Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан сратары .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
619.35 Кб
Скачать

5.Статистикалық жүктемемен үшфазалы тізбектердің симметриялық

режімдерін есептеу

6.Кейбір жеке жағдайлардағы қабылдағыш фазасындағы кернеу.

Үш фазалық жүйеде генератордың фазалық орамаларының ұштарының арасындағы немесе жүктеменің фазаларының ұштарының арасындағы кернеулерді (UAUB,UC фазалық кернеулер деп аталады. Бұл кернеулерді желілік сымдар мен нөлдік сым арасындағы кернеулер деп де қарастыруға болады. Симметриялы жүйеде фазалық кернеулердің әрекеттік мәндері бірдей болады: UA =UB=UC = Uф.

Фазалық токтар деп генератордың фазалық орамалары немесе жүктеменің фазалары арқылы жүретін токты айтады.

Желілік кернеулер (UABUBC ,UCA ) деп желілік сымдар арасындағы кернеулерді айтамыз. Желілік кернеулерді фазалардың бастапқы ұштарының арасындағы кернеулер деп де қарастыруға болады. Симметриялы жүйеде желілік кернеулердің әрекеттік мәндері бірдей болады: UAB = UBC = UCA = Uж .

Егер UA = ЕА UB = EB , UC EC ескерсек, онда желілік кернеулердің комплекстік мәндері: UAB = ЕА - EB = UA UB = Uж ej30˚ , UBCEB- ECUBUC = Uж e –j90˚ ,UCAEC- EAUCUA = Uж e j150˚ .

Үш фазалы симметриялы қоректендіргіштің фазалары жұлдызша жалғанған кезде фазалық және желілік кернеулер үшін векторлық диаграмма 39ә – суретте көрсетілген. Бұл диаграммадан фазалық және желілік кернеулердің комплекстік мәндері үш бірдей теңбүйірлі үшбұрыш құрайтындығын көреміз. Бұл үшбұрыштан желілік және фазалық кернеулердің әрекеттік мәндері өзара мынадай қатынаста болатындығын көреміз: Uж =2UФcos30˚=  .

Қоректендіргіш пен қабылдағыштың ( жүктеменің) фазаларының токтары: I=EA/ZA =UA/ ZAIBEB/ZBUBZBICEC/ZCUCZC. Бейтарап сымдағы ток I0 IA +IB + IC. Қоректендіргіш пен қабылдағыштың ( жүктеменің) фазалары жұлдызша сұлба бойынша жалғанса, желілік токтар оларға сәйкес фазалық токтарға тең болады.

Егер жүктеме симметриялы болса, яғни оның фазаларының кедергілері бір біріне тең болса (ZAZB = ZC) болса, онда   =0, яғни нөлдік сыммен ток жүрмейді. Бұл жағдайда нөлдік сымды сұлбадан алып тастауға болады және желілік пен фазалық токтардың әрекеттік мәндері тең: IЖ=IФ.

7.Үшфазалы желінің балама сұлбалары

Үш фазалы желінің балама сұлбасын тұрғызу үшін желінің өнбойында болып жатқан электромагниттік құбылыстар есепке алынуы керек. Магниттік құбылыстарды индуктивтілк, электр өрісііне байланысты құбылыстарды сыйымдылық, ал жылу бөліну құбылысын кедергі арқылы сипаттайды.

Үш фазалы желінің балама сұлбасына оның сымдарының индуктивтілігі және сымдар арасындағы өзара индуктивтілік, сымдар мен жер арасындағы сиымдылық, сымдардың арасындағы сиымдылық, сымдарың активті кедергілері және оқшаулағыштардың ( изоляцияның) өткізгіштері енуі тиіс. 46 –суретте үш фазалы желінің бір фазасының «П » және «Т » тәрізді балама сұлбалары келтірілген. Суретте көрсетілген индуктивтілік Lф симметриялы үш фазалы желінің индуктивтілігі деп аталады: Lф=Lз - Мз. Мұндағы Lз -сымның индуктивтілігі, ал Мз. – сымдар арасындағы өзара индуктивтілік. Желі симметриялы болу үшін, яғни Lз және Мз барлық фазалар үшін бірдей болуы үшін, желінің ұзындығын үшке бөліеді де, сымдардың өзара орналасу ретін әр бөлікте өзгертіп отырады. Бұл тәсілді сымдардың транспозициясы деп аталады.

Суретте көрсетілген сиымдылық Сф фаза сыйымдылығы деп аталады: Сф о +3См . Мұндағы Со- сым мен жер арасындағы сыйымдылық, ал См  сымдар арасындағы сыйымдылық. Желі сымдарын транспозициялау арқасында Сф мәні үш фаза үшін бірдей болады.

Суреттегі кедергі R - сымның активті кедергісі. Желі симметриялы болғандықтан бейтарап сыммен ток жүрмейді. Сондықтан бейтарап сымның кедергісі сұлбаға енбеді.