Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.98 Кб
Скачать

2. Жұмыссыздықтың жалпы теориялық түсінігі

    1. Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері

       Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

       Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт тұрақты не жұмыссыз немесе жалақысыз болады.

     Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус  жұмыссыздықтың пайда болуын халық  санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен  өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар  тек арифметикалық прогрессиямен  өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

     Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты  жұмысшының еркін таңдауы деп  есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс  жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан  жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс  еместігін дәлелдеді.

     Кейнстік  мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен  және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық  және инвестициялық нарығындағы  сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты  жиынтық сұраныс, инвестициялар  және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық  сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі  мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің  молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

      Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеб болады.

Филлипс қисығы.

Инфляция деңгейі % 

3 

2

Жұмыссыздық деңгейі %

Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.                     

      К. Маркстың қорлдану теорисына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

      Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны –  жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

       Жұмыссыздықтың  түрлері олардың пайда болу себептеріне  қарай өзгешеленеді:

  1. Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстыруымен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.

  2. Құрылымдық жұмыссыздық ҒТР-ң, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.

  3. Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.

       Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың  топтарын қамтуда және барған сайын  ұлғайып келеді.

       Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің  адам дамуына ықпалын азайтатын  құбылыс.

      Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты  екі топқа бөледі:

  • жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;

  • жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

      Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ  онымен қатар жасырын жұмыссыздық  та орын ала бастады.

      Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа  орналаса алмады.

      Құрылымдық  және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.

      Жұмыспен  толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл  жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына  әкеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]