Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Трбие Воок шыару.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.51 Mб
Скачать

Республикалық " Ақ Желкен" журналының мамыр айындағы басылымына шықты.

Оқушылар " Солдат" биін билеуде

Кештің құрметті қонақтары, ауған соғысының ардагерлері Абилкасимов Егемберді Даирбекұлы, Курбанов Нияз Ажиевич, Асимов Минамжан Махсутович, Матнаев Айдар Адильбаевич оқушылардың шығармашылығымен танысып, сан түрлі сауалдарына жауап беріп, Отанын қорғауға шақырды.

Ауған жерінде қаза тапқан қандастарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Көрермен ретінде ауған соғысы ардагерлерімен қатар, мектеп директоры Мусаева Қалдықыз Айтжанқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аскерова Гүлжаухар Нұрсеитқызы, 7 "В"оқушыларының ата- аналары мен өзге сынып оқушылары сынып оқушыларының ортаға салған өнерін тамашалады.

Кеш барысында ардагерлер түрлі естеліктер айтып, қазіргі ұрпақтың басты міндеті оқу екендігін нықтап тапсырды.Тек тәрбие мен білімді ұштастырғанда, келешегіміздің кемел жастары өздерің боласыңдар,- деп жігерлендіріп, еңбектенуге шақырды.Сонымен қатар, көрермендер ардагерлерге түрлі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын естіді.

Тәрбие сағаты кезең - кезеңімен ұйымдастырылып, сынып оқушылары түгелдей сабаққа қатысып, көрермен көзайымы болуға тырысты. Тәрбие сағаттарында оқушының шығармашылығын оята отырып, тұйық баланың ашылуына, өнерін ортаға салуына толық мүмкіндік болды. Сынып ұлдары арнайы әскери формада " Солдат" биін орындап, түрлі әскери қимылдарды жасап, көзі қарақты көрермен көңілінен шықты. Кеш барысында домбырамен күйін күмбірлетіп, ән шашуын шашып, " Ауғанға кеттің сен ұлым" - деп көз жасына ерік берген, жалғыз басты ана ролін сомдап, сынып оқушылары актерлік шеберліктерін шыңдағандай болды. Оқушылар сахнада жүректен шыққан өлең жолдарын да паш етті. Кешті қорытындылай келе, ауған соғысы ардагері Абилкасимов Егемберді Даирбекұлы өз атынан алғысын білдіре отырып, Алматы қаласы әкімшілігі жанындағы Ауғанстан және жергілікті әскери қақтығыстар үйлестіру кеңесінің төрағасы М. Абдушкуровтың сынып жетекші Н.С. Қамшыбековаға арнайы алғыс хатын оқып табыстады. Кешті мектеп - гимназия директоры Мусаева Қалдықыз Айтжанқызы қорытындылап, ардагерлердің уақыт бөліп, 7 " В" сыныбы оқушыларының өнерін тамашалап, кездесуге қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

2.Рухани- адамгершілік тәрбие.

 

 Мақсаты: Өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістіретін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыру.

Міндет: Өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның моральдік қасиеттерін қалыптастыру.

Нәтижесінде: Ізгілікті адамгершілікке жат әркеттер туралы түсінік қалыптасады, өз ойын ашық айтатын тұлға тәрбиеленеді.

Сынып жетекші ойы

ХХІ ғасырдың ғасырлық келбеті жаһандық мәселелердің шешімі күрделілігімен тарих бетінде қалатыны анық. Сансыз сауалды көкейге кернеткен не күрделілік? Қайдан шыққан күрделілік? Күрделіліктің бастауы неде? Міне сауал? Әрине тәрбиеде... Адамзат үшін басты проблема тәрбиенің дұрыс,бұрыстығынан келетінін әлем данышпандары сонау замандарда-ақ мойындады емес пе? Сондықтан мен де ғылымның атасын "Тәрбие" дер едім, кішкене ойлы педагог ретінде. Бұл кіршіксіз мамандыққа махаббатымды оятқан кіршіксіз бала сезімі. Не жасасамда барлығы бала үшін... Ол мейлі үлкен болсын, не кейбіреулер үшін түкке тұрғысыз кішкене болар, бірақ бала көңіліне ұнап жатса, сол мен үшін ең үлкен баға деп білем! Десе де тәрбиені тек тәрбие сағаттарына ысырып қоймай, әр сабақта өмірмен байланыстырып, бес минутын жіберсе, одан ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық! Мысалы өз пәнім тарихты алсам, мен зырылдатып жыл жаттатып, жаттанды білімді санасына сіңіргеннен гөрі, қорытындысы өмірлік азық болар, мен білетін құндылықтарды айту арқылы бала жадына ой салу менің басты миссиям секілді көремін.

Жаһандық өзгеріс ғылым мен техника, дін мен ділде ылаң бергенде, кім болсын өзінің ұлттық болмысын жоғалтқысы келмейтіні хақ. Осындайда дана халқымыз ұлт болашағы -ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамағаны етенеден белгілі. Ділге біткен асыл қасиет "Тәрбие - тал бесіктен" деп, сәби күнінен- ақ тәрбиесіне аса мән берген. Тәрбиенің діңгегі -отбасы болса, саясын жайқалтар қоғам мен орта, мектеп екені даусыз. Алайда жоғарыда аталған тәрбие тірегінің бірінен қателік кетсе, орны толмас өкінішті істерге кенелтуі әбден мүмкін. Осы орайда, өмірлік қағиданың ақ пен қарасын, жақсы мен жаманның ара- жігін ажырата білетін ұстаздан, мықты шәкірт тәрбиесі кемелденетін дәлелдеп жүрген «Қуатты Қазақстан» қорының президенті Әуелбай Мұхит Асанұлы мектебімізге арнайы қонаққа келіп, «Мәңгілік ел – жаңа форматтағы алтын ғасыр ойлау жүйесі» атты семинар баяндамасын оқыды. «Бір күнде – бір жақсылық жасайық: 1+1+...» акциясы ұйымдастырылды.