Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Трбие Воок шыару.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.51 Mб
Скачать

5.Еңбек және экономикалық және экологиялық тәрбие.

Аталған бағыт бойынша 7 " В" сыныбы мектепшілік тазалық күндерінен қалмай атсалысады. Сыныптың еңбек секторлары сенбілікке керекті құрал- саймандарды алдын - ала оқушыларға бөліп, терреторияларын тазалайды. Жыл басынан бері оқушылар кезекшілікке дағдыланған. Оқу кабинетті тазалауда әсіресе ұлдар белсенділік танытады.Ал, экологиялық тазалықты сақтап, табиғатты аялап, тамашалау мақсатында Алматы қаласындағы Тұңғыш Президент саябағына сыныппен барып қайттық.

Сонымен қатар, Чернобыль атомды станциасының 30 жыл толуына орай, тәрбие сағаты өткізілді.

Чернобыль апатына -30 жыл!

Қасіретке айналған алапат жарылыс

1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.

Чернобыль апатының ауыр салдарынан ақпарат алып, мұндай қателіктердің алдын -алу керек деп қорытындыладық.

Төтенше жағдайға дайынсың ба?

Мақсаты: Оқушылардың төтенше жағдайда бір- біріне қамқор бола білу  қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілікке шақыру және төтенше жағдайдың денсаулығына зиян тигізуін мұқият түсіндіру.

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеп соғатын немесе денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізу объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және тағы басқалар табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары) Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар: өнеркәсіп, көлік авариялары, өрт (жарылыс), үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.

Абдулазимова Малика мен Сайлауғазы Мирас жүргізуші

Төтенше жағдайлар кезіндегі жағдаятқа оқушылардың өзара дайындағы

( Көрініс)

" Табиғат сұлулығы- тіршілік көзі"

Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы түсінігін анықтау, табиғат – адам өмірінің тірегі екенін оқушы санасына жеткізу, оқушыларды табиғатты сүюге, оны қорғауға үйрету.

Қараша айындағы демалысты тиімді өткізу мақсатында Сарыарқа кинотеатрына барған сәт...

«Бабалар салған сара жол – Ата Заңы елімнің!»

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған 7 - сынаптар арасындағы эстафеталық жарыс.

Мақсаты: Еліміздің Ата Заңы – ҚР Конституциясын дәріптей отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Мектеп оқушыларының тарихи танымын мәдениетпен ұштастырып, спорттық шеберліктерін шыңдау. Сыныптардың өзара жолдастық сезімін нығайтып, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау.

Қатысатын командалар: 7 « А,Б,В,Г» сыныптары

7 «А» сынып оқушылары « Толағай» тобы

7 « Б» сынып оқушылары « Барыс» тобы

7 « В» сынып оқушылары « Қайрат» тобы

7 « Г» сынып оқушылары « Қыран» тобы

7 « Б» сынып оқушысы орындауында күй « Адай»

7 сынып оқушыларының сахналық көрінісі « Бабалар салған сара жол – Ата Заңы елімнің!»

Би « Қара жорға»

Ән « Қазақ елі осындай!»

Эстафета кезеңдері бойынша жарыс

Қорытынды сөз ( Құрметті қонаққа)

МарапаттауЭстафеталық жарыс кезеңдері:

Таяқша тасымалдау;

Допты жетелеу;

3)Допты кедергілерде еденге соғып,тбарып қайту;

Секіртпенмен секіру;

5)Теннис ракеткасымен жүгіру;

6)Қаппен секіру;

7)Арқан тартыс.

Жарыстың өтілу тәртібі:

5 ұл, 5 қыз( жүру тәртібі, формасы

7 " А,Б,В,Г" сынып командалары

7"В" сыныбы "Қайрат" командасы арқан тарту үстінде

"Қайрат" командасының бас жүлде кубокты жеңіп алған қуанышты сәті

Әр сынып осындай қабырға газеттерін шығарды.

МИФ апталығында алгебра пәні мұғалімі Ибраева Асылайдың ұйымдастыруымен өткен 7 "В,Г" сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс өтіп, 7 "В"сыныбы жеңіске жетті.

Жаңа жылда 7 "В" сынып оқушылары

Сонымен қатар қысқы демалыста ата- аналармен бірлесіп, "Медеу" мұз айдынына балалардың достық қарым- қатынасын нығайту мақсатында,табиғатқа серуен ұйымдастырдық. Медеу мұз айдынына 19 оқушы барды. Ауа райы өте тамаша, балалардың табиғат аясында демалуына қолайлы болды.

7 "В" белсенді қыздары

Көңілді сәттен көрініс

Республикалық" Бал бұлақ" журналына МЕДЕУ...О-О-О!.....деп шықтық

Ұлы даланың - ұлықты ұлдары мен қыздары!

танымдық сайыс сабағы. ( Тарих апталығынан тыс)

Сайыстың мақсаты:

7 -сынып оқушылары арасында Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін,Отаннын қастерлеп сүюге тәрбиелеу.

7 " А,Б, В, Г" сынып оқушылары өтініші бойынша ұйымдастырылған сайыс. 7 " В" сыныбы екінші рет ұйымдастырылып отырған сайыста 3- орын иемденді.Тарих пәнінен ең мықты сыныпты анықтау мақсат болатын. (Апталық барысында өткен интеллектуалдық сайыста 7" В" сыныбы 1- орын иеленді.)

Сенбі күні оқушылармен Сарыарқа кинотеатрына барып, " Кунг-Фу Панда" тамашалап қайттық.

Айдарбекұлы Айбар, Кожатаев Адлет, Сайлауғазы Мирас, Серікпаев Асылжан