Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.98 Кб
Скачать

2.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары

Көбіне  жұмыссыздықтың экономикалық әсері  сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына  тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.

Әлеуметтік  салдары:

Кері  әсерлер:

1. Крименогенді  жағдайдың өршуі

2. әлеуметтік  кернеудің өршуі

3. физикалық  және психологиялық аурулардың  көбеюі

4. әлеуметтік  дифференцияның өсуі

5. еңбек  белсенділігінің төмеңдеуі 

Пайдалы әсері:

1. Жұмыс  орнының әлеуметтік маңызының  артуы

2. Өз  бос уақытының көбеюі

3. Жұмыс  орнын таңдаудағы еркіндік

4. Әлеуметтің  мән мен еңбек құндылығының  артуы

  Экономикалық салдарлар:

Кері  әсерлер:

1. Алған  білімнің құндылығын жоюы

2. Өндірістің  төмендеуі

3. Жұмыссыздарға  көмек шығындары

4. Квалификациясын  жоғалту

5 Өмір  сүру деңгейінің төмендеуі

6. Ұлттық  табыстың төмендеуі

7. Салықтың  аз жиналуы

  Пайдалы әсері:

1. Экономиканы  қайта жарақтауға жұмыс күшіің  резервін жасақтау

2. Еңбекке  бейімділігін өсіру мақсатында  жұмысшылар арасында конкуренция

3. Білімін  жоғарылату үшін уақыт

4. Еңбек  өнімділігі мең өндіріс интенсивтілігі  жоғарылауыЖұмыссыздықтың зардаптары:

  1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:

  • халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,

  • қазына – қор қысқарады,

  • инвестицияға сұраныс қысқарады,

  • өндіріс құлдырайды.

  1. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

  1. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

 

     Жұмыссыздық мәселесі қазіргі кезде бүкіл  дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Американдық  еңбек базарында жүргізілген  көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі  мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты  өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын  жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік  жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып  табылады.

     Экономиканың  қай уақытта толық жұмылдырылған  жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып  табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде  көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға  байланысты болады.

55.Қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік көңіл-күйін мониторингтеу қалай жүргізіледі және негізгі мақсатын түсіндіріңіз

БҰҰ-ның егде адамдарға қатысты 1-қағидасынан шығатын, егде адамдар оларға қоғам тарапынан қолдау көрсету, кіріс қамтамасыз ету арқылы азық-түлік, су, тұрғын-үй және медициналық қызмет көрсету талаптарына сәйкес қол жетімділікке ие болу тиіс.

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлері бүгінде қарттарға қамқорлықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің кең тараған түрі болып табылады.

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің қызметін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетулердің үлгі ережелері (бұдан әрі – Үлгі ереже), 2005 жылғы 1 желтоқсанда қабылданған «Мүгедектер мен қарттарды үйде әлеуметтік көмек бөлімшелерінде, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсету» 1457-2005 ҚР ГОСТ (бұдан әрі – ГОСТ) реттейді.

Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған интернат-үйі денсаулық жағдайына байланысты тұрақты күтімді, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді, әлеуметтік-еңбекке бейімделуді қажет ететін қарттар мен 1, 2-топтағы мүгедекердің уақытша немесе тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің қызметін басқаруды облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мониторинг жүргізүді жүзеге асырады.

Интернат-үйге жақын, кәмелетке толған, еңбекке қабілетті туыстары жоқ, заң бойынша оларды асырау және қамқорлыққа алу міндетті, сондай-ақ объективтік себептерге (жасының егделігіне байланысты, бірінші, екінші топтағы мүгедек, онкологиялық, психиатриялық ауру, бас бостандығынан айыру орындарындағы немесе шетелге тұрақты тұру үшін көшіп кеткен) байланысты оларға тұрақты көмек пен күтім көрсетуді қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар адамдар (жұбайлар) қабылданады.

Ардагерлер, мүгедектер ісі кеңесінің шешімі бойынша ерекше жағдайларда интернат-үйге қақтығыстар себебінен бірге тұру мүмкін емес жақын кәмілетке толған еңбекке қабілетті туыстары бар қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектер қабылдануы мүмкін. Интернат-үйде мемлекеттік қамқорлыққа алынған негізгі контингентке залал келтірмей, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді қажет ететін қарт азаматтардық уақытша және тұрақты тұруына араналған ақылы бөлімдер ұйымдастыруға жол беріледі.

Интернат-үйлерде арнайы мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажетететін процестің белсенді сатысындағы туберкулездің, невроздарды қоспағанда, соматикалық аурулар кезіндегі невроздық жағдайларды, психиатриялық аурулардың, жеңіл сатыдағы ақыл-ой кемдігін, адамдардың ақыл кемдігінсіз және айтылған өзгерістерсіз сирек талып қалатын (2-3 айда кемінде 1 рет) түрлі этиологияның тырысу синдромдарын, уақытша тыйым салынған жұқпалы ауруларды, тері мен шаштың зиянды ауруларын, венериологиялық ауруларды, ЖҚТБ-нің болуы әлеуметтік қызмет көрсетуді медициналық теріске шығару болып табылады.

Интернат-үйінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: қарттар мен мүгедектерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, оларға үйдегіге ұқсас өмірдің қолайлы жағдайларын жасау; онда тұратын адамдарға күтімді үйымдастыру, оларға медициналық көмек көрсету және мәденибұқаралық жұмыс жүргізу; мүгедектерді әлеуметтік-тұрмыстық және еңбектік ақтап алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.

Негізгі әлеуметтік терапия қамқорлыққа алынған адамдардың өз ішінтерінде де, дені сау адамдармен де әлеуметтік байланысын орнату болуы тиіс. Сонымен қатар, әлеуметтік терапия палаталардағы жабдықтаулар, өзіне және басқаларға өзгелердің көмегінсіз қызмет көрсету мүмкіндігі, жұмыс тәртібі, микро және макро әлеуметтік топтарды ұйымдастыру, өзіндік культтерапия, қызметтің психотерапевтік өнері секілді элементтерді қамтуы тиіс.

Қарттар мен мүгедектерге халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық (республикалық дәрежедегі қалалық, астаналық) уәкілетті орган интернат-үйлерге жолдама береді. Әлеуметтік қызмет көрсетуге адамдарды қабылдау мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

үлгі ережелері бекітке нысан бойынша өтініш;

уәкілетті органның жолдамасы (ММӘМ-де әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау үшін);

жеке куәлік;

салық төлеушінің тіркеу нөмірінің бар екендігі туралы куәлік;

әлеуметтік жеке кодының бар екендігі туралы куәлік;

үлгі ережелері бекіткен нысан бойынша медициналық карта;

емхана картасынан үзінді;

зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жастағы адамдар үшін);

мүгедектігін, ҰОС-на қатысушы және оған теңестірілген адамдарды (мүгедектер, ҰОС-на қатысушы және оған теңестірілген адамдар үшін) растайтын куәлік;

мүгедектер үшін қосымша:

мүгедектігі туралы анықтама үзіндісінің көшірмесі;

мүгедекті ақтап алудың жеке бағдарламасы үзіндісінің көшірмесі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2006 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтері бойынша Қазақстанда қарттар мен мүгедектерге арналған 78 мемлекеттік интернат-үйі (2002 жылға қарағанда 20-ға артық), оның ішінде қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған 48 интернат-үйі және 30 психоневрологиялық интернат-үй есептелген.

Мына аудандарды кесте кылып екіге бөліп жазсандар болады.

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің көп бөлігі Шығыс Қазақстанда жұмыс істейді – 2380 орындық 11, олардың 8-і қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған, 3-уі – психоневрологиялық интернат-үй; Ақмола облысында – 1103 орындық 10, оның ішінде 7-і қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған, 3-уі – психоневрологиялық интернат-үй; Қостанай облысында – 1129 орындық 9, оның ішінде 6-уы қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған, 3-уі – психоневрологиялық интернат-үй; Қарағанды облысында – 1802 орындық 8, оның ішінде 5-еуі қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған, 3-уі – психоневрологиялық интернат-үй; Батыс Қазақстанда 4 жалпы үлгідегі интернат-үй; Жамбыл облысында қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған 3 интернат-үй жұмыс істейді.

Қарттар мен мүгедектерге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес интернат-үйлерде тұратындардың саны 2006 жылғы 1 қаңтарда 15923 адамды құраған. Олардың ішінде 5300 адам – зейнеткерлер, 10257 адам – мүгедектер, 252 адам – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер. Мысалы, Алматы қаласында қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратындардың жалпы саны – 350 адам, Қарағанды облысында – 652 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 1160-нан астам, Жамбыл облысында – 450 адам, Астана қаласында – 250 адам, Маңғыстау облысында – 156 адам.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]