- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» университеті «педагогика, психология және дефектология» кафедрасы
- •Қызылорда, 2015 ж
- •Дәріс сабактарының тақырыптары мен мазмұны
- •Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •Студенттің окытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмысы
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •2. Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері
- •3. Психология ғылым ретінде
- •4. Ғылымдар жүйесінде психологияның орны
- •5. Психология салаларын топтастыру
- •6. Ғылыми психология принциптері
- •7. Психология: әдіснама, әдістер, әдістемелер
- •Әдебиеттер:
- •2. Аристотельдің рух туралы ілімі
- •3. Сократ пен Платонның рух туралы ілімінің моральдік –этикалық аспектері
- •4. Декарт дуализмі
- •5. Психофизиологиялық параллелизмнің идеалистік теориясы
- •6. Джон Локк ілімі
- •Әдебиеттер:
- •1. Психиканың рефлекторлық сипаты
- •2. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы психологиядағы дағдарыс
- •3. Психология ғылымындағы жаңа бағыттар және қазіргі күйі
- •Әдебиеттер:
- •Ресейде психологиялық ой-пікірлердің дамуы
- •3. Ресейдегі психологиялық мектептер
- •Әдебиеттер:
- •1. Қазақ ағартушыларының психологиялық ой- пікірлері (ш.Уалиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев, м. Жұмабаев, ж. Аймауытов)
- •Қазақстанда психология ғылымының дамуы
- •3. Қазақстанда қазіргі кездегі психологияның дамуы
- •Әдебиеттер:
- •- Лекция. Адам санасының пайда болуы мен алғы шарттары
- •Сана қалыптасу кезеңдері мен стадиялары
- •Сана, өзіндік сана
- •1. Объективті шындықты бейнелеу ретіндегі психиканың жалпы болмысы
- •2. Объективті әлемнің субъективті бейнесі ретіндегі психикалық бейнелеу туралы көзқарастар
- •3. Психика деңгейлері
- •4. Психика дамуының деңгейі мен функциялары
- •1. Тұлға теорияларының психодинамикалық бағыты (з.Фрейд, а. Адлер,к.Г. Юнг)
- •3. Тұлға теориясының диспозициялық бағыты (г. Олпорт, р.Кеттел, г. Айзенк)
- •Тұлға теорияларының гуманистік бағыты (а. Маслоу)
- •- Лекция.Кеңес психологиясындағы тұлға тұжырымдамалары
- •6. Қимыл-қозғалыс пен белсенділік физиологиясы.
- •- Лекция. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің ара қатынасы.
- •§ 2. Темперамент қасиеттерi. Темпераменттiң мәндi қасиеттерiне жататындар:
- •Қолданылатын әдебиеттер тiзiмi.
- •§ 1. Мiнез типологиясы.
- •15 Лекция. Қабілет жөніндегі теориялар.
- •Қолданылған әдебиеттер:
Тұлға теорияларының гуманистік бағыты (а. Маслоу)
Нью- Иорктің қаласында 1908ж дүниеге келген. Ол эмиграцияланған білімсіз еврейлердің бала болды. Ата – анасы үлкен ұлынын білім алғанын қалаған және оған жағдай жасаған.
Маслоудың анасымен қарым- қатынасы қайғы және қастыққа толы болған. Маслеу анасы діни көзқарастағы әйел болған және кішкентай қылығына құдай жазаңды береді деп қорқытқан. Мұның нәтижесінде Маслау дінге және құдайға сенбеген. Алғашқыда колледжге түсіп заңды меңгергісі келеді. Кейіннен өзінен адвокат шықпайтынын түсінген. 1951 жылы Маслоу Брандейс университетіндегі психология кафедра -сында меңгеруші болды.1961 жылы сол жерде қалды,кейіннен психология профессоры атағын алған.Гуманитарлы психология термині 1960 жылы Маслоу жетекшілігімен психоанализ және бихевиоризм ағымындағы екі маңызды интеллектуалды өмірге қажетті теориялық альтернатива құру мақсатында енгізілді. Гуманитарлық психология қатан ұйымдастырылған теориялық жүйе емес-оны қозғалыс ретінде қарастырған дұрыс. Бұл бағытта адам табиғатынан жақын және өзің жетілдіруге қабіллетті.Гуманитарлық психология қөзқарасында,адамның мәні әрқашан жекелік өзу,шығармашылыққа,егер қоршаған ортадан кедергі болмаса бағытты түрде қозғалыста болуы түсініледі.Жалпылай алғанда,гуманитарлық бағыттағы персоналдар адамдарды өз өмірін белсенді құрушы ,өмірстимулін еркін таңдай және дамыта алушы ретінде қарастырады.Француз психолгиялық мектебінің өкілі Жан Пиаже туралы айтып кетеміз.
Жаңа пікірінше түрлі психикалық процестер әрекетке дайындалуына құбылысты білдіреді жеке дамуы негізіне жұріс – тұрысты меңгеру енгізілген. Бірақ жүріс – тұрыс түсінгінде және бихевиориалды бағынады қолданылмайды. Жане еңбектерінде психикалық процесс құрылымында реттелу процессі енгізілген және ол маңызды болып табылады.
Және адам психикасы басқа адам бірлестігінде дамитындығын айтты. Ең алдымен адам басқа адамдармен әрекеттеседі, осының негізінде өз жүріс – тұрысын реттей алады.
Жаңа жүріс – тұрыс актысы құрылымында үш кезеңді бөледі: әрекетке іштей дайындық , әрекетті орындау және әрекетті аяқтау. Жаңа адам жүріс – тұрысын түрлі деңгейлерге бөлді.
деңгей – рефлекторлы акт жүріс- тұрыстың төменгі деңгейі.
деңгей – перцептивті әрекет (дайындық аяқтау)
деңгей – элементарлы элеуметтің акт
деңгей – элементарлы интеллектуалды акт
деңгей – интеллектуалды объет қалыптасу
деңгей – ақыл- ой әрекеті деңгейі арактикалық әрекетке өндірілетін ойлау.
жоғары деңгей – құрушы , адамның еңбек әрекеті ырықты зейінді ерікті күшін қалыптастырады деп дәлелдеді.
Л.И.Божович
тұжырымдамасы (Мәскеу) А.Ф.Лазурскийдің
тұлға тұжырымдамасы (Санкт-Петербург) В.Н.Мясищевтің
тұлға тұжырымдамасы. А.Г.Ковалевтің
тұлға тұжырымдамасы. В.С.Мерлиннің
тұлға тұжырымдамасы. К.К.Платоновтың
тұлға тұжырымдамасы. А.Н.Леонтьевтің
тұлға тұжырымдамасы. С.Л.Рубинштейннің
тұлға тұжырымдамасы. Д.Н.Узнадзенің
тұлға тұжырымдамасы. В.А.Ядовтың
тұлға тұжырымдамасы. Б.Г.Ананьевтің
тұлға тұжырымдамасы- Лекция.Кеңес психологиясындағы тұлға тұжырымдамалары
.
1. Л.И.Божович тұжырымдамасы (Мәскеу). Л.С.Выготский енгізген жетекші іс-әрекет және әлеуметтік ситуация дамуы жөніндегі ұғымға сүйене отырып, Л.И.Божович баланың өмір барысында күрделі динамикалық өзара әрекеттестік және жеке адам арасындағы қарым-қатынас ретінде ішкі бағыт деп аталатын дүниеге белгілі бір көзқарасы қалыптасады деген тұжырым жасайды. Бұл бағыт бойынша тұлғаның негізгі сипаттамалары дамудың алғы шарты және жеке жетекші мотивациялық іс-әрекет жиынтығы ретінде түсініледі.
Л.И.Божович тұжырымдамасы тұлға құрылымының белгісін өзіндік қалыптасушы ретінде «тұлғаның ішкі позициясы» немесе оның бағыттылығында түсіндірді, яғни жеке адам тұтастық құрылымы ең алдымен, бағыттылығымен анықталады.
Л.И.Божович тұжырымдамасы бойынша тұлға құрылымында жетекші сфера – бұл аффективті-қажетті-мотивациялық сфера болып табылады.
Егер, Л.И.Божовичтің тұжырымдамасында орталық орында «тұлғалық мағына» ұғымы тұрса, онда Л.И.Божович пікіріндегі тұлға құрылымында «тұлғаның ішкі позициясы» алға шығады немесе оның бағыттылығы. Дәл осы жеке адам бағыттылық мазмұны оның барлық ерекшеліктерін қамтамасыз етеді: қызығушылықтары, ұмтылулары, әсерленулері, мінез ерекшеліктері.
2. А.Ф.Лазурскийдің тұлға тұжырымдамасы (Санкт-Петербург). А.Ф.Лазурскийдің тұлға табиғаты және құрылымына көзқарастары В.М.Бехтерев идеясына тікелей әсер ету негізінде қалыптасты. (Психоневрологиялық институтта жетекшілігінде жұмыс жасайды).
В.М.Бехтерев пікірінше «тұлға екі бір-бірімен тығыз байланысты екі жиынтық: бірі органикалықпен, екіншісі әлеуметттік сферамен тығыз байланысты».
А.Ф.Лазурскийдің тұжырымдамасында, тұлғаның ең басты міндеті – қоршаған ортаға бейімделу (адаптация), бұл табиғат, зат, адамдар қарым-қатынасы, идеясы, эстетикалық, құқықтық және діни құндылықтарда кең мағынада қолданылады. А.Ф.Лазурский көзқарасында тұлға – бұл екі психологиялық механизм бірлігі. Бір жағыынан бұл эндопсихика – адамзат психикасының ішкі механизмдері. Эндопсихика мынадай психикалық функцияда табылады: зейін, ес, қиял және ойлау, эмоцианалдық, импульсивтілік және т.б. Жеке адамның екінші жағынан экзопсихика, мұның мазмұны тұлғаның сырт объектіге, ортаға қатынасында айқындалады.
3. В.Н.Мясищевтің тұлға тұжырымдамасы. В.Н.Мясищев көзқарастарын талдай отырып, тұлға проблемасын теориялық түсіну үшін екі жайды айта кетеміз:
1-ден В.Н.Мясищев алғаш болып тұлға құрылымы жөнінде ашық сұрақ алға қойды. Бұл принциптік жағдайда оның тұлғаға құрылымдық көзқарастарын айқындайды, мұнда жеке құрастырушы жоқ, бірақ психологиялық мәлімет қатынас бар, ол өзіне тұлғаның психологиялық сипаттамасын тұйықтайды.
Екінші жайт - бұл А.Ф.Лазурскийден келе жатқан дәстүрді дамыту және тереңдету. Оның идеясын дамыта отырып, В.Н.Мясищев «қатынас» ұғымы орталық элемент болатын тұлға туралы тұжырымдамасы тұрды.
Тұлға қатынасы – бұл белсенді, саналы, интегралды, таңдаулы, әрекеттің түрлі жақтарымен тұлға байланыс тәжірибесіне негізделеді. В.Н.Мясищев ойынша, қатынас – бұл тұлғаның жүйелік қалыптасушы элементі, ол қатынас жүйесін білдіреді.
Қатынас құрылымы. В.Н.Мясищев қатынаста «эмоциональді», «бағалаушы» (когнитивті, танымдық) және «конативті» (жүріс-тұрыстық) жақтарын бөледі.
Қатынас түрлері. Ең алдымен, олар эмоционалды және рационалды баға көзқарасы ретінде оң және теріске бөлінеді.
Қатынас дамуы жөнінде. Егер тұлға бұл оның қатынас жүйесі болса, онда тұлғаның даму процесі оның қатынас дамуы жолына негізделеді.
4. А.Г.Ковалевтің жеке адам тұжырымдамасы. А.Г.Ковалев еңбектеріндегі жеке адам психикалық процестердің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің интегралды қалыптасуы ретінде көрінеді.
Психикалық процестер адамның психикалық өмірінің фундаментін құрады. Психикалық процестер психикалық әрекеттің функционалды деңгейін сипаттайтын психикалық қалыпты қалыптастырады.
А.Г.Ковалев 1981 ж. еңбегінде, жеке адамның құрылымындағы ең бірінші компонент бағыттылық болып табылады, екінші қабілет, үшінші мінез, төртінші басқару жүйесі, бұл «мен» түсінігін білдіреді, бесінші психикалық процестер.
5. В.С.Мерлиннің жеке адам тұжырымдамасы. В.С.Мерлин – Пермь психологтар мектебінің негізін салушы және жетекшісі. В.С.Мерлин бағыты Ленинград психолгтарының позициясымен не жақындатады? Ең алдымен, жеке адам қасиетінің өзін түсінуге тырысты.
1. В.С.Мерлин жеке адам психикалық қасиетінде «жеке адам қоғамдық – еңбек әрекеті субъектісі» ретінде сипаттайтын қасиеттерді түсінеді.
В.С.Мерлин көзқарасының келесі аспектісі бұл қасиеттердің психологиялық мазмұны. Әрекет субъектісі ретінде адамды сипаттау үшін, оның әрекет объектісіне қатынасын сипаттау қажет және жеткілікті жеке адамның әрбір психикалық қасиеті шындыққа қатынасын білдіреді. Сондықтан, В.С.Мерлин концепциясында қатынас түсінігі жоғарыда көрсетілген концепциядағыдай, орталық және жетекші ролді ойнайды.
6. К.К.Платоновтың жеке адам тұжырымдамасы. К.К.Платонов жеке адамды динамикалық жүйе ретінде қарастырады. Функцияны сақтау барысында, уақытта дамиды, оған кіретін элементі құрамы және олар арасындағы байланыс өзгеретін жүйе.
К.К.Платонов құрылымға бөлуде мынадай кретирилерді көрсетті:
Биологиялық және әлеуметтік, туа берілген және жүре пайда болған, процессуалды және мазмұндық қатынасы;
Әрбір құрылымға кіретін жеке адам ерекшелігінің ішкі жақындығы;
Әрбір құрылымға өзіне тән ерекше қалыптасу туралы үш негіз бар (тәрбие, оқыту, жаттығу);
Құрылымға тәуелділік;
Жеке адамды мәндік түсіну үшін қолданылатын тарихи критерилер:
Жеке адам психикалық қасиет, суммасы;
Жеке адам адам тәжірибесі ретінде;
Жеке адам биологизациясы;
Жеке адам социолигизациясы.
7. А.Н.Леонтьевтің жеке адам тұжырымдамасы. А.Н.Леонтьев бойынша «жеке адам» қоғамдық қатынастармен құрылады – «өндіріледі», яғни «жеке адам индивид өзінің заттай әрекетінде көрінетін қоғамдық қатынастарда құрылады».
А.Н.Леонтьев индивид және жеке адам түсініктерін ашты. Егер индивид – бұл бөлінбейтін, бүтін, өзінің индивидуалды ерекшеліктерімен генетикалық қалыптасу болса, онда жеке адам – бұл да бүтіндей қалыптасушы, бірақ біреу арқылы берілмейтін, көптеген заттай әрекет нәтижесінде өндіріледі, құрылады.
Сонымен, жеке адам дамуы өзара иерархиялық қатынас ретінде көрінетін көптеген әрекеттесу процесін білдіреді. Жеке адам иерархиялық қатынас жиынтығын білдіреді. Иерархиялық іс-әрекетті психологиялық (төмен индивидтің жоғары индивидке бағынуы) трактаттау үшін А.Н.Леонтьев «қажеттілік», «мотив», «эмоция», «мағына» және «мазмұн» түсінігін қолданды.
А.Н.Монтьев құрылымдық элемент ретінде мотив–мақсат деп аталатын түсінік енгізді.
Сонымен, мотив – стимулдар бар, өткір эмоционалды, бірақ мағына қалыптастырушы функциясынан айрылған және мағына қалыптастырушы мотивтер немесе мотив-мақсаттар, бұлар да әрекетті қоздырады, бірақ бұл жағдайда жеке адамдық мағына береді.
А.Н.Монтьев жеке адам негізгі үш параметрін бөледі:
Адамның дүниемен байланыс тереңдігі (оның әрекеті арқылы);
Иерархиялық мағына қалыптастырушы мотивтерде жаңадан жасалатын осы байланыстардың иерархиялық дәрежесі (мотив-мақсат);
Осы байланыстардың жалпы құрылымы, нақтырақ мотив-мақсаттар.
8. С.Л.Рубинштейннің жеке адам тұжырымдамасы. С.Л.Рубинштейн жеке адам сипаттамасын бере бастағанда психикалық процестердің жеке адамнан тәуеділігіне көңіл аударады. Автор пікірінше бұл 1-ден адамдар арасындағы индивидуалды-дифференциалды ерекшеліктерде көрінеді. Әр түрлі адамдарда олардың индивидуалды, жекелік ерекшеліктеріне байланысты түрлі қабылдауға, еске, зейін, ақыл әрекеттік стилге ие.
2-ден психикалық процестердің жекелік тәуелділігі осы психикалық процестердің жеке адамның жалпы дамуына тәуелділігінде көрінеді.
3-ден жеке аданың психикалық процестерден тәуелділігі дәл осы процестердің өзі тәуелсіз дамушы процесс болып қалмайды, саналы реттеуші операцияға айналады, психикалық процестер жеке адам психикалық функциясы бола бастайды.
4-ші маңызды жайт, бұл кез-келген сыртқы әсерлер индивидке ішкі жағдайлар арқылы әсер етеді.
С.Л.Рубинштейн: «жеке адам туылмайды – жүре қалыптасады». Шынында, психикалық процестің әрбір түрі, жеке адам өмірінде өз ролін орындау барысында, әрекет барысында жеке адам қасиеттеріне өтеді. Сондықтан жеке адам психикалық қасиеті – бастапқы бар болу емес, әрекет барысында қалыптасады және дамиды.
9. Д.Н.Узнадзенің жеке адам тұжырымдамасы. Совет психологиясында ерекше орынға қондырғы (мақсат, нұсқау) теориясының авторы Д.Н.Узнадзе ие. Германияда жоғары білім алып, В.Рундт, И.Фолькета және т.б. жұмыс жасап, 1909 жылы «Метофизическое мировозрение В.Соловьева и его теория познания» тақырыбында доктолық диссертация қорғады. Кейін Грузияға қайтады.
Д.Н.Узнадзе психология кафедрасында эксперименталды психология лабораториясында мақсат эксперименталды психологиясын зерттеді. Д.Н.Узнадзе түрлі иллюзияларды эксперименталды меңгере, олардың туындауында шешуші роль мақсатқа байланысты екендігін айтты.
Мақсат адамның белсенділікке дайындығын білдіреді, жүріс-тұрыстың бағыттылығы мен таңдамалығын анықтайды. Мақсат динамикалық қалып ретінде өзін мотвация сәтін және бағыттылық сәтін енгізеді.
10. В.А.Ядовтың жеке адам тұжырымдамасы. Бұл концепцияны әлеуметтік-психологияға енгізуге болады, себебі жеке адам құрылымының жалпы психологиялық ерекшеліктері және осы жеке адам қалыптасатын нақты-әлеуметтік жағдайлар ескеріледі. Концепция негізінде жеке адам әлеуметтік жүріс-тұрысын реттеудің қондырғы немесе диспозициялық жүйесінде реттеледі, бірақ әрбір нақты ситуацияда оның мақсатына тәуелді жетекші роль диспозицияның белгілі бір деңгейіне жатады.
11. Б.Г.Ананьевтің адам туралы тұжырымдамасы. Борис Герасимович Ананьевтің (1907-1972 жж.) адам дамуы құрылымында табиғи және қоғамдық бірлік жөніндегі идеясының маңызы зор болды. Басқаша айтқанда, психология - бұл психика филогенез, онтогенез, социализация және адамзат тарихында интеграция ретінде көрінетін адам туралы ғылым. Мұндай түсінік жеке адамның индивидуалды даму барысында биологиялық және әлеуметтік бірлігі принципін толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз адамда қандайда бір шамада биологиялық немесе әлеуметтік бастамаға жататын құрылымдардың бар болуы.
Б.Г.Ананьев пікірінше адамдағы биологиялық және әлеуметтік бірлік индивид, жеке адам, субъект және индивидуалдық сияқты макросипаттамалардың бірлігі арқылы қамтамасыз етіледі.
Жеке адам биологиялықты таратушы ең алдымен индивид. Адам индивид ретінде табиғи, генетикалық негізделген қасиеттердің жиынтығын білдіреді, олардың дамуы онтегенез барысында жүзеге асырылады, оның нәтижесі адамның биологиялық жетілуі болып табылады.
Әлеуметтік жеке адам және әрекет субъектісі арқылы көрінеді.
Әрбір адам жеке адам ретінде өз өмір жолына келеді, мұның шегінде индивидтің әлеуметтенуі жүзеге асады және әлеуметтік есеюі қалыптасады. Адам тұлға ретінде қоғамдық қатынастар бірлігін көрсетеді: экономикалық, саяси, заңдық.
Бірақ адам – бұл тек ғана индивид және жеке адам емес, сонымен бірге сананы таратушы, әрекет субъектісі, материалдық және рухани құндылықтарды шығарады.
Сондықтан, әрбір адам қандайда бір бүтіндікте – индивид, жеке адам және субъект ретінде, биологиялық және әлеуметтік бірлікте негізделеді. Индивид ретінде онтогенезде дамиды, жеке адам ретінде өз өмірі жолынан өтеді, оның барысында индивидтің әлеуметтенуі жүзеге асады. Бірақ, біз бір-бірімізден темпераментімізбен, мінезімізбен, әрекет, жүріс-тұрысымызбен ерекшеленеміз. Сондықтан, индивид, жеке адам және субъект түсінігінен басқа индивидуалдық түсінігі қолданылады. Индивидулдық (жеке даралық) – бұл психика құрылымындағы адам ерекшеліктерінің қайталанбас мәні.
Сондықтан, жеке адам психологиялық сиапттама бере бастағанда, жеке адам индивид, өзіндік жеке адам, әрекет субъетісі ретінде психологиялық сипаттама берілуі тиіс.
11
- ЛЕКЦИЯ. Іс-әрекет психологиясы
1.
Іс-әрекеттің жалпы психологиялық
сипаттары.
2.
Іс-әрекет теориялары.
3.
Кеңес психологиясындағы іс-әрекет
теориялары.
4.
А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет құрылымы.
5.
Іс-әрекет құрылымы:
-
операция, әрекет, іс-әрекет, өмірлік
әрекет;
-
тәсілдер, амалдар, әдістер, әдістемелер;
-
қажеттілік,мотив, қызығушылық, мақсаттар;
-
білім, ептілік, дағды, қабілет.
6.
Іс-әрекет қызметі.
7.
Психикалық іс-әрекет фазасы:-
бағдарлық-зерттеушілік;
-
орындаушылық фаза.
8.
Іс-әрекет жүйесіндегі жаттығулар,
қайталаулар.
1. Іс-әрекеттің жалпы психологиялық сипаттары
Адамның ең басты ерекшеліктерінің бірі-еңбек ете алуы , ал еңбектің кез-келген түрі- іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет – бұл субьектінің дүниемен өзара әрекеттесуінің динамикалық (қозғалысты, әсерлі ) жүйесі. Іс-әрекеттің кез-келген актысы субьектінің белсенділік көрсетуінің формасы болып табылады, бұл дегеніміз- кез- келген іс-әрекеттің қозғаушы күштері бар және бұл белгілі нәтижеге жетуге бағытталады
Адамды іс-әрекетке қозғаушы (итермелеуші ,түрткі ) себептер мотивтер болып табылады – субьектінің белсенділігін тудыратын және іс - әрекет бағыттылығын айқындайтын, ішкі және сыртқы жағдайлардың жиынтығы. Дәл осы мотив, іс - әрекетке итермелей отырып, оның бағыттылығын, мақсатын және міндеттерін анықтайды .
ӘРЕКЕТ дегеніміз - түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процес .Әрекет – іс әрекеттің шағын бөлігі (Жарықбаев Қ .) Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады , әрекетті орындау тәсілдері операциялар деп аталады .
Алексей Николаевич Леонтьев XX ғасырда Лев Семенович Выготский және Александр Романович Луриямен бірге мәдени – тарихи теорияны енгізді – жоғары психикалық функцияның қалыптасу механизмін ашып , сыртқы құрал жанама әрекеттердің ішкі психикалық процестерге интериоризациясы. Мәдени – тарихи теория идеясына сүйене отырып, іс-әрекет концепциясын ұсынды. Бұл концепцияның мазмұны фило – онтогенезде психска дамуы анализімен байланысты, бұл сана шығуының механизмін және адам іс - әрекетін ролін ашады.
Жануарлар іс - әрекеттеріндегі : Адамдардың іс - әрекетіндегі :
Биологиялық – соқыр сезімдік (инстинстік) сипатта болады . |
(субьективлігі) танымдық қажеттілікпен бағытталады , субьективті мәнге ие . |
Қоғамнан тыс , бірлесіп қызмет істемей-ақ жүзеге асырылады . |
(заттылығы) Адам үшін іс-әрекет олардың өзара бірлесіп атқаратын қызметі бар жерде ғана маңызға ие болады . |
Жануарлар көрнекі түрде алған әсерлерін басшылыққа алады .
|
Адам абстрактілі түрде бейнеленген заттың ішкі байланысы мен қатынасын , олардың өзара тәуелділігін ,байланысының себеп-салдарын айқындайды . |
Жануарлардың іс-әрекеті тұқымқуалау негізінде бекітілген типтік тәртіп бағдарламасы болып табылады . |
Адам іс-әрекетінде тәжірибе алмасу, оны беру, бекіту, әлеуметтік-қарым-қатынас құралдары (тіл мен өзге де белгілер жүйесі) арқылы жүзеге асырылады .
|
Жануарлардың құрал-жабдықты іс-әрекетінің нышандары ешқандай жаңа операциялар, әрекеттер қалыптастырмайды. |
Адамның іс-әрекетінде еңбек құралдарын әзірлеу жүзеге асырылады . |
Адам мен жануарлар іс - әрекетіндегі ерекшеліктер кестесі .
2. Іс-әрекет түрлері теориялары. Адамзат іс - әрекетінің негізгі, тарихи алғашқы түрі - еңбек болып табылады .
Еңбек тұтастай психологиялық емес ,әлеуметтік категория болып табылады. Өзінің негізгі қоғамдық заңдылықтарында ол психология емес, қоғамдық ғылым. Психологиялық меңгеру заты сондықтан да тұтас еңбек емес, тек еңбек әрекетінің психологиялық компоненті .
Еңбек өзінің негізгі бағыты бойынша өндіріске, белгілі бір өнімді құруға бағытталады, сонымен бірге, тұлға қалыптасуының негізгі жолы .Еңбек әрекетінде адам қабілеті дамиды, оның мінезі қалыптасады. Еңбек – бұл әрқашан белгілі бір міндеттерді орындау; іс -әрекеттің барлық барысы ниеттенген нәтижеге қол жеткізуге бағынышты болуы тиіс; еңбек сондықтан, орындауды жоспарлауды және бақылауды талап етеді; ол сондықтан да, әрқашан белгілі бір міндеттерді енгізеді және ішкі тәртіпті талап етеді .
Еңбек адамның қажетті (маңызды) қажеттілігі болып табылады. Еңбек ету –демек, іс - әрекетте өзін көрсету, өз ойын іске асыру, еңбек ету – бұл дегеніміз өз тұрмысын байыту және кеңейту, құрушы, жасаушы – тек адамға ғана тән ұлы бақыт . Еңбек – адам дамуының негізгі заңы .
Еңбектің кез – келген түрінде күрделі техника бар, оны игеру керек .Сондықтан, еңбекте білім және дағды маңызды роль ойнайды .Білімсіз және дағдысыз еңбек мүмкін емес.
ойлап шығарушы еңбегі
суретші еңбегі
ғалым еңбегі
Ойын табиғаты: ойын - өмірде керемет құбылыстардың біріндегі әрекет , пайдасы жоқ сияқты және өте қажетті .
Көптеген зерттеушілер және ойшылдар – Карл Гросс (нем.ps.), Герберт Спенсер (ағылш.ps.), Карл Бюлер (нем . авст .ps.), Зигмунтд Фрейд (авст. ps .) ойын теорияларын ұсынды .
Ең алдымен, ойын – бұл саналы іс - әрекет, саналы іс - әрекет жиынтығы, мотив бірлігімен біріктірілген .Ойын – бұл іс - әрекет; бұл дегеніміз, ойын жеке адамның қоршаған шындыққа белгілі бір қатынасының көрінісі болып табылады .
Адам ойыны –іс - әрекеттен шыққан нәтиже, бұл арқылы адам ақиқатты қайта жасайды және дүниені өзгертеді.
Адамзат ойының мәні – қабілетте елеспен (бейнелей) шындықты бейнелеу
Ойында баланың дүниеге ықпал ету қажеттілігі алғаш рет қалыптасады және көрінеді – міне осында негізгі , орталық және жалпы ойын мағынасы жатыр.
Ойынның еңбекке байланысты теориясын Г.В. Плеханов дамытты. Плеханов бойынша ойын еңбек нәтижесі болып табылады, еңбек процесіне еліктеуден туындайды .Бірақ, еңбектің өзін Плеханов шектеулі түсінеді, оның бүкіл әлеуметтік мәнісінде емес, қоғамдық тәжірибеде емес, тек өндірістік – техникалық әрекет ретінде түсінеді .
Еңбекпен байланысты бола тұра, олардың ерекшеліктері ба . Оның жалпылығы және айырмашылығында ең алдымен, олардың мотивациясы көрінеді.
Ойын теориялары – ойын проблемалары зерттеушілердің назарын ертеректен аудартты. Ерекше әйгілікке Карл Гросс теориясы ие. Гросс ойынның мәнінде әрі қарай іс-әрекетке дайындық қызмет ретінде қарастырады .Ойында бала жаттыға отырып, өз қабілетін жетілдіреді. Гросс бойынша бала ойының негізгі мазмұны осында; ересектерде бұған өмірлік іс-әрекетіне қосымша ретінде және демалыс ретінде көрінеді .
Бұл теорияның ең басты құндылығы, ол ойындаы дамумен байланыстырады және оның мағынасын дамуда орындайтын рольде іздейді .Бұл теорияның ең басты кемшілігі ол тек ойынның мағынасын көрсетеді. Оның қайнар көзін емес, оның себебін ашпайды, ойынды тудыратын, ойша қозғаушы мотивтерді ашпайды. О.Т. Герберт, Спенсер Ф. Шиллер ойын дамытады, ойынның қайнар көзін күштің молдығы деп қарастырады: көп күш, өмірде еңбек жұмсалмаған, ойында өзін шығарады. Бірақ шаршаған адам да дем алу үшін ойынға көшеді. Ойынды шығындайтын немесе жинақталған күшті жүзеге асыру деп түсіндіру формалистік болып табылады .Сондықтан бұл теория ойынды түсіндіре алмайды .
Ойын мотивін ашуға тырыса, Карл Бюлер функциональді қанағаттану теориясын ( орындау , өзінен ләззат алу , нәтижеге тәуелсіз) ойынның негізгі мотиві ретінде ұсынды. Бұл жерде ойын міндет емес , ол ләззат алу .
Ақырында, фрейдистік ойын теориясы өмірдегі ығыстыруларды жүзеге асуларды көреді, ойында өмірде жүзеге асырылмайтындар ойналынады және әсерленеді. Сонымен, шеңбер тұйықталды .
С .Л . Рубинштейн кітабында Дмитрий Никалаевич Узнадзе( гр .ps), Лев Семенович Выготский ойын теориясы беріледі .
Выготский және оның оқушылары, бала ойнай отырып, ақиқаттың орнына жорылған ( жалған ,жорымалы ) ситуацияны құрады және белгілі бір рольді орындай отырып , онда әрекет етеді .
Әрекеттің елестегі ситуацияға ауысуы шындығында ойынның ерекше формаларының дамуы үшін сипатты . Бірақ, жорамал ситуацияны және мағынаны ауыстыру ойынды түсіну негізгі орны бола алмайды .-
Бұл тұжырымның негізгі кемшілігі мынадай:
1. Ойынның қайнар көзін ашпай, ойын ситуациясының құрылымына көңіл аударылған. Жорамал (жалған) ситуация ойын қайнары болып табылмайды .Ақиқат ситуациядан жорамалдыққа өтуді ойын қайнары ретінде талқылауды, тек ойынның ps аналитик-лық теориясының бағасы көзқарасы болар еді .
2. Ойын ситуациясын мағынасын ауыстыру нәтижесінде туындаушы ретінде интерпретациялау және ойынды мағынасымен ойнау қажеттілігінен шығаруға тырысу өте интеллектік болып табылады .
3. Бұл теория ойын түсінігін тарылтады. Дмитрий Николаевич Узнадзе ойында пісіп жетілген тенденцияны (негізгі ой, мақсат) нәтижесін көреді және бұл әрекеттену функциясында, ақиқат өмірде әлі қолданылмаған. Күштің молшылығы теориясы шықты, ойын (-) емес, (+) ретінде көрінеді. Ол даму жемісі ретінде ұсынылады, практикалық өмір қажеттілігінің алдына щығады. Бұл тамаша , бірақ бұл теорияның маңызды кемшілігі : іштей жетілген функция әрекеті ретінде қарастырады, организмнің қызмет атқаруы туындайтын іс - әрекет емес - қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі. Сондықтан формальді белсенділікке айналады. Мұндай ойынның мәнін түсіну оның нақты көріністерінде ақиқат ойынды түсіндіре алмайды .
Ойын жеке адам дамуымен тығыз байланысты, әсіресе интенсивті даму кезеңінде – балалық щақта ол ерекше маңызға ие .
Ойын – даму тәжірибесі. Баланың дамуына қатыса отырып , ойынның өзі де дамиды .
Оқу табиғаты .
Оқу бірізді іс-әрекеттің негізгі типі болып табылады, әрбір адам өмірінің ағымында жетіледі, ойынның ізінен және еңбектің алдында жүреді, ойыннан бөлініп, жалпы мақсаты бойынша еңбекке жақындайды. Оқуда еңбектегі сияқты, тапсырмаларды міндеттерді орындау қажет – сабақ дайындау, тәртіпті сақтау, оқу жұмысы міндеттерден тұрады . Жеке адам жалпы мақсаты ойын әрекеті емес,
еңбек .
Оқу адамдардың білімдерді, ептілік және дағдыларды игеру болып табылады. Оқыту ұйымдастырылған және белгілі бір мекемелерде жүзеге асуы мүмкін. Ересек адамдарда оқу өзін-өзі біле алу сипатында болуы мүмкін.
Бала ең алдымен, оқи отырып дамиды,дами отырып оқиды .
Оқу неге қажет ?(ой шабуылы).Оқуға не түрткі болады ?
1. Ешкімге тәуелді болғым келмейді;
2. Өз ата-анама көмектескім келеді;
3. Өмір сүру қызық ,қызық кәсіппен айналысу және ішім пыспауы үшін оқимын;
4. Басқаларға және өзіме пайда келтіру үшін оқимын;
5. Ақылды,дамыған боламын;
6. Егер ештеңе білмесең, ештеңе істей алмайсаң , өмір сүрудің қажеті жоқ;
Оқу мотивтері- қажеттілік,қызығушылық .
Білім жүйесін игеру, қатысты дағдыларды меңгерумен біріктіру оқытудың негізгі мазмұны және маңызды міндеттері болып табылады .
Білімдерді игеру - өте күрделі процесс. Ол ес немесе есте қалдыруға алып келмейді. Бұған материалды қабылдау, оны түсіну, оны есте сақтау және оны игеру, әр түрлі ситтуацияларда еркін қолдануға және оған сүйенуге мүмкіндік беруді енгізіледі .
3. Кеңес психологиясындағы іс-әрекет теориялары. Енді біз теорияларды қарастырамыз. Теориялар кеңес дәуірі кезеңінде құрылды және орталық психогиялық теория болып табылды. 50 жыл ағымында дамыды. Бұл теориялардың дамуы Лев Семенович Выготский, Сергей Леонидович Рубинштейн, Алексей Николаевич Леонтьев, Александр Романович Лурия, Александр Владимирович Запарожец , Петр Яковлевич Гальперин есімдермен байланысты .
Іс - әрекеттің теориясының маңызды болуы:
1. Сананың шығуы және адам психикасының дамуында еңбек және іс-әрекеттің шешуші рольде екендігін айтып өттік .Бұл көзқарас осы уақытқа дейін психологтардың зерттеу методологиясына негіз болып келген .
2. Іс-әрекеттің ps-лық теориясы, осы көзқарас шыға отырып, адамның психикалық феноменінің көрінісінде іс-әрекет сонымен бірге, сананың ролін ашады. Себебі: адам туралы, оның ерекшеліктері туралы іс-әрекет нәтижесі бойынша пікір айта бастады .
Іс-әрекеттің психикологиялық теориясы XX ғасырдың 20 жылдарының соңында 30 жылдардың басында дами бастады .Бұл теорияның негізгі ерекшелігі диалектикалық матерализм принциптерінің негізгі тезисін қолданады : тұрмысты , адам іс-әрекеті сана анықтамайды, керісінше тұрмыс, адам іс-әрекеті сананы анықтайды. Іс-әрекет теориясы Алексей Николаевич Леонтьев еңбектерінде беріледі .
Бұл теорияның негізгі түсініктері іс-әрекет ,сана және жеке адам болып табылады. Бұл түсініктердің мағынасын , оның құрылымдарын қарастырамыз. Адам іс-әрекеті күрделі иерархиялық (төмен шенд.т.б. жоғ шенд –бағыну тәртібі) құрылыс .Ол бірнеше тепе-теңдіксіз деңгейден тұрады. Жоғарғы деңгей –бұл ерекше іс-әрекет түрінің деңгейі, кейіннен әрекет деңгейі жүреді , онан кейін –операция деңгейі , және ең төменгі –ps-физиологиялық функция деңгейі .
Бұл иерархиялық құрылыста орталық орынға әрекет ие, ол іс-әрекет анализінің негізгі бірлігі болып табылады. Әрекет – бұл мақсатты жүзеге асыруға бағытталған процес, тілек ететін нәтиже бейнесі ретінде анықталуы мүмкін. Бұнда – саналы бейне. Белгілі бір іс-әрекетті орындай отырып, адам әрқашан осы бейнені өзінің санасында ұстайды .Сондықтан , әрекет –бұл адам белсенділігінің саналы көріністері .
Әрекет түсінігінің негізгі сипаттамалары 4 компонент болып табылады :
Әрекет- мақсат қою және сақтау түрінде сана актысының қажетті компонентін енгізеді .
Әрекет –бұл бірмезгілде және мінез-құлық актісі.Сана және мінез-құлықтан ажырамайтындығы жөніндегі шешімді бекітеді .
Іс - әрекеттің ps-лық теориясы әрекет тнсінігі арқылы белсенділік принципін енгізеді .Оны реактивтілік принципіне қарама-қайшы қояды .
«Белсенділік» және «реактивтілік» түсініктерінң айырмашылығы неде ?
«Реактивтілік» түсінігі жауап әрекеті немесе қандай да бір стимул әсеріне реакция ретінде түсініледі. Формула «стимул – реакция» бихевиоризмнің негізгі түсінігі болып табылады. Бұл көзқараста адамға ықпал етуші стимул белсенді. Белсенділік іс-әрекет теориясы көзқарасында субьектінің өзінің қасиеті, адамды сипаттайды. Белсенділік қайнары мақсат формасында субьектінің өзінде болады, бұған қол жеткізуге әрекет бағытталады
4. Әрекет түсінігі адам іс-әрекетінің заттық және әлеуметтік дүниеге шығарады.
Өйткені, әрекет-мақсаты тек ғана биологиялық мағынасы ғана емес, әлеуметтік байланысты орнатуға бағытталған немесе затты құрауға мағынада ие болуы мүмкін .
Әрекет түсінігінің сипаттамаларынан, іс-әрекеттің психологиялық теориясының негізгі принциптері қалыптасады :
1.Сана өз-өзінен тұйықталған ретінде қарастырылмайды: ол іс-әрекетте көрінуі тиіс .(« су жуып кету» принципі)
2.Мінез-құлықта адам санасынан тыс қарастыруға болмайды .
(«сана және мінез-құлық бірлігі» принципі)
3.Іс-әрекет –бұл белсенді ,мақсатқа бағытталған процес .
(«белсенділік» принципі)
4.Адам әрекеті затты:оның мақсаты әлеуметтік сипатқа ие
(заттық адамзат іс-әрекеті принципі және оның әлеуметтік негізделу принциптері)
Әрекет-өте майдадан тұратын күрделі элементтер (мыс: алма ағаш егу-жер таңдау , жерді қазу , отырғызу)
Операциялар-әрекетке қарағанда , іс-әрекеттің ірі бірлігі. Операциялардың негізгі қасиеті олар аз танылады немесе мүлде танылмайды. Шын мәнінде операция деңгейі-автоматты әрекет және дағды деңгейі . Дағды саналы орындау процесінде өндірілетін саналы әрекеттің автоматтандырылған компоненті түсініледі .
Алғашқы саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталуын дағды деп аталады .(Қ .Б .Жарықбаев)
4. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет құрылымы. А.Н. Леонтьев ұсынған негіз бойынша іс - әрекет сызбасы (іс - әрекет – операция – ps физиологиялық функция ) , мотивациялық сфера құрылымен байланысы (мотив – мақсат – жағдай ) , психикалық құбылыстардың кең шеңбері меңгерілді ( қабылдау , ойлау , ес , зейін және т .б .)
МАҚСАТ –алда орындалатын әрекет нәтижесінің айқын белгісі. Ол қандай да бір зат , құбылыс немесе белгілі бір әрекет болуы мүмкін .
МІНДЕТ – бұл белгілі бір жағдайда берілген іс - әрекет мақсаты (мысалы: проблемалық ситуация). Бұл белгілі бір процедураға сай осы жағдайлардың қайта жасау жолымен қол жетілуі тиіс .Кез – келген міндет төмендегілерді енгізеді : талап немесе мақсат, (қол жеткізу керек). Мақсат пен жағдайдың арақатынасы міндетті айқындайды, ол әрекетпен шешілуі тиіс.
-
ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯ
Іс-әрекеттің құрылымдық сызбасы.( Г.М. Маклаков)
5. Іс-әрекет құрылымы:
- операция, әрекет, іс-әрекет, өмірлік әрекет;
- тәсілдер, амалдар, әдістер, әдістемелер;
- қажеттілік,мотив, қызығушылық, мақсаттар;
- білім, ептілік, дағды, қабілет
Әрекет (действие) сипаты шағын. Адам іс-әрекеті әр түрлі және әр деңгейдегі әрекет арқылы жүзеге асырылады . Әдетте рефлекторлық , инстинктік , импульстік және еріктік әрекет деп бөледі. Рефлекторлық әрекет инстинксіз жүзеге аспайды, рефлекторлық әр түрлі әрекеттерді енгізетін тек қозғалыстар .
Инстинкті әрекет саналы әрекеттердің бақылауынсыз жүзеге асырылады (тек балалық шақта көрінеді)
Ерік әрекеті – белгілі бір мақсатты жүзеге асыруға бағытталған саналы акт . Импульсивті әрекет – бұл аффективті разрядка. Ол аффективті әсерленумен байланысты. Курт Левин еріктік әрекетті негізінен аффективті разрядкамен түйістіруге тырысты .Ол тек қысым және разрядканың динамикалық қатынасының тек алмастырумен қарастырды, олар тек осы динамикалық процес өтуімен ғана ажыратты. К. Левин ерік процесінің барлық фазалары және сәттерін тек ғана олардың динамикалық сипатымен айқындайды .Сонымен, ниет күш салу қалпының туындауы ретінде, ал шешім –бір мезгілде әр түрлі бағытта әрекет ететін күш салуды жою немесе теңестіру ретінде сипатталады.
К. Левиннің ерік теориясының ең басты кемшілігі – ерік теориясын аффект теориясымен біріктіре отырып, ерік әрекетін оның мазмұнына тәуелсіздермен бұл мағынада таза формальды – күш салу және разрядканың динамикалық арақатынасын және еріктік актте ол үшін саналы реттеуді ескермейді .
Әрекеттің құрылымдық сызбасы.
