- •Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг сұрақтары
- •Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз
- •2.Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз
- •4.Әлеуметтік стандарттаудың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, талдау жасаңыз
- •5.Қр Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз
- •6.Әлеуметтік стандарттар: түсінігі мен мәні
- •7.Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз.
- •8.Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
- •9.Мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •10. Әлеуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз.
- •11.Әлеуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз
- •12.Кедейлік индикаторы және адресті әлеуметтік көмек түрлерін атап, сипаттама беріңіз
- •13.Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •15. Әлеуметтік индикатор түсінігі
- •16.Әлеуметтік мониторинг: мәні, принциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз.
- •17.Мониторинг сипатамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз.
- •18.Мониторингтің түрлері және жүргізу техникасына сипаттама беріңіз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Күнкөріс минимумы көлемін есептеу әдістемесі қалай жүргізілетіндігіне сипаттама беріңіз
- •23) Күнкөріс минимумы көрсеткіштерінің жүйесін түсіндіріңіз
- •24) Күнкөріс минимумы түсінігі және оның қр әлеуметтік стандартына сәйкес өлшеміне сипаттама беріңіз
- •25.Әлеуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26. Минималды жалақы және оның тағайындау процедурасына сипаттама беріңіз
- •28.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз
- •29.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •30.Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар ұғымдарының байланысын түсіндіріңіз
- •31 Сұрақ. Әлеуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар
- •32 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз
- •33 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •34) Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің іс-әрекетін бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •35) Мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетудегі мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •36) Әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
- •40. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз
- •41. Білім беру саласындағы әлеуметтік стандарттар мен нормативтерді дайындау мен оларға қойылатын талаптарға анықтама беріңіз
- •42. Білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттаңыз
- •44. Медициналық қызметтегі әлеуметтік стандарттар жүйесіне талдау жасаңыз
- •45.Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау концепциясына талдау жасаңыз
- •46. Медициналық қызмет көрсететін мекемелердің іс-әрекетін бағалау критерийлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •2015 Жылғы 30 қарашадағы № 926
- •46.Медициналық қызметтің тиімділігін жоғарылату факторларын атаңыз және талдау жасаңыз
- •47.Медициналық қызметтегі стандарттар жүйесін жүргізу және бақылауға анықтама беріңіз
- •48 Халыққа кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •52) Стандарттау туралы халықаралық заңдылықтарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •53)Халықты әлеуметік қорғау жүйесіндегі қызмет сапасын мониторингтеу механизміне сипаттама беріңіз
- •54) Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде. Сипаттама беріңіз
- •2. Жұмыссыздықтың жалпы теориялық түсінігі
- •2.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
- •55.Қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік көңіл-күйін мониторингтеу қалай жүргізіледі және негізгі мақсатын түсіндіріңіз
- •56.Әлеуметтік қызмет сапасын мониторингтеудегі ақпараттық технологиялардың рөліне анықтама беріңіз
- •57.Мониториг жүргізу құралдарын атаңыз және мониторинг жүргізудің маңыздылығын сипаттаңыз
- •58. Халықтың денсаулығын мониторингтеуи дегеніміз не және ол қала жүргізілетіндігін түсіндіріңіз
- •59. Халықтың денсаулық жағдайын сипаттаудағы статистикалық көрсеткіштер жүйесіне тоқталыңыз және сипаттама беріңіз
- •60. Халықтың денсаулығын және медициналық қызметті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін түсіндіріңіз
8.Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
Минималды стандарттарға ең төменгі күнкөріс мөлшері, ең төменгі жалақы мөлшері, зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек пен басқа да төлемдер мен қызметтер жатады.Бұл азаматтар үшін Конституцияда белгіленген құқықтар мен кепілдіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметтер мен төлемдердің минималды көлемі болып табылады.
Минималды әлеуметтік стандарттар ҚР Конституциясының 28 бабына көрсетілген. Яғни, 28-бап:
Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiнде әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi.
Ерiктi әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленiп отырады.
Мемлекет басшысының «Қазақстан стратегиясы - 2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» атты халыққа Жолдауында түп негізінде мемлекет өз азаматтарына жаһандық дағдарыс жағдайында минималды әлеуметтік стандарттар ұсынуға кепілдік беруі туралы принципі жатқан әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері көрсетілген.
Минималды әлеуметтік стандарттарды белгілеу арқылы азаматтарға әлеуметтік қызметтердің минималды қажетті деңгейін ұсыну көзделген.
Халықаралық еңбек ұйымына сәйкес «ең төменгі әлеуметтік стандарт» немесе «әлеуметтік қорғаудың ең төменгі деңгейі» терминдері әрбір адам қолдануы тиіс әлеуметтік құқықтар мен қызметтердің және әлеуметтік сала объектілерінің базалық жиынтығын сипаттау үшін пайдаланылады. «Ең төменгі әлеуметтік стандарт» термині, көп жағдайда, адам құқығы бойынша келісім шарттарда бекітілген құқықтардың ең төменгі қажетті деңгейлеріне қол жеткізуге бағытталған «негізгі міндеттер» түсінігіне сәйкес келеді.
2014 ж. Қазақстанда қолданылатын ең төменгі әлеуметтік стандарттарға келесілер жатады: ең төменгі жалақы 18 660 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 18 660 теңге, ең төменгі зейнетақы 19 660 теңге, балаға қарау бойынша жәрдемақы 9 520 теңге.
Әлеуметтік стандарттар түсінігін анықтау мақсатында Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен бірігіп, зерттеу жүргізілген. Зерттеу қорытындысы бойынша әлемдік тәжірибеге сәйкес, әлеуметтік стандарттың 3 түрі бар екені айқындалды. Олар шығынды нормаларды болжайтын қор-стандарттар, шама процесстеріне негізделген процесс-стандарттар және соңғы нәтижелерге негізделген нәтиже-стандарттар болып жіктелді.
Минималды әлеуметтік стандарттарды жүзеге асыру барысында азаматтарға өмірлерінің әр кезеңінде әлеуметтік жағдайына, жынысына қарамастан бірдей жағдай жасалуы тиіс.
Денсаулық сақтау жүйесінде кепілдендірілген тегін медициналық көмектің минималды стандарттары бекітілген. Жалпы дәрігерлік тәжірибе қағидалары бойынша әрекет ететін алғашқы санитарлық-медициналық көмек қызметіне реформа жүргізілді.
Қазіргі таңда Қазақстанда тұрғындардың денсаулығына арналған Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты елдің әлеуметтік-демографиялық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады. Сонымен қатар, 2008–2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы (2007 ж. 21 желтоқсанында ҚР Үкіметінің № 1260 қаулысымен бекітілген) ұлттың денсаулығын жақсартып, Қазақстанның тұрақты дамуы мәселесіне арналған.
