- •Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг сұрақтары
- •Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз
- •2.Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз
- •4.Әлеуметтік стандарттаудың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, талдау жасаңыз
- •5.Қр Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз
- •6.Әлеуметтік стандарттар: түсінігі мен мәні
- •7.Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз.
- •8.Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
- •9.Мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •10. Әлеуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз.
- •11.Әлеуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз
- •12.Кедейлік индикаторы және адресті әлеуметтік көмек түрлерін атап, сипаттама беріңіз
- •13.Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •15. Әлеуметтік индикатор түсінігі
- •16.Әлеуметтік мониторинг: мәні, принциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз.
- •17.Мониторинг сипатамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз.
- •18.Мониторингтің түрлері және жүргізу техникасына сипаттама беріңіз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Күнкөріс минимумы көлемін есептеу әдістемесі қалай жүргізілетіндігіне сипаттама беріңіз
- •23) Күнкөріс минимумы көрсеткіштерінің жүйесін түсіндіріңіз
- •24) Күнкөріс минимумы түсінігі және оның қр әлеуметтік стандартына сәйкес өлшеміне сипаттама беріңіз
- •25.Әлеуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26. Минималды жалақы және оның тағайындау процедурасына сипаттама беріңіз
- •28.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз
- •29.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •30.Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар ұғымдарының байланысын түсіндіріңіз
- •31 Сұрақ. Әлеуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар
- •32 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз
- •33 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •34) Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің іс-әрекетін бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •35) Мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетудегі мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •36) Әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
- •40. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз
- •41. Білім беру саласындағы әлеуметтік стандарттар мен нормативтерді дайындау мен оларға қойылатын талаптарға анықтама беріңіз
- •42. Білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттаңыз
- •44. Медициналық қызметтегі әлеуметтік стандарттар жүйесіне талдау жасаңыз
- •45.Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау концепциясына талдау жасаңыз
- •46. Медициналық қызмет көрсететін мекемелердің іс-әрекетін бағалау критерийлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •2015 Жылғы 30 қарашадағы № 926
- •46.Медициналық қызметтің тиімділігін жоғарылату факторларын атаңыз және талдау жасаңыз
- •47.Медициналық қызметтегі стандарттар жүйесін жүргізу және бақылауға анықтама беріңіз
- •48 Халыққа кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •52) Стандарттау туралы халықаралық заңдылықтарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •53)Халықты әлеуметік қорғау жүйесіндегі қызмет сапасын мониторингтеу механизміне сипаттама беріңіз
- •54) Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде. Сипаттама беріңіз
- •2. Жұмыссыздықтың жалпы теориялық түсінігі
- •2.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
- •55.Қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік көңіл-күйін мониторингтеу қалай жүргізіледі және негізгі мақсатын түсіндіріңіз
- •56.Әлеуметтік қызмет сапасын мониторингтеудегі ақпараттық технологиялардың рөліне анықтама беріңіз
- •57.Мониториг жүргізу құралдарын атаңыз және мониторинг жүргізудің маңыздылығын сипаттаңыз
- •58. Халықтың денсаулығын мониторингтеуи дегеніміз не және ол қала жүргізілетіндігін түсіндіріңіз
- •59. Халықтың денсаулық жағдайын сипаттаудағы статистикалық көрсеткіштер жүйесіне тоқталыңыз және сипаттама беріңіз
- •60. Халықтың денсаулығын және медициналық қызметті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін түсіндіріңіз
57.Мониториг жүргізу құралдарын атаңыз және мониторинг жүргізудің маңыздылығын сипаттаңыз
Қоғамда кездесетін құбылыстар мен процестер туралы үздіксіз, шұғыл мәліметтер алатын әлеуметтік мониторинг жүйесі бұл секілді мәселелерді шешудің нәтижелі жолы болып табылады. Социологиялық мониторинг-келіп түскен мәліметтерді жазып алуға, сақтауға және алғашқы талдау жасап шығуға мүмкіндік беретін біртұтас жүйе. Ол берік методологиялық базаны және оны іске асыру үшін қажетті техникалық жабдықтарды қажет етеді. Социологиялық мониторинг жүйесін екі салаға: әлеуметтік мониторинг және статистикалық мониторинг деп бөліп қарастыру қажет.
Әлеуметтік мониторинг қоғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалап отырудың біртұтас жүйесі болып табылады. Оның басты міндеті-жаңа, қажетті және жүйеленген мәліметтерді бірден емес, белгілі бір уақыттарда жүйелі түрде алып тұру болып табылады.
Әдетте аса зәру проблемалар бойынша әр айда, тоқсанда экспресс сауалнамалар өткізіліп тұрады.
Статистикалық мониторинг- сандық сипаттамалар, нақтырақ айтқанда қоғам өмірінің түрлі жақтары туралы статистикалық көрсеткіштер мен коэфициенттер алу жүйесі. Оның басты мақсаты саяси, экономикалық, әлеуметтік т.б құбылыстарды тиімді талдауға қажетті әлеуметтік және экономикалық статистика көрсеткіштерін жинап беру болып табылады.
Әлеуметтік және статистикалық мониторингтер түрліше мағлұматтар береді: әлеуметтік мониторинг түрлі мәселелерге қатысты адамдардың субъективтік пікірлерін білдірсе, статистикалық мониторинг объективті сандық көрсеткіштердің көмегімен түрлі құбылыстарды сипаттайды. Бірақ та әлеуметтік және статистикалық деректер сипатының түрліше болуына қарамастан әлеуметтік және статистикалық монитоорингтер жүйесін ұйымдастыру принцптері бір-біріне сай келеді, бұл екеуі біріге келе әлеуметтік мониторингтік біртұтас жүйесін құрайды.
Сонымен әлеуметтік мониторинг дегеніміз-қоғам өмірінің аса зәру проблемалары жайлы әлеуметтік және статистикалық , мәліметтер алу, өңдеу және сақтаудың тармақталған жүйесі. Әлеуметтік мониторингтің негізгі сипаты:
елдегі аса елеулі құбылыстарды қамтып отыруы;
әлеуметтік және статистикалық көрсеткіштердің белгілі бір тұрақты түрлерінің болуы;
пайдаланудың қажетсінуіне қарай өзгеріп отыратын, сөйтіп мониторингтің икемділігін қамтамасыз ететін уақытша көрсеткіштердің болуы;
мәліметтерді байланыс каналдары арқылы орталық есептеу орталығына беру, оларды өңдеу және сақтау жүйесінің болуы;
мониторингті біртұтас ұйымдық орталықтан жүргізу;
бар мәліметтерді пайдалануды ұйымдастыру;
Әлеуметтік мониторинг жүйесі қызметінің аса маңызды міндеті әлеуметтік және статистикалық мәліметтерді кешенді түрде өңдеуді ұйымдастыру болып табылады. Мұндай мәліметтерді алу адамдардың іс-әрекетінің заңдылықтарын объективтә негіздеуге мүмкіндік береді, адам мүдделері, құндылық бағыттары, сарындары,мақсаттары дәл сипатталғандықтан да әлеуметтік және статистикалық мәліметтерді өзара салыстыру қиындығы едәуір азаяды.
Әлеуметтік мониторингті жүргізгенде мәліметтер жинаудың мынадай принцптері сақталуы қажет:
әлеуметтік және статистикалық бақылаудың бір территорияда немесе әкімшілік аймақта жүргізілуі;
әлеуметтік жә статистикалық мәліметтер жинау мерзімінің жоспарлығы;
мәліметтер алудың бірыңғай формаларының болуы;
әлеуметтік және статистикалық мәліметтерді салыстыру өлшемдерінің жасалуы;
бірыңғай әлеуметтік ақпарат банкінің болуы, оның сақталуы және толықтырылып отыруы.
Елдің басқару жүйесін, әлеуметтік ғылымды қоғам туралы сапалы мәліметтермен қамтамасыз етіп отырумен бірге, әлеуметтік мониторинг кез-келген адамды, оны қызықтыратын барлық мәселелер ьойынша материалдармен жабдықтай алатын болуы керек. Мониторинг жүйесінде пайдаланушыны бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету маңызды. Оған мынадай міндеттер жатады:
түсінуге оңай мәліметтер ұсыну;
пайдаланушының мақсатына орай мәліметтерді тез тауып, сұрыптау.
Сұрыпталған мәліметтерді өңдеу әдістерімен өңдеудің нақтылы нәтижелерін рәсімдеу формаларын таңдауға мүмкіндіктер беру.
Тұтынушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді жаңаша ұйымдастыру-социологиялық зерттеудің сапасы мен тиімділігін арттырудың аса маңызды бағыты және қазіргі заманғы әлеуметтік мониторингтің негізгі міндеттерінің бірі.
