- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» университеті «педагогика, психология және дефектология» кафедрасы
- •Қызылорда, 2015 ж
- •Дәріс сабактарының тақырыптары мен мазмұны
- •Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •Студенттің окытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмысы
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •2. Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері
- •3. Психология ғылым ретінде
- •4. Ғылымдар жүйесінде психологияның орны
- •5. Психология салаларын топтастыру
- •6. Ғылыми психология принциптері
- •7. Психология: әдіснама, әдістер, әдістемелер
- •Әдебиеттер:
- •2. Аристотельдің рух туралы ілімі
- •3. Сократ пен Платонның рух туралы ілімінің моральдік –этикалық аспектері
- •4. Декарт дуализмі
- •5. Психофизиологиялық параллелизмнің идеалистік теориясы
- •6. Джон Локк ілімі
- •Әдебиеттер:
- •1. Психиканың рефлекторлық сипаты
- •2. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы психологиядағы дағдарыс
- •3. Психология ғылымындағы жаңа бағыттар және қазіргі күйі
- •Әдебиеттер:
- •Ресейде психологиялық ой-пікірлердің дамуы
- •3. Ресейдегі психологиялық мектептер
- •Әдебиеттер:
- •1. Қазақ ағартушыларының психологиялық ой- пікірлері (ш.Уалиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев, м. Жұмабаев, ж. Аймауытов)
- •Қазақстанда психология ғылымының дамуы
- •3. Қазақстанда қазіргі кездегі психологияның дамуы
- •Әдебиеттер:
- •- Лекция. Адам санасының пайда болуы мен алғы шарттары
- •Сана қалыптасу кезеңдері мен стадиялары
- •Сана, өзіндік сана
- •1. Объективті шындықты бейнелеу ретіндегі психиканың жалпы болмысы
- •2. Объективті әлемнің субъективті бейнесі ретіндегі психикалық бейнелеу туралы көзқарастар
- •3. Психика деңгейлері
- •4. Психика дамуының деңгейі мен функциялары
- •1. Тұлға теорияларының психодинамикалық бағыты (з.Фрейд, а. Адлер,к.Г. Юнг)
- •3. Тұлға теориясының диспозициялық бағыты (г. Олпорт, р.Кеттел, г. Айзенк)
- •Тұлға теорияларының гуманистік бағыты (а. Маслоу)
- •- Лекция.Кеңес психологиясындағы тұлға тұжырымдамалары
- •6. Қимыл-қозғалыс пен белсенділік физиологиясы.
- •- Лекция. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің ара қатынасы.
- •§ 2. Темперамент қасиеттерi. Темпераменттiң мәндi қасиеттерiне жататындар:
- •Қолданылатын әдебиеттер тiзiмi.
- •§ 1. Мiнез типологиясы.
- •15 Лекция. Қабілет жөніндегі теориялар.
- •Қолданылған әдебиеттер:
4. Психика дамуының деңгейі мен функциялары
Тірі ағзаның психикасы дамуының 4 негізгі деңгейін бөледі:
- қозғыштық (әсерленгіштік);
- сезгіштік (түйсіну);
- жоғары дамыған жануарлар әрекеті (сырттай негізделген әрекет-қылық);
- адам санасы
8
- ЛЕКЦИЯ. Тұлға психологиясы
1.
Тұлға – индивид, даралық, тұлға, субъект,
универсум.
2.
Тұлға туралы ұғым.
3.
Тұлғаның әлеуметтік мәні.
4.
Тұлға- социогенездің объектісі мен
субъектісі.
5.
Тұлға көріністерінің түрлері, типтері
мен формалары.
6.Тұлғаның
негізгі қасиеттері, жалпы заңдылықтары.
7.
Тұлға құрылымы (интенционалды,
операционалды, модуляциялы
(психофизиологиялық))
8.
Тұлға қалыптасу процесі;- индивидуация;
-
индивидуализация;
-персонализация;
-әлеуметтену
(социализация).
9.
Қалыпты және патологиядағы тұлға
психологиясы.
«Жеке адам» түсінігінің қазіргі психолгияда көп мәнділігі. «Жеке адам» түсінігі көп жақтылы түсінік. «Жеке адам» көптеген ғылымның таным объектісі болып табылады. (философия, социология, этика,педагогика, психология т.б). Осы ғылымдардың әрқайсысы жеке адамды өзіндік спецификалық аспектілерінде қарастырады..Жеке адам бұл әлеуметтік тұлға,ол жалпы адамда бар нәрселерді бейнелейді. «Жеке адам түсінігі пайда бола салған жоқ.Ол мәдени және әлеуметтік даму нәтижесінде пайда болды.
«Жеке адамға» түсінік беруде келісе бермейтін зерттеуде 3 периодты бөледі.
1. Әдеби тұрғыда қарау - әдебиет, өнер, суретші
2. Клиникалық тұрғыда қарау.З.Фрейд еңбектерімен байланысты(австрия психолоия,психиатр және невропотолог, психоанализ негізін құрушы)
Оның «психоанализ» терминінің 3 мағынасы бар.
- жеке адам теориясы және психопатология;
- жеке адам қобалжулары теориясы әдісі;
- индивидуумның санадан тысқары ойлары және сезімдерін меңгеру әдісі;
Жеке адам — қогамдык қатынастарға араласқан, қоғамдық тэжірибелерді меңгерген, білімдерді жүйелеген, қоғамдық тарихи процестсрдін өніміне айналған, жоғары саиаға ие кез-келген адам немесе индивид. Психологияда «адам», «ипдивид», «жеке адам» жэне «дарсшыц» («индивидуалыюсть») деген түсініктер колданыладът. Түпкі жэне тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам-бүл, ең алдымен «Пото Sapiens» түріндегі сүт қоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі. Индивид -деп өзіне тэн барлық ерекшеліктерімен бірлікте алынған нақтылы адамды айтамыз. Даралъщ деп, белгілі бір адамның жеке адам ретіндегі өздігінен айрықша психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас үйлесімділігін оригиналдылығын айтады.
Жеке адам болып туылмайды, жеке адам болып қалыптасады. Жеке адамньщ дамуына эсер ететін күідтер: түқым қуалаушылық, орта (микро, макро), тэрбие. Әр адамныд рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, емірге белсене қатысуына байланысты болады. Жеке адам - қоғамда белгілі бір жағдайға ие жэне белгілі бір қоғамдық роль атқаратын қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Роль дегеніміз-жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Жеке адамның позициясы дегеніміз-оның катынастарының жүйесі. Жеке адамның мэнді қатынастарына, өмірдің материалдық жағдайларьша, қоғамға жэне адамдарға, өзінің алға қойған міндеттеріне, қоғамдық еңбек міндеттеріне деген қатынастары жатады. Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері төрт түрлі жагынан қарастырылады:
1. Жеке адамның элеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері, қызығуы, ынтасы мен талаптануы, мү.раты жэне дүниетанымдық көзқарас, сснімі. Бүл жеке адамның адамгершілік қасиеттерін білдіреуін сиааттары.
2. Адамның білімдарлыгы, дағдылары, бейімділігі мүндай синаттар адамның даралық қасиетін, өхіндік даму деңгейін, тэлім-тэрбие негізінде калыптасқан тэжірбиесін көрсетеді.
3. Жеке адамньщ д^ра психикалық процестерінің тиянақтылығы мен озіндік ерекшеліктері. Ондай касиеттерге зейін, ойлау, қабылдау мен/ес, сезім күйлері мен ерік, адам психикасындағы басқа да құбылмалы езгерістер жатады.
4. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері; нышан, жоғары жұйке қызметі. Булар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстықбелгісіне сэйкес көрініс береді. Психологтар жеке адамның қадір-қасиетін бес фактор арқылы тұжырымдаган:
Бірінші фактор (себепкер) - экстраверсиялыц. Оньщ ұнамды жақтары: үйірсектік, табандылық, өзіне сснушілік, дидарластық, белсенділік, ширақтық, басымдылық. Ұнамсыз жақтары: ұялшактық, басқаларсыз дара өмір сүру, жалғыздыққа ұмтылушылық.
Екінші фактор - алыпуризм, адамға жақындасуға бейімділік. Бүндай адамдар ақ көңіл, ықыласты, жәрдемге дайын түрушы, мейірімді, көңілшек, сезімтал, басқаларға кешірімді, өзіне сенуге шақырушы. Альтуристер салкын адамдарга, қыңырларға, зүлымдарға жэне рақымсыздарға төмен баға береді.
Үшінші фактор - гшпульсивтілікті бақылау, жауапкершілікті сезіну эрекетін жэне оның тимділігін жоспарлауға икемділік, іскерлік, бағынушылық жағынан сипатталады. Үнамсыз жақгары: Міндеттілігін сезінбеу, ұқыпсыздық, ұмытшактық, ез әрекетін ұйьмдастыіра алмаушылық, төңірегіндегілерге ұшқалақтық жасау, тэуелсіздік таныту.
Төртінші фактор - невротизм, ұнамсыз эмоция. Шыдамсыздық, кобалжушылық, күйгелектік, үнемі қорқыныштылыкка бейім тұру тәрізді .үнамсыз жақтары болады. Үнамды жағы эмоіщялық түрактылык, жуастылық, канағатшьглдық қасиеттері болады. Бссінші фактор- (сшгырлыц), когнитивтік күрделілік. Қызығушьшығы кең, қиялының дамушылығы басым жандар. Олар білуге күлітар, артистігі бар, төңірегіндегілерге ақылды тапқыр ойлы болып керінеді. Басқалардың түсінігінде аңқау, аңғал, орташа жетілген мәнсіз адам болып саналады.
Жеке адамның багыттылыгы жэне іс-әрекеті. Жеке адамның маңызды сипаты — оның багыттылыгы. Бұл адам ез алдына коятын мақсаттарды, оған тэн талаптар мен түрткілерді анықтайды. Яғни, адам мінез-құлқының түрткісі мотивациялық сфера болып табылады. Бұған қажеттілік, түрткі, мақсат, міндет, кызығушылық, уміт пен ниет жатады. Адамның белгілі бір жолмен әрекет етуге не турткі болады? Мұндай түрткі қажеттілік. Бұл адаммен бір нэрсеге мұктаждық ретінде көрінеді. Мынадай табиғи кажеттіліктер: азық-тулік, демалыс пен салқыннан қорғаныс, т.б. бүл биологиялық қажеттіліктер, бірақ оларды қанағаттандыру амалы элеуметтік сипатта болады. Адамда табиғи, сонымен қатар рухани қажеттіліктср болады: қарым-қатынаста, білімде, шығармашылыкта, т.б. Қажеттіліктің нақты корінісі («заттанған» қажеттілік) түрткі деп аталады. Әрбір кажеттілік, оны қанагаттандыру дәрежесі санасыз түрде эмоцияларда көрініс табады. Адам санасында түрткі, мінез-құлық бағытталған объект ретінде бейнеленеді, яғни, түрткіні түйсіну мүмкін. Жеке адамның мінез-қүлқының түрткісі — мақсат. Бұл осы мезетте мінез-қүлық бағытталған негізгі нэтиже. Әрбір қажеттілік бірнеше тұрткіде көрініс табуы мүмкін, ал әрбір түрткі өзара байланысты мақсаттардың әртүрлі қосындысымен қанағаттануы мүмкін.
Қызыгушылық - бүл жақсы эмоционалдық қатынасқа байланысты болатын белгілі бір затқа, қүбылысқа не іс-эрекетке адамның белсенді танымдык бағытгылығы. Қызығушылыктар мазмұны, кендігі, терендігі, тұрақтылығы мен әрекетілігі бойынша сипатгалады.
Тілек пен ниет — минут сайын пайда болатын жэне бірін-бірі тез ауыстыратын субъективті күйлер. Олар эрекетті орындау шарттарының өзгеруіне жауап береді.
Тұтас алғанда, жеке адамның мотивациялык сферасын біркатар параметрлер бойынша бағалауға болады:
1. Дамыгандыгы - мотивациялық факторлардың сапалық түрлілігі. Адамда түрлі қажеттіліктер, түрткілер, мақсаттар неғүрлым көп болса, оның мотивациялық сферасы дамытылады.
2. Икемділігі - деп, белгілі бір қажеттілікті өтеуге түрлі түрткілер мен мақсаттар колданылса сол мотивациялық сфераға бейімделуін айтады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл –есі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық,кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті оның мінез-құлқынан, ниет-тілегімен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Ниет тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс- әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері білініп тұрады. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерешеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі.
Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс-қимылы нәтижесінде жеке адам қалыптасады. Олардың автоматталған әрекет дағдылары, іс-әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады.
Дағды - адамның белгілі іс-әрекетті сан рет қайталап отырудың нәтижесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Адам әрекетіндегі ептілік (бейімділік) –белгілі бір істі атқаруға бейім тұру, өзінің игерген білімін, дағдысын түрлі жағдайда қолдана білу.
Әдет - адамның іс-әрекетіндегі мінез-құлыққа байланысты тұрақты қасиеті.
Ниет (мотив) – адамның белгілі қажеттіліктерді қанағаттандырудағы іс-әрекетіне байланысты психологиялық көңіл-күйі. Ниет адамды түрлі әрекеттерге ұмтылдырады.
Қызығу- адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың мән-жайын айқын түрде түсіндірудегі жан дүниесінің сілпінісі. Қызығу барысында адам өзінің әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін әр қилы әрекеттерді белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді.
Сенім- адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі.
Ұмтылу- адамның іс-әрекетті атқаруға талаптанып белсенділігін қуаттайтын ниеті.
Құмарлық- адамның өте зор күшін талап ететін қажеттілігін орындаудағы ниеті, таным әрекетінде ол-ұнамды қасиет.
Жеке адам –дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан.
Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері төрт түрлі жағынан қарастырылады, яғни:
Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмтылу,мұрат, дүниетанымдық көзқарас, сенім. Бұл жеке адамның адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттар.
Адамның білімдарлығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиетін, өзіндік даму деңгейін, тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.
Жеке адамның дара психикалық процестерінің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім күйлері мен ерік, адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады.
Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері-нышан, жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәйкес көрініс береді.
Келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу, оған ұмтылу жеке адамның бағыт-бағдарын білдіреді. Адамның бағдары, ынта жігері, мақсат-мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі. Жалпы адамның азаматтық бағыт-бағдарының сапалары мынадай ерекшеліктерімен анықталады:
1. Бағыт-бағдар деңгейі
2. Бағыт деңгейі
3. Кеңдігі
4. Қарқындылығы
5. Бағыт-бағдар тұрақтылығы
6. Оқушының әрекетшілігі.
Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі.
Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсендірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны «Мен» деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.
Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.
Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кезпегенімен адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді
Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ол тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандырылып әлеуметтену деп аталады. Әлеуметтену процесі адамдардың қарым-қатынасқа түсуімен және бірлесіп әрекет етуімен тығыз байланысты. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру субъективті: бірдей әлеуметтік жағдайлар әр түрлі болып қабылдануы мүмкін. Түрлі тұлғалар объективті бірдей жағдайлардан сан алуан әлеуметтік тәжірибе алады, бұл индивидуалдану процесінің негізі.
9
- ЛЕКЦИЯ. Шетел психологиясындағы тұлға
теориялары
1.
Тұлға теорияларының психодинамикалық
бағыты (З.Фрейд, А. Адлер,К.Г. Юнг)
2.
ЭГО-психология және онымен байланысты
тұлға теориялары
3.
Тұлға теориясының диспозициялық бағыты
(Г. Олпорт, Р.Кеттел, Г. Айзенк).
4.
Әлеуметтік когнитивті бағыт (А.Бандура,ДЖ.
Роттер).
5.
Тұлға теорияларының когнитивті бағыты
(Дж. Келли)
6.
Тұлға теорияларының гуманистік бағыты
(А. Маслоу)
7.
Тұлға теорияларының феноменологиялық
бағыты (К.Роджерс)
