қылмысының құқықтық сипаттамасы

Тергеушінің дәлелдемелік ақпаратты іздестіру қызметінің тиімділігі, көбінесе, қылмыстың жасалу механизмін анықтап алуына тәуелді болады. Қылмыстың жасалу механизмін кең мағынада қылмыскердің қылмыс жасау туралы шешім қабылдаған кезінен бастап, барлық әрекеттерін жатқызуға болады және ол үш сатыдан тұрады: 1) қылмыс жасауға дайындалу; 2) қылмысты жасау; 3) қылмыс іздерін жасыру.

Ал, ресейлік автор М.И.Слинько ұйымдасқан топпен немесе тапсырыспен адам өлтіру қылмысының механизмін схема арқылы келесі түрде көрсетеді:

Дайындық жәбірленуші – ниет – жалдаушы - (тапсырыс беруші) - делдалдар – жалданушылар (орындаушы) – көмектесушілер – қару -сыйақы

Орындаушы жалдамалы адам өлтіру қылмысы бойынша,қылмыскерлер мұқият дайындық әрекеттерін жасайды. Себебі, бұл тек тапсырысты дәл орындауға ғана емес, сонымен қатар қылмыскерлердің өздерінің де қауіпсіздігі үшін қажет.

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіруге дайындық барысында мынадай негізгі іс-әрекеттер жасалады:

Тапсырыс беруші тарапынан:

  • делдал таңдау;

  • орындаушыны іздестіру;

  • атыс қаруын немесе басқа да қаруды табу және сатып алу;

  • орындаушыны көлікпен қамтамасыз ету;

  • орындаушымен есеп айырысу үшін қажетті соманы әзірлеу;

  • орындаушымен байланыс орнату;

  • өзінің кінәсіздігін дәлелдейтін «алиби» құру [3, б.17].

Тапсырыс беруші адам өлтірушіге мынадай талаптар қоюы мүмкін: қылмыстық тәжірибесінің мол болуы, сенімді әрі тиянақты болу, қылмыстық ортада беделді болу, атыс қаруын, суық қаруды пайдалануда дағдысының болуы, жетілген дене күшінің болуы, белгілі бір кәсіпқойлық дағдысының болуы және т.б.

Тапсырыс беруші бұл қылмысқа ұйымдастырушы немесе айдап салушы ретінде қатысады.

Орындаушы тарапынан:

-өлтірілетін адамның өмірімен танысу – оның тұрмыс жағдайын, жұмыс тәртібін зерттеу;

- адам өлтіру «сценарийін» жасау және келісу;

- қастандық жасалатын жерді таңдау және бұл төңіректуралы егжей-тегжейлі мағулматқа көз жеткізу;

- қарудан атып көру;

- орналасатын жерде болу (егер тыстан келсе);

- тапсырыс берушімен (делдалмен) байланысты жүзеге асыру.

Жоғарыда аталғандермен қатар, адам өлтіруге дайындықтың бір компоненті ретінде, орындаушының машықтығын жетілдіру мақсатымен жаттығу жасауы болып табылады. Қылмыскерлер тарапынан осындай күрделі дайындық әрекеттерін жүзеге асыруы, бұл қылмысты ашуда біршама қиындықтар туғызады.

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіру қылмысының криминалистік сипаттамасының басты элементтерінің бірі оны жасау тәсілдері болып табылады. Яғни, қару сатып алынып немесе басқа да жолдармен табылып, орындаушымен байланыс орнатылып, сыйақыға адам өлтіру туралы оның келісімі алынғаннан кейін, болашақ жәбірленушінің мекен-жайы, жұмыс күнінің тәртібі, оққағарларының бар-жоқтығы және тағы да басқа мән-жайлар анықталған соң, қылмыскерлер өздерінің тікелей қылмыстық ойын жүзеге асыруға кіріседі.

Адам өлтіру қылмыстарының 80,4%-ті атыс қаруын қолдану арқылы жасалған. Мұндай қарулардың ішінде жиі қолданылатындары дыбыс басқышы бар тапаншалар (ТТ,ПМ), автоматтар, снайперлік винтовкалар және т.б. Ресей, Украина елдерінің ресми деректеріне жүгінсек тапсырыс бойынша адам өлтіру кезінде ең көп қолданылатыны (70%) ТТ тапаншасы. Оның себебі, бұл қару 1933-1951 ж.ж. аралығында шығарылған және ол кезеңде қаруды есепке алу қатан бақыланбаған, яғни оның нақты қанша шығарылғаны белгісіз, сонымен қатар,оның техникалық сипаттамасы кейбір қаруларға қарағанда жоғары,әрі бағасы арзан. Сондықтан, бұл қару арқылы қылмыскерлерді анықтау өте қиын. Осы адам өлтіру қылмысын зерттеу кезінде, көбінесе, қарудың қылмыс жасалған орында қалдыратыны анықталған. Сонымен бірге, бұл қылмыс түрін жасау кезінде жарылғыш заттар, шаншу-кесу қарулары, улар, және тағы да басқа құралдар қолданылуы мүмкін.

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың адам өлтіруді, қылмыстың ізін жасыру, тандап алынған қылмыс жасау тәсілінің элементі болуы мүмкін. Мысалы, қылмысты перчатка киіп істеу, қолдың, аяқтың іздерін жою, өздері болған жерлерді басқа заттармен жабу, өртеу т.б. Кейбір жағдайларда адам өлтірушілер қылмыстың іздерін жасыруды алдын-ала жоспарламайды. Тек, қылмысты жасап болғаннан кейін, қорыққандықтан немесе мүмкіндіктері болған жағдайда ғана өздері болған жерлердегі іздерді жоюға байланысты шараларды орындайды. Сонымен қатар, қылмыс іздерін жасыру, көбінесе, ұйымдастырушы мен жәбірленуші туыс болған жағдайларда қолданылады. Ұйымдасқан топпен жасалған адам өлтіру – жәбірленушінің жоғалып кетуімен, табиғы өліммен, қатерлі оқиғамен тағы да басқа тәсілдермен инсценировкалануы мүмкін. Ал, тергеу барысында бұл қылмыстың жалдау арқылы жасалғанын анықтау кейбір қиындықтарды туғызады. Сондықтан оқиғаның барлық жағдайын егжей-тегжей анықтау үшін, жалдамалы адам өлтірудің мынадай белгілеріне назар аудару қажет:

а) қылмыстың ашық жасалуы және қылмыскерлер іс-әрекетінің дөрекілігі;

б) орындаушының мүлтіксіз іс әрекеті (қашықтықтан нысанаға алу);

в) автоматты және жартылай автоматты қаруды, оның ішінде сирек кездесетін арнаулысын пайдалану;

г) мылтықты аса (бағалысы болса да) адам өлтірілген жерде немесе жолшыбай қалдыру;

д) пайдаланылған, көбінесе, айдап әкетілген автокөлікті тастап кету және жою;

е) өлікті жасыру шаралары жасалмайды, өлген адам тапсырыс берушімен жақын қатынаста (туысқан, таныс, әріптес) болса беті жасырылады.

ж) құрбан болған адамның әлеуметтік жағдайы;

з) мәйіттің денесінде көптеген өлімге әкеп соқтыруы мүмкін жарақаттардың болуына қарамастан, өмірлік маңызды органдардың тұсынан (бас, жүрек т.б.) «бақылау» оғы ізінің болуы. Мысалы, тапсырыс бойынша өлтірілген Абдулходжаев деген азаматтың мәйіті табылған кезде, жәбірленушінің денесінде бірнеше атыс жарақатарының болуына қарамастан, оның басында да атыс жарақаты болған. Сондай-ақ, «Қордай» кеден бекетінің бастығы Шынтасовты өлтірген киллер, алдымен 7-8 метр қашықтықтан денесіне бірнеше рет оқ атып, жәбірленуші құлаған соң, оның мойнына «бақылау оғын» атқан [4, б.71].

Адам өлтіруге осы із белгілерден басқа түрлі деректер де куә болуы мүмкін: жәбірленушіге қастандық жасалғанға дейін ол туралы құқық қорғау органдарында мәліметтің болуы; орындаушыны іздестіру туралы, сатып алынған қару жайлы ақпарат; бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауы; өлтірілетін адамның үстінде берен болуы мүмкін жағдайды ескере отырып, пышақты қарынның төменгі тұсынан салу; қарсыласуға мүмкіндік бермеу үшін қол соққысы арқылы есенгірету.

Адам өлтіруді екі топқа:

  1. Машықтанған жалданушы (кәсіпқой) орындаған;

  2. Үстірт – «тұрмыстық» атқарған деп болуге болады.

Мұндай жіктеу тергеу жүргізуді ұйымдастыру үшін өте маңызды,өйткені, қылмыс жасау әдісіне қарап, бұл қылмыс кімнің қолынан келгенін оңай ажыратуға болады. Жоғарыда аталған адам өлтіру қылмысын топтастыру қылмысты орындаушыларға қатысты жасалған. Ал, ресейлік кейбір авторлар бұл қылмысты жасауда экономикалық ниет басым болғандықтан былай топтастырады:

  • коммерциялық қызмет натижесінде алынған табысты бөлісе алмау салдарынан болған адам өлтіру;

  • қылмыскерлер үшін тиімді коммерциялық қызметтің дамуына кедергі келтіруші адамды немесе бәсекелесті өлтіру;

  • тараптардың біреуінің келісімді орындамауына байланысты адам өлтіру;

- тұрақты қылмыстық топтардың өзара ықпал ету саласын бөлісудегі келіспеушілік немесе осындай топтың мүшесін өлтіргені үшін кек алу мақсатында жасалатын адам өлтіру. Жалдамалы адам өлтіру орны.

Адам өлтіру қылмыстарының 90%-ті нарықтық қатынынастар дамыған Алматы, Қарағанды, Өскемен, Семей, Тараз, Павлодар сияқты ірі қалаларда жасалған. Ресми статистиканың мәліметтері бойынша, мұндай қылмыстардың жасалу орындары:

- 54,9% пәтер, жәбірленушіге тиісті өзге де тұрғын-жай, үйдің кіріс- шығыс есігі, баспалдақ аландары;

  • 21,6% жұмыс орындары, қызмет кабинеті, офистер, кеңселер, фирма, мекеме, ұйым үй-жайлары және оларға жапсарлас жатқан аумақтар;

  • 19,6% гараждар, автотұрақтар, ауладағы көлік қоятын орындар, үй ауласы, көше,шоссе;

  • 3,9% демалыс және бос уақыт өткізу орындары – мейрамхана, бар, кафе, ойынхана және басқа да ойын-сауық орындары.

Адам өлтіруді қылмыскерлер адам өлтіретін орынға көп көңіл боледі, себебі, бұл тапсырыстың қылмыскерлер үшін қауіпсіз орындалуының шешуші факторы болып табылады. Адам өлтіретін жерді әдетте тапсырыс беруші немесе орындаушының өзі тандайды.

Адам өлтіру қылмысы жалпы күзет (оққағарлардың) болмаған немесе күзет белсене қарсы тұруға қауқарсыздық танытатын жерлерде жасалатыны анықталған. Алайда, жәбірленушінің оққағарларының болуы қауіпсіздік мәселесін толық шеше алмайды. Себебі, адам өлтіруші өлтірілетін адамның оққағарларының болу мүмкіндігін де есепке алады. Бұл жағдайда орындаушы өлтірілетін адаммен тікелей байланысқа түспейді, мысалы, алыс қашықтықтан снайперлік винтовкадан атады немесе жарылғыш құралдарды қолданады. Сондай-ақ, өлтірілетін адамның күзеті болған жағдайда,қылмысты орындаушылардың саны да артады. Жалдамалы адам өлтіру уақыты.

Адам өлтіру уақыты өлтіру орны сияқты нәтижеге қапысыз жету үшін міндетті түрде таңдап алынады. Бұл қылмыс бойынша, адам өлтірудің уақыт параметрлерін зерттей келе, алты 4 сағаттық уақыт кесндісін бөліп көрсетуге болады: 1) 6-10; 2) 10-14; 3) 14-18; 4) 18-22; 5) 22-02; 6) 02-06 сағат. Жалдау арқылы адам өлтіру, көбінесе, (25%) таңертенгі сағат 6-10 аралығында жасалған, бұл киллердің жәбірленушіні үйінен шығу кезінде күтіп тұруымен түсіндіріледі. Осы қылмыстың 21,25%-ті сағат күндізгі 10-14 аралығында, ал 18,75% - сағат түнгі 22-02 аралығында жасалған. Сағат түнгі 02-ден таңертенгі 06 аралығында мұндай қылмыс түрі мүлдем тіркелмеген және тек 12,5%-ті сағат 14-18 аралығында жасалған. Уақыт көрсеткіштерінің мұндай болу себебі, жәбірленушінің үйінен шығу, қайтып келу, жұмыс орнында болу уақыттары қылмыскердің болжамдарына сай келуімен түсіндіріледі. Жоғарыдағы уақыт көрсеткіштеріне сүйене отырып, жалдау арқылы жасалатын адам өлтіру таңертенгі және кешкі уақыттарда жасалатының аңғаруға болады. Ал, осы қылмысты қазақстандық зерттеуші Т.А.Құлыбаев, тапсырыс бойынша адам өлтіру кешкі сағат 18-22 аралығында жиі жасалатынын, күндіз жасалу ықтималдығы төмен екендігін атап көрсетеді.

Адам өлтіру қылмыстары бойынша, жәбірленуші туралы мағулматтың криминалистік маңызы зор. Бұл қылмыстардың басым көпшілігінде жәбірленушілер тапсырыс берушімен таныс, туыс, қызметтес адамдар болып келеді.

Адам өлтіру қылмыстары бойынша, жәбірленушілерді төрт санатқа бөлуге болады:

  • Коммерциялық және қаржылық топтардың өкілдері, бизнес саласындағы басшылар, олардың оққағарлары;

  • Қылмыстық ұйымдардың жетекшілері және мүшелері;

  • Мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері;

  • Басқа да адамдар [5, б.64].

Жәбірленушілер қатарында ер адамдар көбірек кездеседі – 87%, әйелдер сәйкесінше - 13%-ті құрайды. Бұл қылмысты тергеу барысында жәбірленушінің жеке басын, іскерлік байланыстарын объективті, жан-жақты зерттеу қажет. Сонымен қатар, оның білімі, кәсібі, қызметі, лауазымы, материалдық жағдайы тыс қалмауы тиіс.

Жәбірленушілерді жастық критерийі бойынша, ресми деректерді пайдалана отырып, бірнеше санатқа бөлуге болады: 20 жасқа дейін -7,3%, 20-30 жас -42,7%, 30-40 жас -26,6%, 40 жастан жоғары -23,4%.

Адам өлтірудің орындаушылары зерттеу бойынша, тек ер адамдар (100%), жас мөлшері 17-35 аралығында, кейбір деректер бойынша 20-40 жас аралығы көрсетіледі. Бірақ, 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысында, Антропова деген әйелді өлтіру үшін екі әйел жалданған.

- зерттеліп отырған қылмысты ашуда ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) туралы деректер де көп мағұлмат береді.

Негізінен тапсырыс берушілер мына топтағы адамдар болып келеді:

- коммерциялық және бактік құрылымдардың басшылары;

- қылмыстық ортадағы жетекшілер сыбайлас жемқор мемлекеттік шенеуніктер;

- шағын бизнес өкілдері.

90-шы жылдарға дейін бұл қылмысты жасауда қызғану, кек алу, тағы сол сияқты тұрмыстық ниеттер басым болған. Ал, пайдакүнемдік ниет тек 20%-ті (мұраға ие болу, т.б.) құраған. Ал, қазір пайдакүнемдік ниет 95%-ті құрайды.

Ақы алып адам өлтірген адамның әрекеті де пайдакүнемдік ниетпен жаслған деп сараланады. Демек, тапсырысты орындаушының ниеті тек пайдакүнемдік болып табылады.Жалдамалы адам өлтіру қылмысы бойынша тапсырыс берушінің ниетін үш топқа бөлуге болады:-Бәсекелесті шеттету белгілі бір салада ықпал ету аясын бөлу немесе белгілі бір аумақта үстемдік ету үшін;-нақты мәселені шешу- коммерциялық құрылымдардың, нәтижесінде нақты мәселені шешу тәсілі ретінде жасалады (несиені қайтармау, қызметтен түскен табысты бөліспеу және т.б.). Мысалы, 2006 жылы Қарағандыда тапсырыс бойынша «ВИСТ» фирмасының президенті Бабаевтың өлтіруіне, мазут үшін 108 млн. теңгеден астам берешекті оның әріптестерінің төлемеуі себеп болады, немесе 2003 жылы «Алматықұрылыс» МАК бас директоры И.Мильграмның тапсырыс бойынша өлтіруіне акционерлік компанияның құрылымдық бөлімшесі басшысын қызметінен шеттету пиғылы себеп болды, егер В.Ли қызметтен шеттетілген жағдайда, мол дивидентен айрылып қалатын еді.

Саяси ниетпен адам өлтіру - ұлтаралық немесе саяси қақтығыстардың нәтижесінде, билікті қайта бөлісу немесе билікке ықпал етумен байланысты жасалады. Жалданушының пайдакүнемдік пиғылы орындаған «Жұмысы» үшін сыйақы алу, ал тапсырыс берушінің пиғылы түрлі пайдаға қол жеткізу (қаразын қайтармау, біртұтас билікке жету т.б) болғандықтан тапсырыс беруші мен орындаушының адам өлтіруді жүзеге асыру ниеттерінің ара жігін нақтылай білудің маңызы зор.

Адам өлтіру – бұл, әрқашан өзара байланысты іздер қалдыратын қылмыс. Өзара төрт әлемент бір-бірімен байланысты болады: қылмыскер, жәбірленуші, қылмыс орны, қылмыс құралы.

Жалдамалы адам өлтіру қылмыстары бойынша, зерттелген оқиғалардың 97,1%-де атыс қарауы қолданылған. Сондықтан, қылмыскерлерді анықтау үшін оқиға болағн жерден табылған қару, оқ, гильза мұқият зерттелуге жатады. Оқ және гильзадағы іздер қаруды анықтауға, ал қару арқылы оның иесін табуға мүмкіндік туады.

Осы қылмысты жасау кезінде қылмыскерлер заттай дәлелдемелерден арылу үшін қаруды қылмыс орнында тастап кетеді. Бұл жағдайда, қарудың баллистикалық сипаттасымен қатар, оның номері арқылы осы қаруды жасаған зауаттан бастап, қылмыскерлердің қолына түскенге дейінгі жолды анықтауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]