- •1.Мейірбикенің онкологиялық пациенттермен жұмыс істеуінің қандай ерекшелігі бар?
- •2.Қолданылатын бұйрықтар:
- •3.Негізгі толтырылатын құжаттар:
- •4.Есеп беру құжаттары:
- •5.Жұмыс нәтижесінің соңғы 3 жылдық көрсеткіштері немесе дүниежүзілік,қр,Қызылордадағы көрсеткіштер:
- •150 436 Науқас тіркеуде тұр
- •6.Санитарлық-ағарту жұмыстары:
Әбел Ақсауле.Тұрсынбай Мереке.Жарылқасын Айдана
ология бөлімшесі мен бөліміндегі мейірбикенің рөлі
1.Осы бөлімдегі мейірбикенің атқаратын негізгі жұмысының тізімі
2.Қандай бұйрықтармен жұмыс жасайды?
3.Негізгі толтыратын құжаттар
4.Есеп беру құжаттары
5.Жұмыс нәтижесінің соңғы 3 жылдық көрсеткіштері немесе дүниежүзілік,ҚР,Қызылордадағы көрсеткіштер
6.Санитарлық-ағарту жұмыстары
1.Мейірбикенің онкологиялық пациенттермен жұмыс істеуінің қандай ерекшелігі бар?
Қатерлі ісігі бар пациенттермен жұмыс істеген кезде психологиялық жағынан көмек мықты болуы керек.Пациент өзінің нақты диагнозын білмеуіне жағдай жасалуы тиіс. ”Рак”,”саркома” деген сөздердің орнына “жара”,”сужение”,”уплотнение” деген сөздерді қолданған дұрыс.Пациентке берілетін барлық берілетін выписка,справка қағаздарында диагнозы пациентке түсінікті болмауы керек.Пациентпен және оның туыстарымен әңгімелескенде абай болу керек.Онкологиялық ауруы бар пациенттердің психикасы әлсіз,эмоцияға берілгіш болады,сондықтан да тексеріс жүргізгенде,әңгімелескенде есте болу қажет.Егерде басқа маманның кеңесі қажет болса,пациентпен бірге құжатты беру үшін дәрігер немесе мейірбике баруы керек.Егер мұндай жағдай болмаса почта арқылы бас дәрігерге немесе конвертке салып туысқандарына береді.Диагнозы туралы тек жақын туысқандарына айту керек.
Онкологиялық пациенттерді бақылау және күтімі қалай жүзеге асады?
Қатерсіз ісігі бар және онкологиялық аурудың бастапқы сатысындағы пациенттерді,онкологиялық ауруы асқынып,метастаз берген пациенттермен кездеспегені дұрыс.Яғни,олардың жататын орындары бөлек болуы керек.Онкологиялық ауруханаға қайта келген науқастарды ,аурудың соңғы сатысындағы пациентпен бірге жатқызуға болмайды.
Онкологиялық ауруы бар пациентті міндетті түрде күнделікті өлшеп тұру қажет,себебі салмағының азаюы ауруының асқынуына бірден-бір себеп.Уақытылы температурасын өлшеу организмнің сәулелік емге реакциясын көрсетеді.Салмақ өлшеу,температурасының нәтижесін ауру тарихына және амбулаторлық картаға түсірілуі керек.
Сүт безінің ісігі және өкпе ісігі кезінде байқалатын омыртқалық метастатикалық зақымдануында төсек режимі және сүйек сынуының алдын-алу үшін матрац астына ағаштан жасалған тақтайша қойылады.Өкпе рагінің операция жасалмайтын түрімен ауыратын науқастарды күту кезінде,таза ауаға жиі шығу,қысқа мерзімді серуен,бөлмені жиі желдету маңызды болып табылады.себебі,өкпенің шектеулі дем алатын беткі қабаты таза ауаға мұхтаж болады.
Онкологиялық бөлімде санитарлық – гигиеналық шаралар қалай жүзеге асырылады?
Ең алдымен,науқасты және оның жақындарын гигиеналық шараларға үйрету.Көбіне көмей жане өкпе обырымен зардап шегетін науқастар бөліп шығаратын қақырықты,қақпағы жақсы бекітілетін арнайы түкіргіштерге жинайды.Қолданылған түкіргіштер күнделікті ыстық сумен жуылып,10-12% хлорлы ерітінділермен дезинфекцияланады.Зерттеуге алынатын нәжіс пен несепті фаянды немесе резеңкелі ыдыстарға жинайды,ол ыдыстарды ыстық сумен және хлор ерітінділерімен жиі жуп тұру қажет.
Онкологиялық аурулардын тамақтану ережесі нені қарастырады?
Дұрыс тамақтану режимі маңызды.Науқас күніне кем дегенде 4-6 рет дәрумендер мен ақуызға бай тағамдармен тамақтануы керек және тағамның әр түрлілігі мен дәмділік сапасынада мән берген жөн.Қандайда бір диета ұстанудың қажеті жоқ,тек мөлшерден тыс ыстық немесе өте салқын,ауыр,қуырылған болмаса болғаны және ашшы тағамдардын сақтанған дұрыс.
Асқазан обырымен ауыратын науқастардың тамақтану ерекшеліктері қандай?
Асқазан обырының асқынған түрімен ауыратын науқастарды пайдалы тағамдармен (қаймақ,ірімшік,қайнатылған балық,етті сорпа,бұқтырылған котлет,майдаланған турдегі жемістер мен көкөністер және т.б.).Тамақтану кезінде міндетті түрде 1-2 ас қасық 0,5-1 пайыздық хлорсутекті қышқыл ерітіндісін ішу керек.
Онкологиялық кабинеттің мейірбикесінің негізгі міндеті
Онколог-дәрігердің емдік-диагностикалық тағайындауларын орындау және сол емханаға қарайтын аудандарға медициналық көмек көрсету болып табылады.Дәрігер-онколог науқас қабылдамас бұрын жұмыс орнын,керекті медициналық құралдардың,құжаттардың бар-жоғын тексеріп,дайындап қою керек.Тексерудің нәтижелерінің уақытылы келуін және оларды науқастың амбулаторлық картасына жабыстыру қажет.Қажет болған жағдайда дәрігердің қарауына науқасты дайындау,дәрігерге биопсия,хирургиялық таңу салуда көмектесу,науқасқа лабороториялық,инструменталдық тексеруге қалай дайындалу керектігін түсіндіру керек.Керекті дәрілік препараттарды,таңуға керекті заттарды арнайы қағазға жазып,бас мейірбикеден алу.Науқастар арасында жүргізілетін санитарлық-ағарту жұмыстарына қатысу.Конференция,семинарларға қатысу арқылы квалификацияны жоғарылату.Дәрігер қадағалауымен медициналық құжаттарды толтыру:
-кеңес беру кабинетіне жолдама
-статистикалық талон
-онкологиялық науқастың ауруханадан шығару парағы
-пациенттің еңбекке жарамсыздығы
-науқастың ең 1-анықталған диагнозы (ісік,басқа да қатерлі ісіктер)
-МСЭК-ке жолдама,биопсия журналы
