Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.98 Кб
Скачать

30.Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар ұғымдарының байланысын түсіндіріңіз

Әлеуметтік қорғау жүйесінің объектісі мен субектісі өзара атқаратын қызметтері арқылы байланысқан. Егер әлеуметтік қорғау қызметтерін қарастыратын болсақ, онда ол кең немесе тар мағынада қарастырылатынын нақтылап алуымыз керек.

Кең мағынадағы әлеуметтік қорғау атқаратын қызметтері келесідей: экономикалық, еңбектік, технологиялық.

Тар мағынадағы әлеуметтік қорғау келесі қызметтерді орындайды: бағалық, орнын толтыру, жағдай жасау, бейімдеу.

Экономикалық қызмет халықтық өмірлік деңгейін көтеру үшін экономикалық өсудің тұрақты тәсіліне бағытталған, өндіріс көлемінің өсуіне бағытталған және еңбекақының өсуін қарастырады.

Әлеуметтік қызмет әлеуметтік қорғауда адамның өмірлік деңгейін және жағдайын жақсартуға халықтың әлеуметтік осал топтарына өмір сүруіне кепілдемені қамтамасыз етуге ыңғайландырады.«Әлеуметтік қорғау» термині «әлеуметтік қамтамасыз ету» термині «әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы» ретінде әрекет етіп жалғасып отырса да, айтарлықтай шамада әлеуметтік институттың мәнінен сәйкес келеді. Әлеуметтік қорғау, сонымен бірге, бір жан басына шаққанда төмен табысты жанұяларға қатысты өмір сүруге немесе өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтерді (реабилитация қаражаттары, тұрғын үй мен емделу ақылары) төлеуге қаражаттың жоқтығы нәтижесі болып табылатын қоғамдық қажетті өмір сүру минимумын қамтамасыз етпеуші ретінде қарастырылады. Әлеуметтік қорғау зейнетақы мен жәрдемақы түрінде ақшалай нысанда, заттай нысанда, сонымен қатар әлеуметтік қорғаудың объектілері болып табылатын тұлғаларға әртүрлі қызметтер көрсету жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Ол компенсациялық, сондай-ақ ескертуші

профилактикалық сипатта бола алады. Әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік – құқықтық нысандарының бірі болып еңбекке қабілетсіз тұлғаларды тікелей мемлекеттік қамтамасыз ету табылады. Тікелей мемлекеттік қамтамасыз етудің негізгі белгілері болып – мемлекеттік бюджетесебінен шығындарды қаржыландыру, мемлекеттік үкімет органдарымен анықталатын басымдықтарға сәйкес қамтамасыз етілетін тұлғалар категорияларын және олардың қамтылу дәрежелерін бекіту. Сонымен «әлеуметтік қорғау» (әлеуметтік қауіпсіздік) термині өз кезегінде қарттарға, еңбекке қабілетсіз тұлғаларға және жұмыссыздарға көмек беру бағдарламасын дайындауды ынталандыратын АҚШ-тың «Әлеуметтік қауіпсіздік Заңы» деп аталатын заңдық актісінде алғаш рет 1935 жылы қолданылды. Уақыт өте келе бұл дефиницияның шеңбері жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке қабілетсіздік жағдайы туындаған кезде, сонымен қатар еңбекті қорғау және жалақы саласында төменгі еңбекақыға кепілдік беру, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциациясының конвенциялары мен ұсыныстарын дайындауда және қабылдауда айтарлықтай кеңейе түсті. Онда қартаю, қайтыс болу, мүгедектік және жұмыссыздық жағдайларында АҚШ үшін жаңа міндетті сақтандыру институты ретінде құқықтық негіздеме берілді.

Әлеуметтік тиімділік негізгі тәжірибеде қолданылатын өнімге (қызметке, процеске) қойылатын міндетті талаптардың көпшіліктің денсаулығына, тұрмыс деңгейіне және басқа да әлеуметтік маңызы бар жағдайларда оң өзгерістер әкелуінде. Мысалы, өндірісте жарақаттану, ауырып қалу деңгейлерінің төмендеуі, т.б.

Әлеуметтік тиімділікті тікелей есептеп шығару көп жағдайда қиын немесе мүмкін емес. Мысалы, балалар тағамдарына қатысты стандарттар тобын әзірлеу және қолдану көп мөлшерде шығын шығаруға байланысты. Бірақ та стандарттау жұмыстары негізінде қол жеткізіп отырған балалардың денсаулығының жақсаруы - үлкен әлеуметтік жетістік.

Нарықтық механизмде әлеуметтік қорғау қызметін мемлекет жүзеге асырады. Сондықтан ол тұрғындар жағдайының кепілі болып табылады. Әлеуметтік кепілдемелер бере отырып мемлекет өзінің тұрғындары алдындағы басты міндетін орындайды, және басқарушылық қызмет орындайды. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының өзінде көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 28 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасы келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік қамтамасыздандырыллуына кепілдік беріледі».

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылғы «Бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену» стратегиясына сәйкес анықталған бағыттардың бірі – барлық тұрғындарға алдыңғы қатарлы және сапалы әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ететін әлеуметтік бағытталған қоғам құру болып табылады. Сонымен бірге 2011 жылғы 28 қаңтарындағы жолдауында ел президенті жүргізіліп жатқан бағдарламалардың басты мақсаты ел халқының әл ауқатын нығайту екені, осы тұрғыда әлеуметтік модернизация мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетіні атап өтіледі.

1952 жылғы Халықаралық Еңбек Ұйымының әлеуметтік қамтамасыз етудің (ең төменгі) минималды нормалары туралы (102) конвенциясы әлеуметтік қамтамасыз етудегі міндетті әлеуметтік жәрдемдер тізімін анықтайды. Оның құрамына енгендері: медициналық көмек; уақытша жұмыссыздық бойынша жәрдемақы; жұмыссыздық бойынша жәрдемақы; қарттық бойынша зейнетақы; жұмыста алған зияны мен жарақаты бойынша зейнетақы; отбасылық жәрдемақы; мүгедектік бойынша зейнетақы; асыраушысын жоғалту бойынша жәрдемақы.

Жоғарыда көрсетілгеннің біріншісінен басқасы ақшалай формада жүзеге асырылады. Берілген конвенцияны қабылдай отырып мемлекет жәрдемақының ең аз дегенде үш түрін қолдануы қажет, сонымен бірге оған ең төменгі қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Және де берілген конвенция шетел азаматтарының теңдігін қамтамасыз етеді.

Ең төменгі (минималды) әлеуметтік стандарттар – бұл әлеуметтік қорғаудың ең төменгі деңгейін бекітетін Қазақстан Республикасының заңдарымен орнатылған нормалар мен нормативтер жиынтығы.

Мемлекеттік ең төменгі стандарттар жүйесін келесі салалардағы өзара байланысты мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар құрастырады: еңбек ақы орнату; зейнетақылық қамтамасыз ету; білім беру; денсаулық сақтау; мәдениет; әлеуметтік қызмет көрсету; тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсету.

Еңбек ақы саласындағы орнатылатын ең төменгі стандарттар келесідей болады: біріншіден, жалақының ең төменгі деңгейі; екіншіден, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбек ақысын өтеудің ортақ тарифті торы. Ең төменгі (минималды) жалақы – ұдайы өндірістің қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуге арналған жұмысшының жалақы деңгейі. Жалақының ең төменгі деңгейі кепілді сипатқа ие. Оның көлеміне премиялар, сыйлықтар, қосымша ақы енбейді. Ең төменгі жалақының деңгейін анықтау әдетте өмір сүрудің ең төменгі деңгейін есептеумен анықталады. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі – баға деңгейін ескергендегі тауар мен қызметтерге минималды қажеттіліктерді қанағаттандырудың нормативтері бойынша есептеледі. Ең төменгі жалақы көлемінің тұтынудағы минимумға сәйкес келуі экономиканың тұрақтылығын және өндірістің жоғары деңгейін сипаттайды. Дағдарыс жағдайында минималды жалақы деңгейі экономикалық жағдайға байланысты бекітіледі.

Көптеген дамыған елдерде қазіргі кезде ең төменгі жалақы туралы нормативтік актілер әрекет етеді. Заңдық бекітілген минималды жалақы АҚШ-та, Францияда, Испанияда, Португалияда, Нидерландыда бар. Бельгия мен Грецияда минималды жалақы Ұлттық Ұжымдық келісіммен, ал Италия, Германия, Данияда салалық келісіммен анықталады. Ұлыбритания мен Ирландияда минималды жалақы деңгейін жалақы бойынша арнайы кеңестер реттейді. Олар үш жақты негізде (мемлекет, кәсіпкерлер, кәсіподақ) әрекет етеді. Қазақстанда минималды жалақы заңдық негізде бекітіледі. Егер минималды жалақы 2004 жылы 6600 теңгені құраса, 2011 жылы ол 15999 теңге деңгейіне дейін өсті.

Зейнетақылық қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік стандарттар ретінде ең төменгі мемлекеттік зейнетақы мөлшері қарастырылады. 2005 жылы оның деңгейі 6200 теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,9 %-ға өсті. Ал 2006 жылы ең төменгі зейнетақы деңгейі 6700 теңге деңгейінде орнатылды. Келесі кестеден біз 2004-20011 жылдардағы республика бойынша зейнетақының төменгі, орташа және жоғарғы мөлшерінің өзгерісін айқын көре аламыз. Сонғы 8 жылда ең төменгі зейнетақының өсімі 2,8 есені құрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]