Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PKM wpor tolik EMES.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.17 Mб
Скачать

1. Полимерлі композициялық материалдар (пкм) туралы түсінік. Мысалдар келтіріңіз (толтырылған, армирленген полимерлер, қоспалар).

Жалпы композиттик материалдар деп – екі немесе одан да көп компоненттерден құралған материалдар. Компоненттер – талшықтар, армирлеуші немесе байланыстырғыш матрица. Композитті материалдардың негізі металдық, керамикалыұ және полимерлі болады. Ал полимерлі композитті материалдар дегеніміз негізі яғни матрицасы полимерден болған материалдар. Композитті материалдар алудың мақсаты – екі компонентті қосу арқылы, сол екі компоненттен қасиеті өзгеше материал алу. Композиттік материалдардың құраушылары геометриялық белгілері бойынша әртүрлі болады. Оның ішінде материалдың механикалық қасиеттеріне жауап беретін армирлеуші элемент(толықтырғыш) және біртұтас көлемде таралатын негізгі компонент матрицасы болады. Матрица бұйымға қажетті пішін беріп, композитті материалдың жаңа қасиеттерін туғызуға ықпал етеді, армирлеуші элементті зақымданудан, әртүрлі сыртқы факторлар әсерінен қорғайды. Матрица ретінде металдар мен олардың қорытпалары, бейорганикалық және органикалық полимерлер, керамикалық, көміртектік және басқа да материалдар қолданылады. Матрицаның қасиеттері композицияны құру үдерісінің технологиялық параметрлерін және оның қолданыстық қасиеттерін: тығыздығын, беріктігін, агрессивті орта әсеріне төзімділігін, айқындайды.Толықтырғыш немесе армирлеуші компонент матрицада әркелкі таралады. Әдетте, олар жоғары беріктігімен, қаттылығымен және серпімділік модулімен ерекшеленеді және осы қөрсеткіштеріне байланысты матрицадан едәуір басым тұрады. Жеңілдетілген әрі жақсартылған қасиеттерінің арқасында бұл материалдар тобы қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Бір материал құрамына бірнеше матрицаны (полимерлі композиттік материалдар) немесе табиғаты әр түрлі толықтырғыштарды пайдалану оның қасиетін реттеу мүмкіндігін және қолданыс аясын кеңейтеді.Толықтырғышты матрица құрамына енгізу материал құрамы мен құрылымының өзгерісіне алып келеді. Ал бұл өзгеріс өз кезегінде материалда жаңа қасиеттердің пайда болуына әкеледі. Алайда, толықтырғыштарды қосу белгілі бір ережелер сақталған кезде ғана жүзеге асырылады. Толықтырғыш пен матрица арақатынасы, бір-бірінде еру мөлшері, қасиеттері мен құрылымының сәйкестігі, бұл композитті материалдар алуда ескерілетін негізгі талаптар болып табылады. Жоғарыда аталған заңдылықтар сақталған жағдайда талапқа сай технологиялық және экспуатациялық қасиеттерге ие материалдар алуға жол ашылады. Көптеген композиттік материалдардың қасиеттері бастапқы компоненттерге қарағанда әлдеқайда жақсартылған болады. Композиттердің механикалық қасиеті армирлеуші элемент пен матрицаның қатынасына және олардың арасындағы байланыстың беріктігіне байланысты. Материалдың жұмыс істеу қабілеті мен эффективтілігі компоненттерді дұрыс таңдау және оларды алу технологиясына тікелей тәуелді болады. Композиттік матриалдар химиялық құрамына қарай металдық және металлдық емес (бейметалдық) болып екіге бөлінеді. Және де толықтырғыш геометриясына қарай және оның матрицада орналасуына немесе компонент табиғатына байланысты бірнеше топқа бөлінеді

Толықтырғыш геометриясына қарай:

· үш өлшемдегі көлемі бірдей тәртіптегі нөл шамалы ұсақ толықтырғыштар;

· өлшемдерінің бірі басқа екеуінен өзгеше, яғни үлкен болатын бір өлшемді толықтырғыштар;

· екі өлшемі үшіншісіне қарағанда анағұрлым үлкен екі өлшемді толықтырғыштар болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]