Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.98 Кб
Скачать

58. Халықтың денсаулығын мониторингтеуи дегеніміз не және ол қала жүргізілетіндігін түсіндіріңіз

Әлеуметтік жәрдемақылар жүйесіндегі стандарттар жүйесін келесі салалардағы өзара байланысты мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар құрастырады: еңбек ақы орнату; зейнетақылық қамтамасыз ету; білім беру; денсаулық сақтау; мәдениет; әлеуметтік қызмет көрсету; тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсету.

Жәрдемақы саласындағы орнатылатын ең төменгі стандарттар келесідей болады: біріншіден, жалақының ең төменгі деңгейі; екіншіден, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбек ақысын өтеудің ортақ тарифті торы. Ең төменгі (минималды) жалақы – ұдайы өндірістің қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуге арналған жұмысшының жалақы деңгейі. Жалақының ең төменгі деңгейі кепілді сипатқа ие. Оның көлеміне премиялар, сыйлықтар, қосымша ақы енбейді. Ең төменгі жалақының деңгейін анықтау әдетте өмір сүрудің ең төменгі деңгейін есептеумен анықталады. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі – баға деңгейін ескергендегі тауар мен қызметтерге минималды қажеттіліктерді қанағаттандырудың нормативтері бойынша есептеледі. Ең төменгі жалақы көлемінің тұтынудағы минимумға сәйкес келуі экономиканың тұрақтылығын және өндірістің жоғары деңгейін сипаттайды. Дағдарыс жағдайында минималды жалақы деңгейі экономикалық жағдайға байланысты бекітіледі.

Көптеген дамыған елдерде қазіргі кезде ең төменгі жалақы туралы нормативтік актілер әрекет етеді. Заңдық бекітілген минималды жалақы АҚШ-та, Францияда, Испанияда, Португалияда, Нидерландыда бар. Бельгия мен Грецияда минималды жалақы Ұлттық Ұжымдық келісіммен, ал Италия, Германия, Данияда салалық келісіммен анықталады. Ұлыбритания мен Ирландияда минималды жалақы деңгейін жалақы бойынша арнайы кеңестер реттейді. Олар үш жақты негізде (мемлекет, кәсіпкерлер, кәсіподақ) әрекет етеді. Қазақстандағы әлеуметтік жәрдемақылар жүйесіндегі стандарттарды жетілдіру үшін осындай дамыған елдерден үлгі алу керек, яғни бізге ең тиімдісін таңдап, сол бойынша стандарттарды анықтау.

Зейнетақылық қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік стандарттар ретінде ең төменгі мемлекеттік зейнетақы мөлшері қарастырылады. 2005 жылы оның деңгейі 6200 теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,9 %-ға өсті. Ал 2006 жылы ең төменгі зейнетақы деңгейі 6700 теңге деңгейінде орнатылды. Сонғы 8 жылда ең төменгі зейнетақының өсімі 2,8 есені құрады.

Қазақстан, демократиялық және экономикалық дамыған мемлекет ретінде мемлекет кепілдік берген төлемдер (жасына, мүгедектігіне байланысты), сондай-ақ жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік қорғаудың қосымша нысандарын (міндетті әлеуметтік сақтандыру және жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру) қамтитын жарты деңгейлік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастырды.

2005 жылы елімізде әлеуметтік қатер туындағанда әлеуметтік төлемді қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі, сондай-ақ өндірісте зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін қамтамасыз ету мақсатында жазатайым оқиғалардан қызметкерді міндетті сақтандыру енгізілді. Нәтижесінде, жұмыс істейтін азаматтар еңбек қабілетінен айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік қатер туындағанда үш деңгейден: республикалық бюджеттен берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдер және сақтандыру ұйымынан берілетін сақтандырудан тұратын төлемдер алатын болды.

2016-2018 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес зейнетақы мен жәрдемақыны есептеуде қолданылатын күнкөріс деңгейінің көлемі өсті. Күнкөріс деңгейі 2015 жылы – 21364 теңгені құраса, 2016 жылы – 22859 теңге болды. АЕК мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 1982 теңгеден 2121 теңгеге өзгерді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің Үкіметіне 2016 жылға арналған бюджетте тиісті қаржы қарастырып, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (МӘЖ) мөлшерлерін арттыруды тапсырды.

2016 жылдан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 1-топтағы мүгедектер үшін 10353 теңгеге, 2-топтағы мүгедектер үшін 8060 теңгеге, 3-топтағы мүгедектер үшін 5738 теңгеге және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін 7513 теңгеге артатын болды. Жалпы мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыру 34 пайызды құрайды.

Республика бойынша осы көбейтілген мөлшердегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 1-топтағы 42 986 мүгедек, 2-топтағы 212696 мүгедек және 3-топтағы 203863 мүгедек алады. 16 жасқа дейінгі 63618 мүгедек бала үшін МӘЖ мөлшері 22433 теңгеден 29 946 теңгегенемесе33,5 пайызға артады. 2016 жылдан бастап барлық санаттағы асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша 165 мың жәрдемақы алушыға жәрдемақы мөлшері орташа есеппен 34219 теңгеден 45 795 теңгеге немесе 33,8 пайызғаартады.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушылардың жоғарыда аталған барлық санаттарына және асыраушысынан айрылған отбасыларға, яғни 907 мың адамға 259 млрд.теңге бөлінеді.

Қазақстанда бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы отбасы табысына қарамастан (2003 жылдан бастап) қазіргі таңда 31,41 еселік айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде төленіп отыр. 2016 жылғы қаңтардан бастап жәрдемақы мөлшері 7% артады және 66 621 теңгені құрайтын болады.

Ана мен баланы қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде 2010 жылғы қаңтардан бастап отбасында төрт және одан да көп бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы 52,35 еселік АЕК мөлшерінде төленеді, ал 2016 жылғы қаңтардан бастап жәрдемақы мөлшері 111 035 теңгені құрайды.

Осы көрсетілген барлық әлеуметтік жәрдемақылар жүйесіндегі стандарттар біздің республикамыздағы атаулы жүйенің қарқынды дамып келе жатқанына дәлел. Бұлардан басқа да әлеуметтік жәрдемақылар жүйесіндегі стандарттарды жетілдіру жолдары қарастырылуда.

Екінші кіші бағдарлама: Дұрыс тамақтану мəселелері жөнінде

сектораралық өзара іс-қимыл

Ағымдағы жағдайға талдау

Дұрыс тамақтану жəне тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі қоғамдық

денсаулық, өмір сапасы, ұзақ жасау, еңбек жəне əлеуметтік белсенділік

деңгейін анықтайтын негізгі факторларға жатады. Тиімсіз жəне сапасыз

тамақтану иммунитеттің төмендеуіне жəне еңбек өнімділігін төмендетуге, дене

жəне ақыл-ой дамуының бұзылуына, инфекциялық жəне инфекциялық емес

аурулардың денсаулыққа қауіпті тұтас қатарының пайда болуына əкеледі.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша өлім-

жітімнің барлық себептерінің 60 % тамақтанудың сондай жəне өзге де

бұзушылықтарымен, ал 75-80 % зиянды экологиялық факторлардан, соның

ішінде канцерогендерден, адам ағзасына тамақ өнімдері жəне ауызсумен

түседі. Қазақстанда халықтың тамақтануы қазіргі уақытта мына негізгі

көрсеткіштермен сипатталады:

Ұлттық жəне өңірлік зерттеулермен жануарлардағы ақуыз, өсімдік

майлары, жемістер мен көкөністер, тамақ талшықтары, дəрумендер, əсіресе

А,С жəне В тобы дəрумендері, сондай-ақ минералды заттар, əсіресе кальций,

темір, йод, мырыш, сондай-ақ калорияларды, жануарлар майы, тəттілер жəне

тұзды артық тұтыну жеткіліксіз түрінде республика тұрғындарының көп

бөлігінің тамақтануында маңызды кемшіліктер анықталды. Бұл осындай қауіпті

аурулар жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, миокард инфарктісі,

инсульт, обырдың жеке түрлері, қант диабеті, семіздік, остеопороз, темір

тапшылығы анемиясы жəне т.б. дамуында тамақтану факторлары шешуші

болып табылатын тұрақты тенденцияға əкеледі.

31

Əйелдердің жүктілік уақытында тамақтануында кемшіліктердің тікелей

себебі балалардың денесінің төмен салмағымен тууы табылады. Мұндай

балаларда жүрек-қантамырлық ауруларды кейін өмірі барысында пайда болу

қаупі жоғарылайды.

2006 жылы ұлттық зерттеулердің деректері бойынша 5 жасқа дейінгі

балалар арасында тамақтанудың созылмалы тамақтануының таралуы 12,8

%–ды, тамақтанудың жедел жеткіліксіздігі (немесе гипотрофия) – 4 %, ал

арықтау (немесе жүдеп кету) – 3,8 % құрады. Балаларда мұндай кемшіліктер

өмірінің барлық кезеңінде денсаулығына маңызды зиян келтіретін ақуыздың-

калориялық жеткіліксіздігі ретінде сипатталады.

Республиканың жеке өңірлерінде мектеп жасындағы балалар

антропометриялық көрсеткіштер бойынша ДДҰ ұсынған нормативтерден

маңызды қалып отыр, ал оларды липидті ауыстыру көрсеткіштері жүрек-

қантамырлық ауруларды дамыту жоғары қаупі туралы куəландырады.

2006 жылы ұлттық зерттеулердің деректеріне сай Қазақстанда 5 жасқа

дейінгі балалардың 56,1 %-нда А дəрумені (ДВА) тапшылығы бар. ДВА жəне

жоғары балалар өлім-жітімінің таралуы арасында тығыз байланыс жақсы

белгілі. 20 % артық ДВА-ның таралуы қоғамдық денсаулық сақтаудың

маңызды мəселесі болып саналады жəне халықаралық ұйымдар (ДДҰ,

ЮНИСЕФ) ұсыныстарына сай осы дəруменнің жеткіліксіздігін

профилактикасы бойынша тез əрекеттерді талап етеді. Өкінішке орай,

Қазақстанда осы уақытқа дейін ДВА-ның алдын алу жөнінде ашқандай да

бағдарлама жоқ. Осыған байланысты республикада 5 жасқа дейінгі балалар

жəне емшек сүтімен қоректендіретін əйелдер А дəрумені саплементациялау

бағдарламасын тез арада енгізу, сондай-ақ осы дəруменді фортификациялау

бағдарламасын əзірлеу жəне іске асыру жөніндегі жұмысты бастау қажет.

Республикада балалар тамақтануының өз индустриясы жоқ. Балалар сүт

асүйлері қосалқы жайларында орналасқан жəне қол еңбегімен істелетін аз

қуатты, ескі жабдықпен жабдықталған желі балалар тамақ өнімдерінде жалпы

тұтынудың 10-12 % қамтамасыз етеді. Қалған қажеттілік импортталатын

балалар қоспасын есебінен қанағаттандырылады. Сүт асүйі өнімдері өзінің

құрамына, сапасы жəне қауіпсіздігі бойынша қазіргі заманғы талаптарға жауап

бермейді.

2008 жылы Қазақстан халқын тамақтанудың ұлттық зерттеулерінің (ТҰЗ-

2008) мəліметтері бойынша анемияның таралуы 6 айдан 14 жасқа дейінгі

балалар арасында 44,9 %, 15-59 жастағы əйелдер арасында 45,3 %, 15-59 жас

арасындағы ерлер арасында 28,1 %, орташа алғанда барлық тұрғындар

арасында 41,9 % құрады. Демек, Қазақстанда 6,5 млн. адам анемиядан зардап

шегеді. Анемияның таралуы 2008 жылы 1995 жылдың деңгейінде қалды, яғни

бұл көрсеткіштің ешқандай да бір төмендеуі жоқ. Анемияның жоғары

деңгейінің себебі ана жəне бала өлім-жітімінің қанағаттанғысыз көрсеткіштері

болып табылады, дене жəне ақыл-ой дамуында жиі тежеліп қалу, диарея жəне

туберкулез ауруларына төмен тұрақтылық, өткізілетін иммунизациялаудың

32

жеткіліксіз тиімділігі жəне инфекциялық жəне инфекциялық емес аурулардың

асқынған ағымы.

Фортификацияланған бидай ұны (ФБҰ) өндірісін қалпына келлтіру жəне

тиісті заңасты актілерін қабылдау қажет, Қазақстанда анемияның таралуының

төмендеуінде маңызды рөл алады. Микронутриенттерді ұлттық зерттеулер

нəтижелері 2006 жылы (МНҰЗ-2006) үй шаруашылығында ФБҰ жоқтарда, үй

шаруашылығында ФБҰ бар əйелдер арасында анемия деңгейінің статистикалық

маңызды төмендеуі туралы куəландырады.

Сарапшылардың есептері бойынша Қазақстан халқы арасында

анемияның таралуын төмендетудің экономикалық əсері 1 жылда бір жолғы 20

% төмендеу жағдайында 146,1 млн. долларды; 4 жылда тең 20 % төмендеу

жағдайында 367,7 млн. долларды; 4 жылда тең 30 % төмендеу жағдайында 547

млн. долларды құрады.

Жүктілік уақытында фолий қышқылының тапшылығы (ФҚТ) дамудың

туа біткен кемістігінің себебі болып табылады. МНҰЗ-2006 нəтижелеріне

сəйкес республика бойынша орташа алғанда ФҚТ таралуы 15,3 % құрады.

Балалардың біраз бөлігі 49,0 % шектеулі деңгей жəне аз бөлігі 35,7 % - қан

плазмасында фолий қышқылының қалыпты деңгейі бар.ФҚТ атеросклероз,

жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, миокард инфарктісі, инсульт,

простата обыры, сүт жəне асқазан асты обыры, жуан ішек обырының дамуы

жоғары қаупі бар тікелей байланыс нақты белгіленген. Фолий қышқылы

Қазақстанда бидай ұнымен байыту үшін премикстің құрамына кіреді. Осыған

байланысты ФҚТ өндіру осы дəруменнің тапшылық проблемасын шеше алар

еді.

Дұрыс тамақтану жəне қауіпсіз тамақ өнімдері саласындағы жаңа

проблемалар сауданың жаһандануы, қоршаған ортаның ластануы, ауыл

шаруашылығында пестицидтер, гербицидтер, микробқа қарсы жəне

гормоналды препараттардың кеңінен қолданылуы, жаңа өнімдердің пайда

болуы, соның ішінде жаңа технологияларды пайдаланып алынған генетикалық

модификацияланған өнімдерді пайдалануға байланысты пайда болады.

Жоғарыда келтірілген жағдай «Қазақстан Республикасы Президентінің

тапсырмасының шеңберінде 2020 жылға дейінгі уақытқа дейін дұрыс

тамақтанудың ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатын» арнайы қабылдау

қажеттілігі туралы айғақтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]