- •«Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді бағдарламамен қамтамасыздандыру»
- •2015-2016 Оқу жылы
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Курс тақырыбы 1.1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің құрылу блогы(ааж).
- •9 Сурет.
- •Курс тақырыбы 1.2. Серверлер мен жұмыс станцияларының аппаратты-бағдарламалық платформалары.
- •Курс тақырыбы 1.3. Серверлік бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату және сүйемелдеу тәртібі.
- •Курс тақырыбы 1.4. Ааж-ның арнайы бағдарламалық пакеттері мен администрациялау утилиттері.
- •Курс тақырыбы 1.5. Серверлік, клиенттік бағдарламалық қамтамасыздандырудың түрлері.
- •Курс тақырыбы 1.6. Клиенттік бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату және сүйемелдеу.
- •Курс тақырыбы 1.7. Қойылған міндет шеңберінде клиенттік бөлімнің бейімделінуі.
- •Қолданылатын әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
РМҚК «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»
«Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді бағдарламамен қамтамасыздандыру»
пәнінен
ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ АРНАЛҒАН
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР ЖИНАҒЫ
Мамандық: «Акпараттык жүйелер (колдану облыстары бойынша)»
Мамандандыру: «Техник» (қолдану облыстары бойынша)
2015-2016 Оқу жылы
Дайындаған оқытушылар: Мукушева Л.А., Конкашева К.С. - «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК оқытушылары
Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып, талқыланды
Хаттама №_____ «____»____________2015 ж.
Циклдық комиссия төрайымы__________ Мукушева Л.А.
Пәннің тақырыптық жоспары
№ р/с |
Бөлімдер мен тақырыптар аттары |
Сағат саны (сағ) |
|
Курс тақырыбы 1.1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің құрылу блогы(ААЖ). |
16 |
1 |
Автоматтандырылған ақпараттар жүйесінің құрылу блоктары. |
8 |
2 |
Ақпараттық өңдеудің моделі мен алгоритмі. |
8 |
|
Курс тақырыбы 1.2. Серверлер мен жұмыс станцияларының аппаратты-бағдарламалық платформалары. |
14 |
3 |
Автоматтандырылған ақпараттар жүйесін бағдарламалық қамтамасыздандырудың құрамын таңдау. |
8 |
4 |
Linux дистрибутивтері. |
6 |
|
Курс тақырыбы 1.3. Серверлік бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату және сүйемелдеу тәртібі. |
14 |
5 |
Серверлік бағдарламамен қамтамасыздандыруды орнату және қадағалау. |
6 |
6 |
Microsoft SQL Server мәліметтер қорын басқару жүйесі. |
8 |
|
Курс тақырыбы 1.4. ААЖ-ның арнайы бағдарламалық пакеттері мен администрациялау утилиттері. |
22 |
7 |
Консольдің көмегімен жүйелік администрациялау мәселелерін орындау. |
8 |
8 |
Қосымшаларды процестер мен сервер өнімділігін басқару утилиттері. |
8 |
9 |
Файлдық жүйе және дискілерді басқару. |
6 |
|
Курс тақырыбы 1.5. Серверлік, клиенттік бағдарламалық қамтамасыздандырудың түрлері. |
14 |
10 |
Active Directory администрациялау негіздері. |
6 |
11 |
Қолданушылардың және топтардың есептік жазбаларын құру. |
8 |
|
Курс тақырыбы 1.6. Клиенттік бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату және сүйемелдеу. |
16 |
12 |
Web-браузер. |
8 |
13 |
Пошталық клиенттер. |
8 |
|
Курс тақырыбы 1.7. Қойылған міндет шеңберінде клиенттік бөлімнің бейімделінуі. |
12 |
14 |
Клиенттік бағдарламамен қамтамасыздандыруды орнату және қадағалау. |
6 |
15 |
Терминал серверлері және клиенттер. |
6 |
|
Барлығы |
108 |
Кіріспe
Техникақауіпсіздігініңережелері
«Информатика және есептеу техникасының негіздері»кабинетіндеқымбатбағалы, күрделі, ұқыптыұстаудықажетететінқұрылғы-PENTIUM компьютерлеріорнатылады.
Техникағаұқыптыкөңілбөлукерек, кабинеткеасықпай, итермелемей, компьютер тұрған үстелдерге соқтықпай жаймен кіру қажет, жұмыс үстелінде ЭЕМ-ның құрамды бөліктері–жүйелікблок, пернетақта, монитор (дисплей) орнатылған.
Жұмыс кезінде монитордың электр желілері өте үлкен кернеумен жұмыс істейді. Құрылғыға, электр желілерімен мониторға дұрыс көңіл бөлмеу құрылғының күйіп кетуіне, электр тогымен зақымдануға алып келеді.
1. Қатаң түрде тиым салынады.
Біріктірілген желілердің жалғасқан жерлерін қозғауға;
Экранға және монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиісуге;
Оқытушының рұқсатынсыз құрылғыны қосып өшіруге;
Монитор мен пернетақтаның бетіне дискілер, кітап, дәптерлер қоюға;
Су киіммен, дымқыл қолмен жұмыс істеуге.
Жұмыс жасап отырған кезде ДК-ден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе дереу құрылғымен жұмысты тоқтатып, оқытушыға хабарлау қажет. Өрт сөндіруге көмек көрсету қажет;
ДК жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
ДК-ді іске қосу кезінде оның көзге көрініп тұрған бұзылған,зақымданған жерлері бар-жоғына көз жеткізу қажет;
Монитор экранындағы берілген ақпараттарды қабылдағанда,пернетақтамен жұмыс істегенде еңкеймей, кеудені тік ұстап, назарыңызэкран ортасында болатындай етіп орналастыру қажет;
Оқытушы тапсырмасы мен түсініктемесін мұқият тыңдап, жұмыстыңмақсаты мен нәтижесін ұғыну керек, қажет болған жағдайда оқытушығаберу керек;
Жұмысты тіркеу журналына ДК-де жұмысты бастау уақытын толтырукерек, жұмысты оқытушының рұқсатымен ғана бастау керек.
4. ДК-де жұмыс істеу барысында монитор экраны электромагниттік сәулешығару көзі болып табылады, сондықтан экранға өте жақын отыру көзгежайсыз әсер етеді, жұмыс істеу қабілеттілігін төмендетіп шаршатады.
ЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде одан 60-70см қашықтықта, бірақ монитор экранынан кем дегенде 50см қашықтықта қисайып, еңкейіп, жатып алмай, денені тік ұстап отыру қажет. Тұрақты көзәйнегі бар оқушылар көзәйнекпен жұмыс істеуі керек.
ДК-де жұмыс істеу үлкен назар аударып, айқын қимылдар жасап, өзін-өзі бақылап отыруды қажет етеді.
Әлсіз жарықтандырылған және адам өзін-өзі нашар сезінген жағдайда жұмыс істеуге болмайды.
5. ДК-де жұмыс істеу кезінде қойылатын талаптар.
ДК-де жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтап, оқытушы тапсырмасынмұқият орындау керек;
Құрылғының бүлінбеуі мен бұзылмауын қадағалау керек. Жұмысжасап отырған кезде құрылғылардан ерекше дыбыс шықса немесе олөздігінен өшіп қалса, бұл туралы оқытушыға хабарлау керек;
Пернетақта пернелерін қатты соқпай, жаймен басу керек;
Егер компьютер іске қосылмай тұрса, пернетақтаға тиіспеу онықолданбау қажет;
Пернетақтада таза қолдарымен жұмыс істеуі қажет;
құрылғының бұзылған жерін өздігімен қалыпқа келтіруге тырыспаукерек;
Кабинетке бөгде адамдар келсе, жұмыс орнынан тұрмай-ақ қоюға болады.
ДК жұмыс істеу соңындагы қойылатын талаптар
ДК-ді оқытушының рұқсатымен өшіру қажет;
Құрылғыны таза, жұмсақ матамен сүрту қажет;
ДК-де жұмыс істеу ережелерін білу және ол ережелерді сауатты түрде орындау келеңсіз жағдайлардан сақтандырады, білім мен білік дағдыларын табысты жетік меңгеруге, мемлекеттік мүлік — компьютерлік техника мен құрылғыларды қорғап сақтай білуге үйретеді.
ДК-де жұмыс істеу ережелерін орындамау тэртіп пен реттілікті өрескел бұзу болып табылады.
Дербес компьютерде жұмысты ұйымдастыру
ДК-мен жұмыс жасағанда дұрыс отыру керек. Қолданушы басын аз еңкейтіп (5-7°), отырған орындығына арқасын сүйеп, тік отыру керек. Шынтақты қолға, иыққа күш түсірмес үшін столға тіреп отыру керек. Иық пен шынтақтың, тізе мен белдің арасындағы бүрыш 90° кем болмау керек.
Көз деңгейі экранның ортасына немесе одан 2/3 биіктікте болу керек. Көзқарас экранның ортасына перпендикуляр, ал көзқарастың көлденең кеңістікте ауытқуы +5° -5° аралығында болу керек, кей жағдайда +10°- -10° аралыққа дейін рұқсат етіледі. Көлденең кеңістікте экранның дәл ортасынан тиімді қарау аймағы +15°—15° аралғында болу керек, рұқсат етіледі+300—30° дейін. ДК экраны шет жақта орналасқан жағдайда, ондағы ақпаратты көруде қарау бүрышы эранның жоғары жағынан қарау шектеулігі 45 кем болмау керек. Осы талапты екі адам бір компьютерде жұмыс жасағанда қатаң сақтау керек. Қарау бурышы улкен болган сайын, бейнемонитор экранынан ацпаратты қабылдау жеңіл және көз шаршауы да аз болады.
Жақыннан тек көзілдірікпен көретін оқушылар, ДК тек көзілдірікпен жұмыс жасау керек.
Көз жаттығулары
І нұсқа
Көзді өте қатты қысып жауып, ақырын асықпай ашу керек. Демалыс қалыпты. Осы жаттығуды 1 -6 рет қайталау керек.
Мұрын ұшына қарап және көзқарасты 1-4 рет толық қалыпты дем алғанға дейінтоқтату керек. Көз ауырғанға дейін қарауға болмайды. Одан кейін алысқа көзжіберу керек. 1-6 рет қайталау керек.
Басты қозғалтпай жоғары-тура-төмен, оңға-тура-төмен қарау керек, осыжағдайда аталған әрекеттерді диагональді жақтарға да жасау керек. Барлықжаттығуды 1 -6 рет қайталау керек.
II нұсқа
Көзді қысып жауып, кең асықпай ашу керек. Осы жаттығуды 1-6 ретқайталау керек.
Көз көруін жақсарту үшін мүрынның ұшына қарау керек, 1-4 ретқайталау керек, содан кейін алысқа көз жіберу керек. Осы екі жағдайдада көзқарасты бірнеш секундқа тоқтату керек. 1-6 рет жаттығудықайталау керек.
Басты қозғалтпай, жәймен айналдыра көзді солға-төмен-жоғары-оңғақарау арқылы жаттығуды жасау керек. 1-6 рет қайталау керек.
Басты қозғалтпай, көзқарасты жоғары 1-4 рет тоқтату керек, одан кейінтура алысқа көз жібреіп 1-6 рет қайталау керек. Осылай солға-төмен-жоғары-оңға қарау арқылы жаттығуды жасау керек. 1-6 рет қайталаукерек. Сосын оңға-жоғары-солға-төмен қарау арқылы, даигональдіжақтарға да жаттығуды жасау керек. 1-6 рет қайталау керек.
III нұсқа
Көзге салмақ түсірмей 10-15 рет жыпылықтату керек.
Басты қозғалтпай, тік еқарау, бірнеше секнуд көзқарасты тоқтату, оданкейін солға бірнеше секунд және тура қарау керек. Көзқарасты бірнешесекундқа жоғары көтеру, төмен түсіру, көз бұлшық еттеріне күштүсірмей, тура қарау. Осы жаттығуларды 1-6 рет қайталау.Оңға қарай,тура солға көзбен айналу қозғалыстарын жасау. Жасалутездігі орташа болу керек. 1-4 рет қайталау керек. Көзқарасты тура қарау.11-6 рет қайталау.
Дене шынықтыру жаттығуларының жиынтыгы
Дене шынықтыру қозғалыс жылдамдығы мен белсенділігін жоғарлатады, жүйке, жүрек қан-тамыр, дем алу және бұлшық ет жүйелерінің қызметін қалыпқа келтіреді, жалпы шаршағандық пен күйзелісті ақыл-ойдың жұмыс істеу қабілеттілігін көтереді.
/. Дене шынықтыру жаттығулары. Жаттығу 4-6 рет қайталанады, екпін орташа.
Бір орында тұрып жүру 20-30 секунд.
1. Бастапқы қалып-тік тұру;
1-қолдар алға, алақан төменге, 2-қолдар екі жаққа, алақан жоғарыға, 3-аяқтың ұшымен жүру, қолдар жоғарыға, секіру, 4-бастапқы қалып
2. Бастапқы қалып-аяқтар алшақ, иықтың тұсында.
1-3 артқа иілу, қолды арқаға ұстау, 3-4- бастапқы қалып.
3. Бастапқы қалып-аяқтар иықтың тұсында.
1-қолды төбеге қойып, кеудені оңға түру; 2-кеудені бастапқы қалыпқа әкелу, қолды екі жаққа жіберіп, басты шалқайтып, алға иілу; 3-бойды түзету, қолды төбеге қойып, кеудені солға бүру. 4-бастапқы қалып, бойды түзету, қолды төбеге қойып кеудені оңға бүру.
4. Бастапқы қалып-аяқтар алшақ, қолын белде ұстау,
1-4-кеудені оңға, дөңгелене айналдыру; 5-8-кеудені солға дөңгелене айналдыру.
5. Бастапқы қалып-тік түру.
1-қолды екі жаққа ұстап, оң аяқпен артқа бұлғау; 2-бастапқы қалып; 5-8-қолды екі жаққа ұстап, сол аяқпен артқа бұлғау.
6. Бастапқы қалып-аяқтар алшақ, қолмен белді ұстау;
1-3-басты алға еңкейіп, оңға айналдыру; 4-бастапқы қалып; 5-8-басты артқа еңкейтіп, солға айналдыру.
2. Дене шынықтыру жаттығулары.
Бір орында жүру-20-30 секунд. Екпін орташа.
1. Бастапқы қалып-тік түру, қолды басқа қоямыз.
1-2-аяқтың ұшымен тұрып секіру, шынтақты артқа беру. 3-4-табанымен түру, жайлап алға еңкейіп, шынтақты алға ұстау;
2. Бастапқы қалып-тік түру.
1-1 қадам оңға, қолды екі жаққа ұстау, 2-қолды басын алақанмен жоғарыға қарай ұстау, 3-сол аяқты қойып, қолды жоғары көтеру, 4-қолмен екі жаққа және төменге доға жасап қозғау кеуденің алдыңғы жағын ала кесе-көлденең еркін қимылдар жасау.
Электр тогымен зақымданган жагдайда көрсетілетін алгашқы медициналық көмек
Электр тогына соғылғанда III-IV дәрежедегі күйік және естен тануға дейінгі органикалық және функционалдық өзгерістер болмаса, оның шамалы ауыртатыны сезіледі.
Электр тогымен зақымданған жағдайда токты тез ажырату қажет, зақымданушыны көмек көрсетушілерге зиян келмейтін, оларғы ток таралмайтындай сақтандыру шараларын сақтай отырып, электр желілерінен, ток әсерінен босату керек (зақымданушыны резина қолғаппен немесе қолмен құрғақ матамен орап алып, құрғақ тақтай мен кілемшеде тұрып токтан ажырату).
Электр тогымен зақымданған жағдайда ең алдымен зақымданушының дем алысы мен жүрек, қан-тамыр жүйесі жұмысына назар аудару қажет. Жүрек соғысы мен дем алысы тоқтап қалған жағдайда дереу жүрекке массаж жасау (төс сүйегінің ортасының сол жағына қарай минутына 40-60 рет алақанмен тез-тез басу) және ауызбен ауызға дем алдыру (алдымен зақымданушының аузын жауып, терең көкірек кере дем алып, зақымданушының аузына демді марлі немесе таза қол орамалмен жіберу) немесе мүрынмен мүрынға дем жіберу қажет.
Қолдан дем алдыру минутына 16-18 рет жиілікпен жүргізіледі. Сонымен қатар, арнайы жедел жәрдем тобы шақырылады.
Жүрекке массаж жасау мен қолдан дем алдыру зақымданушының дем алысы қалыпқа келгенше, не арнайы көмек көрсетілгенше жүргізіледі.
Жүрек соғысы мен тыныс алысы әлсіреген жағдайда таза ауамен тыныстандыру керек, мақтамен мүсәтір спиртін иіскетіп, аузына шай қасықпен (немесе 25 тамшы) кордиамин қүю, жағын шапалақтау қажет.
Теріге зақым келген жағдайда оны таза таңғышпен таңып, зақымданушыны дәрігерге көрсету қажет. Күйген теріні зеленкамен және марганцовканың қызғылт ерітіндісімен сүрту керек.
Информатика кабинетінде дәрігер келгенге дейінгі алғашқы жедел жәрдем көрсету қобдишасы болуы қажет, оның құрамының қандай болуы керектігі № 7 қосымшада көрсетілген.
