Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сборник ПО АИС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.07 Mб
Скачать

9 Сурет.

2-тапсырма. Компьютер құрылғыларын сатудан түскен пайдаға диаграмма құрыңыз. Мәліметтер кесте берілген. суреттегідей нәтиже алыңыз.

Пайда

Монитор

700

Принтер

500

Сканер

600

Жүйелі блок

400

сурет.

Диаграмманың өзге түрлерін құру үшін Қою=>SmartArt (Вставка=>SmartArt) клмандаларын орындаймыз. Экранда Диаграмма кітапханасы (Библиотека диаграмм) сұқбат терезесі пайда болады. Мұнда диаграмманың төмендегідей типтері бар (сурет):

- Ұйымдастырылған диаграмма (Организационная диаграмма);

- Циклдік диаграмма (Циклическая диаграмма);

- Радиальді диаграмма (Радиальная диаграмма);

- Пирамидалық диаграмма (Пирамидальная диаграмма);

- Венна диаграммасы (Диаграмма Венна);

- Мақсаттық диаграмма (Целевая диаграмма).

сурет.

Ұйымдастырылған диаграмма таңдайық. Лентада Ұйымдастырылған диаграммамен жұмыс беті пайда болады (сурет).

сурет.

Жұмыс алаңында сурет пайда болады. Диаграммаға өзгеріс енгізу үшін суреттегі батырмаларды пайдаланамыз.

сурет.

Диаграмманың стилін таңдау үшін суреттегі Стиль батырмасын басамыз. Экранда Ұйымдастырылған диаграмманың стилінің кітапханасы (Библиотека стилей организационных диаграмм) сұқбат терезесі пайда болады (сурет).

сурет.

Ұйымдастырылған диаграмманың макетін таңдау үшін суреттегі макеттің керек түрін таңдаймыз. Мысалы Екіжқты (Двухсторонний).

Диаграммаға көмекші және т.б. мәліметтер қосу үшін суреттегі мына батырмаларды пайдаланамыз.

3-тапсырма. Төменде көрсетілген сызбаға қарап, "Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі" туралы мәліметтерге ұйымдастырылған диаграмма құрыңыз.

сурет.

2. Колледждегі топтың автоматтандырылған ақпараттар жүйесін сызба түрінде көрсетіп жазыңыз.

3. Осы мекемені алып, ондағы бағдарламалық қамтамасыздандыруды жазыңыз.

4. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың құрамын құру

Сабақ тақырыбы: Ақпараттық өңдеудің моделі мен алгоритмі.

АЖ түсінігі

«Ақпараттық жүйелерінің негізі» курсында ақпараттық үрдістердің негізгі модельдерімен танысу, ақпараттық үрдістерді физикалық және арна деңгейінде ұйымдастыру, әр түрлі ақпараттық жүйелерді құрастырудың қазіргі әдістері мен модельдері қарастырылады.

Пәннің мақсаты әртүрлі класты және әртүрлі міндет атқаратын ақпараттық жүйелерді құру бағытында модельдер мен әдістерлі жасаудың арнайы білімдерін қалыптастыру болып табылады.

Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.

Мысал. Әр түрлі элементтерден тұратын бірнеше жүйелерді қарастырайық.

1-кесте

Жүйе

Жүйе элементтері

Жүйенің басты мақсаты

Фирма

Адамдар, құрал-жабдықтар, материалдар, ғимараттар және т.б.

Тауарларды өңдіру

Компьютер

Электрондық және электромеханикалық элементтер, байланыс линиялары және т.б.

Мәліметтерді өңдеу

Телекоммуникациялық жүйе

Компьютерлер, модемдер, кабельдер, желілік программалық қамтамасыз ету және т.б.

Ақпаратты беру

Ақпараттық жүйе

Компьютерлер, компьютерлік желілер, адамдар, аппараттық және программалық қамтамасыз ету

Профессионалды ақпаратты өндіру

«Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылу және жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.

Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.

Ақпараттық жүйенің қазіргі түсінігі дербес компьютердің ақпараттарды қайта өңдеудің негізгі техникалық әдістері ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді. Ірі өндірістерде дербес компьютерлермен қатар ақпараттық жүйенің техникалық қоры құрамына мэйнфрейм немесе супер ЭЕМ кіреді.

1-тапсырма. Мәліметтерді кестеде берілгендей енгізіңіз. Мәліметтерді фамилия бойынша өсу қатарымен сұрыптаңыз. Сүзгіні пайдаланып 1 курс студенттерінің тізімін шығарыңыз. Мәліметтерді қатар бойынша топтаңыз.

сурет.

2-тапсырма. Мәліметтерді кестеде берілгендей енгізіңіз. Мәліметтерді авиакомпания бойынша кему қатары бойынша сұрыптаңыз. Ұшып келген ұшақтардың тізімін шығарыңыз. Сағат 6:05 дейінгі ұшақтардың тізімін шығарыңыз. Мәліметтерді қатар бойынша топтаңыз.

сурет.

3-тапсырма. Видеокассета прокат пункті берілген. Бағаналардың атын видеокассетаның аты, ұзақтығы, жанры, тақырыбы, шыққан жылы, шыққан жері, кинокомпания, басты актерлар деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.

4-тапсырма. Кинотеатр мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын кинотеатрдың аты, кионтеатрдың адресі, фильмнің аты, фильмнің жанры, фильмнің бағасы, уақыты, күн деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.

5-тапсырма. Ресторан мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын тағамның аты, тағамның бағасы, кухня түрі, категориясы (бірінші, екінші және т.б.; етті, балық, салат және т.б.), тағамның компоненттері деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.

6-тапсырма. Кітапхана мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын кітаптың шифры, аты, авторы, шыққан жері, баспасы, беті, шыққан жылы деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.