- •1,Адам биологиясы пәнінің мақсаты, міндеттерін сипаттап жазыңыз
- •2,Адам биологиясы саласының даму кезеңдерін сипаттаңыз
- •3,Адам биологиясы пәнінің басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз
- •4,Адам биологиясы пәнінің зерттеу әдістерін сипаттап жазыңыз
- •5, Антропология ілімі және антропогеннің кезеңдерін сипаттап жазыңыз
- •6,Приматтармен адамдардың жалпы морфофизиологиялық және экологиялық-географиялық сипаттамасына анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз
- •7,Адам және эволюцияға анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз
- •8,Антропогенез және адамның филогенетикалық дамуын атаңыз, сипаттап жазыңыз
- •9,Нағыз» гоминидтердің эволюциясының кезеңдері : homo erectus типтері. Homo sapiens түрінің ерте дүние өкілдерінің түрлерін атап шығыңыз
- •10, Эволюциялық өзгерістің типтерін түсіндіріңіз
- •11,Адам генетикасы және адам белгілерінің тұқым қуалауының классикалық типтерінің маңызын сипаттап жазыңыз
- •12,Адам геномын зерттеудегі тәсілдер мен зерттеулерді түсіндіріңіз, айырмашылығын көрсетіңіз
- •2,Иммунологиялық әдіс
- •3,Популяциялық-статистикалық әдіс
- •4,Биохимиялық әдіс
- •13,Мендель заңдарының маңызын атап көрсетіңіз
- •14,Гендердің өзара әсерін сипаттап көрсетіңіз
- •15,Жыныс пен тіркес тұқымқуалаушылықты ашып сипаттаңыз
- •16, Жыныс хромосамалары және гендердің қызметін сипаттаңы және салыстырыңыз
- •17 Жыныстардың сандық қатынастарын сипаттаңыз және түсіндіріңіз
- •19 Адам экологиясы және тұрғындардың денсаулығы олардың тіршілік ету
- •22 Мутациялық процестің механизмін сипаттаптүсіндіріңіз
- •23,Сана құрылымының және қызметінің алғашқы белгілерін түсіндіріңіз
- •24 Оң жақ және сол жақ шарлардың маңызын ашып көрсетіңіз
- •26 Жеке басқа тән ерекшеліктердің психологиясы және темпераменттің маңызын түсіндіріңіз
- •27 Алақан, саусақ, табанның бетіндегі эпидермальдық суреттері және жер бетіндегі дерматоглифті суреттердің таралуын түсіндіріңіз
- •28 Бастағы және денедегі шаш жабындысының құрылысы, пішіні, өсу дәрежесін түсіндіріңіз
- •29 Көздің түсі және пигментациясы және көздің құрылысының маңызын түсіндіріңіз
- •30 Денені өлшеудің жалпы тәсілдері және антропометрия көрсеткіштерідің маңызын түсіндіріңіз
- •31, Бас индекстерінің көрсеткіштері және бассауытының сыйымдылығы қарастырыңыз
- •32, Дене құрылысының типтері және өсу индексі анықтаңыз
- •33, Тіс, тіс формасы және оның ерекшеліктері, тістің құрылысы, тістің ерекшеліктерін анықтаңыз
- •34, Во жүйесі, қанның топтарға бөлінуі және қан құю кестесін анықтау зертханалық жұмыстарының жасалу барысын сипаттап қарастырыңыз.
- •35, Қандағы во жеографиялық таралуын анықтау зертханалық жұмысының әдістемесін қарастырыңыз
- •37, Адам конституциясы жөнінде түсінік. Психология және конституция зертханалық жұмысының маңызын ашып жазыңыз
- •38.Rh тобының географиялық таралуының зертханалық әдісінің барысын анықтап маңызын ашыңыз
- •40.Адам аурулары және конституциясын қарастырыңыз
- •41,.Дененің ұзындығын өлшеу әдістерін қарастырыңыз
- •42.Резус-фактор туралы түсінік және оны сипаттаңыз
- •43.Терінің құрылысының ерекшеліктерін қарастырыңыз
- •44.Кречмер жүйесі және Шелдон жүйесін тоқталыңыз
- •45, Виола жүйесінің жыныстық айырмашылығы туралы зерттеуді түсіндіріп, айқындаңыз.
1 Деңгей
1,Адам биологиясы пәнінің мақсаты, міндеттерін сипаттап жазыңыз
Адам биологиясы пәнінің мақсаты - адамды биологиялық түр есебінде қарай отырып, оның ағзасының тіршілік қызметін реттеу және белгілі деңгейде ұстап тұру жайлы түсінік бере отырып, экологиялық жағдайда бейімделу жақтарын үйрету.
басты міндеттері: адамның шығутегі және негізгі эволюциялық даму кезеңдерін түсіндіру;
студенттерді адам генетикасымен және популяциялық генетикалық құрамдарымен таныстыру;
қазіргі адам популяциясының биологиялық өзгергіштігін (дененің пішіні және үлкендігі, пигменттілігі, физиологиялық және биологиялық ерекшеліктері т.б) көрсету;
адамның өсу кезеңдері жайлы мәліметтерді қалыптастыра отырып оның физикалық дамуына және ақыл-ой санасына реттеуші факторларды түсіндіру;
студенттерді адам экологиясының негізгі бағыттары мен таныстыру;
ағзаның тіршілік қызметін реттеуші физиологиялық механизмдерін айқындау;
физиологиялық процестердің өздігінен реттелу;
механизмдері мен организмнің сыртқы және ішкі ортасы арасындағы үздіксіз қатынас пен тұтастықты қамтамасыз ететін механизмдер туралы білім жүйесін қалыптастыру. Ондай біртұтастықтың негізгі шарты мен көрінісі организмнің белгілі орта жағдайына бейімделуі болып табылады.
2,Адам биологиясы саласының даму кезеңдерін сипаттаңыз
«Адам биологиясы» - жан-жақты дамыған, басқа да пәндердің жиынтығының қалыптасқан оның ішіндегі адамның эволюциялық шығу тегін, жер бетінен географиялық таралуын (антропогенез), уақытқа байланысты кеңістіктегі адам популяциясының құрылымы (нәсіл танушылық), ағзаларының жеке дамуы мен оның морфологиялық өзгергіштігін (антропометрия), генетикалық тегін, физиологиялық және экологиялық жақтарын зерттеуші ғылыми пән.
Адам биологиясы бірнеше тарауларды қарастырады:
1,Антропогенез-адамның адам ретінде қалыптасуы, яғни адам-ды адам тәріздес маймылдан шықты дейтін болсақ ол адам қалпына түсуі үшін оған еңбек, сөйлеу, ойлау, эмоция, т.б. факторлардың арқа-сында жүзеге асты деп айта аламыз. Бұл ілім адамның шыққан тегін, маймылдарға ұқсастығын қазба жұмыстары арқасында дәлелдеп анықтауға негізделген.
2,Адам генетикасы-организмдердің тұқым қуалау және өзгер-гіштігі туралы ілім. Өмір деген түсінік өте күрделі. Ол организм-дердің өсіп жетілуі, ұзақ мерзімінде үздіксіз өмір сүруімен қатар олардың өзгеруі, қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты түрлердің әсері эволюциялық сатыда өзінің орнын табады.
3,Қазіргі адам популяциаларының биологиялық өзгергіштігі (нәсілтану) – Қазіргі заманда экологиялық, әлеуметтік жағдайардың өзгеруі, үлкен қалалардың, халық санының өсуіне байланысты адам-ның түр келбеті де өзгерді,
4,Жасты және конституциялді антропологиясы - Адамның туылғаннан бастап өлген кезіне дейінгі аралықты қарастырады. Бұған қоршаған ортаның факторлары әсер етеді, яғни тамақтың құрамы, үл-кен қалалардың өсуі, ақпараттық мәліметтер, радио-теледидар. Осы-лар адамның ерте жетілуіне (акселерация), жүйке жүйелеріне, түйсі-гіне, өсіп-жетілуіне тікелей әсер етеді.
5,Организмнің тіршілік қызметтерінің реттелуі - Организмнің сыртқы және ішкі факторларына организмнің жауап беруі. Бұл жерде басқарушы орган ми. Ол барлық информацияны қабылдап дұрыс ше-шім табады және орындаушы мүшелерге тапсырма береді, сол арқы-лы біздің организміміз қалыпты жұмыс атқарады.
6,Тамақтану экологиясы – ас адамның арқауы дегеніміздей дұрыс тамақтану адамның өмірін ұзартып, ауруларға ұшырамауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тамаққа қосылатын кейбір қоспа-лардың, токсиндік заттардың адам организміне аса қауіпті екенін айта кеткен жөн.
7,Адам экологиясы - қазіргі экологиялық жағдайдың нашар-лауы, яғни қоршаған ортаға улы өндіріс қалдықтары, автотранспорт түтіні адамға токсиндік, аллергендік, канцерогендік әсер етеді. Эколо-гияның нашарлауы адамның жүйке жүйесіне әсер етіп адам тез шар-шағыш, депрессияға, ауруларға бейім келеді.
