- •1.Иммунология облысында ашулардың маңыздылығын негіздеңіздер. Иммунологияның мақсаты мен мәселелері.
- •2.Туа пайда болған иммунитеттің маңыздылығын негіздеңіздер.
- •3.Жүре пайда болған иммунитеттің салыстырмалы сипаттамасын көрсетініз. Жүре пайда болған иммунитеттің ерекше түрлері мен қызметтері.
- •4.Клоналды-селекциялық теорияның маңыздылығын дәлелдеңіздер.
- •6.Тимустәуелді және тимустәуелсіз антигендердің арасында қандай айырмашылықтар бар? Әрекеттесетің клеткалардың түрлері мен мағынасы. Үлгісін келтіріңіздер.
- •7.Сәйкестікте ие мен реципиент антигендерді бөліңіздер.
- •8.Антиген түрлердің арасында айырмашылықтар бар ма? Үлгісін келтіріңіздер.
- •9.Детерминант, эпитоп, агретоп бөліктердің маңыздылықты дәлелдеңіздер. Детерминанттарды антигентанушы рецепторлармен анықтау процесті схема арқылы келтіріңіздер.
6.Тимустәуелді және тимустәуелсіз антигендердің арасында қандай айырмашылықтар бар? Әрекеттесетің клеткалардың түрлері мен мағынасы. Үлгісін келтіріңіздер.
Т-тәуелсіз және т-тәуелді антигендер
Антигендердің мұндай екі түрге бөлінуі В-лимфоциттерде антидене түзілуінің шақыруына байланысты жүреді.
Тимус-тәуелсіз антигендер (Т-тәуелсіз) - Т-лимфоциттің және макрофагтардың көмегінсіз В-лимфоциттерде оздігінен антиденелердің түзілуін шақыратынантигендер.
Берілген антигендік детерминантқа арнайы В-лимфоцитгер антигенге тәуелді дифференциялануға түсу үшін (лимфобластқа айналып және сол антигендергс антидене түзетін плазмалық жасушалар клонына бастама беру) екі белгіні алу қажет: I - арнайы. II- пролиферативтік-дифференциялушы. Т-тәуелсіз антигендердің өздері В-лимфоциттердіекі белгімен қамтамасыз етеді. Бірінші - арнайы белгіні В-лимфоциттер иммуноглобулиндік антигеңді танушы рецепторлар көмегімен антигеннің гаптендік бөлігінен алады.Екінші - пролиферативтік - дифференңиялаушы белгіні В-лимфоциттср тасымалдаушылардан алады. Екінші белгінің берілуін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыныңқұрылымы келесі талаптарға сай келуі керек:
жоғары молекулалық салмақ;
молекуланың қатаң сызықты құрылымы;
• молекула полиэлектролит болуы қажет (яғни аттас зарядталған химиялық топшалардан тұруы керек).
Табиғи антигендердің ішінде осы талаптарды қанағаттандыратындар бактериялық полиқанттар (БП) жэне липополиқанттар (ЛП). Олар негізгі Т-тәуелсіз табиғи антигендср болып табылады. Бактериялық полиқанатардан және липополиканттардан басқа табиғи Т-тәуелсіз антигендерге, мысалы, сальмонеллалардың антигендері, пневмококктық полиқанттар, ішек таяқшаларының полиқанттары жатады. Т-тәуелсіз жасанды антигендерге гаптенмен байланысқан полиэлектролиттер жатады. Т-тәуелсіз поликлондықантигендерге В-лимфоциттердің митогендері де (полиқанаттар, лаконос митогені және т.б.) жатады.
Т-тәуелсіз антигендер барлық табиғи антигендердің 10%-ын құрайды.
Табиғи антигендердің көпшілігі шамамен 90%-ы - нәруыздар, соңғы екі талапқа жауап бермейді. Олар тимустәуелді антигендер болып табылады. Т- тәуелді антигендерге: трансплантациялық, тіндік арнайы антигендер, сарысулық нәруыздар, бактериялық уыттар, бөгде эритроциттердің антигендері, көптеген вирус антигендері және тағы басқалары жатады.
Т-тәуелді антигендер (Т-тәуелді) - В-лимфоциттердің антидене түзілісіне міндетті түрде Т-лимфоциттер мен макрофагтардың қатысуын қажет ететінантигендер. Бұл антигенге қарсы сертліс генетикалық негізгі гистосәйкестік кешенімен кадағаланады.
Бұл кезде бірінші арнайы белгіні - В-лимфоциттер гаптеннен ішіды Екінші белгі В-лимфоциттерге Т-хелперлерден түседі. Т-хелперлер макрофагтармен кооперациялану кезінде антигеннің тасымалдаушысын танып, белсенеді және В-лимфоциттердің про-лиферациясы мен дифференциялануын шакыратын медиаторлар -лимфокиндерді бөледі. Ондай цитокиндер ИЛ-2, ИЛ-4, ИЛ-6, IFN-y (В-лимфоциттердің дифференциялануы мен өсуші факторлары) болып табылады. Оның ішінде маңызды рөл атқаратын ИЛ-2. Бұл лимфокиндер В-лимфоциттердің мембранасына әсер етіп, олардың екінші белгіні алуын қамтамасыз етеді. В-лимфоциттің клоны екінші белгіні алғаннан кейін көбейіп, кейін иммуноглобулиндер түзетін плазмалық жасушаға дифференцияланады.
Антигеннің тануы иесінің генотипіне байланысты. Иесінің кейбір антигендеріне жеке ареактивтілік дамуы мүмкін, яғни иесінің Т-лимфоцитімен танылмайды, бірақ В-лимфоцитімен клондары берілген гаптенге антидене түзу қабілеті болсада, ағзаға антиген енгізгенде антидененің түзілуі жүрмейді. Мысал ретінде, алғаш рет Ландштейнер ұсынған жасанды аитигендерді жасау тәжірибесін алуға болады.
Динитрофенол (ДНФ) антиген емес екені белгілі, бірақ табиғи нәруыздың (мысалы. альбуминмен), немесе жасанды полипептидтермен байланысқаннан кейін антигендік қасиетке ие болады. Нәтижесінде, тимустәуелді антиген ретінде танылатын конъюгат алынады. Байланысатын полипептидтің молекула салмағы неғұрлым көп болса, неғұрлым оның құрылымы қатты және ретті болса, соғұрлым алынған аитигеннің тимус тәуелділігі аз болады. Тасымалдаушының аминқышқылды құрамы маңызды, ол антигеннің "тануын" анықтайды. Осылайша, ДНФ коньюгаты (глу-ала-тир) теңіз шошқаларында ДНФ-ке антиденелер түзілуін ынталандырады, бірақ жеке ареактивтілік орны байқалуы мүмкін. ДНФ коньюгаты - бұқа сарысу альбумині де антидене түзілуін тудырады, ДНФ -полилизині ДНФ-ке антиденелер түзілуін ынталандырмайды. Яғни, жануарларда ДНФ-ке арнайы антиденелер түзетін лимфоциттердің клоны болады. Бұл түзілістің жүзеге асуы тасымалдаушының химиялық құрылымына, иесінің лимфоциттерінің генетикалық детерминантталған «тану» қабілетіне байланысты болады.
Теңіз доңыздары, динитрофенол мен А-тасымалдаушысы (ДНФ-А; А және В - әp түрлі химияық кұрамды тасымалдаушылар) коньюгатымен сенсибилизацияланған кезде ДНФ-В-мен емес, ДНФ-А-мен ғана жоғары сезімталдыктың баяу түрінің (Т-жасушалық серпіліс) терілік серпілісін беретіні дәлелденген. Бұл кезде ДНФ-А коньюгатымениммунизациялану ДНФ-В мен әсерлесетін антиденелердің пайда болуына алып келеді. Сонымен, жасушалық иммунитет серпілістері тасымалдаушының арнайылығымен анықталады, ал гуморалдық жауап (антиденелер түзілісі) гаптенді арнайылығыеа ие.
Т-тәуелсіз антигендерге біріншілік иммундық жауап әдетте Т-тәуелдіге Карағанда әлсіздеу және жоғарғы шыңына ертерек жетеді. Екі жағдайда да негізінен lg М класына жататын антиденелер өндіріледі. Бірақ та Т-тәуелсіз және Т-тәуелді антигендерге екіншілік иммундық жауап әртүрлі болып келеді. Қайталама Т-тәуелсіз антиген енген кезде иммундық жауап.
IgM басым болатын біріншілік жауапқа ұқсас келеді, ал Т-тәуелді атигендерге екіншілік иммундық жауап біріншілікке қарағанда біршама күштірек болады және түзілетін антиденелердің көп бөлігін IgG құрайды.
Антигендердің негізгі қасиеттері
Заттарды антигендер ретінде сипаттайтын негізгі қасиеттерге жатады: бөгделік, антигендік, иммуногендік және арнайылық.
Бөгделік - ағзаның әр түріне немесе жеке индивидумдарга арнағган антигеннің өзгешелігін көрсететін генетикалык, тағайындалған жеке қасиеті. Антигеннің берілген ағзаға бөгделігі, иммундық жүйенің ағзаны биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негізгі қызметімен байланысты. Агрессия жиі микроағзалар, вирустар, паразиттер және олар бөлетін токсиндер түрінде байқалады; берілген микроағзалар және оның өнімдері жоғарғы тірі жандарға бөгделік болып табылады. Эндогендік агрессия (ісіктердің өсуі) жасушалардың белгілі бір бөгделік қасиетке (мысалы, ісік жасушаларының бетінде ісікерекшелік антигендердің экспрессиясы) ие болуымен де байланысты. Барлық жағдайларда антиген ағзага «өзіндік емес» ретінде танылуы қажет. Нәтижесінде антиген бөтен субстанция сияқты, ағзаға өте қауіпті молекула түрінде көрінеді. Р.В. Петровтың анықтауы бойынша, «антигендер бұл бөтен генетикалық бағдарлама алып жүруші биологиялық заттар мен молекулалар».
Антигендік - заттардың қандай бір иммундық серпіліс шақыру мүмкіншілігі: көп немесе аз мөлшерде антидене түзілуін, күшті немесе әлсіз көлемдегі жасушалық иммундық серпілістер шақыратын заттар. Антигендік антигеннің химиялық кұрылысына, беткей орналасқан детерминантқа, антигендерге жауап беретін клон кұрастыратын, жасушалар санына және антиген енгізілген ағзаның түрлік сипатына байланысты. Антигендік қауіптіліктің ерте белгісі ретінде маңызды, себебі ағзаға түскен қауіпті заттардың әсері бірден көрінбейді, ағза олардың потенциалдық агрессиясын тек антигендік қасиетінің болуымен таниды.
Иммуногендік - антигеннің иммунитет тудыру қабілеті. Бұл ұғым негізінен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз, ететін микроб және вирус антигендеріне қатысты айтылады. Мысалы, дизентерия қоздырғышының антигендігі өте жоғары, сондықтан өзіне қарсы күшті иммундық жауап туғызады, бірақ оған қарсы айқыниммунитет өндірілмейді, себебі ұзак өмір сүретін жерде жасушалары түзілмейді. Сүзек вакцинасының антигендігі мен иммуногендігі өте жоғары, оны енгізген кезде көп мөлшерде антиденелер түзіліп, қуатты иммунитет пайда болады.
