Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби баытталан шетел тілі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
273.54 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика, филологияжәне тарих» факультеті

«Кәсіби бағыттылған шетел тілі» пәні бойынша

оқу - әдістемелік кешені

Қызылорда, 2015 ж.

I. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ДАЙЫНДАЛДЫ

Құрастырғандар:

ф.ғ.к., профессор __________ Атажанова З.

Магистр ________________ Қалдыбева Р.Т.

Магистр ________________ Қадырова Г.

«___»______________2015 ж.

II. Кафедра мәжілісінің отырысында талқыланды

Кафедра меңгерушісі _______________ Нұрсұлтанқызы Ж.

Хаттама № _________ «___» _____________ 2015 ж.

ІІІ.ФАКУЛЬТЕТТІҢЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫ ЖӘНЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ КОМИТЕТІНІҢОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛІП, ЕНГІЗІЛДІ

Комитет төрайымы _______________ ф.ғ.к. Байдаулетова А.Ө.

Хаттама № _________ «___» _____________ 2015 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

1. «Шетел тілі» мамандықтары тобы бойынша «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері» университетінің оқу әдістемелік секциясы әзірлеген және ұсынған.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ 22.06. 2006 ж Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі кеңес жиналысыныңхаттама шешімімен Бекітілген және Пайдалануға рұқсат етілген.

З. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 11..05.2005ж. №289 бұйрығымен бекітілген.

4. Типтік оқу бағдарлама - "Шетел тілі" мамандығы бойынша 3.08.269-2006 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫна сәйкес құрастырылған.

5.Типтік оқу бағдарламаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды.

Түсінік хат

Егемен Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси салалрындағы жаһандық өзгерістер мамандарды дайындауда жоғары талаптардың қойылуына алып келе жатыр. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар аясының кеңеюі – шетел тілін оқытуды дербес мемлекеттік міндет ретінде ұсынып отыр. Шетел тіліне оқытудың жаңа мазмұны қазіргі шарттарға сәйкес бірнеше шетел тілдері шеңберінде мамандардың халықаралық қатынаста болу қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы білімдік оқу пәні ретінде шетел тілібойынша жасалған бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі бекіткен – «Шетел тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік стандартқа сәйкес жасалған және соған сәйкес мамандарды дайындайтын университеттерге, институттарға және факультеттерге арналған.

Жалпыбілімдік пән ретінде шетел тіліне оқытудың мақсаты студенттердің әлеуметтік – жетерлі қарым-қатынас құзырлығын қалыптастыру болып табылады. Қарым-қатынастық құзырлық деп, - халықаралық деңгейде шетел тілінде сөйлеуге қабілеттілігі мен дайындығын айтамыз.

Қарым-қатынастық, мәдени түрде бағытталған оқыту мақсаты лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу) және әлеуметтік – мәдени компоненттерді қамтитын қиын интегративті бүтіндікті білдіреді.

Лингвистикалық компоненттердің мазмұнын төмендегілер құрайды: - оқып үйренетін тілдің лексикалы, грамматикалық құбылыстары және сол тілдің заңдылықтарын студенттер кәсіби коммуникативтік әрекетінде қолдана білуі.

Дискурсивтік компоненттің мазмұны: - нақтылы әлеуметік контексте тауып айтылған тілдік және тілдік емес құралдарымен берілген нақтылы серіктесі, өзге мәдениет өкілі мен коммукативтік ниетті іске асыра білудің іскерлігін болжайды.

Мәдени-әлеуметтік компоненттің мазмұнына: - оқып үйренетін тіл елінің дәстүрін, таихын, мәдениетін, заң ережелерін және тіл өкілдерінің әлеуметтік мінез-құлық ережесін білу кіреді. Оларды коммуникативтік және кәсіби әрекетінде іске асыра білу керек.

Екінші тілге оқыту деңгейлі тәсілді қолданатын шетел тілін білудің халықаралық стандарттардың талаптарына сай жүргізіледі. Оқытудың бірінші және екінші жылдарында еуропалық «бастамалық» деңгейге – А1,А2,В1 деңгейлеріне қол жеткізіледі.

Бірінші оқу жылында (1-2 семестр) сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлері: тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу, жазу бойынша еуропалық стандартының А1 және А2 деңгейлері қалыптасады.

Екінші оқу жылында (3 семестр) сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша еуропалық стандартының В1 деңгейі қалыптасады.