- •Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг сұрақтары
- •Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз
- •2.Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз
- •4.Әлеуметтік стандарттаудың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, талдау жасаңыз
- •5.Қр Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз
- •6.Әлеуметтік стандарттар: түсінігі мен мәні
- •7.Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз.
- •8.Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
- •9.Мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •10. Әлеуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз.
- •11.Әлеуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз
- •12.Кедейлік индикаторы және адресті әлеуметтік көмек түрлерін атап, сипаттама беріңіз
- •13.Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •15. Әлеуметтік индикатор түсінігі
- •16.Әлеуметтік мониторинг: мәні, принциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз.
- •17.Мониторинг сипатамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз.
- •18.Мониторингтің түрлері және жүргізу техникасына сипаттама беріңіз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Күнкөріс минимумы көлемін есептеу әдістемесі қалай жүргізілетіндігіне сипаттама беріңіз
- •23) Күнкөріс минимумы көрсеткіштерінің жүйесін түсіндіріңіз
- •24) Күнкөріс минимумы түсінігі және оның қр әлеуметтік стандартына сәйкес өлшеміне сипаттама беріңіз
- •25.Әлеуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26. Минималды жалақы және оның тағайындау процедурасына сипаттама беріңіз
- •28.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз
- •29.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •30.Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар ұғымдарының байланысын түсіндіріңіз
- •31 Сұрақ. Әлеуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар
- •32 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз
- •33 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •34) Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің іс-әрекетін бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •35) Мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетудегі мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •36) Әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
- •40. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз
- •41. Білім беру саласындағы әлеуметтік стандарттар мен нормативтерді дайындау мен оларға қойылатын талаптарға анықтама беріңіз
- •42. Білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттаңыз
- •44. Медициналық қызметтегі әлеуметтік стандарттар жүйесіне талдау жасаңыз
- •45.Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау концепциясына талдау жасаңыз
- •46. Медициналық қызмет көрсететін мекемелердің іс-әрекетін бағалау критерийлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •2015 Жылғы 30 қарашадағы № 926
- •46.Медициналық қызметтің тиімділігін жоғарылату факторларын атаңыз және талдау жасаңыз
- •47.Медициналық қызметтегі стандарттар жүйесін жүргізу және бақылауға анықтама беріңіз
- •48 Халыққа кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •52) Стандарттау туралы халықаралық заңдылықтарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •53)Халықты әлеуметік қорғау жүйесіндегі қызмет сапасын мониторингтеу механизміне сипаттама беріңіз
- •54) Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде. Сипаттама беріңіз
- •2. Жұмыссыздықтың жалпы теориялық түсінігі
- •2.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
- •55.Қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік көңіл-күйін мониторингтеу қалай жүргізіледі және негізгі мақсатын түсіндіріңіз
- •56.Әлеуметтік қызмет сапасын мониторингтеудегі ақпараттық технологиялардың рөліне анықтама беріңіз
- •57.Мониториг жүргізу құралдарын атаңыз және мониторинг жүргізудің маңыздылығын сипаттаңыз
- •58. Халықтың денсаулығын мониторингтеуи дегеніміз не және ол қала жүргізілетіндігін түсіндіріңіз
- •59. Халықтың денсаулық жағдайын сипаттаудағы статистикалық көрсеткіштер жүйесіне тоқталыңыз және сипаттама беріңіз
- •60. Халықтың денсаулығын және медициналық қызметті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін түсіндіріңіз
6.Әлеуметтік стандарттар: түсінігі мен мәні
әлеуметтік стандарт - Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметтердің және ақшалай төлемдердің көлемі, тұрмыс сапаларының көрсеткіші. Әлеуметтік стандарттар өмір деңгейі және сапасы туралы қоғамның түсінігін, қоғам талаптар түрінде көрсетілген осы түсініктердің жиынтығын, өмір стандартын немесе әлеуметтік стандартты анықтайды. Әлеуметтік стандарттар әлеуметтік қызметтерді көрсетудің белгілі сандық және сапалық параметрлерін сипаттайды.
Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар жүйесінің объективті қажеттілігі әлеуметтік стандарттар механизмі келесі тиімділіктермен шартталған
практикада қолданылатын әлеуметтік стандарттар әлеуметтік дамудың бағытын береді және белгілі мақсатты бағдарға сәйкес әлеуметтік дамудың нақты деңгейін бағалауға мүмкіндік жасайды.
әлеуметтік стандарттар қоғамдық сектор ұйымдарымен өндірілетін әлеуметтік-мәнді қызметтерге бағалар ретінде қолданылуы мүмкін.
Әлеуметтік стандарттар жүйесі бюджетке шығыс міндеттемелерін орындауға, қажетті рерурстардағы тұтуншылықты негіздеуге және бюджеттік шығыстар тиімділіктер мен аумақтың бюджеттік қамсыздандырылуын бағалауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік стандарттар жүйесі арқылы берілген әлеуметтік қызметтерді көрсетудің нормативтік деңгейі , бюджеттік жүйенің барлық деңгейі бойынша шығыстарды бөлу тәртібі мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктеріне сәйкесуі және халықтың тиісті ресурстарға қолжетімділігін (мүмкіншілігін) қамтамасыз ете отырып, басқарманың әр түрлі деңгейіндегі бюджетті бағалау үшін негізді қалыптастыруы тиіс.
7.Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз.
Жалпы, “статистика деген не” деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, статистика-ежелден келе жатқан қоғамдық ғылым. Басқа ғылымдарға қарағанда ерекшелігі- бұл нақты ғылым емес, өйткені статистика қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып келешекке болжау жасайды, мәліметтерді жинағанның өзінде де толық қамтылмауы мүмкін. Алайда статистика шындыққа жақын көрсеткіштерді іздестіреді.
Статистика — мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым.
«Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді.
Әлеуметтік статистика – адамдардың өмірлік қызметі жағдайын және әлеуметтік қатынастың әр түрлі аспектілерін сипаттайтын барлық әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.
Қоғамда болып жатқан процесстердің сандық жағынан сапа жағымен салыстыратын пән статистика пәні боып табылады.Статистика тілі-сан,ал қоғам-статистиканы қамтитын обьектісі.Статистика қоғамдағы құбылыстың процестердің өзгеру көлемін,шамасын,деңгейін,есептеу санақ мәселелерін өркендеу,дамуының қарқынын зерттейді.Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстық өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының өзгеруінің заңдарын оның сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді.Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігін және ондағы еңбеккерлер санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды.
Статистикада жалпы сандық ақпараттарды қолданғанда,бір жағынан,жалпы заңдылықтарды сандық жағынан негіздеп,дәлелдерді немесе кейбір теориялық ұсыныстарды терістейді, ал екінші жағынан,нарықтық экономикадағы жаңа құбылыстарды,процестерді дұрыс бағалап,экономикалық теорияны одан әрі дамытады.Осыдан әлеуметтік-экономикалық статистиканың экономикалық теория,философия және өзге ғылымдармен байланысы көрінеді:математика (жоғары математика,ықтималдықтар теориясы және т.б.); салық экономика (қаржы,банк ісін ұйымдастыру,ауылшаруашылық экономикасы,өнеркәсіп экономикасы және т.б.); қоғамдық (тарих,әлеуметтану,саясаттану,демография және т.б.) сияқты ғылымның басқа да түрлерімен өзара байланыстылығын көруге болады.
Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстың , өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының , өзгеруінің заңдылығын , олардың сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді . Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігіне және ондағы еңбеккерлердің санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды . Ғылыми-техникалықпен табиғи жағдаймен қатар жетілдірілген ғылыми-техникалық өндірістің тигізетін әсері белгілі . Агротехникалық шараны уақытында жүргізуімен жердің құнарлылығы және қолайлы ауа райы дақыл түсімділігін арттырады . Тиісті экологиялық норманы сақтамаған өнеркәсіп табиғатқа , қоршаған ортаға орасан зор зиян тигізеді Мәселен , өнеркәсіптен бөлінген дұрыс тазартылмаған улы қалдық ауаны , суды былғайды . Мұның әсері өсімдік әлеміне , жан-жануар дүниесіне өте үлкен зиян келтіреді . Осылайша статистиканың бір саласы құбылыстың шамасын , олардың тепе-теңдік қатынасын және өзгеру заңдылығын зерттейді . Қоғамдық өзгерістің табиғи және техникалық дамуын және ғылым мен техниканың жетілуінің қоғамдық өзгеріске қаншалықты ықпалы бар екенін анықтайды .
