Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.98 Кб
Скачать

56.Әлеуметтік қызмет сапасын мониторингтеудегі ақпараттық технологиялардың рөліне анықтама беріңіз

Біріншіден, қолданыстағы заңға енгізілетін маңызды деген толықтырулардың бірі - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және мониторинг жүргізу туралы нормалар болып табылады.

Бұл пікірді ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева айтты. Ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында баяндама жасады.

Атап өту қажет, қолданыстағы заңда уәкілетті орган туралы норма жоқ. Осының салдарынан қазіргі уақытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу барысына қажетті деңгейде жалпы бақылау жасалмайды.

Сондықтан уәкілетті орган туралы түсінікті енгізу бүкіл мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестірудің нақты жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа мониторинг жүргізу тәртібін бекітетін заңға тәуелді актіні, яғни, Үкімет қаулысын дайындауды қажет етеді.

Екіншіден, енгізіліп отырған түзетулерде салалық бағыттар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нақты бағдарлары қарастырылуда. Бұл дегеніміз, әрбір министрлік, ведомство әлеуметтік тапсырысты тек өз құзырларының шеңберінде ғана жасақтап, жүзеге асырулары тиіс. Сондықтан, 4.2-бапта мемлекеттік органдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шараларын қатаң түрде Үкімет белгілеген тәртіппен жүргізуге міндеттейтін норма беріліп отыр.

Сонымен қатар 4-2-бап мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және әске асыру тәртібін анықтайтын заңға тәуелді актіні қабылдауды қажет етеді.

Үшіншіден, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына конкурстық құжаттаманы міндетті түрде мемлекеттік тілде дайындау шарттарын қарастыратын толықтыру енгізу ұсынылып отыр.

ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева: «бүгінгі таңда қалыптасып отырған жағдайды атап өтетін болсақ, барлық мемлекеттік органдар жеткізушілерге арналған конкурстық құжаттамаларды тек орыс тілінде жүргізіп отыр. Ұсынылып отырған түзетулер заңнамадағы тек осы ғана кемшілікті жойып қоймай, сонымен қатар мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге де үлес қосады. Бұл заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген. Сонымен қатар, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексеру жөніндегі сараптамалардан да өтті. Еліміздегі жетекші деген үкіметтік емес ұйымдар, атап айтқанда Қазақстан азаматтық Альянсы, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы ұсынылып отырған заң жобасын мақұлдап отыр. Қарастырылып отырған заң жобасы республикалық және жергілікті бюджеттен қосымша шығындарды қарастырмайды»,- деп заң жобасы жөнінде жан-жақты түсінік беріп өтті.

Әлеуметтік мониторингті жүргізгенде мәліметтер жинаудың мынадай принцптері сақталуы қажет:

әлеуметтік және статистикалық бақылаудың бір территорияда немесе әкімшілік аймақта жүргізілуі;

әлеуметтік жә статистикалық мәліметтер жинау мерзімінің жоспарлығы;

мәліметтер алудың бірыңғай формаларының болуы;

әлеуметтік және статистикалық мәліметтерді салыстыру өлшемдерінің жасалуы;

бірыңғай әлеуметтік ақпарат банкінің болуы, оның сақталуы және толықтырылып отыруы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]