- •Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг сұрақтары
- •Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз
- •2.Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз
- •4.Әлеуметтік стандарттаудың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, талдау жасаңыз
- •5.Қр Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз
- •6.Әлеуметтік стандарттар: түсінігі мен мәні
- •7.Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз.
- •8.Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
- •9.Мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •10. Әлеуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз.
- •11.Әлеуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз
- •12.Кедейлік индикаторы және адресті әлеуметтік көмек түрлерін атап, сипаттама беріңіз
- •13.Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •15. Әлеуметтік индикатор түсінігі
- •16.Әлеуметтік мониторинг: мәні, принциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз.
- •17.Мониторинг сипатамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз.
- •18.Мониторингтің түрлері және жүргізу техникасына сипаттама беріңіз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Күнкөріс минимумы көлемін есептеу әдістемесі қалай жүргізілетіндігіне сипаттама беріңіз
- •23) Күнкөріс минимумы көрсеткіштерінің жүйесін түсіндіріңіз
- •24) Күнкөріс минимумы түсінігі және оның қр әлеуметтік стандартына сәйкес өлшеміне сипаттама беріңіз
- •25.Әлеуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26. Минималды жалақы және оның тағайындау процедурасына сипаттама беріңіз
- •28.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз
- •29.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •30.Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар ұғымдарының байланысын түсіндіріңіз
- •31 Сұрақ. Әлеуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар
- •32 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз
- •33 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •34) Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің іс-әрекетін бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •35) Мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетудегі мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •36) Әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
- •40. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз
- •41. Білім беру саласындағы әлеуметтік стандарттар мен нормативтерді дайындау мен оларға қойылатын талаптарға анықтама беріңіз
- •42. Білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттаңыз
- •44. Медициналық қызметтегі әлеуметтік стандарттар жүйесіне талдау жасаңыз
- •45.Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау концепциясына талдау жасаңыз
- •46. Медициналық қызмет көрсететін мекемелердің іс-әрекетін бағалау критерийлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •2015 Жылғы 30 қарашадағы № 926
- •46.Медициналық қызметтің тиімділігін жоғарылату факторларын атаңыз және талдау жасаңыз
- •47.Медициналық қызметтегі стандарттар жүйесін жүргізу және бақылауға анықтама беріңіз
- •48 Халыққа кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •52) Стандарттау туралы халықаралық заңдылықтарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •53)Халықты әлеуметік қорғау жүйесіндегі қызмет сапасын мониторингтеу механизміне сипаттама беріңіз
- •54) Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде. Сипаттама беріңіз
- •2. Жұмыссыздықтың жалпы теориялық түсінігі
- •2.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
- •55.Қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік көңіл-күйін мониторингтеу қалай жүргізіледі және негізгі мақсатын түсіндіріңіз
- •56.Әлеуметтік қызмет сапасын мониторингтеудегі ақпараттық технологиялардың рөліне анықтама беріңіз
- •57.Мониториг жүргізу құралдарын атаңыз және мониторинг жүргізудің маңыздылығын сипаттаңыз
- •58. Халықтың денсаулығын мониторингтеуи дегеніміз не және ол қала жүргізілетіндігін түсіндіріңіз
- •59. Халықтың денсаулық жағдайын сипаттаудағы статистикалық көрсеткіштер жүйесіне тоқталыңыз және сипаттама беріңіз
- •60. Халықтың денсаулығын және медициналық қызметті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін түсіндіріңіз
42. Білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттаңыз
Мемлекеттің саясаттың қай саласы болмасын белгілі бір нормативтік-құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, сол секілді білім саласында да осы саланы реттейтін белгілі бір заңдар, жарғылар, ережелер, халықаралық келісімдер және сол секілді ресми, заңды күші бар құжаттар бар. Мұндай құжаттардың кез келген елдің білім жүйесінен алатын орны ерекше, себебі осы заңдар білім жүйесін толықтай реттеп, олардың даму бағытын анықтайды.
Ең алдымен білім саласындағы әлемнің барлық елдеріне ортақ заңнамалардан, халықаралық конвенциялардан бастайық. Халықаралық білім заңнамаларындағы негізгі құжат 1948 жылдың 10-шы желтоқсанындағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған адам құқықтары жөніндегі Жалпыға ортақ Декларация болып табылады. Ол құжатта білім мәселелері 3 ережеден тұратын арнайы статьяда көрсетілген.
Біріншіден, адамның білім саласындағы құқықтары айқындалып, бастапқы және жалпы білім берудің ақысыздығы, бастапқы білімнің міндеттілігі, техникалық және кәсіби білімнің қолжетімділігі жөніндегі ереженің ерекшелігі анықталады.
Екіншіден, тұлғаның дамуындағы, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы, қоғамдық прогресс пен бейбітшілікті қамтамасыз етудегі білімнің позитивті бағыты айқындалады.
Үшіншіден, баланың білім түрін таңдау кезіндегі ата-ананың басымдылығы көрсетіледі. Жалпы алғанда, Декларация мемлекеттер мен халықтар арасындағы білім мәселелері жөніндегі келешектегі келісімдердің саяси-моральдық негіздерін салды.
Білім, ғылым, мәдениет және ақпарат саласындағы жаһандық және аймақтық халықаралық-құқықтық актілерді жасау құқығына ие әлемдегі жалғыз ұйым ЮНЕСКО болып табылады.
Білім саласындағы соңғы онжылдықта ЮНЕСКО қабылдаған барлық халықаралық құжаттарды келесідей құрылымдарға бөлуге болады:
1) Білім саласындағы кез келген формадағы дискриминация саясаты мен тәжірибесін жою, мысалы, «Білім саласындағы дискриминациямен күрес жөніндегі конвенция» (1960);
2) Бейбітшілік, халықаралық өзара түсіністік, демократия мен гуманизм, адам құқықтарын сыйлау рухында тәрбиелеу;
3) Сәби құқықтарын қорғау, білім саласы қызметкерлерін кәсіби және әлеуметтік қорғау, мысалы, «Мұғалімдер жағдайы жөніндегі ұсыныстар» (1966);
4) Білім беруде халықаралық ынтымақтастықты дамыту, оның жекелеген салаларын ұштау, осы саладағы халықаралық статистика мен есептіліктің пайда болуы, мәселен, «Техникалық және кәсіби білім жөніндегі конвенция» (1989), «Ересектерге білім беруді дамыту жөніндегі ұсыныстар» (1976), «Білім саласындағы статистикалық мәліметтерді халықаралық стандарттау жөніндегі ұсыныстар» (1959), оқу курстарын мойындау жөніндегі аймақтық конвенцияла, ғылыми атақ және білім жөніндегі құжаттар және
44. Медициналық қызметтегі әлеуметтік стандарттар жүйесіне талдау жасаңыз
Әлеуметтік стандарт – мемлекет жүргізетін әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі. Медициналық қызметте де оның орны маңызды.
ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесі – еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, отбасы және балалар, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар жиынтығы;
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандығы № 2136 Қаулысы
2. ТМККК(тегін әл м к)-ге: 1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация; 2) мыналарды: медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК); медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек; 3) шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын жоспарланған көлем шеңберінде МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек; 4) МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек; 5) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санатына паллиативтік көмек және мейіргер күтімі кіреді.
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P090002136_
«Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты
1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 2) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс); 3) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы. 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: «Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін айқындайды. 4. «Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.
«Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша
«Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері
№ |
Норманың/ нормативтің атауы |
Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт |
Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары |
Норманың/ нормативтің мөлшері |
1 |
Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету |
Кодекстің 31-бабы |
Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар |
Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етілуі денсаулық сақтау ұйымдары желісінің нормативі бекітілген (Аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгей) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 284 бұйрыққасәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11231 болып тіркелген) айқындалады. |
