- •1. Полимерлі композициялық материалдар (пкм) туралы түсінік. Мысалдар келтіріңіз (толтырылған, армирленген полимерлер, қоспалар).
- •2.Полимерлі композициялық материалдарға арналған талшықты толықтырғыштардың (шыны, органикалық,көміртекті және басқа да талшықтар) қасиеттерін сипаттаңыз.
- •3. Полимерлі композициялық материалдардың түрлерін сипаттаңыз және олардың классификациясынтүсіндіріңіз.
- •4.Пкм үшін арналған дисперсті толтырғыштардың түрлерін ата және сипаттамаларын бер.
- •5.Пкм алу үшін арналған дисперсті толтырғыштардың (бейорганикалық, полимерлі және т.Б) қасиеттерін түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •6. Пкм алу үшін арналған байланыстырғыштардың қасиеттерін сипаттап, мысалдар келтіріңіз.
- •7. Пкм құруда полимерлі матрица ретінде қолданылатын термореактивті байланыстырушылардың қасиеттерін түсіндіріңіз. Термореактивті полимерлердің негізгі түрлеріне мысалдар келтіріңіз.
- •8.Пкм қолданылатын термопласты байланыстырушылардың негізгі түрлерін ата және сипаттамаларын бер.
- •9. Композитті материалдардың механикалық қасиеттеріне толтырғыштардың әсерін түсіндіріңіз.
- •10. Полимерлердің механикалық беріктігі мен ұзақтығын сипаттаңыз.
- •12. Пкм қасиеттері мен құрылымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •13.Пкм үшін байланыстырушылардың реологиялық және технологиялық қасиеттерін сипаттап беріңдер.
- •14. Полимерлі композициялық материалдардың даму тарихындағы кезеңдердің адамзат өркениетіне әсерінсипаттаңыз.
- •15.Пкм үшін арналған армирлеуші базальтталшықты және керамикаталшықты элементтердің негізгі сипаттамалары және қолдануына мысал келтір.
- •16. Пкм үшін арналған армирлеуші шыныталшық және көмірталшық.
- •17. Армирлеуші органоталшықты және борталшықты элементтердің негізгі сипаттамалары мен олардың негізіндегі пкм қасиеттерінің арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •18. Дисперсті толтырғыштардың пкм қасиеттеріне әсерін түсіндіріңіз.
- •19.Талшықты толтырғыштардың пкм қасиеттеріне әсерін түсіндір.
- •20. Армирленген пкм құрылымы мен қасиеттерін сипаттап, қолданылуына мысал келтіріңіз.
- •21. Толықтырғыш – матрица бөліну шекарасында жүретін үрдістерді түсіндіріңіз.
- •22.Пкм алудағы адгезия мен жұғудың ролін түсіндіріңіз.
- •23. Полимерлердің құрылымдық модификациялау әдісі ретінде пластификацияны түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлердің шынылану және ағу температураларына пластификаторлардың әсерін сипаттаңыз.
- •27. Полимерлердің араласу технологиясын сипаттаңыз, полимерлерді араластыру құрылғыларына мысалдар келтіріңіз
- •28. Полимердің көбіктену үрдісін түсіндіріңіз
- •29 Пкм алу үшін араласу үрдісінің теориясын түсіндіріңіз.
- •30.Пкм құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланысын көрсет.
- •31. Полимерлер және полимерлі материалдардың механикалық қасиеттері мен қолданылатын толтырғыштардың арасындағы байланысты көрсет
- •32. Қағаз негізіндегі қатпарлы пластиктерді зертханада алу технологиясын көрсетіңіз.
- •33. Пластификация. Пкм үшін қолданылатын пластификаторлар мен механикалық қасиеттерінің арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •34.Эпоксидті шайырды қатайту үшін аминді қосылыстарды қолдан. Реакция теңдеуін жаз.
- •35.Эпоксидті шайыр мен n-метоксиметилденген найлон-6,6 үшін ең тиімді қатайтқышты тап.
- •36. Эпоксидті шайырды қатайту үшін дикарбон қышқылының бір өкілін қолдан. Реакция теңдеуін жазыңыз.
- •37.Эпоксидті шайырды қатайту үшін фенолды олигомерді қолдан . Реакция теңдеуін жазыңыз.
- •38.Фенол-формальдегид негізіндегі новолак шайырының түзілу реакциясын жазыңыз. Реагентердің қатынасы мен новалактың реакциялық қабілеті арасындағы байланысты көрсет:
- •39. Көбіктендіру әдісімен алынған пкм қасиеттері мен олардың қолдану салалары арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •40.Пластификаторлардың полимерлердің шынылану және ағу температурасына әсері
- •43.Полимерді араластыру механизмі мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •44.Қысым қатысында құю үрдісін спаттаңыз:қалыптың болқымамаен толтырылуы
- •45.Экструзия. Экструдердің құрылғысы және экструзиялық үрдістерінің негізгі сатыларын тұжырымдап бер.
- •46. Каландрлеу. Каландрлеу үрдісінің негізгі сатыларын тұжырымдап бер:
- •47. Бір сатыда және екі сатыда текстолитті алу кезінде пайда болатын қасиеттердегі айырмашылықтарды түсіндіріп беріңіз.
- •48. Фенол-формальдегидті шайырлар алыну реакциясын жазыңыз. Реакция нәтижесінде алынған резол мен новолакты салыстырыңыз.
- •50.Полипропиленнің асқын тотықты қосылыстармен тігілу реакциясына мысал келтіріңіз.
- •51. Реактопластар мен термопластар негізіндегі пкМның қатаю механизмін салыстырыңыз.
- •52. Поликонденсациялау мен полимерлеудегі қатаю барысын сын бағалаңыз.
- •53.Қатайтқыш жүйелер: қатайтқыштар, қатаюдың катализаторлары, инициаторларды қолдануды сын бағала.
- •54. Қысым қатысында құю әдісімен полимерлер өңдеудің негізгі ерекшеліктерін тұжырымдаңыз.
- •55.Сызықты және торлы құрылымды (тігілген) аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтарының негізгі айырмашылықтарын тұжырымдап бер.
- •57. Көбікті полиуретанның негізіндегі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастырыңыз
- •58.Реактопластардың негізінде престі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастыр.
- •59.Пластифицирленген және пластифицирленбеген аморфты полимердің термомеханикалық қисығындағы
23. Полимерлердің құрылымдық модификациялау әдісі ретінде пластификацияны түсіндіріңіз.
Пластификациялауды материалдың иілгіштігін, пластикалық деформациясын, суыққа төзімділігін, беріктілігін жоғарылату үшін, тұтқырлығын төмендету мақсатында полимерлерді модификациялау әдісі.
Пластификацияда молекулааралық әрекеттесулер азаяды және полимер-пластификатор жаңа байланысының түзілу нәтижесінде молекуланың қозғалғыштығы артады. Пластификация нәтижесінде серпімділік модулі азаяды, полимерлердің ағу температурасы және тұтқырлығы төмендейді. Бұл қатаң тізбекті полимерлерді жай әдістермен бұйымдарға өңдеуге мүмкіндік береді. Полимер мен пластификатордың химиялық құрылысы, құрылымы және физикалық күйі, олардың үйлесімділігіне, пластификация үрдісіне тиімділігіне әсерін тигізеді. Аморфты полимерлерді пластификациялағанда ең жоғарғы тиімділікке жетеді. Кристалданатын полимерлерде тек аморфты бөлігі пластификацияланады және пластификация тиімділігі кристалдану дәрежесіне тәуелді болады.
Пластификатор полимермен шексіз және шекті араласа алады. Жақсы үйлесімді пластификатор полимерде молекулалық деңгейде таралып, шын ерітінді түзеді. Полимердегі пластификатордың шын ерітіндісінің қаныққан концентрациясы компоненттердің термодинамикалық ынтықтылығына, пластификация режиміне, өңдеу әдісіне және тасымалдау жағдайларына тәуелді. Полимердегі пластификатордың артық мөлшері жақпа май рөлін атқарады. Пластификтордың полимерде үйлесімділігіне және таралуына байланысты пластификацияны молекулалық және пластификатордың шекті үйлесімді пластификациясы деп бөледі.
Молекулалық пластификацияда полимерге енгізілген пластификатор полимерде молекулааралық әрекеттесуді төмендетеді, макромолекуланың иілгіштігін және қозғалғыштығын арттырады. Бұл шынылану,ағу,морттылық темп-ның сонымен қатар,тұтқырлықтың, беріктілігінің, қаттылығының төмендеуіне әкеледі. Дайын бұйымдардың физика-механикалық сипаттамаларын төмедетпей, полимердің өңделуін жақсарту мақсатында уақытша пластификацияны қолданады. Уақытша пластификацияда полимерге енгізілген модификаторлар тек өңдеу сатысында ғана пластификатор рөлін атқарады. Химиялық айналулар нәтижесінде торлы немесе гетерогенді құрылымды физика-механикалық сипаттамалары жоғары модифицирленген полимер түзіледі.
Көп қолданылатын пластификаторлар: ароматты қышқылдардың эфирлері, алифатты қышқылдардың эфирлері (адипинаттар, себацианаттар, стеараттар), монокарбон қышқылдары мен гликольдердің эфирлері және т,б жатады.
24. Полимерлердің шынылану және ағу температураларына пластификаторлардың әсерін сипаттаңыз.
Пластификация сұйық заттарды (пластификаторлар) енгізу арқылы иілгіштігін, пластикалық деформациясын, суыққа төзімділігін, соғуға беріктілігін жоғарылату және полимерлік материалдарды қайта өңдеуін жақсарту үшін тұтқырлығын төмендету мақсатында полимерлерді физикалық модификациялау әдісі.
Пластификация молекулааралық әрекеттесулер азаяды және полимер – пластификатор жаңа байланысының түзілу нәтижесінде полимерде молекуланың қозғалғыштығы артады.
Пластификация нәтижесінде серпімділік модулі азаяды, полимерлердің ағу температурасы және тұтқырлығы төмендейді. Бұл қатаң тізбекті полимерлерді жай әдістермен бұйымдарға өңдеуге мүмкіндік береді. Көп жағдайларда бұл екі мәселені бірден шешуге болады.
Полимер мен пластификатордың химиялық құрылысы, құрылымы және физикалық күйі, олардың үйлесімділігіне, пластификация үрдісіне және оның тиімділігіне әсерін тигізеді.
Полимердің шынылану Тш және ағу Та температурасы пластификатордың концентрациясын арттырған сайын төмендейді. 4.10-суретте көрсетілгендей пластификатордың аз мөлшерінде шынылану температурасы Тш аққыш температурасына Та қарағанда бірден төмендейді. Сонда Та - Тш айырымы өседі, әрі қарай пластификатордың концентрациясын арттырғанда аққыш температурасы Та төмендейді, ал Та - Тш айырымы кемиді. Кейбір пластификаторлардың қатысында Та - Тш айырымы белгілі бір пластификатордың концентрациясына дейін өзгермейді, сосын төмендей бастайды. Кейде пластификатордың белгілі бір мөлшерінде Та - Тш айырымы нөлге тең болады. Бұл ағу температурасы мен шынылану температурасының тең Та = Тш екенін көрсетеді, яғни пластифицирленген үлгі ешқандай температурада жоғары эластикалық күйде болмайтынын дәлелдейді.
-
4.10- сурет. Температураның пластификатордың концентрациясына тәуелділігі
Айтылған қорытындылар бойынша полимерге қажет мөлшерлі пластификатор енгізу керек, яғни Та - Тш айырымы азаймауы қажет. Әдетте, бұл пластификатордың концентрациясы полимер салмағының 20-30 %-ын құрайды.
Кристалды полимерлерге пластификаторды енгізу, оның шынылану температурасын Тш төмендетіп, ал аққыш температурасына Та онша әсер етпейтінін көрсетеді. Аморфты полимерлер пластификаторларға өте сезімтал. Олардың аққыш Та және шынылану Тш температуралары бірден біршама төмендейді.
25. Полимер қасиетіне пластификаторлардың әсерін түсіндіріңіз.
Пластификаторлардың полимерлердің шынылану және ағу температурасына әсері
Полимердің шынылану Тш және ағу Та температурасы пластификатордың концентрациясын арттырған сайын төмендейді. 4.10-суретте көрсетілгендей пластификатордың аз мөлшерінде шынылану температурасы Тш аққыш температурасына Та қарағанда бірден төмендейді. Сонда Та - Тш айырымы өседі, әрі қарай пластификатордың концентрациясын арттырғанда аққыш температурасы Та төмендейді, ал Та - Тш айырымы кемиді. Кейбір пластификаторлардың қатысында Та - Тш айырымы белгілі бір пластификатордың концентрациясына дейін өзгермейді, сосын төмендей бастайды. Кейде пластификатордың белгілі бір мөлшерінде Та - Тш айырымы нөлге тең болады. Бұл ағу температурасы мен шынылану температурасының тең Та = Тш екенін көрсетеді, яғни пластифицирленген үлгі ешқандай температурада жоғары эластикалық күйде болмайтынын дәлелдейді.
-
4.10- сурет. Температураның пластификатордың концентрациясына тәуелділігі
Айтылған қорытындылар бойынша полимерге қажет мөлшерлі пластификатор енгізу керек, яғни Та - Тш айырымы азаймауы қажет. Әдетте, бұл пластификатордың концентрациясы полимер салмағының 20-30 %-ын құрайды.
Кристалды полимерлерге пластификаторды енгізу, оның шынылану температурасын Тш төмендетіп, ал аққыш температурасына Та онша әсер етпейтінін көрсетеді. Аморфты полимерлер пластификаторларға өте сезімтал. Олардың аққыш Та және шынылану Тш температуралары бірден біршама төмендейді.
Пластификациялау механизмі полимердің мол.ірі құрылымына, полимер мен пластификатордың хим.құрылысына, олардың термодинамикалық үйлесімділігінде және процестің шарттарына байланысты. Полимер мен пластификатордың термодинамикалық үйлесімділігіне байланысты пластификация екіге бөлінеді:құрылымаралық және құрылымішілік. Құрылымішілік пластификацияда пластификатор молекуласы полимерлік құрылымның ішіне оңай өтіп, біртіндеп оны бұзады. Құрылымішілік пластификацияда пластификатор полимердің кез келген мөлшерінде шын ерітінді түзіп, макромолекуланың конформациясына және иілгіштігіне әсер етеді. Құрылымаралық пластификацияда пластификатор молекулалары құрылымаралық бөлу бетіне адсорбцияланып, жұқа мономолекулалы қабат түзеді. Соның нәтижесінде молекуладан ірі құрылымның жылжымалылығы артады.
