- •03_01_01_Хирургиялық аурулар_ каз
- •03_01_02_Хирургиялық аурулар_қаз
- •03_01_03_Хирургиялық аурулар_қаз
- •03_01_04_Хирургиялық аурулар_каз
- •03_02_Травматология және ортопедия каз
- •03_03_Балалар хирургиясы каз
- •03_04_ Офтальмология _қаз
- •03_05_ Оториноларингология_қаз
- •03_06_Маммологиямен онкология
- •03_07_ Анестезиология және реанимация_ каз
- •03_08_ Клиникалық анатомия және оперативті хирургия қаз
- •03_08_ Визуалды диагностика қаз
03_01_04_Хирургиялық аурулар_каз
$$$001
Науқас Ф. ер кісі, 17 жаста хирургиялық бөлімшеге оң жақ кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл көрініс спорт жаттығуларынан кейін пайда болған. Объективті: ортопное, тері жамылғысының цианозы байқалады. Перкуссия кезінде оң жақ кеуде торында қорап тәрізді дыбыс, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТЖ 28 рет минутына. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал:
A) Буллезді эмфизема
B) Бронхоэктазды ауру
C) Кеуде аралық эмфиземасы
D) Оң жақтан кеуде торының соғылуы
E) Оң жақтан спонтанды пенвмоторакс
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Торакальная хирургия, Бисенков Л.Н., 2004г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$002
Науқас ер адам Д., 35 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа жарақаттан кейін кеуде торларының сол жартысы ауруына, ауаның жетіспеушілігіне, әлсіздікке шағымданып жеткізілді. Тексеріс кезінде 3 қабырғааралық кеуде шеті 1,0 см тегіс бөлік жарақаттанған, цианоз, мойын веналары ісінген,ентігу. Жіп тәрізді пульс, АҚ – 80/40 мм.рт.ст. Аускультация кезінде кеуденің төменгі бөліктерінде сол жақ тынысы біршама әлсіреген, жүрек тондары тұйық. Дәрігер жүрек тампонадасына күдіктеніп, науқас ота жасау бөлімшесіне жеткізілді. Осы жағдайда науқасқа қандай бiрiншi кезектегi манипуляция көрсетілген:
A) Торакотомия
B) Перикард пункциясы
C) Плевралдық қуыс пункциясы
D) Қан компоненттерiнiң құйылуы
E) Орталық көк тамырдың катетер енгiзуi
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Торакальная хирургия, Бисенков Л.Н., 2004г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$003
Ер адам 37 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа пышақталған жарақатынан 1 сағаттан кейін ауыр жағдайда жеткізілді. Анамнезінен ес-түсін жоғалтқан. Қарап тексергенде: жара кеуде торында сол жақтан бұғана ортаңғы сызық бойымен 3-қабырғааралықта, өлшемдері 1,5х1,0 см. Науқас мазасыз, тері жамылғылары боз. Тынысы сол жақтан әлсіреген, жүрек тондары тұйық, АҚ 80/40, пульс минутына 110 соғу. Осы жағдайда сіздің әрі қарай жасайтын іс-әрекетіңіз қандай:
A) Шұғыл торакоскопия
B) Шокқа қарсы ем бастау
C) Шұғыл сол жақтық торакотомия
D) Міндетті түрде ЭКГ өткізу
E) Кеуде торының рентгенографиясын жасау
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Торакальная хирургия, Бисенков Л.Н., 2004г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
«Хирургия» бағыты бойынша «Травматология және ортопедия» пәні бойынша:
03_02_Травматология және ортопедия каз
$$$001
Клиникаға тоқпан жіліктің диафизінің сынығымен науқас түсті. Сынған жерді жансыздандыру үшін новокаинның пайыздық концентрациясы мен мөлшерін қолдану керек:
A) 0,25% - 20,0 B) 0,5% - 10,0 C) 1-2% - 20,0 D) 5% – 10,0
E) 2% – 50,0
{Дұрыс жауап}= С
{Күрделілігі}= 1
{Оқулық}= (Травматология и ортопедия. под ред. Г.М.Кавалерского. – 2-е изд., 2008.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$002
30 жастағы науқаста тоқпан жіліктің ортаңғы 1\3 көлденең сынығы бар. Сүйек сықырынан басқа, барлық клиникалық белгілер анықталады. Тоқпан жіліктің көлденең сынығы рентген әдісімен расталған. Cынықтың қолмен репозициясы сәтсіз болды. Аталғандардың ішінде сәтсіз репозицияның себебі болған не:
A) сынық бөлшектерінің айқын ығысуы B) жұмсақ тіндердің интерпозициясы C) репозицияны қате орындау D) жеткіліксіз анестезия
E) конституционалды ерекшеліктер
{Дұрыс жауап}= В
{Күрделілігі}= 2 {Оқулық}= (Травматология и ортопедия. под ред. Г.М.Кавалерского. – 2-е изд., 2008.)
{Курс}=7 {Семестр}=14
$$$003
Науқасты автокөлік қағып кеткен. Түскенде шат аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Науқасты қараған кезде шаттың үстінен толып кеткен қуық анықталады, шат сүйектерінің пальпациясында қатты ауырсыну байқалады. Өз еркімен зәр шығара алмайды. Жұмсақ катетер қуықтың ішіне өтпейді. Катетерді несепағардан шығарған соң артынан бірнеше тамшы қан бөлінді. Мүмкін болатын диагноз қандай:
A) шат сүйектерінің сынығы. Несепағардың зақымдануы. B) шат және отырықшы сүйектерінің сынығы C) жамбасты соғып алу, қуықтың зақымдануы D) шат сүйектерінің сынығы, қуықтың жыртылуы
E) шат және отырықшы сүйектерінің сынығы, кіші жамбас мүшелерінің зақымдануы
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Травматология и ортопедия. под ред. Г.М.Кавалерского. – 2-е изд., 2008.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$004
Зардап шегуші сол жақ ортан жіліктің сынығымен санының соқыр жарақатын алған. Жарақат алған соң 20 минуттан соң өте ауыр жағдайда жеткізілді. Есі тұманданған, құсады. Тахипноэ. Тамыр соғысының толуы әлсіз минутына 150 соққы, артериалық қан қысымы 90/40 с.б.б. Дитерихс шинасы мен таңғыш байламдарды алған соң санның айқын ісінгені анықталды, терісінде көкшіл және қола түсті дақтар бар. Пальпация кезінде саны суық, тіндері тығыз, жара маңында жұмсақ тіндердің сықыры анықталады. Жарадан түссіз, піскен ет тәрізді бұлшықет шығып тұр. Аяқ басы мен балтыры суық, аяқ басы тамырларының пульсациясы анықталмайды. Мүмкін болатын диагноз қандай:
A) сол жақ ортан жіліктің ашық сынығы, анаэробты инфекция B) сол жақ санның оқ тиген жарақаты C) сол жақ санның оқ тиген жарақаты. Газды гангрена, тез өршімелі түрі D) жарақаттық шок. Сол жақ ортан жіліктің ашық сынығы. Анаэробты инфекция
E) Сол жақ ортан жіліктің жаңқаланған жарақаты. Жарақаттық шок
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 2 {Оқулық}= (Травматология и ортопедия. под ред. Г.М.Кавалерского. – 2-е изд., 2008.)
{Курс}=7 {Семестр}=14
$$$005
Зардап шегуші 25 жаста, жарылыс кезінде екі аяғы құлаған ағашпен басылып қалған. Зардап шегушіге алғашұы көмек көрсетілген соң, ол ауруханаға жеткізілді. Жарақаттан соң 3 күннен кейін науқастың екі санына және сол жақ балтырына фасцияларды тілумен «лампасты» тіліктер жасалды. Жарақаттан соң 9 күннен кейін науқастың жағдайы ауыр. Ұйқысыздық, лоқсу мазалайды. Науқас бозарған, аузынан аммиактың иісі шығады. Дене температурасы 38,60С. Пульс минутына 110 соққы. Артериалық қан қысымы - 180/95 с.б.б. Соңғы тәулікте 150 мл бұлыңғыр, қоңыр түсті зәр бөлген. Мүмкін болатын диагноз қандай:
A) екі аяқтың ұзақ жаншылу синдромы, орташа ауырлық дәрежелі, 2 кезең, жедел бүйрек жеткіліксіздігі B) екі аяқтың ұзақ жаншылу синдромы, жеңіл ауырлық дәрежелі, 2 кезең C) аяқ тамырларынан қан кетудің белгілері D) екі аяқтың ұзақ жаншылу синдромы, созылмалы түрі
E) жедел бүйрек жеткіліксіздігі
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Травматология и ортопедия. под ред. Г.М.Кавалерского. – 2-е изд., 2008.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$006
10 жастағы бала бірнеше күн бұрын құлап, сол жақ шынтағын жарақаттап алған. Қарағанда шынтақ буынының ісінгені анықталды, буын пішіні бұзылған, шынтақ өсіндісі артқа және сыртқа шығып тұр. Гюнтер үшбұрышы бұзылған, шынтақ буынында қозғалыстар серіппелі қарсылық білдіреді, білекті ңжоғарғы үштен бірінде қанталау бар. Мүмкін болатын диагноз қандай: A) білектің жаңа шығуы B) білектің жаңа артқа шығуы C) білектің жаңа емес артқы латералды шығуы D) білектің жаңа емес артқы медиалды шығуы
E) білектің жаңа алдыңғы латералды шығуы
{Дұрыс жауап}= С
{Күрделілігі}= 2 {Оқулық}= (Травматология и ортопедия. под ред. Г.М.Кавалерского. – 2-е изд., 2008.)
{Курс}=7 {Семестр}=14
$$$007
Науқасты автокөлік қағып кеткен. Транспорттық иммобилизациясыз жеткізілген. Жағдайы ауыр. АҚҚ - 80/50 с.б.б., пульс минутына 110 соққы. Аяғы жоғарғы үштен бір бөлігінде қатты деформацияланған, ортан жіліктің варустық қисаюы анықталады. Санның сыртқы жағында көлемі 4X5 см, қан кетіп жатқан, жыртылған жара анықталады. Аяқ басы тамырларында пульс сақталған. Қандай емдік шаралар дұрыс реттілікте көрсетілген:
A) ашық репозиция. Пластинамен металлоостеосинтез, антибиотикотерапия B) шокқа қарсы ем, жараны біріншілік хирургиялық өңдеу + ошақтан тыс компрессия-дистракциялық остеосинтез C) шокқа қарсы ем, ашық репозиция, интрамедуллярлы металлоостеосинтез D) шокқа қарсы ем, жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
E) сынған жерді жансыздандыру, одан соң – жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
{Дұрыс жауап}= В
{Күрделілігі}= 3 {Оқулық}= (Травматология и ортопедия. под ред. Г.М.Кавалерского. – 2-е изд., 2008.)
{Курс}=7 {Семестр}=14
$$$008
Науқастың арқасында көпіршіктермен күйік жаралары бар, көпіршіктер серозды сұйықтыққа толы және ыдыраған эпидермис аймақтары бар. Кеудесіндегі күйік жаралары қою қызыл түсті, айналасындағы тіндері ісінген және сезімталдығы жойылған. Көрсетілген симптомдық кешенге қандай Франк индексі және күйік дәрежесі тән:
A) 50, орташа ауырлық дәрежелі B) 45, жеңіл ауырлық дәрежелі C) 70, ауыр дәрежелі D) 75, ауыр дәрежелі
E) 120, өте ауыр дәрежелі
{Дұрыс жауап}= В
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Травматология и ортопедия. под ред. Г.М.Кавалерского. – 2-е изд., 2008.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$009
Қабылдау бөліміне тізе буынының ауырсынуына шағымданып науқас түсті. 30 минут бұрын далада аяғын қайырып алған. Қарағанда флюктуация, тізетобықтың шайқалу, Байков, Перельман белгілері оң. Аталғандардың ішінде қабылдау бөлімі жағдайында қандай ем ең тиесілі:
A) тізе буынының пункциясы, гипстік иммобилизация B) артротомия, гипстік иммобилизация C) экзартикуляция D) гипстік иммобилизация
E) менискэктомия
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Травматология и ортопедия. под ред. Г.М.Кавалерского. – 2-е изд., 2008.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$010
Илизаров аппаратымен бекітілген, сирақ сүйектерінің жабық сынығы бар науқаста бір жағында, бір спица маңындағы жұмсақ тіндердің басталып келе жатқан қабынудың белгілері анықталған. Аталған емдеу әдістерінің ішіндегі ең тиімді әдіс қайсысы: A) қабыну аймағын антибиотик қосылған новокаинмен егу, емхана жағдайында спицаның керілуін тексеру және түзету B) айналасындағы тіндердің қабынуы бар спицаны алып тастау C) травматологиялық бөлімше жағдайында аппаратты алып тастау және науқасты қаңқалық тартуға жатқызу D) науқасты стационарлық ем үшін травматологиялық бөлімшеге жолдау
E) гипстік лонгет салу
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Травматология и ортопедия. под ред. Г.М.Кавалерского. – 2-е изд., 2008.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$011
Іштің тұйық жарақаты және жамбас сүйектерінің зақымдануы бар науқас ішінің ауруына, әлсіздікке, бастың айналуына, көздің тұмандануына шағымданады. Қарағанда: науқас бозарған. Суық тер басқан, шырышты қабаттарының цианозы анықталады. Артериалық қан қысымы 90\50 с.б.б. Пульс минутына 125 соққы, толуы әлсіз. Іші барлық аймақтарда ауырсынады, Щеткина-Блюмберг белгісі оң. Көлбеу жерлерде тұйықталу анықталады. Алговер-Грубер индексі бойынша ауырлық жағдайы қандай:
A) айналымдағы қан көлемінің 10%, жеңіл дәреже B) айналымдағы қан көлемінің 15% , жеңіл дәреже C) айналымдағы қан көлемінің 30%, ауыр дәреже D) айналымдағы қан көлемінің 40%, ауыр дәреже
E) айналымдағы қан көлемінің 50%, орташа дәреже
{Дұрыс жауап}= С
{Күрделілігі}= 3 {Оқулық}= (Травматология и ортопедия. под ред. Г.М.Кавалерского. – 2-е изд., 2008.)
{Курс}=7 {Семестр}=14
«Хирургия» бағыты бойынша «Балалар хирургиясы» пәні бойынша:
