Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрегат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.84 Кб
Скачать

4.1 Жарықтандыруды есептеу

Бөлімшеде табиғи және жасанды жарықтандырулар карастырылады.

Табиғи жарықтандыруды есептеу

Табиғи жарыктандыруды терезелер құру арқылы жүзеге асырылады . Табиғи жарықтандыру есептеу жарық көздерінің қосынды ауданына келіп тіреледі . Терезелердің қосынды ауданы мына формула мен анықталады :

Fтер = Fу × а (4.1)

Мұндағы : F ау – бөлімшенің ауданы

а – жарық коэффициенті, а = 0,25

Fтер = 54× 0,25 = 13,5 м2

3 терезе қабылдадым , өлшемі бойынша : ұзындығы 2,5 ал ені 1,5 м

Жасанды жарықтандыруды есептеу

Жасанды жарықтандыру мына формуламен есептеледі :

Nжар = W × F ау / P × n (4.2)

Мұндағы: W – бөлінетін қуат Вт/ м2

F ау – бөлімшенің ауданы м2

Nжар – жарықтандырудағы шамның саны

P – шамның күші Вт

Nжар = 22× 54 / 80× 2 = 8 дана

4.2 Ауа алмастыруды есептеу

Өндірістік бөлмелерде ауа алмасуы газды түтінді азайту және ауаны тазартуы үшін қажет . Сауықтыруға жұмыстың өнімділігін көтеруге және аурулардың алдын алуға ықпалын тигізеді .

Жасанды ауа алмасуын есептеу

Wв = Fу × Кв, м3/ с (4.3)

Мұндағы : Fу – бөлімшенің ауданы

Кв – ауа алмасуы Кв = 3-4

Бөлімшенің көлемін анықтаймыз

Vц = Fу × Нц = 54 × 5 = 270 м3

Онда: Wв = Fу × Кв = 270 × 4 = 1080 м3

Желдеткішті айналдыруға қажетті электродвигателдің қуатын есептеу :

Nв = , квт (4.4)

Мұндағы : Нв – желдеткіштің туғызатын ауа қысымы

Нв = 30 мПа

nв – желдеткіштің әсер ететін коэффициенті nв = 0,5

Nв = = = 0,17 0,2 квт

Технологиялық есептеулер бойынша бөлімшеге ЭВР – 2 маркалы желдеткішті орнатамыз 1 дана.

Желдеткіштің электрқуатының жалпы күші.

𝛴Nв = Nв1 × nв = 0,1×2 = 0,2кВт

4.3 Агрегаттар бөлімшесіндегі өрт қауіпсіздігінің шаралары

Бөлімшенің бастығы аға инженерімен бірге жұмысшыларда техникалық қауіпсіздік сақтауға үйретуі қажет.

Барлық жұмысшылар жұмысқа қабылданған кезде міндетті түрде техникалық қауіпсіздік ережелерінен нұсқау алуы қажет.

Арнайы құрылған комиссия алдағы уақытта жылына бір рет техникалық қауіпсіздігінен жұмысшылардан сынақ алуы қажет.

Жүк көтеру машиналарының жүргізушілері жұмысқа арнайы оқығаны жөнінде анықтамасы болмаса жібермелуі керек сонымен қатар айналмалы бөлігінің сырты қораппен жабылуы қажет.

Бөтен шулар мен тербелістер еңбек етушілердің денсаулығына зиянды әсер етеді. Олардың еңбек өнімділігін төмендетеді. Дыбыстар жұмысшының орталық жүйесіне тыңдау жүйесі арқылы жетіп , жүйкені қоздырып отырады . Дыбыстар әсерінен еңбек өнімділігі 60% дейін кемуі мүмкін. Дыбыстарды азайту үшін бірнеше құрылыстың, инженерлік техникалық жұмыстар атқарылады. Жону станоктары шуды аздау шығаруы үшін тербеліс азайтқыщ, дыбысты жұту құралдарын пайдаланады. Слесарлық верстактарда дыбыс азаюы үшін үстінгі қабатына арнайы жұмсақ дыбыс жұтқыш заттар салынады.

Тербеліс кезінде жұмысшының нерв жүйесі, жүрек қан тамырлары, жалпы шаршағандық пайда болуы мүмкін. Сол үшін жұмыс атқару құралдарына, электрлі құралдарға техникалық дұрыс қызмет көрсету сақтау қажет. Белгілі уақыт өткен соң тексеріп, жөндеуден өткізіп отыруы қажет .

Агрегатты жөндеу және құрастыру процесстері үлкен агрегаттарды көтеріп тасымалдау жұмыстарымен байланысты, осыған байланысты бөлімшедегі көтеріп тасымалдау құралдары ақаусыз болуы тиіс және оларды тікелей мақсатта пайдалану қажет .

Бұл жабдықтарды пайдалануға арнайы дайындықтан өткен жұмысшылар жіберілуге тиіс. Тальтердің және ілгіштердің техникалық жағдайы жұмысқа жарамды болуы қажет.

Жұмыс аспап – саймандары жарамды болуы тиіс.

Электр қуатын пайдаланатын құрал – саймандардың жермен тұйықталған , электр сымдары үзіксіз, жалаңаштанбаған жұмсақ жарамды болуы тиіс, резина кілемшелерімен қолғаптарды киіп пайдалану қажет.

ҚАгрегаттар бөлімшесі өрт өшіретін құралдары мен жабдықталуы және өрт сөндіруші тобы құрылуы қажет.

Бөлімшеде бөлшектрді жуу барысында бөлінетін булар, зиянды иістер желдеткіштер арқылы бөлімшеден шығаруы тиіс.

Жобаланған бөлімше басқа бөлімдермен ара қатынасы арнайы өртке төзімді қабырғалар арқылы бөлінеді.

Өртті болдырмау үшін жұмыс орындарын май қалдықтарынан, басқа да қоқыстарды дер кезінде шығарып , тазалап отыру керек. Бұл жерден шыққан қоқыстарды арнайы болінген орындарға қорапшаларға салу қажет. Болімдерге жақын жерге орналасқан су болады, оған барар жолдар ашық болуы керек. Болімшелердегі өртті сөндірү құлақшалары дұрыс жұмыс атқаруға, ондағы қолтықшалар өз орындарында тұруы қажет.

Жұмысшылардың майланған сырт киімдерін арнайы орындарда сақтап, қалталарында майланған қол сүркіштердің болмауын сырт киімдерді жууға тапсырып отыруымыз керек.

Бөлімшенің ішінде өрт сөндірү құралдары түгел ыңғайлы жерлерде тұруы керек. Бұл құралдарды басқа жұмыстарға пайдалануға болмайды. Барлық жұмысшылар бұл құралдармен өрт болған кезде пайдалана алуы қажет. Сонымен қатар көрнекті жерде өрт қауіпсіздігі сақтау ережесі, өрт болған жағдайда жұмысшылардың сыртка шығуы сызбасы болуы шарт.

Жұмысшылар жұмыска кіріспей тұрып техникалық қауіпсіздік туралы техникалық керекті білім алу керек.

Өндірістік бақытсыз жағдайдың ескерту шарты болып жұмысының жүйелі қауіпсіздік жұмыс тәсілін үйренуі.

Қауіпсіздік техникасының инструктажы 5 – түрге бөлінеді :

  1. Күнделікті жұмыс тәсілін бақылау.

  2. Ағындық инструктажға ұқсас.

  3. Бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу инструктажы.

  4. Қайталанбалы

  5. Периодтық инструктаж.

Қауіпсіздік техникасы инструктажы барысында әңгімелесу, еңбекті қорғау туралы консультациялар арқылы мәлімет алуға болады.

Жұмысшыларға қауіпсіз жұмыс орындау үшін ең басты қойылатын талап - ыңғайлы жұмыс киімі. Жұмысқа арнайы киіммен жұмыс істеген ыңғайлы . Жұмыс киімі женіл айналып тұрған механизммен бірге айналып кетпес үшін түймеленіп тұруы керек. Цехтарда көптеген бақытсыздық жағдайлар сол киімнің машина болігіне оралып кетуіне байланысты болады, атап айтқанда тісті, ременді, винтті, берілістерден тағы басқа бақытсыздық жагдайлар болады.

Жұмысшының шашы айналып тұрған машинаның боліктеріне айналып кетпес ушін жеңіл баскиіммен жинап қою керек.

Цех ішінде жургенде сигналдарға мұқият көңіл болу керек. Цехтың бос емес территориясымен жүрмеулер. Жусысшылар басқа маман жумысшылармен қосылып жұмыс істейді. Жұмысшылар өзінің жұмыс орнын таза және ұқыпты , тазалап жинауы қажет. Жұмыс аяқталған кезде құрал- саймандардың жетіспеушілігі болса басшыға айту қажет.