Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.98 Кб
Скачать

41. Білім беру саласындағы әлеуметтік стандарттар мен нормативтерді дайындау мен оларға қойылатын талаптарға анықтама беріңіз

Білім беру Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының маңызды басымдықтарының бірі. Білім беру реформаларының жалпы мақсаты – жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға осы жүйені бейімдеу.2011 жылы қабылданған Мемлекеттік бағдарлама Қазақстандық білім беруді жаңғыртуды жалғастыруда.

2010 жылы Мемлекет басшысы «Жаңа онжылдық– Жаңа экономикалық даму– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің стратегиясын жаңғыртуды іске асыру  ең алдымен қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік жағдайына және денсаулығына байланысты деп атап көрсеткен болатын. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізі болып табылады.«Білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыру бәсекеге қабілетті сапалы адамзат капиталын құруды қамтамасыз ететін жүйені жасауға мүмкіндік береді. Жоғары білімді қазақстандықтардың жаңа буыны онжылдықтардың күрделі мәселелерін шешуге қабілетті болады», — деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов  «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының отырысында.

Республикада 6960 балдабақша жұмыс істейді, оған 481 мың бала барады.  «Балапан» бағдарламасының аясында 2011 жылы  514 мектепке дейінгі ұйым ашылған (222  балабақша, 292 шағын орталық).Педагог мәртебесін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. А.ж. 1 қыркүйектен бастап ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту мұғалімдері және шеберлеріне   біліктілік санаттары үшін 100 пайыз үстемақы қосылады.Біліктілікті арттыру жүйесін жаңғыртудың базалық кешенін құру жұмысы басталды:Ұлттық педагогтердің біліктіліктерін арттыру орталығы, Педагогикалық ЖОО жанындағы біліктілікті арттыру орталықтары, Назарбаев Университеттегі «Білім» факультеті. Назарбаев интеллектуалдық мектептері» АҚ «CENTER OF EXCELLENCE» біліктілікті арттыру жүйесін құру мәселесіне кірісті (Педагогикалық шеберлік орталығы).Сондай-ақ, Қазақстанда жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған онлайн семинарлар өткізу бойынша ілкі жоба іске асырылады. Семинарларды  Интеллектуалдық мектептердің мұғалімдері өткізетін болады. Жыл бойы 48 семинар өткізіледі.2011-2012 оқу жылдары семинарлардың тақырыбы «Критерийлік бағалау»,  2012-2013 оқу жылдары — «Сыни тұрғыдан ойлау» деп белгіленген.

Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар:

Пәндің мақсаты кәсіпкерлік білім берумен қатар, ондағы стандарт жүйесімен таныстыру, әлеуметтік қызмет көрсетудегі мониринг зерттеуінің мазмұны мен әдісіне үйрету болып табылады.

Пәннің міндеттері:

  • стандарттау жүйесінің теориялық негіздерін зерттеу, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы технологияны қолдану;

  • мониторинг зерттеулерінің бағытын зерттеу, олардың жабдықтары мен мониторинг ұйымдарындағы технологиялық ақпараттың рөлін зерттеу;

  • санақ бойынша негізгі әлеуметтік көрсеткіштердің әдісін қолданудағы іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға әрекеттендіру.

Студент пәнді оқып білу нәтижесінде білуі тиіс:

  • стандарттаудың пайда болуы мен дамуының тарихи аспектілері;

  • нарық әлеуметтік қызметтің көп қырлы кешенді жүйесін ретінде;

  • әлеуметтік стандарт: түсінігін, мәндік сипаттарын;

  • әлеуметтік көрсеткіштер (индикаторлар), әлеуметтік нормалар

  • күнделікті өмір сүру минимумының көрсеткіш жүйесін; күнделікті өмір сүру минимумының ауқымын есептеу әдісін;

  • халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар сұрақтарын;

- Қазақстандағы халықаралық стандарттарды қолданудың тәртібін;

- мониторинг функцияларын; мониторинг принциптерін; мониторинг элементтерін, оның құралдарын;

- мүгедектер, әлеуметтік қарттар мониторингін;

- халыққа қызмет көрсететін медициналық, денсаулық жүйелеріне сипаттама мен көрсеткіштерін;

- білім беру қызметіндегі мониторинг сапасының функционалды элементтерін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]