Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Трбие Воок шыару.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.51 Mб
Скачать

Сынып жетекші Алматы қаласының бүгіні мен өткенінен ақпар беруде...

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойында елге, туған жерге деген махаббатын жандандырып,Алматы қаласының тарихымен таныстыра отырып, шығармашылыққа, тазалыққа шақыру;

Ару қала, мәдениет пен ғылымның ордасы, оңтүстік астанамыз Алматы қаласының тарихына қысқаша шолу. Сонымен қатар, географиясы, халқына ақпар берілді.Жалпы, Алматы қаласының сегіз ауданына ақпарат берілді.Алмалы ауданы,Алатау ауданы,Әуезов ауданы,Бостандық ауданы,Жетiсу ауданы,Медеу ауданы,Наурызбай ауданы, Түркісіб аудандарымен танысты. Сабақ барысында "Мен өскенде Алматыны қалай өзгертем?" деген сауалға сынып оқушылары өз ойларын айтты.

Сайлауғазы Мирас пен маликов Ринат көрініс көрсетіп отыр

Орынбеков Мағжан "Алма бақты гүл Алматы- ару қалам!" атты тәрбие сағатында жүргізушілік қабілетін сынап көріп жатқан тұсы.

1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні.

1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, « Біздің Елбасы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Сабақтың мақсаты:

1.Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып –өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы, кітаптары туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3.Шәкірт жүрегінде өз Отанына, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;

Елбасымыздың кітаптары:

1.Еуразия жүрегінде.

2. Ой бөлістім халқыммен.

3.Қазақстан жолы.

4. Ғасырлар тоғысында.

5. Бейбітшілік кіндігі.

6. Тарих толқынында.

7. Жүз жылға татитын -10 жыл.

8. Тәуелсіздік белестері.

9. Қалың елім, Қазағым!.

10. Тарих тағылымдары және қазіргі заман. және т.б

Қорытынды:

Оқушылар Елбасымыздың өмір жолымен танысып, өздері шығармашылық тұрғыда ізденіп, Елбасымыз да барлық оқушылар сияқты оқып, қарапайым отбасынан шыққанын, табанды еңбек пен білімінің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің тұтқасын нық ұстап, әлемге паш етіп отырғандығын білді.

"Ерліктері ұрпаққа ұран - Ауған соғысы ардагерлері!" Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға еліміздің тарихымен байланысы бар, Кеңес Одағы тұсындағы зардабы мол, сұрапыл ауған соғысының тарихи маңызын аша отырып, Отаннын сүйетін, ұлтжанды , жаужүрек , қайсар рухты ,патриот тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету; Шәкірттердің білімін өнермен ұштастырып, әр оқушыны өз беттерінше қоғамдық іс – шараларға белсендіре қатыстыру;

Ауғанстанға Кеңес Одағынан аттанған жауынгер аға буынның ерліктерін дәріптеу арқылы, қазіргі өмір мен тарихы мол сол кезеңдерді салыстыру;

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!

Тарихтан ойып тұрып орын алған, Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс - 10 жыл 10 айға созылды.1979-1989 жылдары Кеңес әскері сапынан жіберілген жауынгер,боздақтардың ауған жеріндегі ерлігі естен кетпес!... Ауған соғысына КСРО құрамынан 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.