Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология және адам дамуы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358.24 Кб
Скачать

5. Психофизиологиялық параллелизмнің идеалистік теориясы

Дуалистік ілім негізінде XIX ғ. психологияда психофизиологиялық параллелизм деп аталатын идеалистік теория кеңінен тарады. Бұл теория бойынша психикалық және физикалық қатар бір-біріне тәуелсіз бірақ, бірге өмір сүреді. Бұл бағыттың негізгі өкілдері. В.Вундт, Г.Эббингауз, Г.Спенсер, Т.Рибо және У. Джемс болып табылады. Осы уақыттан бастап психология пәні жаңа көзқарасқа ие болды. Ойлау, сезіну, тілеу қабілеті – сана деп аталды. Сонымен, психика санаға теңестірілді. Жан туралы ғылым кезегінде сана психологиясы келді. Бірақ, сана табиғи процестерден бөлек қарастырылды.

6. Джон Локк ілімі

Дж.Локк (1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі болды. Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан, яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көрді. Локк идеялардың туа бітетіндгі жөніндегі ілімге қарсы шығып, психикалық құбылыстардың ең бастапқы, одан әрі бөлінбейтін элементтерге дейін жетуі және солардың негізінде, ассоциациялау арқылы әлдеқайда күрделі құрылым қалыптасуы мүмкіндігін туғызатын сананы атомистикалық талдау принципін ұсынды. Локктың «Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы» атты еңбегінде философия тарихында бірінші рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Адамның ақылы, зердесі- зерттеудің негізгі нысаны.

Әдебиеттер:

1. Богословский В.В. Жалпы психология. 1973 ж.

2. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы, 2003 ж.

3. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва: ИРО,1997

4. Маклаков А.Г. Общая психология. Москва, 2002.

5. Немов Р.С. Психология. Москва: Владос, 1998. Том 1

3 - ЛЕКЦИЯ. Психология ғылымының XIX ғ. ортасынан - XX ғ. екінші жартысына дейінгі кезеңде қайта құрылуы

  1. XX ғ. екінші жартысына дейінгі кезеңде қайта құрылуы

  2. Психиканың рефлекторлық сипаты

  3. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы психологиядағы дағдарыс

1. Психиканың рефлекторлық сипаты

Адам анатомиясын зерттеген жаратылыстанушылар мен дәрігерлер ежелгі дәуірлерде-ақ, психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыстылығы жөнінде болжам айтқан, әрі психикалық сырқаттарды сол ми қызметінің бұзылу салдарынан деп топшылаған .

Психиканың рефлекторлық сипатын түсіндіруде белгілі Ресей ғалымдары М.М. Сеченов (1829-1905) пен И.П. Павлов (1849-1936) еңбектеріне негізделеді. М.М. Сеченов өзінің «Бас ми рефлекстері» (1863) еңбегінде рефлекторлық принципті адамның бас миы қызметіне, одан әрі барша психикалық әрекетіне жая қолданды. Ол «адамның бүкіл саналы да санасыз да өмірдегі әрекеттері өзінің туындауы жағынан рефлекстерге байланысты немесе рефлекстік әдіс», -деп жазды. Бұл психиканы объективті түсінудегі бірінші қадам еді. Бас ми рефлекстерін мұқият талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бірлігін анықтады: бастапқы бірлік жүйке қозуы процесінде миға берілетін сыртқы тітіркендіргіштер; ортаңғы бірлік мидағы қозу мен тежелу процестері және солардың нәтижесінде психикалық процестердің пайда болуы; ақырғы бірлік сыртқы қозғалыстар.

Психикалық іс-әрекеттің рефлекторлық принциптеріне орай Сеченов адам іс-әрекеті мен қылығы сыртқы әсердің себебінен туындайтыны жөнінде қорытынды жасады. Ол: «Бастапқы қандай да бір әрекеттің себебі әрдайым тысқы сезімдік қозуда, онсыз ешқандай да ой өрістеуі мүмкін емес»,- деп жазды.

М.М. Сеченов ғылымға психиканың рефлекторлығы мен іс-әрекеттің психикалық басқарылуы жөнінде идеяны қосты. Іс-әрекеттің рефлекторлық принциптері өзінің эксперименттік негіздемесін И.П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде тапты. И.П. Павлов Сеченовтың психикалық іс-әрекет мидың рефлекторлық қызметі екендігі туралы тағылымының дұрыстығын дәлелдеді, психикалық құбылыстың негізгі физиологиялық заңдарын ашты, ғылымның жаңа саласы- жоғары жүйке қызметінің физиологиясы, шартты рефлекстер жөніндегі білімнің негізін қалады. Ағзаға әсер етуші тітіркендіргіштер мен оларға жауап реакциялар арасында уақытша байланыстар түзіледі. Миға қандай да бір тітіркендіргіш әсер етпей, ешқандай психикалық құбылыс өздігінен туындамайды. Сонымен, жоғары жүйке қызметі жөніндегі тағылимат психикалық құбылыстарды материалистік тұрғыда түсіндірудің жаратылыстану ғылымымен сабақтасқан ірге тасы.

Уақытша жүйке байланысын әрқандай психикалық іс-әрекеттің физиологиялық механизмі деп танудың маңыздылығынан психологиялық құбылыстың физиологиялық құбылыстармен бірдейлігі келіп шықпайтынын есте сақтаған жөн. Психикалық іс-әрекет тек ғана физиологиялық механизм сипатымен шектеліп қалмай, мидағы бейнеленген нақты дүние, яғни психологиялық құбылыстың мазмұнымен байланысты. Жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен сабақтастығының ми тарапынан басқарылып, реттеу заңдылықтары жөніндегі И.П. Павлов тұжырымдамаларының жиынтығы екі сигналдық жүйе теориясы деп аталады. Шартты рефлекс типі бойынша қылық -әрекеттің өзгеруіне ықпал етуші зат бейнесі жануар үшін қандай да шартсыз тітіркендіргіштің сигналы қызметін атқарады. Жануарлар өз әрекет –қылығында И.П. Павлов бірінші сигналдық жүйе деп атаған физиологиялық тетікке тәуелді жануарлардың барша әрекет болмысы бірінші сигналдық жүйе деңгейінде орындалады.

Іс-әрекет пен қылықты бағыттап, реттеуде бірінші сигналдық жүйе адам өмірінде де үлкен маңызға ие. Бірақ адамның жануарлардан ерекшелігі, онда бірінші сигналдық жүйемен қатар, екінші сигналдық жүйе болады. Екінші сигналдық жүйенің болмысы, яғни, «сигналдар сигналы»,- деген сөз.

Сонымен, психика- ми қасиеті. Түйсік, ой, сана- ерекше тәсілмен ұйымдасқан материяның ең жоғары өнім туындысы. Ағзаның психикалық әрекеті көптеген дене мүшелерінің қызметі арқасында жүзеге келеді.