- •«Кәсіпорындардағы ақпараттық жүйелер» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •5В060200 – «Информатика» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Дәрістер
- •Дәрістер
- •Иерархиялық деректерді моделдеу
- •Желілік деректерді моделдеу
- •Реляциялық деректерді моделдеу
- •Тақырыбы: Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған құралдар
- •Аспаптық құралдар
- •Аспаптық құралдар
- •Мәліметтер жиыны
- •Table1 компонентімен байланысқан дқ кестесіне арналған негізгі индекс анықталған. Оған кілтті алаң Name Post; BruthDay кіреді ;Бұл индекс ағымдағы ретінде орнатылады .
- •Сурет 8.3. Мәліметтер базасының псевдонимінің параметрлі терезесі
- •2. Жұмысты орындау реті
- •Тақырыбы: Delphi-де дқбж-н құру.
- •1) Экранды формада дқ-ның бір кестенің мазмұнын ұсыну
- •2.2)Экранды формада дқ кестесінің мәліметтерін бейнелеу, оларды арасындағы байланысты есепке алып, мәліметтер жиынын арасындағы Master –Detaie байланысын жүзеге асыру арқылы .
- •Тақырыбы: дқ-ғы мәліметтерді енгізу үшін экрандық форма құру
- •Экрандық формадағы tdbGrid модификация варианттары
- •Ол үшін мәліметтер жиыны dsBrowse қарап шығу режимінде болуы қажет.
- •Дқ мазмұнын ұсыну үшін өте күрделі экрандық формалар Экрандық формадағы tdbGrid модификация варианттары
- •Электрондық формада саналатын алаңдар
- •Сурет-12.10. Жіберілген қосымша түрі
- •Сурет-13.1. Әртүрлі кестеден мәліметтерді бір мәліметтер жиынына біріктіру
- •Жүйе жұмысын тексеруі және жіберілу
- •Сурет-15.3. Жуықтап қарау терезесіндегі есепберудің мазмұны
- •Сурет- 15.5. Формулалар орналастыру
- •2. Зертханалық сабақтар
- •Тапсырмалар:
- •Кестені шығару
- •Тапсырмалар:
- •Структуралы сұраныстар тілі sql
- •Сұранымды қосымшада құру
- •Тапсырма:
- •Тапсырмалар:
- •Жалпы есеп құру
- •3. Студенттердің өздік жұмысы
Тапсырма:
Деректер базасында белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын өрістер жазуларын іздеу операцияларын көрсету:
- біртіндеп іздеу
- бинарлы іздеу программалық кодтарын құру.
№7- зертханалық жұмыс.
“Есеп құру”(3 сағ.).
Есеп – мәліметтер қорындағы жазулардан құжат түрінде аяқталған нәтиже береді. Ол нәтижені бірден принтерге жіберуге болады. Qreport (Есеп) панелінен TquickRep 3.0.5. компонентін құру осы проблеманы шешеді. Qreport панелінің басқа да компоненттері есептің қажетті элементтерін көрсетуге көмектеседі. Әр компоненттің Band деп аталатын жолағы болады. Есепте келесі негізгі компоненттер қолданылады:
Есеп жолағы компоненті TQRBand: Есепте белгілі бір элементтерді орналастыру, топтау бейнелеуін көрсетеді. TquickRep бейнелеуді көрнекі түрде орындайды.
Есеп тақырыбы компоненті TQRLabel: Tlabel компонентіне ұқсас. Есепте қажетінше мәтін жазуға көмектеседі.
Шығару өрісі компоненті TQRDBText: Деректер жиынынан өріс мәндерін шығару үшін қолданылады. Деректер жиыны DataSet қасиетінде көрсетіледі. Ал қажетті белгілі бір өріс DataField қасиетімен көрсетіледі. Компонент орналасқан жолақ мәні BandType - rbDetail болуы керек. BandType қасиетінің одан басқа да мәндері бар:
RbTitle – есеп тақырыбы
RbPageHeader – жоғарғы колонтитул
RbDetail – жазу тақырыбы
RbPageFooter – төменгі колонтитул
RbSummary – есеп қортындысы
RbColumnHeader – баған тақырыбы
RbGroupFooter – бөлім тақырыбы
RbGroupHeader –бөлім қортындысы
Алдын ала қарау компоненті TQRPreview: Құрылған есепті баспаға шығармай тұрып алдын ала қарауға көмектеседі. Ол .шін OnPreview оқиғасына Preview әдісін шақырады. Есеп құруға мысал келтірейік: “Тауарлар”, “Клиенттер”, “Тапсырысдар” кестелерін қолданамыз. Ол үшін жаңа қалып құрамыз. Себебі әр есеп әр терезеде құрылады.
File – New Form командасын орындаймыз. Unit1 және Unit2 модульдерін байланыстырамыз.
Qreport панелінен Form2 қалыбына QuickRep – жылдам есеп компонентін орналастырамыз. QuickRep1 қасиетін көрсетеміз.
DataSet - Table1 деп қолданылатын кестені көрсетеміз.
Bands қасиетінде “+” батырмасын басамыз:
А) HasTitle - есеп тақырыбына берілетін облыс. Тақырыпты Qreport панеліндегі QRLabel1 компонентінің көмегімен жазамыз.
Б) HasColumnHeader – есепте көрінетін өрістер атауларына берілетін облыс.
В) HasDetail – кестелерден алынатын деректерге бөлінетін облыс (детализация облысы деп аталады). Оны көрнекілеу үшін QRShape1 компонентін қолданады.
Кестеден деректерді шақыру QRDBText компонентінің көмегімен орындалады. Оның екі қасиетін көрсетеміз:
А) DataSet - Table1 деп.
Б) DataField - Name, Price, т.б. деп өріс атауларын көрсетеміз.
Құрыған есепті көру үшін контекстік мәзірден Preview командасын орындаймыз. Пайда болған терезеде PrintPreview батырмасын басамыз
Есеп облыстарының келесі қасиеттері бар:
HasPageFooter – төменгі колонтитул
HasPageHeader – жоғарғы колонтитул, қосымша QRLabel1, QRLabel2 компоненттерін қолданып, “Фирма1” дейміз
Есептің жалпы қасиеттері:
Options - “+”
FirstPageHeader – бірінші бетте жоғарғы колонтитул бар ма, көрсету (True немесе False).
LastPageFooter - соңғы бетте төменгі колонтитул бар ма, көрсету (True немесе False)
HasSummary – қортынды жасау облысы True дейміз. QRLabel1, QrLabel2 компоненттерін орналастырып «Сатып алушы клиенттер саны» т.б. деп жазамыз
Form1 қалыбында “Қарау” батырмасын орналастырып, оны басқанда есеп құратын программалық кодта Preview әдісін жазамыз:
Begin
If Radiogroup1.ItemIndex=0 then Begin
Form2.QRLabel14.Caption:=DatetoSte(Date);
Form2.QRLabel16.Caption:=TimetoSte(Time);
Form2.QRLabel20.Caption:=IntToSte(Table1.RecordCount);
Form2.QuickRep1.Preview;
End;
