Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өзін-өзі тану шпор (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.46 Кб
Скачать

Өзін-өзі тану пәні бойынша емтихан сұрақтары

1 Деңгей күрделі

1.Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары.

Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.Психологтар мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе+сол тәжірибенің рефлексиясы=даму» түрінде ұсынады. Г.С.Сухобская мен Ю.В.Кулюткин екеуі бірлесе жазған педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылады: біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс-қимылдарын түсіну бығытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту үрдісінің мақсаттарын аңықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның өз әрекетін,сол әрекеттің субъектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады.

2.Адам өміріндегі отбасы мен туыстық қатынастардың маңызы. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.

Ата-асқар тау,

Ана – бауырдағы бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.

3.«Руханилық» ұғымының мәні.Руханилық бұл адам табиғаты, адам ойы, санасы, еркі, бұл адамның ерекшелігін құрайтын біртұтас ағын. Адам Әлеммен тығыз байланыста.Руханилық табиғатта жоқ нәрсе. Біз оны өз санамызбен, жеке дамуымыз арқылы жасап, құрамыз. Адам руханилығы болмыстың жоғары рухани қырымен байланысты. Адам руханилығы оны Жаратушының бейнесі мен ұқсастығы арқылы көрінеді. Адам руханилығы өзінің алғашқы бейнесімен келіспеген кезде ол рухани, адамгершіліктік дертке, апатқа әкеледі. Руханилық – бұл өмір, өмірді бар тәніңмен сезіну. Рухани адамның ерекшелігі – оның байсалдылығы, адалдығы, тұлғаның өзі мен әлем алдындағы үйлесімділігі. «Руханилық – бұл әрбір өркениеттің негізіне айналатын ұғым. Руханилық қандай болса өркениетте сондай. Адамзаттың көпғасырлық тәжірибесі бойынша руханилық адамның қандай ұлтқа, қандай діни конфессияға жататындығына қарамайтын нәзік ұғым», – деп жазады ресейлік философ В.В.Уваров «Руханилық» (Духовность) деген мақаласында [1]. Руханилық – әрбір адамға жақын түсінік. Ол адамның ішкі әлемінің байлығын анықтайтын категория.