- •1.1 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң даму жолына
- •1.2 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң тақырыбы
- •1.3 Металдарды әдіп сылу әдісімен өңдеу
- •Техниканың даму тарихы
- •1.4 Кесіп өңдеу үрдісінің балама әдістері
- •1.5 Машина жасау саласында дайындамадама алу әдістері
- •1.5.1. Дайындамаларды құю әдісімен алу
- •Құйма дайындамаларын алу тәсілдерінің қолдану аймақтары
- •1.5.2 Соқпа және қалыпталған дайындамалар
- •1.5.3. Дайындамаларды илемдеу әдісімен алу
- •2.1 Өндiрiстiк бұйымдардың сапасы ұғымы
- •2.2 Сапа көрсеткiштерi
- •Өнiмнiң сапасын басқару арқылы шешiлетiн күрделi мәселелер
- •2.3 Сапаны қамтамасыз ету шаралары
- •2.4 Өнiм сапасын басқару жүйелерi
- •3.1 Бұйым және оның элементтерi ұғымы
- •3.1.1. Бұйымның элементтерi
- •3.2 Машина жасаудағы өндiрiстiк және технологиялық үдерістер
- •3.2.1. Технологиялық операцияның элементтерi /мемст 3.1109-82/
- •Машина жасаудағы технологиялық үдерістiң түрлерi
- •3.3. Машина жасау өндiрiсiнiң түрлерi мен типтерi
- •3.4. Машина жасау зауыттарының цехтары мен қосалқы қызмет атқаратын бөлiмдерiнiң өндiрiстiк құрылымы
- •4.1. Жалпы ұғымдар мен анықтамалар
- •4.1.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерi
- •4.2. Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерi
- •4.2 Сурет. Болат бөлшекті өңдеуден кейiнгi беттiң қатпарында мығымдаумен пайда болған микроқаттылықтың таралуы
- •4.3 Өңделген беттер сапасының бөлшектердің жұмыс iстеу қасиетiне тигiзетiн әсерi
- •4.3.1. Беттер сапасының тораптардың тозу тұрақтылығына әсерi
- •4.3.2. Беттер сапасының бөлшектердің берiктiгiне әсерi
- •4.3.3 Беттер сапасының бөлшектерді өңдеу дәлдiгiне әсерi
- •4.4 Беттер сапасының бөлшектердің тотқа төзiмдiлiгiне әсерi
- •4.5 Өңдеу сапасына әсер ететiн технологиялық факторлар
- •4.5.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне өңдеу режимдерiнiң әсерi
- •4.9Сурет. Бөлшектерді жону кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдығына қатынасы
- •4.10Сурет. Бөлшектерді ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдықтарына қатынасы, Vk – ажарлаушы аспаптың айналу жылдамдығы, Vз – дайындаманың айналу жылдамдығы
- •4.11Сурет. Бөлшектерді жону және центрсiз ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлық пен берiстердiң арасындағы байланыс графигi
- •4.5.2. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне кескiш аспап бұрыштарының әсерi
- •4.5.3. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне сқаб технология жүйесiнiң серпiмдi қатаңдығының әсерi
- •4.5.4 Беттер сапасының физикалық-механикалық
- •4.6. Өңделген беттердiң сапа көрсеткiштерiн бағалау және оларды зерттеу тәсiлдерi
- •4.6.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiн
- •4.6.2 Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерiн зерттеу
- •4.7. Бөлшектердің қатпар бетiнiң қалыптасу сапасына технологиялық тәсiлдер арқылы әсер ету
- •5.1. Құрылымдардың технологиялылығы туралы ұғым
- •5.2. Бұйым құрылымының технологиялылығын сандық бағалау
- •5.3. Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •5.3.1. Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •Құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының механикалық өңдеу жұмыстарының еңбексыйымдылығына шамамен берiлген қатынасы
- •Түрлi құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының жалпы құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығына қатынасы,
- •5.3.2. Бұйымның технологиялық өзiндiк құны
- •5.4. Технологиялық процестердің нұсқаларын экономикалық тұрғыдан салыстыру
- •5.4.1. Технологиялылықтың қосымша көрсеткiштерi
- •5.4.2. Еңбек сыйымдылықтың техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.3. Өзiндiк құнның техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.4. Құрылымдарды бiрыңғайландырудың техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.5. Материал шығындарының техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.6. Өңдеу процестерінің техникалық көрсеткiштерi
- •Және коэффициенттерiнің мәндерi
- •5.5. Құрылымдар құрамының техникалық көрсеткiштерi
- •5.6. Технологиялылықтың техникалық деңгейiн анықтау
- •5.7. Бөлшектерге және машина құрылымдарын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар
- •Бөлшектерді механикалық өңдеуге қойылатын шарттар
- •6.1. Бөлшекке қойылған дәлдiкке жету тәсiлдерi
- •6.2. Дайындамаларды өңдеуде туатын қосынды ауытқулар
- •6.3. Дайындаманы орнатудан туатын ауытқу
- •Технологиялық базаларды таңдаудағы кепiлдемелер
- •6.4. Дайындаманы өңдеуден туатын ауытқулар
- •6.4.1. Технологиялық жүйедегi кесу күшінiң әсерiнен туатын серпiмдi деформациялар
- •Жону мен қашап кеңітудегі аспаптардың алғашқы Ин және салыстырмалы Ио тозуы
- •6.4.4. Станоктың келтiру ауытқулары
- •6.4.5. Технологиялық жүйенiң температуралық деформациялары
- •Бір өлшемді температура арналарының есепті мәндері
- •6.5. Өңдеу дәлдiгiн арттыру жолдары
- •6.6 Сқад жүйесiнiң серпiмдi жылжуын статикалық келтiру өлшемiн өзгерту арқылы басқару
- •7.1. Жобалаудың техникалық және экономикалық принциптерi мен мақсаты
- •7.2. Машина бөлшектерін өңдеу процестерін жобалау
- •7.2.1. Механикалық өңдеу процестерін жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •7.2.3. Бөлшектердің жұмыс сызбасына және техникалық шарттарына технологиялық бақылау жүргiзу
- •7.2.4. Дайындаманың жасау тәсiлiн таңдау
- •Тесiктi өңдеу бағдарын таңдау
- •7.2.7. Дайындаманы өңдеу бағдарын құру
- •7.2.8. Өңдеу кезiндегi техникалық бақылаулар
- •7.1.10 Дайындаманың әрекетаралық шектi және бастапқы өлшемi
- •7.2.12 Механикалық өңдеудегi операцияларды құру
- •7.2.13 Кесу режимi мен операциялық уақыт нормаларын есептеу
- •Кесу күштерi мен қуаттарын анықтау
- •7.2.14 Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7.3. Құрастыру процестерін жобалау
- •8.1 Графтар туралы ұғым
- •8.2 Механикалық өңдеу процестеріне өлшемдiк талдау жүргiзу
- •8.3. Негiзгi ұғымдар мен шартты белгiлер
- •8.4. Бойлай жатқан технологиялық өлшемдердi есептеу
- •8.5 Диаметрлiк технологиялық өлшемдердi есептеу
- •9.1 Бұйым құрастыруды құрудың маршуруттары (бірізділігі).
- •Сурет 9.3 Шестернялы сорғыштың құрастыру схемасы
1.2 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң тақырыбы
Машина жасау технологиясы – машина шығару үдерістерiнде туатын заңдылықтарды зерттеп, сол заңдылықтарды неғұрлым керегiнше сапалы, арзан және өнiмдi машиналар жасауға бағыттайтын ғылымның бiр саласы.
“Технология” ұғымы грек тiлiнен алынған. Нақтылы аудармасы шеберлiк (кәсiптiк) жайлы iлiм болса керек. Өткен ғасырдың басынан былай өндiрiстiк үдерістер зерттелiп, ғылыми талқыға түсе бастады. Машина жасау технологиясының негiздерiн ғылымға телiп, оны зауыттарда iстелетiн өнер жүйелерi деп алғаш рет көпшiлiк ұғымына таныстыра бiлген орыстың көрнектi ғалымдары В.М.Севергин, И.В.Двигубский, И.А.Тиме, К.А.Зворыкин, А.А.Брикс, Н.Н.Савин, П.П.Гавриленко, В.М.Кован болды.
Бұл ғылым саласы Қазан төңкерісінен кейiн, әсiресе, елiмiздiң бесжылдықтарында қанат жайып, дами бастады. Осыған орай халық шаруашылығында, машина жасау саласында бiлiктi маман инженер-технологтардың орнының аздығы сезiлдi.
Машина жасау технологиясы сабақ ретiнде алғаш елiмiздiң технологиялық жоғары оқу орындарының оқу жоспарына 1931-1933 жылдары енгiзiле бастады.
Технологияға электрониканы енгiзу, микропроцессорлық техниканың технологиядағы орнын табу, икемдi қайта реттелетiн технологияларды ашу, қолайлы үдерістер табудың тәсiлдерiн зерттеу, технологияны кешендi түрде механикаландыру және автоматтандыру, т.б. мәселелер мейлiнше кең жолға қойылды.
ТМД-да машина жасау технологиясы мәселелерiмен мынадай ғылыми-зерттеу мекемелерi шұғылдануда:
1. ТМД Ғылым Академиясы жанындағы Машина жасау институты /Институт машиностроения АН ТМД/.
2. Машина жасау технологиясының Орталық зерттеу институты /ЦНИИТМАШ/.
3. Металл жонатын станоктарды зерттейтiн тәжiрибелiк институт /ЭНИМС/.
4. ТМД жоғары оқу орындарындағы машина жасау технологиясы кафедралары.
1.3 Металдарды әдіп сылу әдісімен өңдеу
Металдарды кесу
Металдарды кесу деп дайындамалардың өңделінетін беттеріне үшкір, қатты кескіш аспаптарды ендіріп, жұқа метал қатпарларын әдіпке түсіріп, кесіп тастау операцияларын айтады. Металл өңдеу практикасында кездесетін жұқа қаңылтырларды қию, қалың жұмыр дайындамаларды шауып тастау, шапқылармен қашау, ою, тесу операциялары да кесу үрдісіне жатады. Бұл операциялар арасында нақты шек жүргізу өте қиын, бірақ кесуші аспаптармен жасалатын операциялар және металды екі бөлікке бөлу, өңделетін жерлерде болатын физикалық үдерістер белгілі бір ерекше өзгерістерге ие болады.
Машина жасау өндірісіндегі «механикалық өңдеу» деген терминге жоңқа сылыну арқылы жүретін кесу операциясы жатады. Механикалық өңдеуді дайындамаларға қажетті пішін және нақтылы өлшем алу үшін жүргізеді. Осыған орай, ойлап табылған алғашқы токарлық станок ағаштан немесе сүйектен жасалған бөлшектерді жону үшін қолданылған. Машина жасау тәжірибесінде бөлшектерді бір-біріне қиылыстырып қондыру, оларды тек кесіп өңдеу арқылы іске асырылады (1.1-сурет).
1.1-сурет. Токарлық өңдеу: 1 – дайындама; 2 – жоңқа; 3 – кескіш аспап
1.2-cурет. Кесуші аспаптың негізгі элементтері және геометриялық параметрлері:
1 – алдыңғы бет; 2 – қосалқы артқы бет; 3 – негізгі артқы бет; 4 – кесуші жүз; 5 – кескіштің ұшының радиусы; 6 – дайындама; 7 – жоңқа; 8 – алдыңғы бұрыш; 9 – артқы бұрыш; 10 – кескіш
1.3-cурет. Көп қырлы, қайралмайтын пластинкалы кескіштер:
1 – қатты қорытпалардан құйылған пластинкалар; 2 – аспап ұстатқыш
Егер де, кесу үдерісі негізгі өндірісте тікелей қолданылмаса да, олар жабдықтар жасауда және технологиялық құралдар жасауда жанама қолданылады.
Өндірісте шығын жағынан қарағанда кесу үдерісі салмақты орын алады: 1956 жылы америкалық ғалым Эрнст тетікті кесу мен өңдеуге кеткен шығын тек АҚШ-тың өзінде ғана 10 млрд. долларға, ал 1971-жылы 40 млрд. долларға жеткенін анықтаған.
1940 жылдан бастап дайындама алу үдерісіне жалпы көзқарас біраз өзгеріске түскен. Кең таралған әдістері: дәл құю мен штамптау, илеу, экструзия әдісімен тетікті алу, терең созу, т.б. Айтылған әдістердің даму жетістігі бір кездердегі кесу мен өңдеудің дәрежесінің төмендеуіне әкелді. Бірақ, шындық мұндай болжамдарды жоққа шығарды.
Мұндай жағдайлардың болғанына қарамастан, жоңқа алмау арқылы бөлшектерді қиюластыру операцияларын қолдану тиімді және арзанырақ болғанымен, өндірістерде кең қолданылатын кесу үрдістері экономикалық тұрғыда өз рөлін жоғалтпады.
Машина жасау өндірісінің кейінгі кезеңдерінде, бөлшектерді кесіп өңдеу үдерістері жетілдіріле түсті (1.1-кесте). Аспаптық материалдардың сапасы жақсарды, станоктардың қуаттары мен кесу жылдамдықтары жоғарылады, станоктарды басқару және пайдалану тәсілдері өзгерді.
Оқымысты ғалым Кеннет П.Оуклей өзінің «Кескіш аспаптарды жасаушы Адам» деген кітабында төмендегідей тұжырым жасайды: «Адамзат қоғамының дамуы кескіш аспаптық материалдардың және оларды жасаудың үдерістеріне тікелей байланысты болғанын көрсетеді. Сондықтан адамзат тарихында негізгі даму кезеңдері тастық, бронзалық, темірлік және болаттық ғасырлар деп бөлінген».
ХVIII ғасырдың ортасына дейін негізгі инженерлік құрылыстарда материал ретінде ағаш қолданылған.
Токарлық станок және бірталай басқа да сол кезде шығарылған станоктар түрлерінің көбі негізінен ағаштан жасалған бөлшектерді өңдеуге арналған.
Зеңбірек оқпанын кеулей жону, металл бұрандаларын даярлау және кішкентай аспаптардың бөлшегін жасау сирек кездескен.
Бу машиналарының өмірге келуі үлкен металл цилиндрлердің және баСҚАБай тұтқыр материалдардан жасалған бөлшектердің пайда болуына әкеледі. Мұндай бөлшектерді өңдей алатын станоктарға айрықша талап қойылып, кесіп өңдеу үдерістері одан әрі дами бастады.
Бірінші бу машиналарын жасаған материалдың өңделуі өте қиын болған. Сұр шойын, темір, жез, қола сияқты материалдардан жасалған бөлшектер, шыңдалған көміртекті болаттан жасалған аспаптармен өңделген.
Машина жасау зауыттарының білікті шеберлері аспаптық болатты термиялық өңдеу әдістері арқылы, олардың кескіш қасиеттерін жетілдіре түсті. Дегенмен, кескіш аспаптың бұзылмай жұмыс істеуі тек төмен кесу жылдамдығы арқылы ғана мүмкін болды.
1.1-кесте
