Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби баытталан шетел тілі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
273.54 Кб
Скачать

Тақырып бойынша мәтіндер оқу:

1.Meals

2.An Englishman’s Meals.

Тапсырмалар:

1. Study grammar material.

2. Read and translate the texts.

3. Retell the texts.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Тақырып бойынша грамматикалық материалдарды меңгеру.

2. Тақырып бойынша ұсынылған мәтіндерді оқып, оқу түрлеріне сәйкес талдау.

3. Tақырыпқа байланысты жаңа сөздерді, сөз тіркестерін оқып танысыңыздар, лексикалық тапсырмаларды орындаңыздар.

4. Тақырып бойынша грамматикалық жаттығуларды орындап, тақырып бойынша түсіндірме сөздік (глосарий) құрастырыңыздар.

5. Берілген мәтіндер бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер ;

6. Бірінші мәтін бойынша диалог құрастырыңыздар.

Практикалық сабақ 41-42

Тақырып: Тұрғын үй. Жатақхана. Тұрмыстық мәселелер.

Грамматика:Pronouns: Some, any, no, many, much.

Оқу: «Our flat».

Мақсаты: тілдік тәжірибелеріне, проблемалық жағдаяттарға сүйене отырып, диалог және монолог сөз түрінде сөйлеуді меңгеу.

Көрнекі құралдар: дидактикалық материалдар

Сабақ жоспары

Pronouns: Some, any, no, many, much.

Есімдіктер: Some, any, no, many, much.

«Some» есімдігі негізінен хабарлы сөйлемдерде қолданылады. «Some» зат есімдердің жекеше түрінің алдында «қандай да бір» деген мағынаны білдіреді.

e.g. There is some newspaper on the table – Столдың үстінде бір газет жатыр.

«Some» eсімдігі зат есімдердің көпше түрінің алдында «бірнеше» деген мағына береді.

e.g. He has some friends in this city – Оның мына қалада бірнеше достары бар.

«Some» eсімдігі сын есімдердің алдында \шамамен\, \шақты\ деген мағынаны білдіреді.

e.g. There are some 20 students in the group – Топта шамамен 20 студент бар.

«Some» есімдігі дерексіз, саналмайтын зат есімдер алдындааударылмайды немесе біраз, шамалы деген мағына береді.

e.g.I want some paper. Give me, please – Маған біраз қағаз беріңізші

«Any» есімдігі сұраулы және болымсыз сөйлемдерде қолданылады. Сұраулы сөйлемдерде \қандай да бір\, болымсыз сөйлемдерде \ешқандай\ деген мағынаны білдіреді.

e.g. Have you any English books at home?

No, I have not any English books at home.

«Any» есімдігі хабарлы сөйлемдерде \кез-келген\ деген мағынаны білдіреді.

e.g. You can find this book in any shop – Сіз бұл кітапты кезкелген дүкеннен таба аласыз.

«No» есімдігі тек ғана болымсыз сөйлемдерде қолданылады.Ол \ жоқ\ деген мағынаны білдіреді.

e.g. She has no English books.

The teacher found no mistakes in his translation.

«Many», «Much», «Few», «Little» есімдіктері.

«Many, much» - есімдіктері \көп\ деген мағынаны білдіреді. «Many» - есімдігі деректі зат есімдермен қолданылады. «Much» есімдігі дерексіз зат есімдермен қолданылады.

e.g. There are many foreign students at our University.

There is much snow on the ground.

«few», «little» есімдіктері \аз\ деген мағынаны білдіреді.

«few» есімдігі деректі зат есімдермен қолданылады. «little» есімдігі дерексіз зат есімдермен қолданылады.

e.g. There are few museums in this city. There is little chalk in the box.

«a few» - есімдігі \ бірнеше\ , «a little» - \ біраз\, \азғана\ деген мағынаны білдіреді.

e.g. There are only a few students in the reading - room.

He speaks French a little.

Тапсырмалар: