Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология және адам дамуы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358.24 Кб
Скачать

Әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ-тәлім тәрбиесі. Алматы: «Санат», 1995ж

2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесінің антологиясы.

3. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері.

4. Бердібаева С.Қ. Таным субъектісі –танымдық процестер. Алматы, 2005

5. Бердібаева С.Қ. Творчестволық іс-әрекеттің этнопсихологиясы. Алматы, 2005

  1. - Лекция. Адам санасының пайда болуы мен алғы шарттары

  1. Психиканың даму сатылары.

  2. Нерв жүйесінің қасиеті мен қызметі.

  3. Сана, оның қүрылымы мен сипаттамасы.

  4. Өзіндік сана, оның құрылымы.

Психика даму процесінде пайда болған материя қасиеттерінің бірі. Органикалық емес материяның мүндай қасиеті болмайды: ол түсіне дс, ойлай да алмайды. Органикалық дүние көлемінде де материяның бэрінде бірдей психика бола бермейді. Түсіндіре жэне ойлай алатын материяға жсту үшін тірі табиғаттьгң ұзақ уақыт дамуы керек болды. Адам психикасы жоғары дәрежеде ұйымдаскан материяның ерекше қасиеті-мидың қасиеті. Бұл қасиет- айналадағы дүниені бейнелендіру. Дүниеге материалистік көзқарас материяның дамуы жөніндегі ғылымға негізделеді. Тіршіліктің пайда болуы, яғни тірі немесе органикалық материяның шығуы-материяның дамуыкдағы белгілі бір кезең больга саналады. Органикалық емес материядан пайда болған тірі материяның өзінің өлі материяға карағанда ерекше қасиеттері бар. Бүл касиеттердің ішіндегі сң бір бастысы-тітіркенушілік. Сонымен психика тірі материяның барлығында бірдей бола беретін қасиет емес. Ол органикалык материяның жоғарғы формаларының қасиеті болып табылады.

Сана объективті шындыкты тану, адам психикасының ең жоғарғы түрі. Сана адамның өзіне, табиғатка, басқа адамдарға қарым-қатынасын сезіне алдына мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Сана эрбір жеке адамға тән дара қасиет. Жеке санамен қатар өмір сүрген ортаға байланысты қалыптасатын қоғамдық санада болады, адам сапасының мазмұнына оның өскен ортасы, қоғамдық болмыс ықпал жасап отырады. Адамның психикасы, санасы оның қоғамдық қызметтері мен түрмыс жағдайларына байланысты дамиды. Қарастыруға оңай болу үшін психологияның негізгі түйіндері үш категорияға біріктіріледі: психикалыц процестер, психикалыц күйпер, психикапьщ ерекшеліктер, қасиеттер. Әдетте, психикалық процестерге таным процестері жатады: түйсік пен кабылдау - сезім мүшелерін тікелей эсер ететін затгар мен тітіркендіргіштер бейнесі; елестеу мсн ойлау - адам санасында жалпыланған жэне өвделінген жай санада болмайтын шындық ерекшеліктерініц бейнесі; эмоциялық процестер (сезімдердің пайда болуы, кажеттілікті етеуге байланысты динамикасы т.б.). Пспхшалъщ процестер деп, сезімді бастан кешіру (көңіл-күй, аффект), зейін (зейінділік, зейінсіздік), ерік (сенушілік, сенбеушілік, күдік) жэне тағы басқаларын айтады. Тұлға ерекшеліктері немесе психикалық касиетке: акыл, ойлау сапалары; мінезде, темпераментте және қабілетте бекінген ерік сферасының түрақты ерекшеліктері; белгілі жолмен әрекет жасауға калыптаскан жэне кайта пайда болатын турткілер, сезім ерекшеліктерін (ашушаңдық, сентиментальдъіқ) және т.б. айтуға болады. Бүл психиканың барлық көріністерінің үш категорияға белінуі шартты турде «психикалық процесс» туйіні психологиямен анықталатын деректің динамикасын, процессуалдығын айқындайды.«Психикстьщ ерекшелік» немесе «психикалыц қасиет» түйіні психикалық деректің түрақтылығын, оның қүрылымындағы қайталануы мен бекінуін білдіреді. Бір ғана психикалық дерек, мысалы аффект, яғни жүйке жүйесінің ерекше козуынан туындайтын күшті эмоция, психикалық процесс ретінде де (себебі, мұнда сезім дамуының динамикасы көрсетіледі және бірін-бірі кезек алмастыратын кезендер айқындалған), психикалық күй (себебі, ол белгілі уақыт аралығындағы психикалық эрекет сипатын бейнелейді) жэне адамның психикалық ерекшеліктерінің көрінісі ретінде (мұнда түлғанын үстамсыздық, ашушаңдық, кекшіл сипаттары) аныкталады. Психологияның негізгі сүрактарын қарастырудың жольш түлға әрекетінің даму принципі ашады. Тек осы ғана жалпы психологияны мазмұндаудың негізі болуы тиіс. Бүл принцип тұлғаның қарым-катынаста және эрекегге зерттелуін, олардың негізгі көрінісін талқылауды, адам түлгасы мен іс-эрекетінің танымдық, эмоционалдық жэне ерік сферасының қарастырылуын алдыңғы қатарға кояды.

Өзіндік сана - сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны жэне өзінді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп калыптасады.

«Баланың өзін-өзі аңғаруынаи кейін,-деп жазды И.М.Сеченев -есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша күбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға жэне сыртқымен қатар коя қарауға (салыстыруға) бір сөзбен айтқанда, ез санасының актін зерггеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім пайда болады». В.С.Мерлиннің пікірінше, өзіндік сананың күрделі психологиялық құрылымы: біріншіден-өзінің тендестігін ұғынуды; екіншіден-белсенді іс-эрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды; үшіншіден-өзінің психикалык касиеттері мен сапаларын ұғынуды; төртіншідеи-өзін-өзі элеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды.

1. Сана туралы ұғым. Адамзаттың жануарлардан ерекшелігі талдай алу қабілеті және абстрактілі ойлай алуы, өз өткенін сыни бағалап, болашақты ойластыру, жоспар және бағдарлама жасай алуы болып табылады. Мұның барлығы адамзат санасы сферасымен байланысты.

Сана - бұл адамның қоршаған шындықты жоғары деңгейде бейнелей алуы болып табылады. Философиялық бағыттың қайсысын ұстануға тәуелсіз сананы зерттеушілер, сананың басқа психологиялық құбылыстарды және өзін-өзі тануға дайын тұратын рефлексивті қабілетпен байланыстырды.

Адамда мұндай қабілеттің болуы психология ғылымының болуы мен дамуына негіз болып табылады. Адам санасының 1-ші психологиялық сипаттамасы- танылатын субъект арқылы өзін түсінуді, бар және қиялдағы шындықты ойша елестете алу қабілетін, өзінің психологиялық және әрекет- қылық қалпын қадағалауды, оны басқаруды, қоршаған шындықты бейне ретінде көру және қабылдау қабілетін енгізеді.

Сананың маңызды 2-ші сипаттамасы- шындықты ойша елестету және қиялдау. Ол ерікпен тығыз байланысты. Елестетулер және қиялды саналы басқару адам еркі арқылы туындайтыны және өзгеретіндігі анықталған.

Адам санасының 3-ші сипаттамасы- бұл коммуникацияға қабілеттілігі болып табылады.Тіл және басқа да белгілік жүйелер көмегімен сол адам сезінулерін басқа адамдарға бере алуы. Коммуникативті мүмкіндіктер жоғары дамыған жануарлардың көбісінде бар, бірақ, адамзат бір ғана жағдай арқылы ерекшеленеді: тіл көмегімен ішкі қалып туралы жеткізіп ғана қоймай, сондай-ақ, қоршаған орта туралы не білетінін, түсінетінін, елестететінін объективті мәліметтерді береді.

Адамзат санасының тағы бір ерекшелігі интеллектік схеманың болуы болып табылады. Схема белгілі бір ақыл құрылымы болып табылады. Схемалар адамдар мәліметтерді белгілі бір ретке келтіру үшін қолданылатын ереже, ұғым, логикалық

операцияларды енгізеді.

Тілсіз және сөзсіз адам санасы болуы мүмкін емес. Сана сөздік ғана емес, бейнелік формада болады. Бұл жағдайда екніші сигналдық жүйені пайдаланады

Саны қасиет тері, құрылымы

Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде,ең алдымен,жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшелінеді.Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді,істі біліп әрекет жасауына,өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді.Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады.Заңдылықтарды біле отырып,белгігі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай аласыз.Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда,болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғарғы бағдарлылықты қалыптастырады.Ғылым,өнер,мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.

Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте-болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды,сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтежесі болып табылады.Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің творчестволық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана обьективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес,сондай-ақсол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. «Бір жерде орын алып отырған қандай да болсын қатынас,-деп жазды.К.Маркс пен Ф.Энгельс-мен үшін болып жатады;хайуандар ешнәрсеге де «қатыспайды» және жалпы «қатынас» емес;оның басқа хайуандарға қатынасы дейтін қатынас болмайды.»

Демек,адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады,белгілі дәрежеде бағалай отырып,оқиғаларға байқастап жанасады.Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы)және эмоционалды (сүю,ұнату,өшпенділік,жек көру,жирену түрінде көрінеді) сипаттаболуы мүмкін.Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта,екуі аралас келеді.

Сана адамның творчестволық қабілеттілігімен көрінеді. «Адамның санасы обьективті дүниені бейнелеп қана қоймайды,сонымен қатар оны жасайды.»

Хайуан еш нәрсені де орната алмайды.Егер ол өзі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді,оның тіршілік етуі соған жеткізеді.Мәселен,ешкілер грек тауларындағы бұталарды жеп қойып,соның нәтижесінде елдің климатын өзгертті дейді Ф.Энгельс.

Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады,оны өз қажетіне бейімдегісі келеді,тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды.Творчество адамның бүкіл жерді мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүмкіндік береді.

Сананың аса маңызды қаситі оның есеп беруі болып табылады.Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді,демек,сана тек қана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады.Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады,өзін түзетіп және дамытып отырады.

Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады.Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді,ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай лтырып,неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады.Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.