Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.98 Кб
Скачать

26. Минималды жалақы және оның тағайындау процедурасына сипаттама беріңіз

Әрбір жұмыс істейтін жанды үнемі мазалайтын жайт – ол еңбегінің лайықты ба­ғаланып, тиесілі ақысының төленуі. Ел азаматтарының еңбегінің құны мен табысы да осы орташа жалақының деңгейімен  анықталады. Қазақстандағы жалақының өсімі дағдарыс жылдарына тап келгендік­тен ресми деректерде жіпке тізгендей көрсе­тілетін әдемі цифрларды инфляция жұтып жатқаны анық. Жалпы, соңғы үш жыл ішінде орташа айлық номиналды жала­қы­ның өсімі жылына 7 пайыздан артық көр­сеткішті құрап отыр. Ресми мәліметтерде осы мөлшердегі қарқын­мен халықтың ақшалай табысы да өскені айтылады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша жалақы көлемі 101 мың тең­геден асып, тұрғындардың ақшалай кірісі – 51,7 мың теңгеге жетті. Бұл көрсет­кіштерге орай Қазақстан ТМД мемле­кеттері арасында Ресейден кейінгі екінші орында (670 доллар) тұр. Негізінен, статисти­калық есептер мен ғылыми зерттеулерде күн­көріс миниму­мының көрсеткіші кедей­лік шегі ретінде қаралады. Қазақстанда күнкөріс минимумы 2012 жылдың 1 қаңта­рында 17 439 теңгені құрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің маман­дарының есептеуіне сүйенер болсақ, кедейшілік шегі жоғарыдағы күнкөріс минимумының 40 пайыз көлемін құ­райды. Жұмысшының айлық жалақысының мөлшері жұмысшының біліктілігіне, жұмыстың қиындығы, саны мен сапасына, сонымен қатар еңбек шартына байланысты дифференциялы түрде бекітіледі.

 Жұмыс уақытының нормасын нақты кезеңде атқарған және еңбек нормасын (еңбек міндеттемелері) толық орындаған жұмысшының айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген минималды айлық жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.Жалақының минималды мөлшерін бекіту:  -келесі қаржы жылына сәйкес Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы жыл сайынғы заңында бекітілген айлық жалақының төмен мөлшері күн көріс азығынан төмен болмауы тиіс және оған үстеме төлем, қосымша ақы және әлеуметтік төлемдер, сыйақылар мен басқа да ынталандырушы төлемдер кірмейді және атқарылған уақытқа пропорциалы түрде төленеді.-жалақының минималды стандарты сәйкес жылға арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында бекітілген айлық жалақының ең төменгі өлшемі есебінен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген салалық келісімдермен анықталатын көтеруші салалық коэффициентінен анықталады.-өзінің қызметтік міндеттерін (еңбек нормасын) атқарушы жұмысшының сағаттық жалақысының ең төменгі мөлшері сәйкес күнтізбелік күнге арналған жұмыс уақытының балансына сай орташа айлық жұмыс сағаттарына бөлінген ең төменгі айлық жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.- еңбек, ұжымдық келісім-шарт және (немесе) жұмыс берушінің актісі шарттарында қарастырылған айлық жалақының ең төменгі мөлшері немесе бірінші разрядтағы жұмысшының айлық тарифтік салымының мөлшері сәйкес жылға арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында бекітілген айлық жалақының ең төменгі өлшемі есебінен төмен болмауы тиіс, ал ауыр жұмыстарда, қауіпті (аса қауіпті), қауіпті еңбек жағдайындағы жұмысшыларға еңбек ақының ең төменгі стандартынан төмен болмауы тиіс.Сағаттық еңбек ақы төлеміЕңбек, ұжымдық және (немесе) жұмыс берушінің актісіндегі шарттармен толық жұмыс күні болмаса немесе толық қызмет етпесе істеген жұмысқа ғана, сонымен қатар уақытша немесе бір реттік сипаттағы жұмыстарға сағаттық төлем бекітіледі.Жалақыны индекстеуЖалақыны көтеруге, Қазақстан Республикасының сәйкес жылға арналған нормативтік құқықтық актілерінде анықталған инфляция деңгейінен тыс, келісімдермен, ұжымдық келісім-шарт немесе жұмыс берушінің актісінде бекітілген тәртіпте, жұмыс берушімен жүзеге асырылатын жалақыны индекстеу кіредіЕң төменгі (минималды) жалақы – ұдайы өндірістің қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуге арналған жұмысшының жалақы деңгейі. Жалақының ең төменгі деңгейі кепілді сипатқа ие. Оның көлеміне премиялар, сыйлықтар, қосымша ақы енбейді. Ең төменгі жалақының деңгейін анықтау әдетте өмір сүрудің ең төменгі деңгейін есептеумен анықталады. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі – баға деңгейін ескергендегі тауар мен қызметтерге минималды қажеттіліктерді қанағаттандырудың нормативтері бойынша есептеледі. Ең төменгі жалақы көлемінің тұтынудағы минимумға сәйкес келуі экономиканың тұрақтылығын және өндірістің жоғары деңгейін сипаттайды. Дағдарыс жағдайында минималды жалақы деңгейі экономикалық жағдайға байланысты бекітіледі.

27 Қазақстандағы жалақыны қайта қарастыру механизмі қалай жүргізіледі және оның негізгі шарттарына сипаттама беріңіз Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жалақы - ол еңбегі үшін оның күрделiлiгiне, санына, сапасына байланысты төленетiн сыйақы (табысы). Жалақы деңгейі туралы ақпарат осы санаттағы жұмыс күшінің жұмыс және тұрмыс жағдайларын, материалдық ахуалын бағалау үшін маңызды. Орташа жалақы туралы ақпаратқа қажеттілік экономикалық-әлеуметтік дамуды жоспарлауда, қазыналық саясатты және табысты реттеу саясатын әзірлеуде, ең төменгі жалақы деңгейін белгілеу үшін және т.б. қажет. Бұл ақпарат экономикалық қызмет түрлерінің барлық салаларында, сондай-ақ тұтастай экономикада тең дәрежеде мәнді және маңызды. Орташа жалақының көрсеткіші экономиканың ресми секторындағы зерттеулерге негізделеді және бейресми секторда жұмыспен қамтылған адамдардың табысы есепке алынбайды. Қазақстанда ең төменгі күркөріс шегін есептеу әдістемесін қайта қарау керек. «Халықаралық тәжірибеге сәйкес күнкөріс шегі шамамен әр 5 жыл сайын қайта қаралады. Қазақстанда соңғы қаралған уақыттан бері 7 жыл өтті», - деді О. Киколенко сәрсенбі күні палатаның пленарлық отырысында өзінің депутаттық сауалын жолдау барысында. Ол Қазақстанда 1999 жылдың 16 қарашасындағы күнкөріс шегі туралы заңнамада ең төменгі тұтынушылық себет белгіленгенін еске салды, ол 43 азық-түлік өнімі атауынан және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге шығыстардың белгіленген үлестерінен тұрады. ҚР 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңына сәйкес, Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс шегі Т17 439 көлемінде белгіленді. Ең төменгі жалақы мен ең төменгі зейнетақының негізіне дәл осы сома алынады. Тағамтану институтының соңғы мәліметтеріне сәйкес, еліміздегі күнкөріс шегінің азық-түлік бөлігін де, қызметтердіде есептеу әдістемесін жетілдіру керек. Елімізде тарифтер мен коммуналдық қызметтердің қымбаттауы да осыны меңзейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]