- •Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг сұрақтары
- •Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз
- •2.Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз
- •4.Әлеуметтік стандарттаудың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, талдау жасаңыз
- •5.Қр Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз
- •6.Әлеуметтік стандарттар: түсінігі мен мәні
- •7.Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз.
- •8.Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
- •9.Мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •10. Әлеуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз.
- •11.Әлеуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз
- •12.Кедейлік индикаторы және адресті әлеуметтік көмек түрлерін атап, сипаттама беріңіз
- •13.Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •15. Әлеуметтік индикатор түсінігі
- •16.Әлеуметтік мониторинг: мәні, принциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз.
- •17.Мониторинг сипатамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз.
- •18.Мониторингтің түрлері және жүргізу техникасына сипаттама беріңіз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Күнкөріс минимумы көлемін есептеу әдістемесі қалай жүргізілетіндігіне сипаттама беріңіз
- •23) Күнкөріс минимумы көрсеткіштерінің жүйесін түсіндіріңіз
- •24) Күнкөріс минимумы түсінігі және оның қр әлеуметтік стандартына сәйкес өлшеміне сипаттама беріңіз
- •25.Әлеуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26. Минималды жалақы және оның тағайындау процедурасына сипаттама беріңіз
- •28.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз
- •29.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •30.Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар ұғымдарының байланысын түсіндіріңіз
- •31 Сұрақ. Әлеуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар
- •32 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз
- •33 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •34) Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің іс-әрекетін бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •35) Мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетудегі мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •36) Әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
- •40. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз
- •41. Білім беру саласындағы әлеуметтік стандарттар мен нормативтерді дайындау мен оларға қойылатын талаптарға анықтама беріңіз
- •42. Білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттаңыз
- •44. Медициналық қызметтегі әлеуметтік стандарттар жүйесіне талдау жасаңыз
- •45.Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау концепциясына талдау жасаңыз
- •46. Медициналық қызмет көрсететін мекемелердің іс-әрекетін бағалау критерийлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •2015 Жылғы 30 қарашадағы № 926
- •46.Медициналық қызметтің тиімділігін жоғарылату факторларын атаңыз және талдау жасаңыз
- •47.Медициналық қызметтегі стандарттар жүйесін жүргізу және бақылауға анықтама беріңіз
- •48 Халыққа кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •52) Стандарттау туралы халықаралық заңдылықтарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •53)Халықты әлеуметік қорғау жүйесіндегі қызмет сапасын мониторингтеу механизміне сипаттама беріңіз
- •54) Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде. Сипаттама беріңіз
- •2. Жұмыссыздықтың жалпы теориялық түсінігі
- •2.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
- •55.Қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік көңіл-күйін мониторингтеу қалай жүргізіледі және негізгі мақсатын түсіндіріңіз
- •56.Әлеуметтік қызмет сапасын мониторингтеудегі ақпараттық технологиялардың рөліне анықтама беріңіз
- •57.Мониториг жүргізу құралдарын атаңыз және мониторинг жүргізудің маңыздылығын сипаттаңыз
- •58. Халықтың денсаулығын мониторингтеуи дегеніміз не және ол қала жүргізілетіндігін түсіндіріңіз
- •59. Халықтың денсаулық жағдайын сипаттаудағы статистикалық көрсеткіштер жүйесіне тоқталыңыз және сипаттама беріңіз
- •60. Халықтың денсаулығын және медициналық қызметті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін түсіндіріңіз
32 Сұрақ. Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз
Ең алдымен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау туралы сөз қозғасақ. 2012 жылдың 31 мамыр мен 1 маусым күндері МЗТО-ның мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау сұрағы бойынша селекторлық кеңесу яғни видеоконференц байланыс арқылы өткізді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік саланы жаңғырту үдерісіне тың серпіліс әкелсе, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы жаңа бағыттарды айқындап, міндеттерді нақтылап берді.
Атап айтқанда, Президент құқық пен әділдік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруды жүктеп отыр. Оған бізде толық мүмкіндік бар. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» тиісті заңдар да қабылданған.
Әлеуметтік қызмет көрсету саласын кеңейту, олардың сапасын арттыру мақсатында Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауында кепілді және қосымша әлеуметтік қызметтердің тізбесін әзірлеп, заң жүзінде бекітуді, оларды көрсету тәртібіне өзгеріс енгізуді, әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын енгізу және қызметкерлерді аккредиттеуді тапсырған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2008 жылғы желтоқсанда «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заң қабылданып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалауға және қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдардың, оның ішінде мүгедектердің құқықтарын қорғауға жол ашылды. Осы заңға кеңірек тоқталатын болсақ, біріншіден, мұнда арнаулы әлеуметтік қызметтерді бағалау және оларға деген қажеттілікті айқындау арқылы тең мүмкіндіктерге негізделген қоғамды қалыптастыру идеологиясы айқын аңғарылады; адамдарды қиын өмірлік жағдайларға тап болған деп танудың негіздемесі айқындалған. Сол сияқты, заң көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің көпаспектілігі арқылы қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдар үшін мүмкіндіктерді молайтып отыр.
Заңға сәйкес қиын өмірлік жағдайларға тап болған адам құқықтық мәселелерін шешу үшін заңгерлерден, медициналық-әлеуметтік консультация алу үшін арнайы мамандардан, психологтардан ақыл-кеңес, басқа да көмектер ала алады.
Реформаны іске асыру үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең дайындық кезеңі жалпы оңалту қызметтерін көрсетуден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ауысуды қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен іске асыруды көздейді. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді беймонополияландыру және толыққанды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету рыногын құруда басты мақсаттар болып табылады.
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңды іске асыру мақсатында 2009 жылдан 2011 жылға дейін әлеуметтік қызмет көрсету саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді енгізуге жұмсалған республикалық бюджет шығыны (нысаналы ағымдағы және жалпы сипаттағы трансферттер) 17,5 млрд. теңгеден асып түсті. Бұл қомақты қаражат арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын енгізуге, медициналық-әлеуметтік ұйымдарда штат санын 78-ден 149 бірлікке дейін, шамамен 2 есе көбейту арқылы қосымша штат бірліктерін ашуға жұмсалды.
Біз сөз етіп отырған мәселеде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің балама нысандарын дамыту және үкіметтік емес секторды тарта отырып, әлеуметтік қызметтер желісін кеңейту маңызды орын алады. Бұл бағытта тындырылған істер баршылық. Соның нәтижесінде 2008-2011 жылдары арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер желісі көбейді. Нақты айтсақ, республикалық бюджет қаражаты есебінен Қарағанды облысының Саран қаласында психоневрологиялық интернат үйін салу және Шығыс Қазақстан облысында тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған интернат үйін ашу есебінен стационарлық мекемелер 101-ден 103-ке көбейді, үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері жаңа бөлімшелер ашу есебінен 454-тен 482-ге артты. Бұрын 12 оңалту орталығы болса, қазір олардың саны 15-ке жетті. 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Атырау қаласында мүгедектерге арналған облыстық оңалту орталығы салынды. Ал 2010 жылы жергілікті бюджет есебінен Маңғыстау облысында осындай орталық іске қосылды. Сондай-ақ, Павлодар облысындағы санаторий жаңартылды. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің балама нысандары – күндізгі бөлімшелер құрылды, 2008 жылы осындай бір ғана бөлімше болса, 2011 жылы олардың саны 22-ге жетті.
Ағымдағы жылы реформаны одан әрі жүргізу мақсатына стандарттар енгізуге республикалық бюджеттен 41 мың адамды қамту үшін 2,2 млрд. теңге бөлінді. Төрт қанатқақты өңірде: Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары, Астана мен Алматы қалаларында белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында уақытша болу стандарты енгізіле бастады. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мөлшері 155 млн. теңге. Осы және басқа да шаралар мүмкіндіктері шектеулі адамдарды көпшілікпен етене араластыруға бағытталған әлеуметтік парадигмаларды орындауға және өз кезегінде мүгедектіктің жаңа түсінігін және мүгедектерді әлеуметтік қолдауды іске асыруға, бастапқы тең мүмкіндіктерді қалыптастыру және қоғамдық барлық игілікті алу мақсатында қиын өмірлік жағдайда жүрген барлық адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету арқылы әлеуметтік саланы дамытудың жаңа бағытын бастауға мүмкіндік берді.
Вена халықаралық жоспарының 68-тармағына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру қызметтері ұлттық саясат құралы болып табылады. Мақсаты – қарт адамдардың әлеуметтік функцияларды барынша орындауы. Олардың жергілікті базасы болып, қартайған адамдарды белсенді және пайдалы азамат ретінде өз үйінде және қоғамдық ұжымда барынша тәуелсіз өмір сүрүуі үшін алдын алу, емдеу саласында әлеуметтік қызмет көрсетулердің кең ауқымын ұсынуы тиіс.
Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Адам қартайған кезде бұрынғы әлеуметтік ролінен айырылып, жиі туғандары мен жақындарын жоғалтады. Рухани құлдырап, байланыс шеңбері, әлемге көзқарасының нұсқалары тарылады.
2002 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамсыздандыруға жыл сайынғы республикалық бюджет шығысы 2006 жылға жоспарланған шығыстарды қосқанда, 160 миллиардтан 362 миллиардқа дейін, яғни екі есеге дейін өсті.Әлеуметтік қызметкерлердің штат санының нормативтері 1457-2005 ҚР Стандартына сәйкес айқындалған. Соған сәйкес қалаларда 8-10 адамға және селолық елді мекендерде 4-6 адамға 1 әлеуметтік қызметкерден келуі тиіс.Қазақстан Республикасында барлығын 329 үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді және 33 мыңнан астам жалғызілікті қарттарға қызмет көрсетіледі.
Еңбекті нормалау – бұл жұмысшының нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда жұмыстарды атқаруға (өнім бірлігін дайындау) кеткен еңбек шығындарын (уақыт) анықтау және сол негізде еңбекті нормалау.Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерге мыналар кіреді:
типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтер;
техникалық тұрғыдан негізделген типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтерді мемлекеттік органдармен жасауды қамтамасыз ету;
жұмыс берушілердің еңбек нормасының жасалуын, жүргізілуін және қайта қаралуын қамтамасыз етуін бақылау.Еңбек (өндіру, уақыт, қызмет көрсету) нормасы дегеніміз еңбек шығынының өлшемі болып табылады және өндіріс пен еңбек ұйымының, техниканың, технологияның жеткен деңгейіне сәйкес жұмысшының біліктілігіне орай бекітіледі.
Он сегіз жасқа толмаған жұмысшылар үшін өндіру нормасы Еңбек Кодексінің 182 бабына сәйкес бекітіледі.
Жалақысы мерзімді төленетін жекелеген санаттағы жұмысшыларға нормаланған тапсырмалары бекітілуі мүмкін. Жеке қызметтер мен дұмыс мөлшерін орындау үшін жұмыс берушілергеқызмет көрсету нормасы немесе жұмысшылар санының мөлшері (нормативтер) бекітілуі мүмкін.
Еңбек нормасын жасау, жаңаны енгізу, ауыстыру және қайта қарау типтік нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтерді есепке ала отырып, жұмысшы өкілдерімен келістіру арқылы жұмыс берушімен жүзеге асырылады.
Еңбек жөніндегі типтік ережелер мен нормативтер бекітілген тәртіпте еңбек жөнінлегі мемлекеттік өкілетті органмен келістіру арқылы қызмет түріне сәйкес мемлекеттік өкілетті органмен бекітіледі.
Еңбек жөніндегі типтік ережелер мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен анықталған тәртіпте бекітілген органмен жүзеге асырылады.
Еңбек нормасы еңбектің өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жұмыс орындарын аттестациялау және рационалдау, жаңа техника, технология енгізу және ұйымдастырушылық-техникалық шараларды өткізу жағдайына байланысты міндетті ауыстыруға жатады.
Жекелеген жұмысшылар өз ықыласымен еңбектің жаңа тәсілдерін пайдаланып, жұмыс орындарын жетілдіру нәтижесінде өнім өндірудің (қызмет көрсету) жоғары деңгейіне жетсе, бекітілген еңбек нормасын қайта қарау қажет болып саналмайды.
Еңбек нормасын жетілдіру кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
еңбек нормасының сапасы, оның қажетті еңбек шығынына оңтайлы жуықталуы;
ұқсас ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда орындалатын бір жұмысқа бірдей еңбек нормасын бекіту;
ғылым мен техниканың дамуы негізінде еңбек нормасының прогрессивтігі;
еңбекті нормалауда еңбек нормасын бекіту мақсаттық болып саналатын жұмыс түрлерін қамту;
еңбек нормасының техникалық (ғылыми) негіздемесі.
Тарифтерге мемлекеттік реттеу жүргізетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) ұйымдарда еңбек нормасын ұсыну, қарау және келістіру тәртібі еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.
