Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6ddc9e41-585f-11e5-884b-f6d299da70eeУМКД_ИСП03.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Тапсырмалар:

  1. Құрылған деректер базасын ашып, кестелерін экранға шығарыңыз.

  2. Деректер базасына есептелетін өрістерді қолданыңыз.

  1. Деректер базасындағы жазуларды реттеуді көрсетіңіз.

  2. Деректер базасы бойынша ќарапайым сұраныс ќұру.

  • Сандық өрістегі жазулар санын анықтау

  • Белгілі бір өрістің қортындысын анықтау

  • Берілген шартты қанағаттандыратын жазу өрістерін шығару

4-зертханалық жұмыс.

Фильтр – сүзу”(2 сағ.).

Деректер кестесі жазуларынан белгілі бір шартты қанағаттандыратын жазуларды сүзіп алу сұраным немесе фильтр деп аталады. Шарт Filter қасиетінде өрнек түрінде жазылады. Сұранымдар көбіне SQL арнаулы тілінде жазылады. Бұл тіл барлық ДББЖ-де құпталған. Filter қасиетінде жазылған мәнді Delphi ортасы автоматты түрде SQL сұранымына айналдырады да қай ДББЖ-н қолданып отырсаңыз, сол типке сәйкес орындалады. Программаны орындауға жібергенде DBGrid тізімінде шартты қанағаттандыратын жазулар ғана шығады.

Мысалы; “Wares.db” және “Order.db“ кестелерінде сүзу операциясын жүргізу керек болсын.

  1. Қалыпқа тақырыптары “тауар атауы бойынша”, “тауар бағасы бойынша”, “Тапсырысдар саны бойынша” деп аталатын үш TradioButton компоненттерін, “Мән” деп аталатын Tlabel компонентін, деректерді енгізу үшін Tedit компонентін, “Сүзу” және “Сүзуді алып тастау” деп аталатын екі Tbutton компоненттерін орналастырамыз.

  2. Код көмегімен Filter қасиетіне шарт береміз. Filter қасиеті – деректерді сүзіп шығару шарты. Filtered – сүзуді орындау.

  3. Tbutton OnClick

Begin

Table1.Active:=False;

Table1.Filtered:=False;

Table2.Active:=False;

Table2.Filtered:=False;

If RadioButton1.Checked=true then begin

Table1.Filter:=’Name’+’ ‘ +Edit1.Text+’ ‘;

End;

If RadioButton2.Checked=true then begin

Table1.Filter:=’Price’+’ ‘ +Edit1.Text+’ ‘;

End;

If RadioButton3.Checked=true then begin

Table1.Filter:=’Amount=’+’ ‘ +Edit1.Text+’ ‘;

End;

Table1.Active:=True;

Table1.Filtered:= True;

Table2.Active:= True;

Table2.Filtered:= True;

End;

Тапсырма:

  1. Өз құрған деректер базаңыз бойынша жазуларға, өрсітерге фильтр операциясын қолдануды көрсетіңіз.

5-зертханалық жұмыс.

Сұраныс құру” (2 сағ.).

  1. Сұраныс құру компоненті Tquery:

DataAccess панелінде орналасқан Tquery компоненті бірнеше кестелерден қажетті жазуларды шығарып алуға көмектеседі. Ал нәтижесінде алынған деректермен жұмыс Ttable компонентімен орындалады. Сұраныс құруда Structured Query Language (SQL) тілінің маңызы зор. SQL операторлары программалық кодтан оырндалады. Tquery компонентінің SQL қасиетінде операторды жазып көрсетуге болады., оны орындау үшін ExecSQL әдісі қолданылады.

SELECT операторы SQL тілінің негізгі операторы болып табылады. Ол бірнеше кестеден берілген шартты қанағаттандыратын жазуларды алып шығарады.

Оператордың жазылуы келесідей: SELECT өрістер тізімі FROM кесте атауы;

Мысалы: SELECT Name, Salary FROM Client.db .

Паскаль тіліндегідей Select, From сөздері SQL тілінің резервтегі кілттік қызметші сөздері ретінде қабылданған. SQL операторларын бас әріптермен жазу керек. EnterSQL (SQL тілінің операторларын енгізу) бөлігінде жоғарыдағы жолды жазып, Execute Query (сұранымды орындау) батырмасын бассақ екі өрістен тұратын уақытша деректер жиыны деп аталатын деректер кестесін аламыз.

Егер сұранысқа барлық өрістерді енгізу керек болса, * символын көрсетеді. Мысалы:

Select * From Client.db

Шарт бойынша деректерді жинақтау үшін Where қызметші сөзінен кейін Паскаль тілінде шартты өрнекті көрсету керек. Өрнекте мына салыстыру таңбалары: <, > =, >=, <=, логикалық операциялар: Or, AND, NOT қолданылады. Жалпы жазылуы:

SELECT өрістер тізімі FROM кесте атауы WHERE шарт;

Мысалы: SELECT * FROM Client.db WHERE Cash>=120000 and Cash<=1000000