- •«Кәсіпорындардағы ақпараттық жүйелер» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •5В060200 – «Информатика» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Дәрістер
- •Дәрістер
- •Иерархиялық деректерді моделдеу
- •Желілік деректерді моделдеу
- •Реляциялық деректерді моделдеу
- •Тақырыбы: Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған құралдар
- •Аспаптық құралдар
- •Аспаптық құралдар
- •Мәліметтер жиыны
- •Table1 компонентімен байланысқан дқ кестесіне арналған негізгі индекс анықталған. Оған кілтті алаң Name Post; BruthDay кіреді ;Бұл индекс ағымдағы ретінде орнатылады .
- •Сурет 8.3. Мәліметтер базасының псевдонимінің параметрлі терезесі
- •2. Жұмысты орындау реті
- •Тақырыбы: Delphi-де дқбж-н құру.
- •1) Экранды формада дқ-ның бір кестенің мазмұнын ұсыну
- •2.2)Экранды формада дқ кестесінің мәліметтерін бейнелеу, оларды арасындағы байланысты есепке алып, мәліметтер жиынын арасындағы Master –Detaie байланысын жүзеге асыру арқылы .
- •Тақырыбы: дқ-ғы мәліметтерді енгізу үшін экрандық форма құру
- •Экрандық формадағы tdbGrid модификация варианттары
- •Ол үшін мәліметтер жиыны dsBrowse қарап шығу режимінде болуы қажет.
- •Дқ мазмұнын ұсыну үшін өте күрделі экрандық формалар Экрандық формадағы tdbGrid модификация варианттары
- •Электрондық формада саналатын алаңдар
- •Сурет-12.10. Жіберілген қосымша түрі
- •Сурет-13.1. Әртүрлі кестеден мәліметтерді бір мәліметтер жиынына біріктіру
- •Жүйе жұмысын тексеруі және жіберілу
- •Сурет-15.3. Жуықтап қарау терезесіндегі есепберудің мазмұны
- •Сурет- 15.5. Формулалар орналастыру
- •2. Зертханалық сабақтар
- •Тапсырмалар:
- •Кестені шығару
- •Тапсырмалар:
- •Структуралы сұраныстар тілі sql
- •Сұранымды қосымшада құру
- •Тапсырма:
- •Тапсырмалар:
- •Жалпы есеп құру
- •3. Студенттердің өздік жұмысы
2. Зертханалық сабақтар
№1 – зертханалық жұмыс.
«Мәліметтер қоры кестесімен жұмыс» (2 сағ.).
Мәліметтер қорын құру
Қолданылатын мәліметтер қоры бірнеше кестелерден тұрады. Келесі қадамда белгілі бір ДББЖ мен мәліметтер қорының архитектурасын таңдау керек. Ол үшін көбіне локальды ДББЖ алынады (Мысалы: Paradox7). Мәліметтер қорын жеке қапшықта (каталогта) сақтау керек. Қапшық атауын «Alias» деп аталатын бүркеншік атаумен беруге де болады. Алиас қапшық орналасқан жолдың жазылуын, ізделу уақытын қысқартады.
Мысалы: Firma1 каталогын оның ішінде Firma1 мәліметтер қорын құру керек болсын.
Жоғарғы мәзірдің TOOLS – DATABASEDESKTOP командасын орындаймыз.
Пайда болған терезеде TOOLS – ALIASMANAGER – NEW командасын орындап мәліметтер қорының атауын енгіземіз, мәліметтер қорының атауы мен қапшық атауы бірдей бола береді, сондықтан Firma1 деп енгіземіз.
Осы терезенің драйвер типі жолында DRIVERTYPE – STANDART деп көрсетеміз.
Осы терезедегі BROWSE батырмасын басып құрылған қапшық жолын көрсетеміз (C:\ProgramFiles\Borland\Delphi\Project\Firma1) сосын ОК батырмасын басамыз.
Алиасты BDE-ге жіберу керек пе? Сұрағына ИӘ деп жауап береміз.
Жаңа кесте құру:
File – New – Table командасын орындаймыз.
Кесте форматын таңдау үшін TableType жолында Paradox7 дегенді көрсетіп OK батырмасын басамыз.
Келесі терезеде кестенің құрылымын анықтаймыз. Кестенің құрылымы кестеге енетін өріс атауларын (FieldName), типтерін (Type), өріс жазуларының ұзындықтарын (Size), кілттік өрісті (Key) көрсетуден тұрады. Бұл ортада кесте өрістерінің атаулары латын әріптерімен теріледі. Ал өріс типтері келесідей мәндер қабылдайды:
Alpha – мәтіндік өріс, ұзындығы 255 символға дейін .
Number – нақты тип, -10307 нен +10308 дейін.
$(Money) – ақшалық тип, алдыңғы тип сияқты.
Short – қысқа бүтін тип, -32768 ден +32767 дейін
LongInteger – ұзақбүтін тип, -2147483648 ден +2147483647 дейін.
#(BCD) – жоғарғы дәлдіктегі нақты тип.
Date – дата типі.
Time – уақыт типі.
@(Timestamp) – дата және уақыт типі.
Memo – ұзақ мәтіндік тип, ұзындығы 255 символдан артық.
Formatted Memo – форматталған мәтіндік тип (һаріп – шрифт түсі, стилі, бейнесі көрсетледі).
Graphic – Графикалық тип.
OLE (Object Linking and Embedding) – осы технологияны ұстанатын ақпаратар типі.
Logical – логикалық тип.
+(Autoinctement) – санаушы, автоматты түрде мәні 1-ге өсіп отырады.
Binary – еркін ұзындықтағы екілік деректер типі.
Кілттік өрістің атауы тізімде бірінші орналасып соңына ID әріптері тіркеледі де Key бөлігінде жұлдызшамен белгіленеді.
Осы терезеде өрістердің қасиеттері көрсетіледі:
Required Field – міндетті түрдегі өріс.
Minimum Value – минималды мәні (сандық әрістер үшін).
Maximum Value – максималды мәні (сандық әрістер үшін).
Default Value – үндемеген немесе атап көрсетпеген жағдайда шығатын мән.
Picture – енгізу маскасы.
Кестені сақтау үшін Save As батырмасын басып шыққан терезеде файл атауын (мысалы Client.db), алиас атауын (мысалы Firma1) көрсетеміз де сақтаймыз.
DataAccess компоненттер панелінен Ttable компонентін қалыпқа орналастырамыз. Осы объектіні белгілеп ObjectInspector терезесінде компонент қасиетін көрсетеміз:
Мәліметтер қорының атауы DatabaseName жолында жазылады (Мысалы MyBase).
Ttable компонентімен байланысқа түсетін кестені көрсету TableName жолында жазылады (Мысалы: Client.db, Қосымшада келтірілген).
Осы кестеге программа арқылы қатынасу керек болса Active жолында True деп жазамыз.
Осы операциялардан кейн қалыпқа орнатылған компонент көрсетілген мәліметтер қоры кестесіндегі деректермен байланысады. Бірақ байланысты бірден тура осылай орнатпай, аралық деңгейдегі деректер көзі деп аталатын TdataSource компонентін де қолдануға болады. Әрбір деректер көзі деректер модулінде орналастырылғаннан кейін белгілі бір кестемен DataSet қасиеті арқылы байланысады.
