- •1,Адам биологиясы пәнінің мақсаты, міндеттерін сипаттап жазыңыз
- •2,Адам биологиясы саласының даму кезеңдерін сипаттаңыз
- •3,Адам биологиясы пәнінің басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз
- •4,Адам биологиясы пәнінің зерттеу әдістерін сипаттап жазыңыз
- •5, Антропология ілімі және антропогеннің кезеңдерін сипаттап жазыңыз
- •6,Приматтармен адамдардың жалпы морфофизиологиялық және экологиялық-географиялық сипаттамасына анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз
- •7,Адам және эволюцияға анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз
- •8,Антропогенез және адамның филогенетикалық дамуын атаңыз, сипаттап жазыңыз
- •9,Нағыз» гоминидтердің эволюциясының кезеңдері : homo erectus типтері. Homo sapiens түрінің ерте дүние өкілдерінің түрлерін атап шығыңыз
- •10, Эволюциялық өзгерістің типтерін түсіндіріңіз
- •11,Адам генетикасы және адам белгілерінің тұқым қуалауының классикалық типтерінің маңызын сипаттап жазыңыз
- •12,Адам геномын зерттеудегі тәсілдер мен зерттеулерді түсіндіріңіз, айырмашылығын көрсетіңіз
- •2,Иммунологиялық әдіс
- •3,Популяциялық-статистикалық әдіс
- •4,Биохимиялық әдіс
- •13,Мендель заңдарының маңызын атап көрсетіңіз
- •14,Гендердің өзара әсерін сипаттап көрсетіңіз
- •15,Жыныс пен тіркес тұқымқуалаушылықты ашып сипаттаңыз
- •16, Жыныс хромосамалары және гендердің қызметін сипаттаңы және салыстырыңыз
- •17 Жыныстардың сандық қатынастарын сипаттаңыз және түсіндіріңіз
- •19 Адам экологиясы және тұрғындардың денсаулығы олардың тіршілік ету
- •22 Мутациялық процестің механизмін сипаттаптүсіндіріңіз
- •23,Сана құрылымының және қызметінің алғашқы белгілерін түсіндіріңіз
- •24 Оң жақ және сол жақ шарлардың маңызын ашып көрсетіңіз
- •26 Жеке басқа тән ерекшеліктердің психологиясы және темпераменттің маңызын түсіндіріңіз
- •27 Алақан, саусақ, табанның бетіндегі эпидермальдық суреттері және жер бетіндегі дерматоглифті суреттердің таралуын түсіндіріңіз
- •28 Бастағы және денедегі шаш жабындысының құрылысы, пішіні, өсу дәрежесін түсіндіріңіз
- •29 Көздің түсі және пигментациясы және көздің құрылысының маңызын түсіндіріңіз
- •30 Денені өлшеудің жалпы тәсілдері және антропометрия көрсеткіштерідің маңызын түсіндіріңіз
- •31, Бас индекстерінің көрсеткіштері және бассауытының сыйымдылығы қарастырыңыз
- •32, Дене құрылысының типтері және өсу индексі анықтаңыз
- •33, Тіс, тіс формасы және оның ерекшеліктері, тістің құрылысы, тістің ерекшеліктерін анықтаңыз
- •34, Во жүйесі, қанның топтарға бөлінуі және қан құю кестесін анықтау зертханалық жұмыстарының жасалу барысын сипаттап қарастырыңыз.
- •35, Қандағы во жеографиялық таралуын анықтау зертханалық жұмысының әдістемесін қарастырыңыз
- •37, Адам конституциясы жөнінде түсінік. Психология және конституция зертханалық жұмысының маңызын ашып жазыңыз
- •38.Rh тобының географиялық таралуының зертханалық әдісінің барысын анықтап маңызын ашыңыз
- •40.Адам аурулары және конституциясын қарастырыңыз
- •41,.Дененің ұзындығын өлшеу әдістерін қарастырыңыз
- •42.Резус-фактор туралы түсінік және оны сипаттаңыз
- •43.Терінің құрылысының ерекшеліктерін қарастырыңыз
- •44.Кречмер жүйесі және Шелдон жүйесін тоқталыңыз
- •45, Виола жүйесінің жыныстық айырмашылығы туралы зерттеуді түсіндіріп, айқындаңыз.
5, Антропология ілімі және антропогеннің кезеңдерін сипаттап жазыңыз
Антропогенез (гр. Anthropos-адам, -genesis-шығу)-адамның шығу тегін, даму тарихын,оның жеке биологиялық түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұ-ларды шешуде приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнографика, тіл сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді.
Антропогенез жануарлар әлеміндегі адамның орнын, приматтардың эволюциясын, адам анатомиясының эволюциясын, палеантропология немесе адамның қазба формаларын зерттейді.
Антропология – адамның уақыт пен кеңістіктегі физикалық (де-не) өзгерістерін зерттейді. Бірнеше бөлімдері бар: антропометрия (бас пен дене өлшемдері), серология (қан тобы), одонтология (тіс морфо-логиясы), дерматоглифика (алақан мен саусақтағы тері бездері), кра-нология (бас сүйек морфологиясы), палеонтропология (қазып алынған сүйек қалдықтары).
Антропология ілімі – адамның физикалық құрылымының пайда болуын және эволюциясын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бөлімі болып саналады. Антропология үш бөлімге бөлінеді: морфология, антропогенез, нәсілтанушылық. Морфология бөлімі физикалық типтің индивидуальды өзгергіштігін, ұрықтан даму кезеңнен қартайғанға дейінгі жас өзгерістерін, әртүрлі әсерден пайда болған адамның физикалық өзгерістерінің ерекшеліктерін зерттейді. Морфология мерология – адам мүшелерінің вариациясын зерттейтін және соматология – бой, салмақ, кеуде шеңберін, пропорциясын зерттейтін бөлімдерге бөлінеді.
6,Приматтармен адамдардың жалпы морфофизиологиялық және экологиялық-географиялық сипаттамасына анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз
Приматтар отряды өзінің көптүрлілігімен, сан алуандық диапазо-нымен ерекшеленеді. Лемур мен адамға дейінгі аралықты қамтитын отряд. Бұл отряд 4 отряд тармағына, 12 тұқымдас, 47 туыс, 177 түрге бөлінеді. Бұл отрядты сан алуандылығына байланысты 4 үлкен топқа бөледі: жартылай маймылдар (лемурлар), шала маймылдар, адамтә-різді маймылдар, адам.
Приматтар негізінен жылы аймақтарда тіршілік етіп, ағашта өмір сүреді. (Павиандар мен адамнан басқасы). Приматтардың барлы-ғы бунақденеқоректі. Олардың ағашта тіршілік кешуі көптеген мүм-кіншіліктерге жол ашты.
Приматтар –сүтқоректілердің ең жоғарғы сатысындағы күрделі құрылысты отряд. Көз шарасы алдыңғы жағында жақсы дамыған. Саусақтарының ұстау қабілеті бар. Алдыңғы аяғының бас бармағы басқа саусақтарына қарама-қарсы орналасқан. Саусақтарының бәрін-де жалпақ тырнақ болады. Емшектері әрқашан жұп. Жатыры қарапа-йым. Әдетте жалқы болып туады. Маймылдардың артқы аяқтарын-дағы үлкен саусағы да басқа саусақтарына қарсы, ал адамның бұл жөніндегі ерекшелігі тік жүруіне байланысты аяғының үлкен саусағы басқа саусақтарымен жарыса орналасқан. Приматтар түс ажырата ал-ған, бұндай ерекшелік көптеген сүтқоректілерде жоқ, жүйке жүйесін-де негізгі орынды жақсы жетілген ми алады, ал басқа да сезім мүше-лері қосымша рөлге ие.
Адам тәрізді маймылдардың плиоценда, бәлкім миоценнің соңын-да антропоид линиясы бөлініп шыққан. Ол екі туыстан тұрған Austra-lopithecus және Homo. Барлық австралопитектер плейстоценнің соңы-на дейін өліп біткен. Homo-туысы басқа линияға жатады, оның негізгі ерекшелігі миы үлкен. Үш түрге бөлінеді H. һabilis, H.erectus, H.Saniens. Барлығы Африкада пленстоценде тіршілік еткен. H. Һabilis, Homе туысының ежелгі өкілі, Australopithecus пен Homo арасындағы өтпелі форма. Аталған үш түр бірінен соң бірі түр тізбегін түзеді.
Гоминоидтар. Гоминоид –(Hominoidea) приматтардың негізгі бір бұтағы. Қазіргі заман гоминоидтарын 3 топқа бөледі: гиббондар, адам тәрізді маймылдар және адам (қазіргі гиббондарды жеке тұқымдасқа –Hilobatidea бөлді). Қазіргі қалыптасқан жүйе бойынша адамды, адам тәрізді маймылды екі тұқымдасқа Hominoidea және Pongidea жатқыза-ды.
