Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PKM wpor tolik EMES.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.17 Mб
Скачать

35.Эпоксидті шайыр мен n-метоксиметилденген найлон-6,6 үшін ең тиімді қатайтқышты тап.

Найлон-6,6 дегеніміз полиамидтердің бір түрі. Полиамидтер гетеротізбекті негізгі тізбегінде қайталанатын амидті топтары –CO–NH– бар полимерлер. Олар конструкционды термопласттар тобына жатады, яғни ұзақ уақытқа дейін айтарлықтай күш түсіргенде жұмыс жасайды.

Эпоксид шайырлары молекула құрамында бір немесе бірнеше эпоксидті топтары бар олигомерлер. Эпоксидті қосылыстарды әдетте протондонорлы қосылыстардың (фенолдар, спирттер, аминдер, карбон қышқылдары) эпихлоргидринмен әрекеттесуінен алады. Өндірісте эпоксид шайырларын қатайту үшін қолданылатын фенолды олигомерлер ретінде фенолформальдегидті новолоктар алынады

Эпоксидті шайырларды қатайту үшін екі типті қосылыстар қолданылады:

  • Ыстық типті: реакция 100-200оС-де жүреді

  • Суық типті (аминді): реакция қалыпты температурада жүреді.

Суық типті қатайтқыштарға әртүрлі аминдер (полиэтиленполиамин ПЭПА, триэтилентетрамин ТЭТА, гексаметилендиамин ГМДА, метафенилендиамин МФДА) жатады.

Бұл қатайтқышты қолданған кезде 100 гр шайырға 9-11 гр ТЭТА жұмсайды. Қатайту режимдері: 20-25°C температурада 24 сағат, механикалық қасиеттерін арттыру үшін тағы да 5 сағат 80оС температурада.

ПЭПА қолданған кезде 100 гр шайырға 10-15 гр жұмсайды. Қатайту режимі ТЭТА қолданғандағымен бірдей.

Суық қатайту кезінде ТЭТА қолданған ыңғайлы. Себебі, дұрыстап, режимді сақтап қатайтатын болса, беріктілігі жоғары, біртекті, химиялық таза, мөлдір материал алынады. ПЭПА қолданғанда бұл қасиеттер төмендеу болады, ал материал мөлдір болмайды. Және де бұйым тұрмысқа, тағам немесе сумен байланысты қолданылатын болса, ПЭПА қатайтқыш ретінде алынбайды. Сондықтан да, суық қатайтуда ТЭТА қолданған жөн.

Ал ыстық қатайту кезінде ароматты ди- және полиаминдер (м-фенилендиамин, анилин мен формальдегид конденсациясы өнімдері), дикарбон қышқылдары ангидридтері (фталь ангидриді, малеин ангидриді) қолданылады.

Екі қатайтқышты салыстырса:

Ароматты аминдермен реакция 100—180 °С температурада, 16—4 сағат жүргізіледі. Шайыр мен қатайтқыш қатынасы 100:(15-50) аралығында болады. Ал ангидридтермен процесс 120—180°С температурада, 24—12 сағат, катализатор қатысында өтеді. Қатайтқыш мөлшері шайырдан 50—100% қатынасында алынады. Сонда ароматты аминдерді қатайтқыш ретінде қолданған ыңғайлы, процесс тез өтеді, қатайтқыш аз жұмсалады және катализатор қажет емес.

36. Эпоксидті шайырды қатайту үшін дикарбон қышқылының бір өкілін қолдан. Реакция теңдеуін жазыңыз.

Э.ш.бұл мономерлі, олигомерлі немесе полимерлі қоспалар. Молекулалық құрамында кем дегенде екі эпоксидті тобы бар қосылыс. Э.ш. үшін қатайтқыш ретінде диаминдер, карбон қышқылдарының ангидридтері, дикарбон қышқылдары қолданылады.

Эпоксид шайырларын қатайту үрдісі эпокси топтарының ашылуымен және гидрокси топтардыың түзілуімен жіреді. Содан кейін эфирлік топ пайда болады.

Органикалық қышқылдармен қатайтылған эпоксид щайырлары жоғары берік, электроизоляциялық қасиеттерге ие болады, ал кемшілігі эластикалық қасиеті төмен болады. Осындай қасиеттерәне байланысты бұл заттарды лак бояғыш заттар жасағанда аз қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]