- •44. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын атаңыз.
- •45. Әлеуметтік саясаттың моделдеріне тоқталыңыз
- •46. Қазақстанның аймақтық саясатының мәнін ашыңыз.
- •47. Тұрақты экономикалық даму тұжырымдамасының мазмұнына тоқталыңыз.
- •48. "Нөлдік экономиклық өсу" тұжырымдамасына тоқталыңыз
- •49. Экономмикалық өсу факторларының жіктемесін келтіріңіз.
- •50. Еңбек нарығы дегеніміз не?
46. Қазақстанның аймақтық саясатының мәнін ашыңыз.
Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек: - аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс; - бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ; - басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ; - аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады .
47. Тұрақты экономикалық даму тұжырымдамасының мазмұнына тоқталыңыз.
«Тұрақты экономикалық даму» тұжырымдамасы (Рио-де-Жанейро).Тұрақты даму идеясы алғаш рет 1987жылы қоршаған орта және даму бойынша Халықаралық комиссиясының дайындаған «Біздің ортақ келешегіміз» баяндамасында тұжырымдама ретінде аталған. Тұрақты даму бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін, бірақ келешек ұрпақты тұтыну мүмкіндіктерінен айырмайтын даму ретінде анықталған. Рио-де-Жанейродағы 1992 жылы өткен Жер планетасының проблемалары жөніндегі жоғары деңгейдегі конференция бұл тұжырымдаманы нақты мазмұнмен толықтырды: іс-әрекеттің басым бағыттары жасалған, «XXI ғасырға арналған күн тәртібі» атын иеленген, тұрақты дамуға жетудің іс-әрекет жоспары мен қажетті бағыты белгіленген. Келешек ұрпақты тұтыну мүмкіндіктерінен айырмайтын, бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін даму, тұрақты даму ретінде анықталған.
Тұрақты даму келесі критерийлерге бағытталуы тиісті:
- экономика саласында – үздіксіз сандық өсу емес, экономикалық жүйенің тұрақтылығына жету, оның қоғам мен мемлекеттің ұзақ мерзімді талаптарына сәйкес болуы, сандық өсуден дамуға көшу. Даму потенциалды мүмкіндіктерді кеңейту немесе іске асыруды, қарқынды, толығырақ болуды емесе өз жағдайынды жақсартуды, сапалы жақсырақ болуды білдіреді;
- адамдар өмірінің сапасын көтеру саласында – белгілі бір деңгейге дейін өсетін, содан кейін тұрақты болатын адамдардың ал-ауқаттылығы; жеке қауіпсіздіқ кепілдігі, сапалы білім алу мүмкіндігі, сапалы медициналық қызмет көрсету, мәдени даму мүмкіндігі, ақпараттың ашықтығы, барлық салаларда еркіндік деңгейлерінің көптігі, жайлы қоршаған орта, қоршаған ортаға антропогендік салмақтың төмендеуі.
48. "Нөлдік экономиклық өсу" тұжырымдамасына тоқталыңыз
Осы тұжырымдамаға сәйкес шикізаттық, энергетикалық және басқа да ресурстардың шектілігі адамзаттың жақын арада оларды тауысуына әкеледі. Осыған жол бермеу үшін «нөлдік өсуге», яғни тек материалдық игіліктерін ғана емес, сондай-ақ тұрғындарды да қарапайым қайта өндірісіне өткізу қажет. «Нөлдік экономикалық өсу» тұжырымдамасының пайда болуы алдынғы екі онжылдық ішінде болған экономикалық динамиканың негізгі тенденцияларының ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарындағы өзгерістерімен байланысты. Бұл кезде «ескі» өнеркәсіптік елдері соғыстан кейінгі ұзақ созылған тездеткен экономикалық өсу кезенінің апогеясына жетті. Ұлттық деңгейде де, әлемдік масштабта да тұрақсыздық пен белгісіздік ұлғайды. Әлемдік шаруашылықта интернацияландыру процесстері тереңдеп жалғаса түсті. Ғылыми-техникалық революцияның кері зардабы болып қоршаған ортаның деградациясы шықты. Рим клубының өкілдері (1968 жылы құрылған және өз қатарына ғалымдарды, қоғамқайраткерлерін, бизнесмендерді біріктірген ресми емес ұйым) әлемдік дамудың белгіленген ағымдарын тез арада түземесе, адамзаттың даму келешегі күдікті деп есептеді. Оңтайлы деп келесі стратегиялармен көрсетілетін әлемнің тұрақталған моделі есептеледі:
- тұрғындардың саны өлгендердің санына теңестіріліп қарастырылады, сондай-ақ, өнеркәсіптік капиталға инвестиция да оның өтеліміне теңдестіріліп қарастырылады;
- техникалық прогресстің стратегиялық жиынтығы өзіне келесіні қосады: ресурстарды екінші рет қайта өңдеу, қоршаған ортаның жағдайын бақылауды қамтамасыз ететін құралдарды пайдалану, негізгі капиталдың қызмет мерзімін ұзарту және эрозия болып, құнарсызданған жерлерді қайта қалпына келтіру әдістерін пайдалану;
- материалдық өндірістік игіліктерді шығаруды көбейтуден, оған қарама-қарсы қызметтер мен тамақ өнімдерін өндіруге басымдық беруді күшейту.
или
