- •Кіріспе. Қазақстан Республикасындағы автомобиль саласының дамуы.
- •Кіріспе. Қазақстан Республикасындағы автомобиль саласының дамуы.
- •1 Жалпы бөлім
- •1.1. Кәсіпорынның сипаттамасы
- •1.2 Кәсіпорынның өндірістік құрамы
- •2. Технологиялық бөлім
- •2.1 Бастапқы мәліметтер
- •2.2 Техникалық қызмет пен жөндеу бойынша жылдық өндірістік бағдарламаны есептеу
- •2.2.2 Цикл ішінде бір автомобильге келетін кж, тқк санын анықтау
- •2.2.3 Жыл ішінде бір автомобильге келетін және жалпы автопарк бойынша тқк санын анықтау
- •2.2.4 Жұмыстардың жылдық көлемін есептеу
- •2.3 Бөлімшенің технологиялық есептеулері.
- •2.3.1 Агрегаттар жөндеу бөлімінің сипаттамасы
- •2.3.2 Бөлімшедегі жұмысшылар санын анықтау
- •2.3.3 Технологиялық жабдықтарды таңдау
- •2.3.4 Өндірістік бөлім ауданын есептеу
- •3 Ұйымдастыру бөлімі
- •3.1 Технологиялық процесс сызбасы
- •3.2 Жұмыс және демалу режимін таңдау
- •4. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шаралары
- •4.1 Жарықтандыруды есептеу
- •4.2 Ауа алмастыруды есептеу
- •4.3 Агрегаттар бөлімшесіндегі өрт қауіпсіздігінің шаралары
- •5 Конструкторлық бөлім
- •5.1 Ұсынылған құралдың мақсаты , құрылысы
- •6.1.2. Көмекші жұмысшылардың еңбек ақысы үстеме төлемдерімен
- •6.1.3 Итқ еңбек ақысы үстеме төлемдерімен
- •6.2 Шеберхананың материялдық техникалық қамтамасының жоспары
- •6.3 Жалпы шығындар сметасымен өзіндік құнды жоспарлау
- •6.3.1. Шығындар сметасы
- •6.3.2. Адам сағат бөлімше жұмысының өзіндік құнын есептеу
- •6.4 Бөлімшенің қаржылық жоспары
- •6.5 Жобаның эканомикалық тиімділігі.
- •6.6 Жобаның технико – экономикалық көрсеткіштері
- •7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.3 Бөлімшенің технологиялық есептеулері.
2.3.1 Агрегаттар жөндеу бөлімінің сипаттамасы
Агрегаттар автомобильдердің ең ауыр, жөндеуі күрделі тораптарына жатады және де ағымдағы жөндеу аймағымен орнатылған байланыс агрегаттар цехын мүмкіндігінше ағымдағы жөндеу аймағы бекеттеріне жақын орналастыру мүмкіндігін тудырады.
Агрегаттар учаскесі автомобиль агрегаттарының жолда пайда болған ақауларын анықтауға және жоюға, ұсақ ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
Автомобильге қызмет көрсету мен жөндеу бойынша техникалық әсер етулерге келесі жұмыс түрлері кіреді: пайдалану кезінде пайда болған ақаулар мен тоқтап қалуларды қалпына келтіру бойынша ұсақ ағымдағы жөндеу жұмыстары. Бұл жұмыстарға агрегаттар мен тораптардағы жарамсызбөлшектерді анықтау және қалпына келтірумен байланысты жұмыстар, оларға сәйкес бақылау-диагностикалық, құрастыру-ажырату, реттеу және бекіту жұмыстары кіреді. АЖ боынша жұмыстар тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Барлық жұмыстар «наряд-тапсырысқа» сәйкес жүргізіледі.
Егер АЖ кезінде наряд-тапсырыста көрсетілмеген ақаулар пайда болса, онда тапсырыс беруші қабылдау бекетіне барып, анықталған ақауларды көрете отырып, басқа «наряд-тапсырыс» толтырылады.
2.3.2 Бөлімшедегі жұмысшылар санын анықтау
Eсептеу кезінде технологиялық орындайтын жұмысшылар мен қажетті Pт және штаттық Рш сандарын анықтау қажет болады .
Жұмысшылардың технологиялық қажетті саны төмендегі формуламен анықталады :
Pт= Tтр.у/ Фр.м , (2.33)
Мұндағы : Тг - ТҚ , АЖ , цех , келен немесе жол аумақшалары жұмыстарының жылдық көлемі , адам -сағ ;
Фр.м - біраусымдық жұмыс кезіндегі жұмысшы орынының немесе технологиялық қажетті жұмысшы уақытының жылдық қоры , адам -сағ .
Жұмысшы уақытының жылдық қоры күнтізбе және участке жұмысының тәртібі бойынша есептеледі.
Алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс орны уақытының жылдық қоры:
Фр.м = Tcм (Dкг – Dв - Dп ) – Dпп (2.34)
Мұндағы : Tcм - жұмыс ауысымының уақыты : Tcм = 7 сағ
Dкг - бір жылдағы күнтізбелік күндер саны : Dкг = 365 күн
Dв - бір жылдағы демалыс күндер саны : Dв = 52 күн
Dп - бір жылдағы мейрам күндер саны : Dп = 13 күн
Dпп - бір жылдағы мереке және сенбі күндер саны: Dпп = 65 күн
Мәндерді (2.40) формулаға қоя отырып есептейміз :
Фр.м = 7 × (365 – 52 – 13 ) – 65 = 2035 сағ .
Өндірістік жұмысшылардың штаттық саны төмендегі формула жәрдемінде анықталады:
Рш = Tг/Фпр (2.35)
Мұндағы : Фпр - бір штаттық жұмысшы уақытының жылдық қоры ,сағ.
Оның мәні /2/ әдебиетінің 49 бетіндегі 2.13 кестеден алуға болады немесе төмендегі формула жәрдемімен есептеп табуға болады:
Фпр = Фр.м – tотп – tуп , (2.36)
Мұндағы : tотп – еңбек демалысының ұзақтығы, сағ.
tуп – жұмыс уақытының кешірімді себептер бойынша ( ауру, мемлекеттік міндеттерді орындау және т.c.c ) жоғалтулары , сағ
Еңбек демалысының ұзақтығы төмендегі өрнектен анықталады:
tотп = Dотп Тсм , (2.37)
Мұндағы : Dотп - бір жылдағы еңбек демалысы күндерінің саны , сағ. /2/
әдебиетінің 49 бетіндегі 2.13 кестеден Dотп =24 күн деп қабылдаймыз. Сонда
tотп = 18 × 7 = 126 сағ.
Жұмыс уақытының кешірімді себептер бойынша жоғалтуларын төмендегі эмпириялық формуланы пайдаланып анықтауға болады :
tуп = 0,04 ×(Фр.м - tотп ) , (2.38)
Мәндерді (2.38) формулаға қоямыз:
tуп = 0,04 × ( 2035 – 126) = 76 сағ.
Есептелген мәндерді (2.36) формулаға қоя отырып табамыз :
Фпр = 2035 – 126 – 76 = 1833 сағ.
Өндірістік жұмысшылар мен жәрдемші жұмысшылардың қажетті мөлшерін анықтағаннан кейін, есептеу нәтижелерін 5- кестеге енгіземіз.
(2.33), (2.35) формулаға мәндерді қоя отырып жұмысшылардың санын
Рш = 4088,7/1833 = 2,2 адам
Рт = 4088,7/2035 = 2 адам
Кесте 5
Әсер ету түрлері |
Жылдық еңбек сыйымдылық Тг . адам.сағ |
Жұмыс орны уақытының жылдық қоры Фр.м |
Жұмыс уақытының жылдық қоры Фпр |
Жұмысшылардың тізімдік саны Рт |
Жұмысшылардың штаттық саны Рш cағ |
||
Есептел ген |
Қабылданған |
Есептел ген |
Қабылданған |
||||
Агрегаттар бөлімшесі |
4088,7 |
2035 |
1833 |
2 |
2 |
2,2 |
2 |
