Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби баытталан шетел тілі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
273.54 Кб
Скачать

3. Мереклер, дәстүрлер, салттар.

Отбасыныңтуылған күнді және басқа да оқиғаларды тойлайтын салт-дәстүрлері.

Ұлттық мерекелер, олардың маңызы , ролі, тойлау дәстүрлері (Жаңа жыл, 1 Мамыр, Жеңіс күні және т.б.).

Жағдаяттар:

Студент шетелден келген досын туылған күніне шақырып жатыр. Досыңызды отбасы мүшелерімен таныстырыңыз. Досыңыз бұл отбасылық мерекені тойлаудың салт – дәстүрлеріне қызығушылық танытуда.

Шетелдік қонақтар «Наурыз» мерекесінде. Қонақтар бұл мерекені тойлау салт – дәстүрлерін білгісі келетінін айтып жатыр.

Серігіңізден оның еліндегі түрлі мерекелерді, ұлттық мейрамдарды қалай тойлайтыны жайында сұраңыз.

Бір – біріңізге соңғы Жаңа жылды қалай тойлағандарыңызды айтып беріңіздер.

ІІІ. Сөйлесудің оқу – кәсіби аясы.

Студенттің оқу күні, күн тәртібі. Болашаққа жоспары. Болашақ маманның кәсібі.

Жағдаяттар:

  • «Менің болашақ мамандығым» тақырыбына әңгімелесу;

  • Оқу пәндерін талдау: жақтайтын және қарсы қойылатын дәлелдер «менің сүйіп пәнім»;

  • Шетелдік құрбылармен оқу процнсін ұйымдастыру, оқу пәндері, екі елдегі студенттік өмір жайында әңгіме құру: олардың ұқсастықтары мен өзгешеліктерін табу (айқындау).

Диалог түрде сөйлеу

Диалог сөзге оқытудың мақсаты – студенттердің диалог түріне, сөйлесу аясына және сөйлеу тақырыптарына чәйкес коммуникативтік ниетін іске асыруды қалыптастыру болып табылады. Екінші шет тіліне оқытудың бірінші жылында студенттер диалогтың 3 қызметтік түрін игереді:

  1. Этикеттік сипаттағы диалог (А1 деңгейі);

  2. Сұрақ қою – диалог (А1 деңгейі);

  3. әрекет жасауға әсер ететін диалог (А2 деңгейі).

А1 деңгейіне сәйкес студенттің төмендегілерге икемі болу керек:

  • қайталауларды, перифразаларды және басқа құралдарды қолдана отырып дайын сөз негізінде қарапайым диалог құруға;

  • әңгімені жалғастыру үшін қысқа репликалар алмасуға;

  • күнделікті өмірге және үйреніп жатқан сөйлеу тақырыбына (отбасы, бос уақыты және т.б.) байланысты таныс тақырыптарда сөйлесуге;

  • диалогты бастау, жалғастыру және бітіру үшін сөйлеу этикетінің ережелерін пайдалану.

А2 деңгейіне сәйкес студенттің төмендегілерге икемі болу керек:

  • оқытушымен, сыныптастарымен, басқа кісімен сөйлескендегі күнделікті жағдаяттарды аса қиналмай іске асыра алуға;

  • әлеуметтік – тұрмыстық, әлеуметтік – мәдени және оқу – кәсіби аялардағы ақпараттармен алмасу үшін диалогта қарапацым фразалар мен сөйлемдерді қолдану;

  • жасалған ұсынысты ілтипатқа алу және өзі ынта таныту, серігін іс - әрекет жасауға ынталандыру;

  • серігімен келіспеу немесе келісу.

Монолог түрде сөйлеу

Монолог сөзге оқытудың мақсаты – студенттердің суреттеу, хабарлау және баяндау түріндегі коммуникативтік ниетін іске асыруды қалыптастыру болып табылады.

Студенттің А1 деңгейіне сәйкес төмендегілерге икемі болу керек:

  • монолог түрінде қарапайым фразалармен өзінің отбасы, оқуы, тұрған жері, сыныптастары, күн тәртібі, ауа – райы, жыл мезгілдері және т.б. жайлы суреттеуге;

  • өзі, өзінің сабақтары мен қызығушылықтары туралы қысқаша хабарлама жасау.

Студенттің А2 деңгейіне сәйкес төмендегілерге икемі болу керек:

  • фразалар мен сөйлемшелер сериясын қолдана отырып, өзінің достары, тұру шарттары, тамақ түрлері жайындағы қалауы, өзінің бос уақыты, қалада бағдар таба білуі, ағымдық отбасылық және ұлттық мерекелер және т.б. туралы кең түрде суреттеуге;

  • өздігінше үзінділі суретті немесе диафильмнен бір үзіндіні суреттеу;

  • жоспарға, өзекті сөздерге сүйене отырып оқыған мәтіннің мазмұнын (қысқаша) айтып беруге;

  • қарапайым деңгейдегі өзінің көзқарасын көрсете отырып, оқылған мәтіннің оқиғаларына, мағлұматтарына сипаттама беруге;

  • өткен тақырып бойынша көлемі үлкен емес (10-15 фраза) хабарлама жасауға.