- •1,Адам биологиясы пәнінің мақсаты, міндеттерін сипаттап жазыңыз
- •2,Адам биологиясы саласының даму кезеңдерін сипаттаңыз
- •3,Адам биологиясы пәнінің басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз
- •4,Адам биологиясы пәнінің зерттеу әдістерін сипаттап жазыңыз
- •5, Антропология ілімі және антропогеннің кезеңдерін сипаттап жазыңыз
- •6,Приматтармен адамдардың жалпы морфофизиологиялық және экологиялық-географиялық сипаттамасына анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз
- •7,Адам және эволюцияға анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз
- •8,Антропогенез және адамның филогенетикалық дамуын атаңыз, сипаттап жазыңыз
- •9,Нағыз» гоминидтердің эволюциясының кезеңдері : homo erectus типтері. Homo sapiens түрінің ерте дүние өкілдерінің түрлерін атап шығыңыз
- •10, Эволюциялық өзгерістің типтерін түсіндіріңіз
- •11,Адам генетикасы және адам белгілерінің тұқым қуалауының классикалық типтерінің маңызын сипаттап жазыңыз
- •12,Адам геномын зерттеудегі тәсілдер мен зерттеулерді түсіндіріңіз, айырмашылығын көрсетіңіз
- •2,Иммунологиялық әдіс
- •3,Популяциялық-статистикалық әдіс
- •4,Биохимиялық әдіс
- •13,Мендель заңдарының маңызын атап көрсетіңіз
- •14,Гендердің өзара әсерін сипаттап көрсетіңіз
- •15,Жыныс пен тіркес тұқымқуалаушылықты ашып сипаттаңыз
- •16, Жыныс хромосамалары және гендердің қызметін сипаттаңы және салыстырыңыз
- •17 Жыныстардың сандық қатынастарын сипаттаңыз және түсіндіріңіз
- •19 Адам экологиясы және тұрғындардың денсаулығы олардың тіршілік ету
- •22 Мутациялық процестің механизмін сипаттаптүсіндіріңіз
- •23,Сана құрылымының және қызметінің алғашқы белгілерін түсіндіріңіз
- •24 Оң жақ және сол жақ шарлардың маңызын ашып көрсетіңіз
- •26 Жеке басқа тән ерекшеліктердің психологиясы және темпераменттің маңызын түсіндіріңіз
- •27 Алақан, саусақ, табанның бетіндегі эпидермальдық суреттері және жер бетіндегі дерматоглифті суреттердің таралуын түсіндіріңіз
- •28 Бастағы және денедегі шаш жабындысының құрылысы, пішіні, өсу дәрежесін түсіндіріңіз
- •29 Көздің түсі және пигментациясы және көздің құрылысының маңызын түсіндіріңіз
- •30 Денені өлшеудің жалпы тәсілдері және антропометрия көрсеткіштерідің маңызын түсіндіріңіз
- •31, Бас индекстерінің көрсеткіштері және бассауытының сыйымдылығы қарастырыңыз
- •32, Дене құрылысының типтері және өсу индексі анықтаңыз
- •33, Тіс, тіс формасы және оның ерекшеліктері, тістің құрылысы, тістің ерекшеліктерін анықтаңыз
- •34, Во жүйесі, қанның топтарға бөлінуі және қан құю кестесін анықтау зертханалық жұмыстарының жасалу барысын сипаттап қарастырыңыз.
- •35, Қандағы во жеографиялық таралуын анықтау зертханалық жұмысының әдістемесін қарастырыңыз
- •37, Адам конституциясы жөнінде түсінік. Психология және конституция зертханалық жұмысының маңызын ашып жазыңыз
- •38.Rh тобының географиялық таралуының зертханалық әдісінің барысын анықтап маңызын ашыңыз
- •40.Адам аурулары және конституциясын қарастырыңыз
- •41,.Дененің ұзындығын өлшеу әдістерін қарастырыңыз
- •42.Резус-фактор туралы түсінік және оны сипаттаңыз
- •43.Терінің құрылысының ерекшеліктерін қарастырыңыз
- •44.Кречмер жүйесі және Шелдон жүйесін тоқталыңыз
- •45, Виола жүйесінің жыныстық айырмашылығы туралы зерттеуді түсіндіріп, айқындаңыз.
42.Резус-фактор туралы түсінік және оны сипаттаңыз
Резус-фактор (rhesus) — адамдар мен макака-резус маймылының (аталуы осыған байланысты) эритроциттерінің құрамында болатын антиген. Резус-факторды 1940 ж. австриялық иммунолог К.Ландштейнер (1868 — 1943) мен америкалық ғалым А.Винер (1907 — 78) ашты. Адамдардың 85%-нда эритроцитқұрамында оң Резус-фактор, ал 15%-нда теріс Резус-фактор.болады. Резус-фактор жүйесінде бірнеше әр түрлі антигендер, сондай-ақ Hr тобы болады. Осы топ пен резус (Rh) қосылып, ортақ жүйе Rh — Hr құрады. Rh-тің құрамында Д, С, Е, ал Hr-те д, с, е агглютиногені бар. Hr агглютиногені адамдардың 83%-нда эритроцит құрамында кездеседі. Резус-фактор тұқым қуалайды және өмір бойына өзгермейді. Қан құйғанда қан топтары сияқты Резус-фактор да қатаң есепке алынады, себебі, бұл кезде Rh — Hr агглютиногендер жүйесінде арнайы антидене түзіледі; организмге антигенді қайталап құйғанда, “антиген — антидене” реакциясы пайда болуы мүмкін, ал бұл организмнің қалыпты қызметін бұзады. Мыс., қанының Rh-ы оң реципиентке теріс Rh-ы бар қан құйылса,гемотрансфуз. реакция (адамның денесі қалтырайды, температурасы көтеріледі, белі ауырады) жүреді. Ал жүктілік жағдайында, ананың Rh-ы теріс болып, құрсақтағы нәрестенің Rh-ы оң болса, иммундық өзгеріс болуы мүмкін. Бұл құрсақтағы нәрестенің өліміне әкеліп, әйел түсік тастайды, мұны Rh-конфликт деп атайды. Егер мұндай жағдайда әйел аман-есен босанса да, кейін жаңа туған сәби тұқым қуалайтын қан ауруына шалдығады. Жүкті әйелдерде Rh-конфликтболмау үшін оларға антирезус-гамма-глобулин егіледі
43.Терінің құрылысының ерекшеліктерін қарастырыңыз
Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты - эпидермис (лат. ері - сырты, үсті, derma - тері), ортаңғы қабаты - нағыз тері (дерма), ішкі қабаты - шелді қабаты деп аталады. Соңғы кезде шелді қабатпен нағыз тері қабатын біріктіріп, бір қабат деп санауда.Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий (жабын) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0,5-2,3 мм). Көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойында эпидермис қабатының қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден аспайдыЭпидермистің өзі екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты мүйізді қабат деп аталады. Бұл қабаттағы тіршілігін жойған жасушалар қайызғақ түрінде үнемі түлеп түсіп отырады. Қайызғақ көбіне шаштың арасынан айқын көрінеді. Эпидермистің мүйізді қабаты теріні сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзаларды өткізбейді. Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда болған. Эпидермистің ішкі қабатын - өсуші қабат дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар орналасқан. Ондағы жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп отырады. Өсуші қабаттағы жасушалардың бөлініп көбеюі тырнақтардың да, түктердің де өсуіне септігін тигізеді. Терінің екінші қабаты - нағыз тері қабаты (дерма). Дерма «тері» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да тері ауруларын емдейтін дәрігерді дерматолог деп атайды.Терінің дерма қабаты дәнекер ұлпадан түзілген. Оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Дерманың эпидермиске жанаса орналасқан сыртқы қабатын - емізікшелі (сосочковый), ішкі жағын - торлы (сетчатый) қабат дейді. Дерманың емізікшелі қабаты тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұрады. Бұл қабатта қантамырлары, лимфа HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9B%D0%B8%D0%BC%D1%84%D0%B0_%D1%82%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B&action=edit&redlink=1"тамырлары, жүйке талшықтары өте жиі орналасқан. Эпидермисті қажетті қоректік заттармен осы қабат қамтамасыз етіп тұрады. Емізікшелі қабаттағы тарақ, емізік тәрізді өскіндерге байланысты әр адам терісінің сыртқы бедері түрліше болады. Қылмысты істерді анықтауда саусақ ұшындағы тері HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%B5%D1%80%D1%96_%D0%B1%D0%B5%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96&action=edit&redlink=1"бедері көп пайдасын тигізеді. Дерманың торлы қабаты, тірек қызметін атқарады. Бұл қабатта түктің түбірі, тер және май бездері орналасады. Теріде сүт бездері болады. Тер бездері де сыртқы секреция бездеріне жатады.Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің сыртына кішкене тесікшелер - шұрықтар түрінде ашылады. Тер HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%B5%D1%80_%D0%B1%D0%B5%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96&action=edit&redlink=1"бездері алақанда, табанда, қолтықта, тақымда көп шоғырланған. Тер HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%B5%D1%80_%D0%B1%D0%B5%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96&action=edit&redlink=1"бездері арқылы термен бірге ыдырау өнімдері бөлінеді. Тер бездерінен бөлінген тер дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. Балаларда тер бездері нашар дамыған.Майлы бездердің өзектері түктердің түбіріне ашылып, түктерге, теріге май бөледі. Майлы бездерден бөлінген май теріні құрғап кетуден сақтайды, теріге суды өткізбейді. Терінің жұмсақтығы мен серпімділігін қамтамасыз етеді. Майлы бездер баста, бетте көбірек болады. Теріде болатын ерекше жасушалар күнніңультракүлгін сәулелерінің әсерінен пигмент (меланин) бөліп, терінің түсі қараяды. Оның қорғаныштық мәні бар.Тері шелмайы қабаты (гиподерма) да дәнекер ұлпадан тұрады, онда майлы қосылыстар көп болады. Мұнда жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады. Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды. Шаш, түктер, тырнақ - эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері. Алақанда, табанда, ерінде түктер болмайды. Бас терісінде қалың өскен түктер - шаш деп аталады. Шаштың теріден сыртқа шығып тұрған бөлігі - сояуы (қылшығы), терінің астында түбірі мен жуашығы орналасқан. Түктің жуашығы мен түбірінің сыртын түк қалтасы қоршап тұрады. Түк жуашығыменқантамырлар, жүйкелер және түкті тікірейтетін бұлшықеттер байланысқан. Түк қалтасына майлы бездердің өзегі ашылып, шашты (түктерді), теріні майлап тұрады.
