- •Өзін-өзі тану пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •1 Деңгей күрделі
- •1.Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары.
- •4.«Тарихи жады» ұғымының мәні.
- •1.Заманауи әлемдегі қиянат жасамаудың себептер
- •6. «Отбасы» ұғымы туралы түсінік
- •9. Білім алу – адамның өзін-өзі тануына жол
- •12. Махаббат – көпжақты сезім ретінде
- •13. Өзіне қатысты қиянат жасамау
- •14. Шындықтың мәні туралы
- •15. Тұлға құндылықтарының иерархиясы
- •16.Білім беру үрдісінің дұрыс әрекетке үйренудегі мақсаттары
- •18. «Махаббат» ұғымын қалай түсінесіз
- •20.Өзіне қатысты қиянат жасамау.
1.Заманауи әлемдегі қиянат жасамаудың себептер
Қиянат жасамау қағидаттары
Өзіңе қатысты қиянат жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау, өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат.
Жаман сөз есту – құлаққа қиянат.
Жамандық көру – көзге қиянат.
Жаман иіс – мұрынға қиянат.
Жаман әрекет – тәнге қиянат.
Қиянат жасаудың себептері
Сүйіспеншіліктің жетіспеуі.
Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі.
Өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат.
Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес келмеу.
Қиянат жасамаудың міндеттері
· Әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу,
Жан-жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік.
· Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық, ақжарқындылық, татулық. Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау.
· Дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу. Әлеуметтік, әділеттілік, жақсы азамат болу.
Жүрек жарасы – жамандықтан
Баяғыда бір үйде жалғыз ерке бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына 37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы шарбаққа бір шегеден қағып отыр», дейді. Бала жамандық істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады. 33 шеге қаққасын, 4 шегені әкеп әкесіне береді де, былай дейді: «Әке, мен енді ешкімге жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ».
Сонда әкесі былай дейді: «Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр»,-дейді. Біраз уақыт өткен соң әкесі мен баласы шарбаққа қараса, ол тесік-тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: «Балам, адамдардың жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай тесіктер қалады,», дейді.
Қорытынды бөлім
Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
"Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
2. Әлемге қатынас арқылы өзін-өзі тану
Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды «Мен» және идеалды «Мен» деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.
Реалды «Мен» - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы солсияқты елестету жүйесі.
Идеалды «Мен»- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.
Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).
Реалды «мен» және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.
Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.
Позитивтi мәнi – кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.
Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.
Психологияда өзін-өзі тану саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал.
3. Ақиқат – өзін-өзі тану мақсаты
"Ақиқат ұғымы" Білімдегі абсолюттік және салыстырмалылық диалектикасы. Таным нәтижелерінің практикалық қызметте жетістікпен қолданылуы тек алынған білім дәйекті, ақиқатты болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Акиқат туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағы аса маңыздылардың бірі. Ақиқат — білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда, ол — нағыздығтың дұрыс көрсетілуі. Акикаттың айқындамасын түсіну оның төменде келтірілген негізгі қасиеттерін, белгілерін дәл айқындап алуды талап етеді.Ақиқаттың объективтілігі — тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты әрекеттесуінен жүзеге асырылады. Сондықтан бұл әрекеттесудің; нәтижесінде (таным үдерісінде) объектінің де, субъектінің де әсерінен тұрады. Акиқатқа қажетті бейнеде таным үдерісінің объективті және субъективті құрауыштарының бірлігі көрініс береді: объект болмаса, білім өзінің мазмұнын жоғалтады, ал білуші адамсыз — субъектісіз білімнің өзі жоқ. Рас, нағыздыктың білуші субъектіге тәуелді емес екендігі белгілі. Объективті шынайылықтың өзінде ешкандай ақиқат жоқ, онда тек өзінің қасиеттері бар нәрселер ғана бар. Ақиқат осы шынайылықты адамдардың тануының нәтижесінде пайда болады. Ол танылатын шынайылык туралы субъектінің білімі болып табылады. Сондықтан объективтік білім неғұрлым толығырак болса, соғұрлым таным субъектісінің белсенділігі жоғары болады. Бұған байланысты мынаны айтуға болады: ащщат — объективтілік пен субъективтіліктів; бірлігі, объективті шынайылықтың субъективті бейнесі. Ақиқат деген-үдеріс, ол объектіні бірден, түтасымен және толык келемде түсіну. Ақиқатка бірден және түтасымен қол жеткізу мүмкін емес, оның күрделі үдеріс екендігін сезіп түсінуге адамдар біртіндеп келді. Акиқатты біртіндеп дәлдеу және тереңдету үдерісін белгілеу және сипаттау, оның объективті мазмүнын толыктыру үшін "абсолютті ақиқат және салыстырмалы акикат" үғымдары енгізілген.
4. Қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын, баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажетттілігін қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері де қызықты болады. Жас кезінде бұзақы болған Б. Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпайтынмын, керсінше жақсы әңгімелерін ылғи да айта жүремін». Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір секілді.
5. Рефлексия педагогтың өзін-өзі дамытуының негізі ретінде
Педагогты инновациялық іс-әрекетке даярлау құрылымындағы маңызды да міндетті компонент мұғалімнің өз санасының және қызметінің құбылыстарын танып-білу және талдау көрінісі ретіндегі (өз ойлары мен әрекеттеріне басқалардың тұрғысынан қарау) рефлексия болып табылады.
Рефлексия (латынның reflexio - «өткенге көз тастау» деген сөзінен шыққан) - субъектінің ішкі психикалық актілер мен күйлерді танып-білу үрдісі. Рефлексия ұғымы ең алғаш рет философияда пайда болды және индивидтің жүріп жатқан нәрселерді өз санасында ойластыру үрдісі дегенді білдірді. Рефлексия - бұл субъектінің өзін-өзі тануы немесе түсінуі ғана емес, сонымен қатар басқалардың оны қалай түсінетіндігін, оның тұлғалық ерекшеліктерін, эмоциялық реакциялары мен когнитивтік (танымға қатысты) қабілеттерін қалай білетіндігін аңғару. Мұндай аңғару мазмұны бірлескен іс-әрекет нысанасына айналып, рефлексияның ерекше формасы - нысаналық-рефлексиялық қатынастар дамиды
В.А.Лефевр рефлексияның түсінігін кеңейте түсті. Біріншіден, оның пайымдауынша, мұғалім өзіне қатысты «бақылаушы», «зерттеуші» және «бақылағыш» міндеттеріне қоса, өзгелерге қатысты «зерттеуші» мен «бақылаушы» міндеттерін орындаушы болса; екіншіден, ол «рефлексия деңгейі» мен «рефлексиялық жүйе» ұғымдарын алғашқы болып енгізді М.В.Кларин, шығармашылық ойлау ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оның мазмұнын өз тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік беретін рефлексиямен байланыстырады. Бұл тұрғыдағы рефлексия ой-тұжырым жасау, қорыту, салыстыру, ұқсастыру, бағалау, толғану, есіне алу және мәселелерді шешуден тұрады. Ол сондай-ақ интерпретация, талдау, талқылау немесе бағалау мақсатындағы сенімдерді де қамтиды
Рефлексияның әр деңгейі мұғалімнің мүмкіндіктерінің мазмұнын, түсініктері мен толғаныстарын анықтайды. Мүмкіндіктер шекараларының рефлексиясы, өзі мен басқалардың арасындағы айырмашылықтарды тұжыру кезінде қарама-қайшылық туындап, оны шешуге тырысады. Өзінің осал тұстарын өзгерту және ішкі мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылу мұғалімді инновациялық іс-әрекеттегі табысқа жетелейді.
Инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыру кезеңіндегі рефлексия екі үрдіспен қоса жүреді: 1) мұғалім болжамдау кезеңіне қайта оралғандай болады, сол кезеңнен тұжырымдаманың жекелеген құрамды бөліктерін іздестіреді; 2) екінші үрдіс өз іс-әрекетінің рефлексиясымен, яғни мақсатты жүзеге асыру үрдісімен тығыз байланысты: мұғалім мүмкіндіктері мен сыртқы жағдайлардың ара қатынастарын талдау жүреді. Педагогикалық дағдылар, әрекеттер, инновациялардың мазмұны зерделенеді.
Өз іс-әрекеті мен оның компоненттерін (қажеттіліктерді, мотивтерді, мақсаттарды (олардың ара қатынастарын), мақсат пен нәтижелерге жету тәсілдерін) бағалау жөніндегі өзіндік алгоритмдерді меңгеру шарты ретіндегі өзін-өзі бағалау мұғалімнің рефлексиялық ұстанымының шарты болып та табылады. Мақсатқа қол жеткізу тәсілінің рефлексиясы кезінде іс-әрекет зерделенеді, бұл талдаудың табыстылығы педагогтың инновациялық іс-әрекетті жүзеге асырудың баламалық тәсілдемелерін іздеу, бағалау және таңдау қабілеттеріне байланысты.
Жаңалағышты енгізу салдарлары тұрғысынан іс-әрекет рефлексиясы бойынша іс-әрекет шарттарының өзгеруін талдау қажет. Жаңашыл-ұстаз бұл кезде жаңалағышты енгізу салдарларының өзіндік және бөгде бағаларын ажырата білу, одан кейінгі салдарларын көрегенділікпен болжамдай білу қабілетіне ие болуы тиіс.
«Рефлексия» - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың » дегенге келіп саяды.
