Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби баытталан шетел тілі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
273.54 Кб
Скачать

Практикалық сабақ 32-35

Тақырып:

Грамматика: Types of Questions (Сұрақ түрлері)

Мақсаты: тілдік тәжірибелеріне, проблемалық жағдаяттарға сүйене отырып, диалог және монолог сөз түрінде сөйлеуді меңгеу.

Көрнекі құралдар: дидактикалық материалдар

Қысқа жауаіітар

Келісімді немесе жоққа шығаруды (келіспеуді) қажет ететін сұрақтарға ағылшын тілінде жауаптың қысқа түрлерін (жіктеу есімдігі + сәйкескелетін көмекші етістік немесе модаль есімдігі) қолдану қалыптасқан. Мысалы:

Do you drive a car? – Yes, I do. – No, I don’t.

Can he get to work by subway? – Yes, I can. – No, I can’t.

Егер сұраулы сөйлемнің бастауышы зат есім болса, онда қысқа жауапта ол ұқсас есімдікпен ауыстырылады.

Wil l Akimov stay at the hotel?

- Yes, he will. - No, he won’t.

Қысқа жауапта болатын көмекші немесе модаль есімдігі (сәйкес) бірқалыпта қолданылады. Мысалдар арқылы көрсетейік:

Is she a teacher? – Ол мұғалім бе?

- Yes, she is. - No, she isn’t.

- Иә. - Жоқ.

Is Serik at home? - Серікүйдеме?

- Yes, he is. - No, he isn’t.

- Иә. - Жоқ.

Is it raining now? – Қазір жаңбыр жауып тұр ма?

- Yes, it is. - No, it isn’t.

- Иә. - Жоқ.

Do you get up early? – Сіз ерте тұрасыз ба?

- Yes, I do. - No, I don’t.

- Иә. - Жоқ.

Do you often go to the movies? – Сіз киноға жиі барасыз ба?

- Yes, I do. - No, I don’t.

- Иә. - Жоқ.

Do you have any money with you? – Сіздің өзіңізде ақша бар ма?

- Yes, I do. - No, I don’t.

- Иә. - Жоқ.

Do you live in Omsk? – Сіз Омбыда тұрасыз ба?

- Yes, I do. - No, I don’t.

- Иә. - Жоқ.

Did you see Laura last Sunday? –Сіз өткен жексенбіде Лаураны көрдіңіз бе?

- Yes, I did. - No, I didn’t.

- Иә. - Жоқ.

Did they go to spain last summer? – Сіз өткен жазда Испан еліне бардыңыз ба?

- Yes, they did. - No, they didn’t.

- Иә. - Жоқ.

Has he spoken to Asanov? – Ол Асановпен сөйлесті ме?

- Yes, he has. - No, he hasn’t.

- Иә. - Жоқ.

Was it warm yesterday? - Кеше күн жылы болды ма?

- Yes, it was. - No, it wasn’t.

- Иә. - Жоқ.

May I ask you a question? - Сізгесұраққоюғаболама? (Мен сізге сұрақ қоя алам ба?)

- Of course, you may.

- Иә, әрине.

May I talk to you? – Сізбен сөйлесуге бола ма?

- Of course, you may.

- Иә, әрине.

Мысалдардан көргеніміздей, қысқа (келісім) жауаптарда қысқартылған форма (I’m, I’ve және тағы басқа) ешқашан қолданылмайды. Алайда болымсыз қысқа жауаптарда көмекші және модаль етістіктердің формалары жиі қолданылады. Ағылшын тілінің ауызекі сөйлеу тілінде қазақ тіліндегідей «иә» немесе «жоқ» (yes, no) сөздерімен жауап беруге болады. Бірақ (ағылшын тіліңде) мұндай сөз қолданысы тілдік нормаға жатпайды.

Практикалық сабақ 36-40

Тақырып: Тамақ, тағам.

Грамматика: ThePresent Simple tense.

Оқу: Food and meals.

Мақсаты: тілдік тәжірибелеріне, проблемалық жағдаяттарға сүйене отырып, диалог және монолог сөз түрінде сөйлеуді меңгеу.

Көрнекі құралдар: дидактикалық материалдар

I. Грамматика:

Present Simple.

Present Simple шағы осы шақтағы күнделікті, қайталанып отыратын іс әрекетті білдіреді. Present Simple тұйық етістіктен «to» демеулік шылауынсыз жасалады. Тек 3- ші жақ жекеше түрде \ -s,es \ жалғаулары жалғанады.

P.S.= V1 (s,es)

E.g. I go to the University every day.

You go to the University every day.

He\she\ goes to the University every day.

We

You } go to the University every day.

They

Present Simple шағында болымсыз және сұраулы сөйлемдер «do», «does» көмекші етістіктері арқылы жасалады.

I

E.g. Do you go to the University every day?

we

they

Does he go to the University every day?

Present Simple шағында жалпы сұрақтың жасалуы және қысқа жауаптар.

E.g. Do you have English classes every day? - Yes, we do.

Yes, we have two English classes every day.

Does he study the theory of state and law? - Yes, he does. Yes, he studies the theory of state and law.

Do they go to the library on Sunday? - No, they don’t.

They don’t go to the library on Sunday.

Does she speak English well? - No, she does not.

No, she does not speak English well.

Present Simple шағында «usually», «often», «sometimes», «every day», «every week», «every month» мезгіл пысықтауыштары мен үстеулері қолданылады.