- •«Кәсіпорындардағы ақпараттық жүйелер» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •5В060200 – «Информатика» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Дәрістер
- •Дәрістер
- •Иерархиялық деректерді моделдеу
- •Желілік деректерді моделдеу
- •Реляциялық деректерді моделдеу
- •Тақырыбы: Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған құралдар
- •Аспаптық құралдар
- •Аспаптық құралдар
- •Мәліметтер жиыны
- •Table1 компонентімен байланысқан дқ кестесіне арналған негізгі индекс анықталған. Оған кілтті алаң Name Post; BruthDay кіреді ;Бұл индекс ағымдағы ретінде орнатылады .
- •Сурет 8.3. Мәліметтер базасының псевдонимінің параметрлі терезесі
- •2. Жұмысты орындау реті
- •Тақырыбы: Delphi-де дқбж-н құру.
- •1) Экранды формада дқ-ның бір кестенің мазмұнын ұсыну
- •2.2)Экранды формада дқ кестесінің мәліметтерін бейнелеу, оларды арасындағы байланысты есепке алып, мәліметтер жиынын арасындағы Master –Detaie байланысын жүзеге асыру арқылы .
- •Тақырыбы: дқ-ғы мәліметтерді енгізу үшін экрандық форма құру
- •Экрандық формадағы tdbGrid модификация варианттары
- •Ол үшін мәліметтер жиыны dsBrowse қарап шығу режимінде болуы қажет.
- •Дқ мазмұнын ұсыну үшін өте күрделі экрандық формалар Экрандық формадағы tdbGrid модификация варианттары
- •Электрондық формада саналатын алаңдар
- •Сурет-12.10. Жіберілген қосымша түрі
- •Сурет-13.1. Әртүрлі кестеден мәліметтерді бір мәліметтер жиынына біріктіру
- •Жүйе жұмысын тексеруі және жіберілу
- •Сурет-15.3. Жуықтап қарау терезесіндегі есепберудің мазмұны
- •Сурет- 15.5. Формулалар орналастыру
- •2. Зертханалық сабақтар
- •Тапсырмалар:
- •Кестені шығару
- •Тапсырмалар:
- •Структуралы сұраныстар тілі sql
- •Сұранымды қосымшада құру
- •Тапсырма:
- •Тапсырмалар:
- •Жалпы есеп құру
- •3. Студенттердің өздік жұмысы
Кестені шығару
Кестені экранға екі түрде шығаруға болады: торкөз түрінде, жеке өрістер түрінде. Мысалмен көрсетсек:
А) “Wares” кестесін торкөз түрінде шығару керек болсын.
1. DataAccess панелінен қалыпқа Ttable компонентін орналастырамыз. Қасиеттерін береміз:
Мәліметтер қорының атауы DataBaseName - Firma1 деп.
Кесте атауын TableName – Wares.db деп.
Кесте активті болсын Active - True деп.
2. DataAccess панелінен қалыпқа TdataSource компонентін орналастырамыз да қасиетін көрсетеміз:
Керекті кестені көрсету DataSet - Table1 деп.
3. DataControl панелінен қалыпқа TDBGrid компонентін орналастырамыз, ол кестеден деректерді торкөз түрінде шығарады. Қасиеттерін көрсетеміз.
Байланыстырылатын кестені көрсету DataSource - DataSourse1 деп.
1. Қалыпқа Ttable, TdataSource компоненттерін орналастырамыз. А) мысалындағы сияқты компоненттер қасиеттерін көрсетеміз.
2. DataControl панелінен қалыпқа TDBGrid компонентінің орнына 9 TDBEdit компоненттерін , бір TDBText, бір TDBMemo компоненттерін орналастырамыз да қасиеттерін көрсетеміз:
Деректер көзін көрсету үшін DataSource - DataSource1 деп.
Шығарылатын өрістерді көрсету үшін DataField жолында мысалы: Name, Adress, ClientsName, DateOfBirth, Age т.б. деп
Адамның жасын есептеу үшін есептеу өрісін TDBText формуласын береміз.
Адамдарға қосымша мағлұмат шығару үшін TDBMemo - Description деп.
Қалыпқа Tlabel компоненттерін орналастырған соң өрістердің атауларын береміз.
TDBRadioGroup компоненті үшін тақырып береміз. Мысалы “Клиент жынысы”. DataSource, DataField қасиеттерінен басқа Items қасиеті жолында мәндерді енгіземіз: әйел, еркек деп.
TDBComboBox компонентінің тақырыбын семьялық ағдайы деп береміз. DataSource DataField қасиеттерінен басқа Items қасиеті жолында “семьясы бар, бойдақ, ажырасқан” мәндерін енгіземіз.
TDBCheckBox компонентінің Caption қасиетіне “Балалары” деп жазамыз. Алдыңғы мысалдан белгілі DataSource, DataField қасиеттерін көрсетеміз.
DataControls панелінен TDBNavigator компонентін орналастырып, қасиеттерін береміз:
DataSource - DataSource1 деп
Hints - көмекші хабарлама шығару массиві, орысшаға аударуға болады.
ShowHint – True деп
DataControls панелінен TDBImage компонентін орналастырып қасиеттерін береміз:
Stretch - True деп
Dialogs панелінен OpenPictureDialog1 компонентін қалыпқа әкелеміз.
DBImage1 компонентін белгілеп, OnDblClick оқиғасына программалық код жазамыз:
Begin
If OpenPictureDialog1.Execute then begin
Table2.Edit;
DBImage1.Picture.LoadFromFile(OpenPictureDialog1.FileName);
Table1.Post;
End;
Кестелер арасында байланыс орнату
Мысалмен қарастырамыз. «Тауарлар» (3-кесте), «Тапсырыстар» (1-кесте) кестелері торкөз түрінде шығарылған болсын.
Қалыпқа Table3 компонентін орналастырамыз. Table3-ң қасиеттерін көрсетеміз:
Name - “LinkedTable” деп атайық.
DataBaseName - Firma1 болады.
TableName - Order.db болады.
“Тапсырысдар” және “Тауарлар” кестелері арасында байланыс орнатамыз:
Active – False ltqv3p
Жоғарғы мәзірдің Tools - DeskTop командасымен Оrder.db тәуелді кестені ашамыз.
Осы кесте үшін басшы өрісті индекстейміз. Индекстеу кезінде жазулар алфавит бойынша орналасады: Table – Restructure командасын орындаймыз.
Пайда болған терезедегі Table Properties қасиетіндегі ашылатын тізімнен индекстелетін басшы өрісті көрсетеміз, ол WaresNum болсын. Оған SecondaryIndexes деп қоямыз.
Define батырмасын басамыз, сонда мәліметтер қорында бар өрістер тізімі шығады, бзге қажеті WaresNum деп көрсетіп Indexed Fields – инддекстелетін өрістер тізіміне енгіземіз де OK батырмасын басамыз.
Пайда болған терезеде индекстелген файл атауын WaresNumIndex деп жазып OK , сосын Save батырмаларын басамыз.
Desktop кестесін, Desktop терезесін жабамыз.
Тәуелді кестенің қасиеттерін көрсетеміз: Ол үшін қалыптағы Table3 компонентін белгілейміз де:
MasterSource - DataSource1 деп, негізгі кестемен байланыстырылатын звеноны көрсетеді.
IndexName – WaresNumIndex деп қолданылатын индексті көрсетеміз.
MasterFields қасиетінде байланыстырылатын өрістер тізімі көрсетілуі керек, ол үшін “…” батырмасын басамыз. Пайда болған терезедегі DetailFields тізімінде WaresNum жолын, MasterFields тізімінде WaresID жолын көрсетіп ADD, сосын OK батырмаларын басамыз.
Барлық кестелердің Active қасиетін True деп қоямыз.
Қалыпқа TDBGrid3, DataSource3 компоненттерін орналастырамыз.
DataSource3 компонентінің DataSet қасиетін LinkedSouce деп береміз.
TDBGrid3 компонентінің DataSource қасиетін DataSourse3 деп береміз.
Құрылған қосымшаны орындау үшін F9 пернесін басамыз. Нәтиженің орындалуын бақылаймыз.
Тапсырмалар:
Вариантыңыз бойынша құрған деректер базасына қатысты қалып пен база арасында байланыс орнатыңыз.
Әр компоненттің қасиетін анықтаңыз.
Құрылған кестелерді экранға шығаруды ұйымдастырыңыз.
Деректерді торкөз түрінде шығаруды орындаңы.
Деректерді басқа да түрмен экранға шығаруды ұйымдастырыңыз.
Қосымшада келтірілген деректер базаларын құрыңыздар.
Өз беттеріңізбен қосымшада келтірілген “Клиенттер” және “Тапсырыстар” кестелерін байланыстырыңыздар.
№3 – зертханалық жұмыс.
«Есептелінетін өрістер» (2 сағ.).
Мәліметтер қорында өріс ретінде табылмаған, бірақ қолданылуы өрістер сияқты қосымша өрістер бар оларды есептелінетін өрістер дейді. Атауы айтып тұрғандай бұл өрістер мәліметтер қорындағы қандай да бір деректерді қолданып белгілі бір есептеуді орындап, нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Есептелінетін өрістер мәліметтер қорынан тыс құрылады және оны кестеде қолдануға болады. Кестеге жаңа есептелінетін өріс қосу немесе тіркеу керек болсын. Кестенің өрістер тізіміне атауы CalcField типі String (FieldType жолында типті көрсетеміз), варианты Calculated болатын жаңа өріс қосамыз. Осыдан кейін кесте үшін OnCalcFields оқиғасына программалық код жазылады.
Мысал: «Client.db» кестесінде «Клиент жасы», «Сумма» есептелінетін өрістер құру керек болсын.
Деректерді кестеге код көмегімен енгізу.
Жаңа Form2 қалыбын құрамыз да Unit1 және Unit2 модульдерді байланыстырамыз:
Негізгі Unit1модулінде қолданылатын Unit 2 модулін сипаттаймыз. Ол үшін Uses… сөзінен кейін Unit2 деп толықтырып жазамыз.
Қолданылатын модульде негізгі модульді сипаттаймыз. Ол үшін implementation сөзінен кейін {$R*.DFM}сөзіне дейін Uses Unit1 деп жазамыз.
Form2 калыпқа Win32 компоненттер панелінен MonthCalendar1- календарь, Additional панелінен екі BitBth компоненттерін орналастырып, олардың Kind қасиеттерінде сәйкесінше OK және Cancel деп көрсетеміз. Терезені безендіру үшін Shape компонентін қолдануға болады. Оның сырт бейнесі немесе пішіні Shape қасиетінде көрсетіледі.
Form1 қалыбындағы кестеде есептелінетін өріс ұяшығында Button1 компонентін орналастырып, тақырыбын “…” деп береміз. OnClick оқиғасы үшін мына программалық кодты жазамыз:
Form2.Left:=Form1.Left+Button1/Left;
Form2.Top:=Form1.Top+Button1.Top;
Form2.ShowModal; // терезе модальды болуы үшін,
4. Form2 қалыбында OK батырмасы үшін программалық код жазамыз:
Form1.Table1.Edit;
Form1.Table1.Fields[9].AsDateTime:=MonthCalendar.Date;
Квадрат жақшадағы индекс келесідей анықталады: Table1 компонентін 2 рет басып, шыққан терезеде контекстік мәзір шақырып одан AddAllFields командасын орындау керек. Объектілер инспекторы терезесінде DateOfBirth қасиеті үшін Index жолында 9 деп көрсетеміз.
Есептелетін өрістер үшін программалық код жазамыз:
Table1 компонентін белгілеп AutoCalcFields қасиетінде True дейміз.
Table1 компонентін 2 рет басып контекстік мәзірден AddAllFields командасын орындаймыз да есептелінетін өрістерді белгілейміз, Мысалы: Age өрісі, қасиеті FieldKind - FkCalculatedболады. Сосын Form1.Table1 терезесін жабамыз.
Table1 компонентін белгілеп OnClickField оқиғасы үшін программалық код жазамыз:
Year, YearNew:integer;
Begin
Year:=StrToInt(FormatedDateTime(‘YYYY’, TableDateOfBirth.Value));
YearNew:=StrToInt(FormatedDateTime(‘YYYY’, Date));
Table1Age.Value:=YearNew-Year;
End;
Мұндағы Value – ағымдағы мән дегенді білдіреді. FormatedDateTime функциясы датаны шығару әдісін өзгертуге мүмкіндік береді. Ағымдағы датаны Date функциясы шығарады.
