Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология және адам дамуы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358.24 Кб
Скачать

Сана қалыптасу кезеңдері мен стадиялары

Адамзат санасының туындауы және дамуының басты жағдайы тілмен жанамаланған бірлескен продуктивті қаруланған адамзат іс-әрекеті болып табылады.

Сана қалыптасуы үшін бірлескен іс-әрекет және ересектермен белсене араласып, өзара әрекеттесу мақсатын ажырату қажет. Сана –адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. Адамның жануарлардан түпкі ерекшелігі – ол құрал қолданып ғана қоймай, оны дайындау қабілетіне ие.

Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болатын тағы бір шарт- бұл тілдің туындауы. Тіл – қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, қасиеттерін және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз.

Ғылыми түрде тілдің шығу негізі адамның қоғамдық еңбек қатынастары жатыр. Тіл- заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды.

Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:

  • қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді;

  • тілдегі сөздер белгілі заттарды атап ғана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қолданушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді;

  • тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден бір құралы.

Сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана- бұл қоғамдық болмыс.

Сана, өзіндік сана

Адам өзінің ішкі дүниесін құрайтын көптеген білім-біліктерді , қатынас –толғаныстарды әрдайым сезе бермейді. Содан бейсана әр адамның психикалық болмысының ажыралмас құрам бөлігі.

Сана- психика дамуының жоғары сатысы, ең алдымен, жалпы және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Сананың дамуы тілмен байланысты.

ТІЛ- сананың материалдық көрінісі, негізі. Тілсіз сана жоқ, ал, санасыз адам жоқ. Сана жеке адамның субъективті әсерленушілігі. Сана-сезім бір жағынан танымдық, екінші жағынан әлеуметтік- рухани құбылыс. Өзін түсіну арқылы адам өз ісіне баға береді, мінез-құлқын реттейді, тәрбиелейді.

Адам санасы әлеуметтік түрткілер ықпалынан- еңбек іс-әрекеті мен қатынастардан қалыптасады.

ЕҢБЕК- адамның іс-әрекетінің дамуы барысында табиғатқа әсер ете отырып, оны басқара отырып, тарих субъектісіне айналдырып, өзін табиғаттан бөлуі. Еңбек әректінде белгілі табысқа бағытталған алдын-ала болжауды қажет етеді.

ІС-ӘРЕКЕТ- сана негізі болып табылады. Сананың пайда болуы іс-әрекет қозғалысындағы шынддық кез. Адам іс-әрекеті процесс ретінде қалыптастырылады. Алғашқы сана психика образының формасы ретінде өмір сүреді, іс-әрекет практикалық болып қала береді.

СӨЙЛЕУ- сананың туындауы мен дамуының субъективті тасушысы. Ол араласу, жалпылау. Қоғамдасып еңбек ету нәтижесінде адамдар бір-біріне ойларын айтады. Ойлау сөзбен байланысты. Түсінік те сана түрі. Адам санасы филогенезде өзгеріске ұшырайды. Қазір де адам санасы даму үстінде.

Ал, санаға қарсы процесс- бейсаналылық. Бейсаналылық ұғымының негізін салушы Зигмунд Фрейд (1856-1939). Зигмунд Фрейд 1896-1900 жылдар аралығында өз түстерін анализдейді. Сол кездегі негізгі еңбегі «Толкование сноведении» деп аталды. 1901-1905 жылдары оның көптеген еңбектері шықты: «Психология обыденной жизни», «Три эссе о сексуальной жизни», «Три эссе о сексуальности». Ол психоанализ мектебінің негізін салушы.

«Психоанализ» термині 3 түрлі мағына береді:

  1. Жеке тұлға теориясы және психологиясы;

  2. Жеке тұлға бұзылуының терапиялық әдісі;

  3. Түсініксіз ойды қарастыру әдісі және индивид сезімі.

Фрейд бойынша осы 3 түсініктің қосылуы адам мінез-құлқын анықтайды. Фрейд ұзақ мерзімде дамитын психоанализге жеке тұлғаны ұйымдастыратын топографиялық модельді қолданды. Осы модельге сүйене отырып, Фрейд психологиялық өмірде 3 сфераға бөлді.

  • САНА;

  • САНАҒА ДЕЙІНГІ СФЕРА;

  • БЕЙСАНАЛЫЛЫҚ.

САНА СФЕРАСЫ

Сана құрылуы тұрмыс, өмір формасымен байланысты. Сана- психикалық іс-әрекеттің жаңа қасиеті. Сана арқылы адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Сана ол ішкі және сыртқы дүние шекарасында жатқан жан қабаты. Бұл жерде сезім мүшелері арқылы өтетін сыртқы әсерлерден басқа, мидың төменгі бөліктерінен келетін ішкі импульстер де синтезделеді. Сана топологиялық жағынан ғана емес, функционалдық жағынан сыртқы қабат болып табылады, Фрейд: «Сана мида болады. Ол сыртқы ортадан ми сауытымен шектеледі және онымен тек ғана сезім мүшелері арқылы (есту, көру т.б.) байланысты болғандықтан, ішкі тітіркендіргіштер сыртқыларға қарағанда санадан бөлінбеген, сондықтан да олардың санаға әсері көбірек болады».

З. Фрейд адам санасын 9/10 бөлікке бейсаналылық теңізіне батқан «айсберг» ретінде көрсетеді. Осы «айсбергті» қоршаған сулар әркелкі де әртүрлі болады. Айсбергтің бізге көрінетін су бетіндегі ұшы – біздің санамыз.

САНАҒА ДЕЙІНГІ СФЕРА.

Санаға дейінгі сфераға жасырын (латентті) белгілер жатады. Олар әрқашан адам санасында тұрады, бірақ, нақ осы кезде білінбейді. Пифагор теоремасы бойынша да сіз оны білесіз, бірақ, оны ойыңызда сақтамайсыз.

Бұл латентті білімдер психикалық бейнелерге жатады, бірақ олар сананың қатысуынсыз жүреді.

Санаға дейінгі сферасы сана сферасымен біріге алады. Өйткені қажет кезде саналандырыла алады. Бұдан көретініміз – психика санадан әлдеқайда кем.

БЕЙСАНАЛЫЛЫҚ СФЕРАСЫ

Бейсаналылық- сана пайда болғанға дейінгі, санаға тәуелсіз психика деңгейі.

Бейсаналылық- санаға кері процесс. Ол біздің әрекеттерімізге , ішкі жағдайларымызға үлкен әсерін тигізеді.

З.Фрейд бейсаналылықты реалды түрде көрсеткен және оның екі ерекшелігін анықтаған:

- әрекеттілігі;

- санаға қиын ауысатындығы.

Бұл екі механизм жұмысымен айқындалады- ығыстыру (вытеснение) және қарсылық (сопротивление). Мысалы: адамның психикалық өмірі қажеттіліктерімен анықталады. Соның ең бастысы- сексуалды қажеттілік (либидо). Ол кішкентай балада пайда болып, көптеген сатылардан өтеді, бірақ көптеген әлеуметтік тиым салулары арқасында санадан шығарылып, бейсаналылық сферасында өмір сүреді. Олардың энергетикалық күші көп, бірақ, сана оларға қарсылық көрсетіп, өз сферасына жібермейді. Энергиясы көп болғандықтан сана сферасында символикалық формада көрінеді.

Сонымен, бейсаналылық процестер саналандырылмайды (санаға ауыса алмайды). Бірақ, олар басқа символикалық формада санада көрінеді: түстерде, фантазияларда, ойындарда, жұмыста, т.б.

Бейсаналылық сферасына: жабайы қажеттілік инстинктері, эмоциялар, естегі оқиғалар, т.б. жатады.

Бейсаналылық психикалық процестердің барлығында ұсынылады. Фрейдтің түсінігі бойынша, әрбір адамның өзінің бейсаналылығы бар. Ол психикалық өмірдің жетіспеушіліктерін толықтыруға мүмкіндік береді.

Фрейд үшін бейсаналылық:

  1. Фактіні бейнелеу әдісі;

  2. Тікелей әрекетке әкелетін процесс.

Барлық психикалық процестерде бейсаналылық практика түрінде адам санасында жүреді. Ол мінез-құлықпен байланысты болады және оның функционалдық рөлі әртүрлі

Адамның жануарларлардан айырмашылығы-ол өзін танитын және білетін,өзін түзетін және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.

Өзіндік сана-сезім-сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі.Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.

Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды.Ол ойыншықты қозғап та,аяғының башайларын қимылдатып та-бірінен-бірін айырмай ойнай береді.Бірте-бірте ол өзін,өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап,ажырата бастайды.Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейде(өз органдарының қалыпты жайы мен қимыл-қозғалысынсезіну) өтеді. «Баланың өзін-өзі аңғаруынан кейін,-деп жазды И.М.Сеченов,-есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға,яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен қатар қоя қарауға(салыстыруға)-бір сөзбен айтқпнда,өз санасының актінзерттеуге мүмкіндік беретін сана-сезім туады»Күрделі психикалық құбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып білу іс-әрекет және қарым-қатынас процестеріндеөтеді.К.Маркс былай деп көрсетті: «адам алдымен айнаға қараған сияқты,басқа адамға қарайды.Павел дейтін адамға өзі сияқты адам деп қарау арқылы Петр дейтін адам өзіне адам деп қарай бастайды.»

Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп,біріне-бірі баға береді.Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады.

Адамның өзін-өзі тануында,оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше.Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса,онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.

Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады.Өзін-өзі тану адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп- білуі.Адам өзін тікелей де,жанама түрде де танып біледі.Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.

Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы.Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады.Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып,жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып,өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады.Қоғамдағы өз мінез-құлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып,біледі.Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген жеке адамға айналасындағылардың,қызметтес жолдастардың обьективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.

Өө басыңның қасиеттеріне берген өз бағаң мен басқа жұрттың бағасынсалыстыру да маңызды.Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу-шықпауын,өзін-өзі не артық,не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.

Бұдан шығатын қорытынды,басқа адамдармен неғұрлым кең қарым-қатынаста болу өз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып білуге көмектеседі екен.

Өзін-өзі байқау арқылы өзін-өзі тану.Тікелей өзін-өзі тану,өзін-өзі байқау формасында көрінеді.Қабылдау,елестету,ойлану және мазасыздану процестерінде адам белгілі бір сәтке зейінін психикалық іс-әрекет обьектісінен жеке басының жағдайына аударады және оны бағалайды.Өзін-өзі бақылау осыған негізделген.Адамның өзін-өзі байқауы үшін байсалды,қалыпты жағдай неғұрлым қолайлы болады.Психикалық іс-әрекеттің сылбырлығы немесе оның шамадан тыс шиыршық атуы өзін-өзі тану мен өзін-өзі байқаудың мүмкіндігін кемітеді.Жүрек алып-ұшып,тым өрепкіген сәтте,бір нәрсемен құштарлана әуестену немесе бір нәрсені шоғырландыра көру кезінде өзін-өзі бақылау мүмкіндігі тарыла түседі.Мұндай жағдайда адамның өзінің көңіл күйі туралы өзіне-өзі есеп беруі қанды болмайды,оны айтасыз ақиқат психикалық процеске сәйкес келмейді.Сондықтан өзін-өзі байқау неғұрлым толық және әрі айқын болуына жеткізетін шекара табалдырықтар деген болады.

Көп ретте,өзін-өзі байқауға есте қалғандар бойынша өзіне-өзі есеп беруді,яғни есте сақталған іздерді немесе есте қалған образдарды талдауды жатқызады.Адам есінде қалған оқиғаның барлық мән-жайын:сыртқы жағдайды,өз көңіл күйін,қылықтарын қаз қалпында елестетуге тырысады.Бұл ретте ол құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды қалпына келтіруге және оқиғаны жүйелей жаңғыртуға күш жұмсайды.Психологияда мұндай құбылысты ретроспекция (өткенді қалпына келтіру) деп атайды.Көптеген психологтардың ойынша,инстроспекция,немесе өзін-өзі байқау әрқашанда тек ретроспекция болып табылады.Бұл,әлбетте,тіпті де бұлай емес.Ретроспекция туралы сол кездегі көңіл,яғни сондағы күйзеліс қайта жаңғырған жағдайда ғана айтуға болады.Мұндайда зейін психикалық іс-әрекет обьектісінен субьектіге,сол адамның,яғни сондағы күйзелісіне ауысады.Алайда санада психикалық іс-әрекеттің басқа да түрі болуы-күйзелу мен сол күйзелуді талқылаудың бір мезгілде көрініс табуы мүмкін.

Үлкен ми жарты шарының қыртысында,бір мезгілде және қосарлана,жоғарғы нерв қызметінің екі түрлі ағысы жүріп өтеді деуге негіз бар:оның бірі әсер етуші обьектіні ой образы немесе күйзеліс түрінде бейнелеумен,ал екіншісі-алғашқы ағысты талдау,бағалау және түзетумен байланысты.Нерв қызметінің екінші ағысы шындығында да И.П.Павлов «күзетші орталық» деп атаған,ұйқының да,сергек күйдің де тыныштығын қорғайтын процесс болса керек.Психологиялық,субъективтік тұрғыдан қарағанда бұл біздің «мен» деп жүргеніміз болып шығады. «Мен» деп аталатын бұл жүйеде белгілі біршапшаңдық пен ми қыртысының барлық басқа да учаскелерінде болып жататын процестер тұрақты түрде бейнеленеді.Басқа сөзбен айтқанда, «мен»-мидың психикалық қызметін бақылаушы әрі бір мезгілде оған бұйрық беруші қондырғы.

Тіпті санадан тыс өтіп жатқан сияқты болып көрінетін шегіне жете жетілдірілген,әбден автоматтандырылған-әрекеттің өзі,шынында,тұрақты түрде байқалатыны баршаға белгілі.Оны аяқ астынан жіберілген қателіктердің дереу түзетілу фактілері дәлелдейді.Қолы қолына жұқпай қимылдайтын тәжірибелі деген тоқымашының өзі төмен түсіп тұзақты көтеру үшін бір сәтке тоқуды тоқтата қояды.

Индивидтер іскерлігі мен дағдылануларына қарай өз психикасын әр түрлі деңгейде байқай алады.

Өзін-өзі тану адамды өз басының жақсы жақтары мен кемшіліктеріне белгілі бір көзқараста болуына әкеліп жеткізеді.Қайсыбір адамдар өз мінезінің дұрыс жақтарын білумен қатар өзінің басындағы кемшіліктерін батыл сынай да алады.басқалар өзі жіберген кемшіліктер мен қателіктерін көре-біле тұра,оларды жөндегісі келмейді,өз басының кейбір қадір-қасиетін арқа тұтып,тоқмейілсінуге салынады.Ақырында,өз бойындағы өнегелі іс-қылығын байқамай,тек жаңсақ басуларын жіпке тізіп,өзін не қабілетсіз,не жігерсіз санайтын адамдар да кездеседі.

Тек әр адамның өзі жайындағы біз бірінші келтірген көзқарас қана өзіңді түзету ісінде көмектеседі және өзіңді-өзің тәрбиелеуге жақсы нәтижелерге жеккізеді.

Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеу.Өзін-өзі тану адамға өз басын жетілдіру үшін,сондай-ақ өмір және еңбек жоспарларына сәйкес өз іс-әрекетін жолға қойып отыру үшін қажет.Адам өз күшін біле отырып,оны еңбекке барынша тиімді пайдалануға ұмтылады.Бұл үшін ол өзінің қимылы мен әрекетін,қылығы мен мінез-құлқын бақылап және талдап отырады.Адам өзін-өзі бақылау арқылы іс-әрекетіндегі қателіктерін байқайды,еңбегін дұрыс ұйымдастыра алады.Өзін-өзі бақылау жедел сипатта болады және сол сәтте өтіп жатқан әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Демек ,ол өз бойындағы жаман мен жақсыны аңғаруға,сол арқылы болашақ өмір жолыңды құруыңа көмектеседі.Егер ешқандай күш салу іс-әрекетті жақсарта алмаса,онда адам өз бойындағы белгілі бір қажетті қасиетті дамытудың немесе қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасайды.

Өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.Өзін жетілдірумен айналыса бастаған адам тәрбиелеудің объектісі ғана емес,сонымен бірге субъектісіне де айналады,яғни оны тек қоғам тәрбиелеп қана қоймайды,ол өзі күш жұмсап та тәрбиеленеді.

7 - ЛЕКЦИЯ. Психиканың туындауы және дамуы

1. Объективті шындықты бейнелеу ретіндегі психиканың жалпы болмысы.

2. Объективті әлемнің субъективті бейнесі ретіндегі психикалық бейнелеу.

3. Психиканың көрініс беру түрлері, типтері мен формалары.

4. Психиканың негізгі қасиеттері мен жалпы заңдылықтары.

5. Психика деңгейлері:

-сенсорлық;

-перцептивті;

-интеллект.

6. Психика дамуының кезеңдері мен стадиялары.