- •Өзін-өзі тану пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •1 Деңгей күрделі
- •1.Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары.
- •4.«Тарихи жады» ұғымының мәні.
- •1.Заманауи әлемдегі қиянат жасамаудың себептер
- •6. «Отбасы» ұғымы туралы түсінік
- •9. Білім алу – адамның өзін-өзі тануына жол
- •12. Махаббат – көпжақты сезім ретінде
- •13. Өзіне қатысты қиянат жасамау
- •14. Шындықтың мәні туралы
- •15. Тұлға құндылықтарының иерархиясы
- •16.Білім беру үрдісінің дұрыс әрекетке үйренудегі мақсаттары
- •18. «Махаббат» ұғымын қалай түсінесіз
- •20.Өзіне қатысты қиянат жасамау.
9. Білім алу – адамның өзін-өзі тануына жол
Өзін-өзі тануда адам бір мезгілде танымның субъектісі ретінде де және объектісі ретінде де көрінеді. Өзін-өзі танудың дамуы адамның практикалық іс-әрекетінің барысында және өзге адамдармен өзара ықпалы жағдайында жүреді. Қоғамдық дамудың сферасы өзін-өзі танудың пайда болуы мен дамуы үшін ерекше рөлге ие – адам өзін өзгелер арқылы жанама түрде таниды. Өзіндік сана мен өзін-өзі танудың бір емес екенін атап айту қажет. Өзіндік сана неғұрлым кең ұғым - өзіндік санадан әрқашан өзін-өзі тану шығады.
Психологиялық позицияда өзін-өзі тану мәселесі психология дербес ғылым болып қалыптасқаннан кейін зерттеле бастады. Бұл салада көптеген қызықты әрі мазмұнды зерттеулер жүргізілген. Өзін-өзі тану тұлғаның маңызды бөлігі ретінде қарастырылған көптеген еңбектер бар. Сонымен қатар тұлға дамуының деңгейі өзін-өзі танудың дамуының деңгейіне пропорционалды екендігі жиі атап айтылды. Мінез-құлықтың реттеушісі бола отырып, өзін-өзі тану тұлғаның әрі қарайғы дамуына ықпал етеді. Ол сыртқы әсер мен тұлғаның ішкі күйі және оның мінез-құлық формалары арасындағы тепе-теңдікті белгілейді. Сондықтан өзін-өзі танудың дамуындағы жағымсыз ауытқулар тұлғаның үйлесімді құрылымын бұзып, адам мінезінің жетімсіз қалыптасуына әкеледі. Кейбір зерттеулерде өзін-өзі тану «Мен» ұғымымен теңдестіріледі, ал бұл құрылым тұлға ұғымының синонимі ретінде қарастырылады. Өзін-өзі тану тұлғаға қарағанда неғұрлым кең ұғымды білдіреді деген де пікірлер кездеседі. Ол өзін-өзі тану тұлғаға қарағанда әлдеқайда ерте пайда болып, өзінде неғұрлым кең мазмұнды сыйғызатындығымен дәлелденеді. «Мен», «Мен - бейне», «Өз өзінің бейнесі» сияқты ұғымдардың түсінік аясы «көмескі». Тұлғаны түсіндіру үшін де, өзіндік сананы сипаттау үшін де қолданылып, осымен соңғысының өзіне тән ерекше мазмұнын жоюға әкелетін, «Мен» ұғымын кейбір теріс пайдаланушылық та байқалады. Сонымен бірге нұсқалған ұғымдардың объектілері анық ажыратылмайды.
Өзін-өзі тану саналы түрде мақсатқа бағытталған процесс ретінде сипатталады, яғни адам нақты бір мақсатты алдына қояды. Өзінде қандай да бір қабілетті, икемділікті арнайы әдісті қолдану арқылы өзін бағалайды. Міне, осы жерде саналы әрекетке айналады және оның заңдылықтарына бағынады. Егер адам өзін-өзі тануын әрекетке жиі айналдырып отырса, онда адам өзін-өзі терең және тез танитын болады. Біздің өміріміздің өзі бір қалыпты және кризисті жағдайлардын тұрады. Адам шешімді қабылдаған жағдайында ол тек жағдайды емес, сонымен қатар өзінің мүмкіншіліктерін және қасиеттерін жақсы білу керек. Мұндай жағдайлар да өзін-өзі тану белсенді жұмыс істейді, тұлға аз уақыт ішінде өзі туралы мағлұматты ала алады. Бұл кезендерге жататындар: 3 жас дағдарысы, мұнда бала алғаш өзін субъект ретінде ұғынады, алғашқы әлеуметтік Мен жүйесі қалыптасады, өзін білдіруге деген құштарлығы пайда болады; 7 жас дағдарысы, мұнда бала өзін оқу субъектісі ретінде ұғынады және өзін окушы ретінде бағалау мұқтаждығы пайда болады; жеткіншек дағарысы өзінің Менін сыртқы ортамен, құбылыстармен өзара әрекет контекстіне ашады. Ересек адамдарда да дағдарыс болады: 30 жас дағдырысы, зейнетке шығуымен байланысты дағдарыс.
. 10. «Тұлға» ұғымы туралы түсінік.
Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?
Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Бұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: “ Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді.”
Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Яғни, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеек дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.
Сонымен, тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне ,ортасы үшін маңызды мәнге ие.
Ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.
Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.
Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.
11. Нағыз шындық – ол Ар-ұждан
ар-ұждан_рухымызға,ой-пікірімізге тасыр жасайтын күңіл -күй құралы.біз әрбір уақыт істемекші болған іс әрекетіміздің жақсы -жамандығы ,пайдалы яки зияндылығы ар-ұжданымыз арқылы белгіленеді.ар-ұждан адамзат ой-пікірінің әділ таразысы,адамдар осы таразы арқылы өз кемшіліктерін өлшеп білуден сырт және қата істіген қылмсты әрекеттерінде білеәладі.егер ар-ұжданы ақиқатқа жақын болса ,нағыз адамдық ғұмыр кешкен болады.негізі, ар-ұждан исылам дінмен тығыз байланста ,исламдқ тағылмды қабылдаған адамның ар-ұжданы ақиқатты негіз етеді .ахылақсыздық, арамдық, басқаларға зиян жететін істерден ар-ұжданы тосып тұрады.
ар-ұждан жақсы құлқтардың қайнар күзі болғандықтан, бұндай әдәмдар істеген жақсылығын бұлдамайды,алла ризалығы үшін деп жүре береді. сол себептен ар-ұжданы бар адамдар әр бір жерде басқалар күңілінде ұлы да инабатты болып күрінеді.
ал ар-ұжданы жоқ әдамдардің ниеті бұзық болып,аруақыт бір бармағын ішіне бүгіп қулық ойлап,арам пайданы ғана күздеп жүретіндіктен нәтижеде олар ардайым алаңдаушылқпен күн кешіреді,қайғы- қасырет шегіп ,ар-ұждан азабына душар болады.
ал ар-ұжданы мығым адамдардың иманы да күшті болады ,олар өз құлшылдығын каламыға жеткізу үшін тырсады,жанабы алла ның бұйрықтарын және пайғамбарымыздың сұннатын орындау ға жанын салады.дінге ,ұлтқа пайдалы жұмыстарды қуана бітіреді.
демек,ар-ұждан ар адамның іс-әрекетін күрсететін айна,сол айна арқылы ар-ұжданымызға дақ келтіретін нұқсандарды уақытында байқасақ бұның өзі ерлік! дінімізде де ар-ұжданын таза,пәк ұстаған адам алла ның қасиетты мұкапатыға ие болып,екі дүниенің бақыт -байлығын күреді дейді. сондықтан ұлт ұрбақтары ,мұслман қауым ар-ұжданымызды дат басудың алдын алып,ақиқат жолы болған исылам дыны тәрбиесімен қаруланайық! ұлтымыз атын аспандататын ,күйнетін тағы да сол өзіміз, ар-ұжданымызды жоғалтып алла ға гүнәкар,ұлтымызға ұятты болудан сақтанайық!!!!!!!
